400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Бір қатар тізбекпен баяу және жылдам жүру. Қол ұстасып,шеңбер құрып тұру»

Материал туралы қысқаша түсінік
а)Жылдам қозғалуды,баяу,жылдам жүруді және доптарды себетке салуды үйрету. ә)Қимылды ойындарды қызығушылықпен орындауға тәрбиелеу. б)Дене бітімдерінің дұрыс қалыптасуын қадағалау.Есте сақтау қабілетін дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық карта

Білім беру саласы: «Денсаулық»

Бөлімі: Дене шынықтыру

Тақырыбы: «Бір қатар тізбекпен баяу және жылдам жүру. Қол ұстасып,шеңбер құрып тұру»

Мақсаты:

а)Жылдам қозғалуды,баяу,жылдам жүруді және доптарды себетке салуды үйрету.

ә)Қимылды ойындарды қызығушылықпен орындауға тәрбиелеу.

б)Дене бітімдерінің дұрыс қалыптасуын қадағалау.Есте сақтау қабілетін дамыту.

Алдын- ала жүргізілетін жұмыс: Сапта тұру жаттығуларды қайталату.

Әдіс- тәсілдері: Түсіндіру,көрсету,ойын.

Қажетті көрнекі құралдар: кішкентай доптар,жүруге арналған жолдар,әр түстегі шарлар,себеттер.

Сөздік жұмыс:жүріс түрлері,тік тұру,бір тізбекпен жүру.

Оқу қызметі

Дене шынықтыру нұсқаушысының қызметі:

Балалардың қызметі

Мотивациялық-қозғаушылық

  1. Бір қатар сапқа тұру

  2. Сәлемдесу( нұсқауларды орындау)

Қуан,шаттан, қуан шаттан,

Қуанатын күн бүгін!

Қайырлы күн, қайырлы күн,

Күліп шықсын күн бүгін!


Арнаулы жаттығулар:

-тізбекпен жүру;

-қол белде,аяқты кезек-кезек жоғары көтеріп жүру;

-баяу жүгіру.

-жай жүріспен жүру.

Балаларға үлкен себеттегі кішкентай доптарды беріп,бірінің соңынан бірін жүргізіп,шеңберге тұрғызу.

Тізбекпен кіріп,бір қатар сапқа тұрады.

Сәлемдеседі.


Қолдарын алға созып шапалақтайды.



Бірінің артынан бірі жүріп,жүруге арналған жолдармен жаттығуларды орындайды.

Кішкентай доптарды алып,бірінің соңынан бірі жүріп,шеңбер құра дөңгеленіп тұрады.

Іздену-

ұйымдастырушы

Жан-жақты дамыту жаттығулары:

(Кішкентай доптармен)

1.Қол мен иық бұлшық еттеріне арналған жаттығулар:

«Допты иыққа тигізу»

Б.Қ: негізгі тұрыс,допты қолмен кеудеге ұстап тұру.

1.Екі қолмен ұстаған допты алға созу;

2.Қос қолдағы оң иыққа тигізу;

3.Екі қолмен ұстаған допты алға созу;

4.Қос қолдағы допты сол иыққа тигізу.

5.Бастапқы қалыпқа келу.

2.Дене бұлшық еттеріне арналған жаттығулар:

«Иілу»

Б.қ .:негізгі тұрыс,допты қос қолмен ұстайды,аяқ арасы сәл ашық.

1.Допты қос қолмен жоғары көтеру;

2.Допты алға созып иілу;

3.Б.қ .келу.


3.Аяқ бұлшық еттеріне арналған жаттығулар:

«Алға,артқа секіру»

1.Алға қос аяқпен секіру;

2.Артқа қос аяқпен секіру:

3. Бастапқы қалыпқа келу.

Тыныс алу.

-тік тұру;

-Допты алақанға қою.

-Алақандағы допты үрлеу.

(Мұрынымен ауа жұтып,ауызбен дем шығару)

Негізгі қимылды жаттығулары.

1.бір қатармен баяужәне жылдам жүру.(Тәрбиешінің соңынан бір қатармен ілесіп жүру.)

2.Қол ұстасып шеңбер жасау.

«Қуыршақтарға қонаққа бару» ойыны:

1.Ойын шартын түсіндіру.

2.Балалармен бірлесе ойнау.

Шеңбер құрып тұрады.


Нұсқауларды орындайды.



Допты алға созып,қос иыққа кезек-кезек тигізеді.







3-4 рет қайталап орындайды.




3-4 рет.





Қос аяқпен алға,артқа секіреді.

(3-4)рет.


2-3рет қайталайды.




Допты үлкен себетке өздері салады.



Бір-біріне кедергілер жасамай,арақашықтықты сақтап жүреді.

Бірінің қолынан бірі ұстап,айнала шеңбер болып тұрады.

Бірлесе ойнайды.

Рефлексивті коррекциялаушы

1.Балаларды мақтап,мадақтау.

2.Жүріс түрлерінің дұрыс орындалуын бақылау.

3.Қауіпсіздік ережесін сақтау.


Ұйымшылдықпен ойнайды.


Күтілетін нәтиже:

Қайталайды: доппен орындалатын жаттығуларды.

Түсінеді: кішкентай доптар және әр түстегі шарлармен орындалатын жаттығулардың орындалу шарттарын.

Қолданады: жүріс түрлерін,қол ұстасып шеңбер жасау,доптарды себетке салу іскерліктерін.


Дене шынықтыру нұсқаушысы: Молдахан Ринат

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 ақпан
1236
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі