Материалдар / Бір отбасы-бір кітап. Б. Момышұлының "Ұшқан ұя" повесі желісімен

Бір отбасы-бір кітап. Б. Момышұлының "Ұшқан ұя" повесі желісімен

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды кітап оқуға ынталандыру
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Тақырыбы: «Бір отбасы – бір кітап»

Мақсаты: Оқушыларды кітап оқуға баулу, сауатты сөйлеуге, өз ойын еркін жеткізе білуге үйрету, әдебиетке деген ықыласын, белсенділігін арттыру, әдебиеттің қоғам өміріндегі маңызын түсіндіру. Оқушыларды даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлының шығармашылығынан жан - жақты деректер бере отырып, танымдық көзқарастарын қалыптастыру, шығармашылыққа шыңдау.

Дамытушылық: Оқушылардың ой тұжырымдарын, әдеби тіл байлықтарын, есте сақтау қабілеттерін, көркем сөз оқу шеберлігін дамыту.

Тәрбиелік: Оқырмандардың тіл шеберлігін, дүниетанымдық көзқарасын арттыру, туған жерінің ел жанды азаматы болуға, имандылыққа, парасаттылыққа  отансүйгіштікке тәрбиелеу

Көрнекіліктер: кітап көрмесі, Б.Момышұлынының суреттері, нақыл сөздер, слайд-презентация, бейнероликтер.

Мұғалім: Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар және д оқушылар! Бүгінгі біздің «Бір отбасы –бір кітап» ашық тәрбие сағатымызға қош келіпсіздер!

Кітап - арабтың “жазу” деген сөзінен шыққан.Ол тарих шежіресі, оқу тәрбие құралы болып табылады.”Оқымасаң ой тоқырайды”деген сөз кітап оқымағанның ойы таяз, санасы төмен, өмірі қараңғы болатыны дәлелдейді. 

Оқушы: Алғашқы кітаптар осыдан бірнеше жыл бұрын пайда болған.Ол біздің қолымыздағы еш ұқсамайды.Алғаш рет кітап жұмсақ балшықтан жасалған.Жұмсақ балшыққа үшкір нәрсемен жазу жазып, оны кептіріп,кейін күйдірген.Ол кәдімгі кірпіш тас сияқты болған. Бамбук өсімдігінен таяқшалар әзірлеп соған да жазған. Ежелгі Египетте кітапты тасқа қашап жазған. Кейін жануарлардың терісінен пергамент деп аталатын материал жасалып,кітап соған жазылған.Еуропада кітап шығарудың негізгі материалы қағаз XIII ғасырда пайда болды.Кітаптың шығу тарихы мыңдаған жылдар мен ғасырларды артқа тастаған. 
Кітап мәнді білім береді, адамды терең ойлауға жетелейді. Кітапты көп оқыған адамның ойы зерек, тілі жатық, сөзге шешен болып қалыптасады.Балаға ертерек қозғау салып,оны кітап оқуға қызықтыра білуіміз керек. Кітап оқу кітапханамен оқушылар, ұстаздар, ата – аналар тығыз байланыста жұмыс істесе үйде қосымша әдеби кітаптардың оқылуын қадағалап ата–ана міндеттеп отырғаны дұрыс. «Оқуды қойған адам – ойлауды да қояды» деген француз философы, жазушы

Дени Дидро. Әр адам кітаптың бетін ашқан сайын әлемнің тылсым дүниесімен танысады, жаңа құндылықтарды үйренеді. «Наданмен дос болғанынша кітаппен дос бол» деп бекер айтылмаған. Ата–бабамыздың ұрпақтан ұрпаққа жеткен мұраларын, әдебиетін, тарихын, ерлігін, осы кітап оқу арқылы оқып танып білеміз.

7«А» сыныбы «Бауыржантанушы» сынып болғандықтан, бүгінгі біздің ашық тәрбие сағатымызда даңқты қолбасшы Б.Момышұлының өмірі мен шығармашылығы туралы, соның ішінде отбасы болып оқыған «Ұшқан ұя» романы желісінде әңгіме өрбітетін боламыз. Бауыржан Момышұлы - қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі,Кеңес Одағының Батыры, халық қаһарманы, әскери шенді қызметкер, даңқты қолбасшы, қазақтың көрнекті жазушысы..

    Туған жерім Мыңбұлақ,  арналы Ақсай,

Ішсем суы татиды шекер, балдай

      Қызғалдақ, қалың егіс, көк жоңышқа

  Сенен артық жер, шіркін, өтер қандай. –

деп өзі жырлағандай, Бауыржан Момышұлы 1910 жылы 24-желтоқсан күні Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Мыңбұлақ (Көлбастау) ауылында қарапайым, мал бағатын шаруа отбасында дүниеге келді. Балалық шағының он үш жылын өзінің кіндік қаны тамған ауылында өткізіп, одан кейін кеңестік дәуіріндегі интернатта тәрбие алады. 1929 жылы «Әулие Ата» тоғыз жылдық мектебін бітіреді. Мектепті тәмамдаған соң шалғай аудандардың біріндегі ауылға (Бетпақдала) мұғалім болып барады. Коллективтендіру кезеңінде кеңестік мекемелерде қызмет етеді. 1932 жылдың қаңтары мен қарашасы аралығында мансапты қызмет атқарады. Кейін әскерге шақырту алады.

     Ел аузындағы әңгімелер Б.Момышұлының мінезінің тік болғандығын айтады. Ол кісі өте қайсар болған. Шындықты жаны сүйетін, өтірікшілер мен қорқақтарды жек көретін ержүрек адам болды. Оның бойындағы қазақы қасиеттер молынан болды. «Момышұлы» деген тегінің өзі үлкен бір қайсарлықтың арқасында солай аталды. Кеңес заманында қазақтың тегіне шектеу қойып, -ев немесе –ева деген жалғауларды жалғатып қойған шақта Бауыржан Момышұлының қайсарлығы ғана өзінің қалаған тегін алып жүруге мүмкіндік берді.

    Бауыржан батыр шындықты жақсы көретін адам болған. Онымен бірге болған әріптестері Бауыржанның шындықты сүйгіштігін аңыз қылып айтады.

Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» романы туралы қысқаша бейнероликті тамашалайық.

Мұғалім: Қазақтың көрнекті жазушысы Б.Момышұлының шығармашылығына тоқталайық.

 Қазақ халқының біртуар батыр ұлы Бауыржанның Кеңес үкіметі мен қазақ халқы үшін жасаған ерліктері мен еңбектері өте зор болды. Ол тек қана әскери адам ретінде ғана емес, сонымен бірге жазушы ретінде де танылды. Оның еңбектерін оқыған жас буын өкілдері Отанға деген сүйіспеншілікті бойларына сіңіріп өсті. Өскелең ұрпақ алдында өзінің ерлігі мен тік мінез қайсарлығын көрсете білді. Тіпті, оның тегінің өзі Момышев емес Момышұлы болатын.

Мұғалім: Соғыс кезінде қан кешіп жүріп істеген адал еңбегі әділ бағаланбаған Баукең мұқалмас ерлік-жігердің, күш-қайраттың, ақыл-парасаттың, ар-ожданның иесі болғандықтан осыншама жылдар бойы жүрегін сыздатқан. Баукеңнің соғыс, отаншылдық тақырыбына жазған мақалалары, қанатты сөздері шырқырап шындық іздеген жан айқайының жаңғыра шыққан үні іспеттес.Бауыржан Момышұлы  соғыс жылдарында адуынды  да қатал әскери басшы ғана болып қана қойған жоқ , сонымен қатар қарамағындағы жауынгерлер мен офицерлердің ақылгөй жетекшісі, мейірман тәрбиешісі де бола білген. Соғыс аяқталғанға дейін батальонды, полкты, ал соғыс аяқталғаннан кейін дивизияны басқарған. Жоғарғы Әскери академияны бітіріп, сонда ұстаздық еткен. Кейін біржола шығармашылық еңбекпен шұғылданып, қарудың орнына қалам алған.

Оқушы: : Б.Момышұлының қаламынан шыққан шығармалар көп. Солардың бірегейін атасақ

  • «Қанмен жазылған кітап»

  • «Ұшқан ұя»

  • «Москва үшін шайқас

  • «Менің отбасым»

  • «Майдандас достарым»

  • «Генерал Панфилов»

  • «Төлеген Тоқтаров»

  • «Адам қайраты»

  • «Артымызда Москва»

  • Б.Момышұлы орыс және қазақ тілдерінде бірдей жазады.Оның  «Біздің отбасы», «Артымызда Москва» , «Майдандағы кездесулер» сияқты кітаптары бірнеше шетелдік тілдерге аударылып басылған.

Оқушы:- Бауыржан Момышұлының қаламынан шыққан мақал- мәтел нақыл сөздерге назар салсақ:

Оқушылар сөйлейді:

  • «Ептілік пен батылдықты қосса айлакерлік шығады».

  • «Әскерсіз қолбасшы - қауқарсыз,Басшысыз әскер — әлсіз.»

  • «Сын ерді шыңдайды, қорқақты қинайды.»

  • «Ел үшін аянба – ерлігіңе сын,Жұрт үшін аянба – жігіттігіңе сын.»

  • «Тәртіп –тән үшін, ынтымақ жан үшін керек.»

  • «Тәртіпке бас иген құл болмайды.»

  • «Елсіз ер болмайды , Ерсіз ел болмайды.»

  • Тізе бүгіп тірі жүргеннен тіке тұрып өлген артық

  • «Көре алмаған көз сорлы,айтылмаған сөз сорлы.»

  • «Өтіріктің балын жалап тірі жүргенше , шындықтың  уын ішіп өлген артық

  • «Ердің туы - намыс.»

  • «Сен жаудан қашсаң, өмір сенен қашады.»

  • «Ерлік - елдің қасиеті, жүректілік – жігіттіктің қасиеті.»

Мұғалім: Бауыржан Момышұлы  жайында өлең, дастандар да, естелік мақалалар да, кітаптар да көп. Олар  Александр Бектің «Арпалыс», Әзілхан Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» , келіні Зейнеп Ахметованың  «Шуақты күндер» , ұлы Бақытжан Момышұлының «Жанымның жарық жұлдызы» және тағы басқа шығармалар.

Талқылауға арналған сұрақтар:

1. Әңгіменің «Ұшқан ұя» деп аталу себебі неде деп ойлайсыңдар?

2. Әңгімедегі ұлттық тәрбие мен қазіргі қазақ отбасындағы тәрбие туралы не айтар едіңдер?

3. Жазушы әке бейнесін қалай бейнелеген?

4. «Жеті атасын білмеген -жетесіз» деген сөзді қалай түсінесіңдер

5. «Ұшқан ұя» романында қазақтың қандай ұлттық ойын насихатталады?

6. «Ұшқан ұя» кітабынан өзіңе қандай тәлім-тәрбие алдыңдар?





Оқушылар::Бауыржан Момышұлының игерген өнерлері көп. Атап өтсек:

    1. Құралайды көзге атқан мерген.

    2. Турникке тартылу және басқа спорт түрлерінен де озық жетістіктерге жеткен.

    3. Ат құлағында ойнайтын шабандоздығымен, атбегілігімен аты шыққан. Мәскеу түбіндегі шайқастағы атақты ақбоз аты туралы әңгіме көп. Әсіресе қарамағындағы жауынгерлерді соғысқа тәрбиелеуде өте озық тәжірибе көрсеткен. Нағыз қаһармандарды тәрбиелеген және жауынгерлердің «Батька» , «Ақсақал» дегендей қошеметтеріне ие болған.

    4. Әскери қолбасшылығы өз алдына бөлек әңгіме. Генералдарға сабақ берген ұстаздығы да — бөлек әңгіме. «Б.Момышұлының соғыс тактикасы» деген  оқу пәні Израиль еліндегі әскери оқу орындарында  оқытылады және студенттер ол пәннен емтихан тапсырады. Кубаның әскери мектептерінде де Бауыржанның соғыстағы әдіс — тәсілдері бойынша дәріс беріледі. Осыны ескерсек, Б.Момышұлын әскери ғылымның нағыз білгірі деуге болады.

    5. Бильярд ойынының шебері. Сегіз шарды тоқпақтай торға тоғытқан сәттерін ескерсек, бүгінгінің ең мықты бильярдшыларымен бәйгеге түсетіндей қабілет иесі.

    6. Сөзге шешен және тапқыр. Кітабы әлемге таралған жазушы..

    7. Бауыржан Момышұлы суретті керемет салған екен. Кәдімгі кәсіби суретшілерден бір мысқал да кем емес. Мысалы, басылым беттерінде жиі пайдаланылатын қолмен салынған суретін Бауыржан атамыз өз қолымен салыпты. Немересі Ержан қолына қағаз алып келіп: «Ата, сурет салып бер» дейді бірде. Бала қыңқылдап қоймағасын, Ержан екеуінің суретін салып береді. Сонда Ержан былай алып шығып, суреттегі өзінің бас жағына бес, атасының бас жағына екі деген баға қойып қойыпты. Мұны келіні Зейнеп апа бір сұхбатында айтып берген екен.

Қазақтың батыры, ұлт мақтанышы Бауыржан Момышұлының ұлына айтқан ақыл-кеңестері қай әкеге де үлгі. Отбасында әрбір әке ұлының құлағына құйып отырса артық болмас еді.

1.Ердің екі сөйлегені – өлгені. Уәде бермеуге тырыс. Әйтпесе, сөзіңде тұр. 
2. Қысқа, нұсқа сөйле. Дауысың анық болсын. 
3. Көп тыңда. Аз сөйле. Сөзіңнің артынан ісіңмен үлгеруге жаныңды сал. 
4. Өсек айтылатын жерде болма. Кездейсоқ болған жағдайда қосылма. Кесіп тастауға тырыс 
5. Таспен атқанды аспен ат – жеңесің! Содан кейін алшақ жүр. 
6.Ренжітпе! Жүйелі қарғыс иесін табады. 
7. Ешқашан мақтанба! Жұрт мақтасын. 
8. Өзіңді сыйла. Өзгелер сыйласын. 
9.Күнде өзіңе есеп бер. Өзіңді тәрбиелей бер. 
10. Құмар ойын - әлсіздің әлегі. Мықтының рухы биік, денесі шымыр. 
11. Үйретері мол мықтылардан ұстаздарың болсын. Бірақ, ешкімді пір тұтпа. 
12. Сыйлағанның құлы бол. Кішірею төмендеу емес. 

13. Ең алдымен өзіңе өзіңнің көңілің толатындай өмір сүр. 

14. Саяхатта. Дүниетанымыңның аясы кеңейеді. 

15. Қайтарымынан үмітті болсаң, жақсылық жасама. 

16. Жүйкең әлі талай қажет болады. Болмашыға тоздырма. Шешуші сәттерге бапта. 

17. Бойжеткеннің көңілін оңай жаулағап, онымен болғаныңа шаттанып, сөз қылма. Ерлік емес! 

18. Уайымға салынудан алшақ бол. Арба да сынбайтын, өгіз де өлмейтін шешім қабылда. Тез шешім қабылда. 
Тәуекел түбі жел қайық жүзесің де өтесің. Уайым түбі тұңғиық батасың да кетесің. 

19. Уәзірі мықтының тірлігі жеңіл. Мықтысын таңда! 

20. Сырыңды ешкімге алдыртпа! Екі елі ауызыңа сыймаған сөз өзгенің отыз екі тісінің арасына тіптен сыймайды. 

21. Мүмкін нәтижелерін елестетіп көр. Нәтижесі ұнамаса, келіспе. 
22. Өкпелеме. Өш алма. Санасына бер. Аллаға тапсыр! 
23. Қыран құстай қырағы бол. Өзгелерді өзіңдей көрме. 
24. Пенденің пендеден айырмашылығы адамгершілігі мен білімінде. Таны, оқы! 
25. Өнер үйрен. Мамандығыңда мықтысы бол. 
26. Жер қозғалмаса қозғалмайтын сабырлы зіл бол. 
27. Өміріңнің сапасына тек сен жауаптысың 
28. Жалғыз апаңа (әпкеңе) қорған бол. Тұрмыста болса да, өз күйеуі – қорғаны бар деме. Сенің орның тым бөлек. 
29. Үйленуге асықпа. Жар таңдаудан жаңылма. 
30. Ұрпақ тәрбиесі елу пайыз сенің мойыныңда. Ұлың өзіңнен озатын болсын! Қызың саған қарап серігін тауып бақытты болсын. 
31. Ердің аз міндеттерінің бірі отбасын асырау. Саған сенгендерге ешнәрседен таршылық көрсетпе. 
32.Барлық жақсы қасиеттің діңгегі әдептілік. Барлық жақсыны әдептің үстіне орнат. 
33. Кім қанша төмен түссе де, сен өзі биігіңде қал 
34. Мықты болсаң, әйелге барып дәлелде! Балаларыңның анасын бақытты етіп өт. Жарыңның саған риза болып өткені-ұлы мадақ.

Мұғалім: Бүгінгі тәрбие сабағымызда біз кітап туралы тың деректер алдық, Бауыржан Момышұлын жан –жақты таныдық. Бауыржан Момышұлы өзі айтқандай «Есімі ел жүрегінде сақталған  ер ғана бақытты » дегендей оның есімі біздің жүрегімізде мәңгі сақталады. Сабағымыздың соңын Бауыржан атамыздығ батасымен аяқтайық.





Бата

Иә, құдай! Тілегімді қабыл ет,
Дозақтың отынан сақта,
Қаңғыған оттан сақта,
Парақор соттан сақта.
Ұжымшар жеген бостандықтан сақта
Нанды басқан кесірден сақта
Мезгілсіз келген өлімнен сақта
Ұятсыз қызыңнан сақта
Қайырымсыз жегжаттан сақта
Түнере атқан таңнан сақта
Жаңбырсыз шаңнан сақта
Еңбегіміз оңісті болсын,
Қамбамыз астыққа толсын.
Мыңғырған мал өріске толсын.
Ағаш берсең, жемісті ғып бер,
Тұлпар берсең, шабысты ғып бер.
Жомарт болсаң, осы айтқандарымның
бәрін үйіп— төгіп бір— ақ бер.



Қорытынды: 
Қазақтың көркем тілі – қазақ тілі, қазақтың көркем әдебиетінде. Ал әр ұлттың әдебиеті мен тілі ең алдымен әр ұлттың әдебиеті мен тілі ең алдымен әр ұлттың өзіне керек. Қазіргі қазақ қоғамының алдында жас ұрпақты кітапқа, оның ішінде қазақ тілінде жазылған кітапқа баулу.
Кітап – қоғамның рухани күштерін дамытудың қуатты құралы, мәдениеттің қайнар бұлағы, оның өзекті саласының бірі. Рухани мөлдірліктің, биік парасаттың, асқақ адамгершіліктің, арқалы ойдың қоймасы. Кітап арқылы біз өткенге көз жібереміз, одан қымбат мұра жинаймыз, тәжірибеге кенелеміз. Бүгінгі «Бір отбасы – бір кітап» тақырыбындағы ашық тәрбие сағатымыз аяқталды. Қош-сау болыңыздар!





























ЖИ арқылы жасау
09 Желтоқсан 2024
145
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі