400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бір орында және қозғалыс кезінде сәлемдесуді орындау, қозғалыс кезіндесәлемдесугежауап беру.

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды орнында және қозғалыста сәлемдесуді үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Бір орында және қозғалыс кезінде сәлемдесуді орындау, қозғалыс кезіндесәлемдесугежауап беру.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды орнында және қозғалыста сәлемдесуді үйрету.

Уақыты: 45 минут.

Өткізілетін орны: Саптық алаң.

Көрнекілік құралдар: Саптық жарғы, АӘД оқулығы.

Сабақтың барысы:


а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.


ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 7 минут.

саптық тұрыс қалай және қай уақытта орындалады?

саптық тұрысты орындау үшін қандай пәрмендер беріледі?


б) Негізгі бөлім – 25 мин.

Бір орында және қозғалыста сәлемдесуді орындау, қозғалыс кезінде сәлемдесуге жауап беру.


в) Қорытынды бөлім – 10 мин.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

Бір орында қалай сәлемдесуді орындайды?

қозғалыс кезінде сәлемдесуге жауап беру?


Бір орында және қозғалыста сәлемдесуді орындау.

Әскери сәлемдесуді саптан тысқары өз орнында баскиімсіз бастықтан (атағы үлкен) үш – төрт адым жерде тұрып орындау үшін сол жаққа бұрылып саптық тұрысты қабылдау керек және оның соңынан бұрыла тұрып, оның бетіне қарауы керек. Егер баскиім киілген болса, саусақтар бірге, алақан тік, ортаңғы саусақ баскиімнің шетіне (күқағарда) тиіп тұратындай, ал шынтақ иықтың сызығында және биіктігінде болатындай етіп оң қолды қысқа жолмен баскиімде ұстау керек. Бастық жаққа бұрған кезде қолдың баскиімдегі орналасуы өзгеріссіз қалады.

Бастық әскери сәлемдесуді орындаушының жанынан өтіп бара жатса, басты тік ұстау керек және сонымен бір мезгілде қолды түсіру керек.

Әскери сәлемдесуді саптан тысқары өз орнында баскиімсіз бастықтан үш – төрт адым жерде тұрып орындау үшін сол жаққа бұрылып саптық тұрысты қабылдау керек және оның соңынан бұрыла тұрып, оның бетіне қарауы керек.

Егер әскери қызметшінің қолы бос болмаса, онда ол әскери сәлемдесуді бастық жаққа басты бұрумен орындайды


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 қараша
514
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі