400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Бір шаңырақ астында

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепалды даярлық тобының ұстаздарына
Материалдың қысқаша нұсқасы

22-ҰОҚ. Бір

шаңырақ астында

(сюжетті)

Мектеп/МҰ:Абай атындағы мектеп гимназия

Күні:

Педагогтің аты-жөні:Жакаева Замзагуль

Сынып/топ:

Қатысқандардың саны:

Қатыспағандардың саны:

ҰОҚ-нің оқу мақсаттары

0.1.5.1. Заттарды жерге, суға, аспанға қатыстылығы бойынша орналастырып, заттардың және зат бөлшектерінің пішінін, пропорцияларын, түсін есепке ала отырып, кеңістіктік арақатысын бейнелеу.

.

Күтілетін нәтижелер

Барлық тәрбиеленушілер:

  • заттардың кеңістіктік арақатысын бейнелейді;

  • борды көлбеу ұстап, штрихтарды бірқалыпты салады;

  • жеке гигиена ережелерін орындайды.

Көпшілік тәрбиеленушілер:

  • сюжетті сурет жасайды;

  • түпкі ойды жүзеге асырады;

  • материалдарды тиімді жұмсайды.

Кейбір тәрбиеленушілер:

  • композицияны түрлендіреді;

  • суретке толықтырулар енгізеді, дербес ерекшелік береді.

тілдік мақсаттар

Дағдыларды дамыту.

Тәрбиеленушілер келесі іскерліктерін дамытады:

  • сұрақтарға жауап береді, бұрын меңгерілген іскерліктерді еске түсіреді;

  • тапсырмаларды орындау барысында тыңдау және сөйлеу дағдыларын

бекітеді;

  • сәндік сурет салудың ерекшелігін ауызша формада айқындайды;

  • бейнеленетін нысанның сырт келбетіне сипаттама береді.

Көптілділік: жиһаз – мебель – furniture.


Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:

  • дастарқан, сандық, көрпе, ошақ.

талқылауға арналған сұрақтар:

Киіз үйде қандай бұйымдар бар?

Киіз үйдің ортасында не орналасады?

Жиһаз заттарын киіз үйде қалай дұрыс орналастыруға болады?

Бастапқы білім

Өрнекті кезектестіру, сәндік өрнек жасау туралы білімді қолданады.


Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

ресурстар

I. Оң көңіл күй

(Ұ) Сабақта оң көңіл күй қалыптастыру








Киіз үйдің бұйымдары туралы слайдтар.

қалыптастыру.

Педагог: Қазір біз сендермен бірге саяхатқа


аттанамыз. Көздеріңді жұмыңдар. Сендер ғажайып


алаңқайдасыңдар. Құстар ән салуда, күн жарқырап


тұр. Сендер бір дыбыс естисіңдер, сендердің киіз


үйдің табалдырығынан аттауды ұсынады... Жағымды


ортаны сезесіңдер, жаңа піскен бауырсақтың иісі


мұрын жарады. Жеңіл және еркін тыныс алынады.


Көңіл күй сергек және көңілді. «Үш» дегенде


көздеріңді ашыңдар.


(Ұ) Педагог киіз үй әлеміне саяхат жасауды ұсынады.

II. Өмірлік

Балаларға киіз үйде бұйымдарды орналастыру туралы

тәжірибені

слайдтар көруді, киіз үйдегі әрбір заттың өзінің

жандандыру.

арнайы орнының бар екендігін қарауды ұсынады.

Мақсатты

Сабақ тақырыбымен байланыстырады, киіз үй

тұжырымдау.

бұйымдарын салады.



III. ҰОҚ-нің тақырыбы бойынша жұмыс


(Ұ) Әліппе-альбомдағы материалмен жұмыс. Педагог әліппе-альбомдағы тапсырмаларды орындауды, тұрмыс заттарының маңызын атай отырып, Айсұлуға оларды дұрыс орналастыруға көмектесуді ұсынады.

Проблемалық сұрақ: Киіз үйдің ортасында не орналасады?

(Ұ) Сергіту сәті түрлі түстер

Қызыл, жасыл, көк...,

Түрлі түстер көп.(Қолдарын жанына қойып айналады.)

Аппақ түсім – сүт,

Бозғылт түсім – бұлт.(Қолдарын жоғары көтереді.)

Жасыл бояу – шөп,

Сары бояу – сөк.(Жерге отырады.)

Қара түсім – қас,

Сұрғылт түсім – тас.(Аяқтарымен топылдатады.)

Мөлдір бояу – су,

Көкшіл – біздің ту! (Оң қолдарын жоғары көтеріп, бір-бірінің соңынан шеңбер құрып жүреді.)

Е. Өтетілеуұлы


Ұ) Қауіпсіз жұмыс жасау техникасы Педагог жеке гигиена ережелерін еске түсіруді ұсынады. Тәрбиеленушілерді жұмыс орнын

тазалықта ұстау қажеттілігіне ынталандырады.

Әліппе-альбом.









(Ұ) Жұмыстың орындалу технологиясы (Жұмысты сатылай орындау ретін түсіндіру).

Әліппе-альбоммен жұмыс

Жұмысқа арналған материалды өз қалауларыңа қарай таңдап алыңдар. Сурет салудың кезектілігін айтады: алдымен киіз үйдің ішкі көрінісін фломастермен ашық қырынан (в разрезе) салып, одан кейін киіз үйдің жиһаздарын салу қажет.

Әліппе-альбом. Түрлі түсті қарындаштар, балауыз борлар, фломастерлер.

IV. ҰОҚ-нің

(Ұ, Ө) Сурет галереясы ұйымдастырылады. Педагог жұмыстарды талқылауды ұйымдастырады. Кімге өз жұмысы ұнады?

Салғылары келген суретті сала алды ма? Қиындықтар болды ма, жұмыс аса мұқият орындалды ма?

Аса қиын болды ма?

Кімнің суреті көбірек ұнады?

Педагог балаларға қазақ ою-өрнектерінің элементтерін күнге немесе бұлтқа жапсыруларын ұсынады. Сабақ ұнады, қызықты болды – күнге жапсыру. Ұнамады, қызықсыз, қиындықтар кездесті – бұлтқа жапсыру.

Балалардың

қорытындысы.

жұмыстарын

рефлексия.

орналастыруға


арналған стенд.


Әліппе-альбом.









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
10 мамыр
2810
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі