400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Бір шаңырақ астында

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепалды даярлық тобының ұстаздарына
Материалдың қысқаша нұсқасы

№44 ҰОҚ. Тақырыбы: Менің отбасым. Қосамын жəне азайтамын.

МЕКТЕП/МҰ:Абай атындағы мектеп гимназия

Күні:

Педагогтің аты-жөні:Жакаева Замзагуль

Мектепалды сынып/топ

Қатысушылардың саны:

Қатыспағандардың саны:

Оқыту мақсаттары

0.4.1.1.«+» таңбасын заттарды қосатын таңба ретінде, «–» таңбасын заттар тобынан алу таңбасы ретінде түсіну жəне оларды пайдалану.

Күтілетін нəтижелер

Барлық тəрбиеленушілер:

-«+» таңбасын заттарды қосатын таңба ретінде, «–» таңбасын заттар тобынан алу таңбасы ретінде түсінеді.

Көптеген тəрбиеленушілер:

-«+» таңбасын заттарды қосатын таңба ретінде, «–» таңбасын заттар тобынан алу таңбасы ретінде түсінеді жəне оларды

пайдаланады.

Кейбір тəрбиеленушілер:

-сурет немесе жағдай бойынша қосу мен алуды белгілеу үшін «+»

жəне «–» таңбалары бар жазбалар құрастырады.

Тілдік мақсаттар

Дағдыларын дамыту:

-сурет немесе жағдай бойынша қосу мен алуды белгілеу үшін «+»

жəне «–» таңбалары бар жазбаларды түсіндіре алады.

Пəндік лексика жəне терминология:

-қосу, алу (азайту).

Пікір алмасуға арналған сұрақтар:

  • Заттарды қосқанда не болатынын айт.

  • Заттарды бұл топтан қандай белгісі бойынша алып тастағанын түсіндіре аласыңдар ма?

  • Суретте, бұл жағдайда не болғанын айтуға саған қандай сөздер көмектескенін түсіндір (заттарды біріктірді, қосты, алып тастады, азайтты).

Жазу:

-боя, «+» жəне «–» таңбаларын қорша жəне т.с.с.

Алдыңғы білім

Қосу, алу, заттардың саны.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-əрекет

Ресурстар


Басталуы


Ынталандыру.

ҰОҚ-нің тақырыбына кіріспе ретінде педагог жоспар бойынша өз отбасы туралы əңгімелеуді ұсынады:

  • Сенімен қанша адам тұрады?

  • Олар неге отбасы деп аталады?

Балалардан алдағы уақытта отбасылық суреттерін əкелуін сұраңыз.

Педагог отбасы мүшелерін санауды тапсырады.

Өзектендіру.

Педагог балалар өткен ҰОҚ-де қандай таңбалармен танысқанын, олардың нені білдіретінін сұрайды.

Суреттердің астындағы немесе жиынтық полотнода құрастырылған жазбаларды оқуын сұрайды.

Осы сабақтарда азайту мен қосу мысалдары үшін № 7-9

полотнолар қолданылады.

Отбасының фотосуреттері










Жиынтық полотно.

Ортасы

Мақсат қою (проблемалық жағдай).

Əліппе-дəптер,


(Ұ) Бүгін біз осы таңбалары бар жазбаларды құрастыруды

Үлестірмелі


жəне оқуды қалай үйренгендеріңді білеміз.

материал–


(Т) Кез келген заттар немесе фигуралар таратылады.

сандар мен


Азайту мен қосу мысалдары көрсетіледі.

таңбалар


- Суреттегі жағдаятта не болғанын айтуға қандай сөздер



көмектесті (заттарды біріктірді, қосты, алды, азайтты).



Өлеңмен жазылған есептерді ұсыну қажет.



Өздік жұмыс.



(Ө) Əліппе-дəптердегі 1-тапсырманың алдында суреттер



бойынша əңгіме өткізіледі. Сандарды жапсырғанға дейін



балаларға үлестірмелі материалдан карточкалары бар



осындай жазба құрастыруды тапсыруды ұсынуға болады.



Содан кейін педагог тапсырманы барлық балалар орындай



алып жатыр ма, қосу жəне азайту əрекеттерін дұрыс



құрастырып, оқи ала ма – соны көреді.



(Ө) 2-тапсырманы əркім өз бетінше орындайды. Бұл



педагог балалардың тақырыпты қалай меңгергенін көруге



көмектеседі.



Балалар өздігінен шарларды бір-бірлеп санап, жауапты



жапсырады.



Өткен материалмен жұмыс.

Əліппе-дəптер,


(Ө) 3-тапсырма өз беттерінше орындалады. Таңбаларды

жиынтық


бастырып жазу қол моторикасын дамытуға, таңбаларды

полотно.


пысықтауға көмектеседі.

Үлестірмелі


(Ө) Жеке қималы материалдан ұсынылған жағдаят

материал


бойынша азайту мен қосуға арналған мысал жасауды



ұсыныңыз. Бұл педагогқа балалардың тақырыпты қалай



меңгергенін көруге мүмкіндік береді. Мысалы, мынадай



үлгідегі есепті оқыңыз: 5 гүл өсіп тұрды, оның екеуі қурап



қалды. Нешеуі қалды?



- Қалай жазуға болады? Карточкаларда көрсетіңдер.



Қосуға мынадай есеп түрін ұсыныңыз: Құмыраға 3 түйме-



дақ пен екі кекірегүл салынды. Құмырада неше гүл бар?



(Ж) Дəл осындай жұмысты жиынтық полотнода жұппен



кез келген объектімен үйлестіруге де болады. Полотнода




немесе сандары мен таңбалары бар карточкаларда жұппен жұмыс істей отырып, азайтуға арналған тиісті жазбаларды құрастырыңыз.

Егер балалар тапсырманы жылдам орындаса, онда осыған ұқсас жаттығуды үстелдерде санайтын материалмен өткізіңіз. Қосу əрекетін қосыңыз.

Əрбір жұптың қасына барып, олардың жазбаларды қалай оқып отырғанын тыңдап, оларды түзетіп, мынадай сұрақтар қойыңыз:

  • Заттарды қосқанда не болатынын айтшы?

  • Заттарды бұл топтан қандай белгісі бойынша алып тастағанын түсіндіре аласыңдар ма?

  • Суретте, бұл жағдайда не болғанын айтуға саған қандай сөздер көмектескенін түсіндірші (заттарды біріктірді, қосты, алып тастады, азайтты) ?

Одан кейін педагог жазбаларды түрліше оқуды ұсынады. Қолданылатын сөздер: қосу, жиынтықтау, плюс, ... арттыру, азайту, шегеру, минус, ... азайту.

Педагог оқу үлгісін ұсынады, балалар оның артынан қайталайды. Одан кейін балалар мысалдарды өздігінен түрліше оқиды.


Рефлексия


Рефлексия.

Педагог қорытынды жасап, балаларды мадақтайды. Сабақтағы өз жұмысын «Сəттілік сатысы» арқылы бағалауды ұсынады.

Педагог түсіндіреді: егер қателіктер көп болса, төменгі сатыда көңілсіз смайликтің суретін салуға болады.

Қателіктер аз болса, ортаңғы сатыда аузы түзу смайликті салуға болады. Қателіктер болмаса жəне бала барлығын жақсы түсінсе, жоғарғы сатыда күлімдеген смайликті салуға болады.

Əліппе-дəптер




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
10 мамыр
511
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі