Бір орында орындалатын бұрылулар. Саптық және жорықтық адыммен қозғалу

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бір орында орындалатын бұрылулар. Саптық және жорықтық адыммен қозғалу

Материал туралы қысқаша түсінік
"Бір орында орындалатын бұрылулар. Саптық және жорықтық адыммен қозғалу" тақырыбындағы қысқа мерзімді сабақ жоспары. Төмендегі оқу мақсаттарын қамтиды: 1. Орнында бұрыла алу. 2. Бір қатардан екі қатарға және керісінше қайта сапқа тұра алу. 3. Саптық жəне жорықтық адыммен қозғала алу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

    Сабақ тақырыбы: Бір орында орындалатын бұрылулар. Саптық және жорықтық адыммен қозғалу

Бөлім:

Саптық дайындық

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сынып: 10

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Бір орында орындалатын бұрылулар. Саптық және жорықтық адыммен қозғалу

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

1. Орнында бұрыла алу.

2. Бір қатардан екі қатарға және керісінше қайта сапқа тұра алу.

3. Саптық жəне жорықтық адыммен қозғала алу.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:

Орнындағы саптық тәсілдерді дұрыс көрсетеді

Оқушылардың басым бөлігі:

Қозғалыстағы саптық тәсілдерді дұрыс көрсетеді

Кейбір оқушылар:

Қозғалу жылдамдығын өзгерте отырып, жорықтық және саптық адымдай алады

      Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресур-р

Басы

3'

Амандасу, түгелдеу, оқушылардың сырт көріністерін тексеру.


Взвод командирінің орынбасары оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға сабаққа дайындығы жөнінде баяндама жасайды.



Ортасы

5'

Білу

Адыммен орындалатын қозғалыс минутына 95-110 адым екпінімен орындалады, ал адым ұзындығы – 60-70 см. Жүгіріп орындалатын қимылдың екпіні – минутына 165-180 адым, адым ұзындығы – 85-90 см.

Қозғалыстың жылдамдығын өзгерту үшін қандай бұйрықтар беріледі?

Саптық жарғыға сәйкес сап тәртібі туралы ережелерді түртіп алады.







АӘТД оқулығы

6'


Түсіну

Саптық адыммен қозғалған кезде аяқ ұшы алға тартылған және жерден 10-15 см биіктікке көтеріледі де, жерге толық табанмен қойылады.

Қолдың қимылы дене бойымен, иықтан басталады: алға – алақан белбеу деңгейінен сәл жоғары көтерілетіндей етіп, шынтақтан бүгіле қозғалады, ал шынтақ алақан деңгейінде болады; артқа – иық буынынан тірелгенше шығарады. Саусақтар жартылай бүгілген, бас тік, назарды алға салу керек. Жорықтық адыммен қозғалған кезде аяқтың қимылдары еркін, аяқ ұшы тартылмайды және жерге кәдімгі жүру кезіндегідей қойылады; қолдың қимылдары дене бойымен еркін орындалады.

- Бөлшектеп дайындық жаттығуларын дұрыс орындайды.







Қалыптастырушы бағалау

Саптық дайындық плакаты

18'

























3'


Қолдану

Үш бөлімшеге үш түрлі тапсырма беріп, үш оқу жаттығу орнына жіберемін.




Әрбір 8 мин. сайын оқу жаттығу орындары ауыстырылып отырылады.




















Талдау

Оқу жаттығу орындарын взвод командирінің орынбасарымен аралап жүріп ескерту жасаймын, көрсетемін.


І оқу жаттығу орнына 1-бөлімше барып, «Саптал», «Түзел», «Тік тұр», «Еркін тұр», «Реттел», «Тоқтат», «Баскиімді – шеш», «Баскиімді – ки», «Оң-ға!», «Сол-ға!», «Артқа бұрыл!» командалары бойынша орындалатын тәсілдерге жаттығады.

ІІ оқу жаттығу орнына 2-бөлімше барып, «Тік жүр!», «Еркін жүр!», «Адым бас!», «Тоқта!», «Қарышта!», «Қысқа адымда!», «Жиі адымда!», «Жарты адым!», «Қалыпты адым!» командалары бойынша орындалатын тәсілдерге жаттығады.

ІІІ оқу жаттығу орнына 3-бөлімше барып, қозғалыс кезіндегі бұрылыстар тәсілдерін орындауға жаттығады.


Оқушылар сұрақтар қояды, қимыл-қозғалыс әрекеттерін дұрыс жасауға тырысады.



3'


Жинақтау

Салтанатты шерумен өту


Оқушылар салтанатты шерумен өтеді





Аяқталуы

2'



Кері байланыс

Жақсы жұмыс жасаған бөлімше командирлерін атап өтемін.

Үйге тапсырма беру

Саптық дайындық бейнефильмін зерделей отырып, өз бетінше саптық жаттығуларды дұрыс орындауға жаттығу.

Бөлімше командирлері жақсы жұмыс жасаған жас сарбаздар мен бөлімшелерді атап өтеді.



     




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.00.2024
529
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі