400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Бір таңбалы санға қалдықпен бөлу

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылар қалдықпен бөлуді және неге қалдық бөлгіштен кем болатынын түсіндіре алады. Қалдықпен бөлуді әріптік жазба түрінде көрсете алады. Оқуға, білімге деген қызығушылығын арттырып, еңбекке баулу. Жеке және топта жұмыс жасай алу, ынтымақтастық. Сабақ өткізуге жоспарлаған тасырмалар өте тиімді болды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

84-сабақ. Бір таңбалы санға қалдықпен бөлу/Мүсін өнері

Оқу ісінің меңгерушісі:

84-сабақ. Тақырыбы: Бір таңбалы санға қалдықпен бөлу / Мүсін өнері

Мектеп: Қарақойын ЖОББМ

Күні:15.01.19ж

Мұғалімнің аты-жөні: Жакупова А.З

3-сынып:

Қатысқандар саны:9

Қатыспағандар саны:0

Оқу мақсаттары

3.1.2.6.бір таңбалы санға қалдықпен бөлуді орындау.

Күтілетін нәтижелер

Барлық оқушылар:

-бір таңбалы санға қалдықпен бөлуді орындауды біледі.

Бірқатар оқушылар:

-тексеруді орындау үшін не істеу керек екенін түсіндіре алады.

Кейбір оқушылар:


Қалдықпен бөлуді әріптік жазба түрінде көрсете алады.

Тілдік мақсаттар





Оқушылар:

Қалдықпен бөлуді және неге қалдық бөлгіштен кем болатынын түсіндіре алады.

Пәндік лексика және терминология:

-қалдықпен бөлу, қалдық, қалдық бөлгіштен кем.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл.

Талқылау:

Біртаңбалы санға қалдықпен бөлудің қалай орындалатынын айтып бер?

Неге қалдық бөлгіштен кем?

Тексеруді орындау үшін не істеу керек?

Жазу:

Қалдықпен бөлуді және оны тексергеніңізді жазыңыз.

Тірек білім, білік, дағдылар

Көбейту мен бөлу, амалдардың өзара кері байланысы, көбейту кестесі.

Құндылық

Оқуға, білімге деген қызығушылығын арттырып, еңбекке баулу.

Жеке және топта жұмыс жасай алу, ынтымақтастық.

Пәнаралық байланыстар

Көркем еңбек. Қазақ тілі

АКТ-ны қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы білім

Бір таңбалы санға қалдықпен бөлу

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Қоры

Басы


0-3 мин




(Ұ) Шаттық шеңбері: «Ыстық лебіз».

Шеңберге жиналып, бір-біріне жылы лебіз, тілек

айту.

Ынталандыру.

Мұғалім оқушыларды мүсін жайлы әңгімені тыңдауға деген қызығушылықтарын оятады. Әртүрлі мүсіндерді көрсетеді. Өлкелік музей бар болса, сонда апарған дұрыс. Әлемдік мүсін өнерінің үздік туындыларын көрсетуге болады. Содан кейін мүсінді неден жасайтынын білуді ұсынады.

Әлемдік мүсін өнерінің үздік туындылары жайлы ролик.

Ортасы

Білу және түсіну

4-12 мин


Белсендіру.

Ширату жаттығуы ретінде №1тапсырма орындалады. Қолөнер шебері әр мүсінді қандай материалдан жасағанын анықта. Мысалдарды шығарып, жауабын табады.

Амалдар компоненттерін қолдана отырып, әр өрнекті оқу керек. Бұл үшін болжамды жоспарды қолдануға болады:

1. Амалдар ретін анықтау. Мысалы, олар – екеу.

2. Соңғы амал қандай? Егер қосу болса, өрнекті оқитын болсаң, онда оны қосынды сөзінен бастау керек және т.б.

3. Екінші амал қандай? Мысалы, көбейту, онда а және в сандары мен с санының көбейтіндісінің қосындысы деп айтамыз.

2 тапсырма орындауға ұсынылады. Мүсінші әртүрлі құралдар қолданады. Бірақ жұмысқа кіріспес бұрын қарындашпен сұлбасын салып алады. Қалдықпен бөлуге қарындашпен тәжірибе жүргізіледі, мұндай жұмысты әр оқушы орындау керек. Бұл қалдықпен бөлуді өз көзімен көруге мүмкіндік береді.

Бір таңбалы санға қалдықпен бөлуді қалай орындауға болады?

Неге қалдық бөлгіштен үнемі кем болады?

Тексеру жүргізу үшін не істеу керек?

Қалдықпен бөлудің жазбасының әріптік мәнін кім анықтай алады? а : b=c + ka = c b + k

Математикалық диктант:

1. 9 санына аяқталатын барлық екі таңбалы сандарды өсу тәртібі бойынша бірінші бағанға жаз. Барлық сандардағы ондықтардың астын сыз.

2. Асты сызылған сандардан 1 санға үлкенірек сандарды екінші бағанға, бірінші бағандағы әр санның астына жаз.

3. Бірінші бағанда бөлінгіш жазылған, екінші бағанда –бөлгіш; үшінші бағанға – бөлінді, ал оның астына төртінші бағанға – қалдық жазылған.

Шешім:

19

,29

,39

,49

,59

,69

,79

,89

,99.

2,

3,

4,

5,

6,

7,

8,

9,

10.

9,

9,

9,

9,

9,

9,

9,

9,

9.

1,

2,

3,

4,

5,

6,

7,

8,

9.


Өзіңді тексер: егер барлық есептерді дұрыс шығарсаң, онда үшінші бағанда барлық бөлінді 9-ға тең, ал төртінші бағанда – бөлгіштен 1-ге кем қалдықтар.

Тұсаукесер, оқулық.


12-13мин


Мақсат қою (мәселелі жағдаяттар).

Әр баланың қиындықтарын анықтау үшін өздік жұмыс орындалады.



Қолдану және талдау





13-29 мин


Өздік жұмыс.

Оқулықта бұл үшін №3, 4 тапсырма берілген. Балалар таңдауы бойынша қалдықпен бөлуге бірнеше мысалдар мен есептерді орындайды (баған немесе жол).

Ағаштан мүсін жасау үшін орманнан 43 бөрене әкелу керек. Мәшинеге 4 бөренеден артық сыймайды. Барлық бөренені тасып әкелу үшін орманға неше рет бару керек болады?

Берілген есепте бөлуді орындау керек. Бұл қалдықпен бөлу. 43-ті 4-ке бөлгенде 3 қалдық қалады, қалған 3 бөренені әкелу үшін тағы бір рет бару керек.

Жауабы: 11.

Қиындықтарды түзету.

Мұғалім тапсырманың дұрыс орындалуын тексереді.

Кімде қиындық туындады?

Қай жерден қате жібердіңіз?

Жіберілген қатенің себебін анықтаңыз?

Егер өздік жұмыста ешқандай қиындық туындамаған болса, өз мақсатыңызды нақтылаңыз.

(Қосымша тапсырма орындау).

Қиындық туындаған оқушылардың ары қарайғы мақсаты қандай?

(Қателерді түзеу).

Қатені түзету алгоритмін қолданамыз.

Әркім өз оқу мақсатын айтады:

Қалдықпен бөлудің ережелерін қайталау. Бөліндіні қалай таңдау керек. Қалдық әрқашан бөлгіштен кіші болады.

6,7 тапсырмалар қате жіберген балалармен әртүрлі үлесте өз бетінше орындалады.

Сонымен қатар кеңесші-оқушыларды түсінік беру жұмыстарын жүргізуге тартуға болады. Бұл үшін ұстаз жұптық немесе топтық жұмыстың белсенді түрін ұйымдастырады.

Осылай, №6,7 тапсырманы орындай отырып, бірінші өздік жұмыста қате жіберген балалар түсінік беру керек.

Жазба дұрыс болу үшін, бос орындарға қалып қойған цифрларды жаз..

    3□ : 3 = 10 (2 қалдық)      4□ : 7 =  □(5 қалдық)

    77 :  □   = □ (5 қалдық)    9 : 2 =  □ (1 қалдық)

Қалдықпен бөлуді орында:

                    50 : 9              48 : 7

                    84 : 9              27 :  5

                    5 : 8              4 :  6

а) Орманшы әр қатарға 9 көшеттен 51 шырша екті. Шырша қанша қатарға егілді?

ә) Егер бөлгіш 9 болса, қанша қалдық болуы мүмкін?

Дәптер, оқулық.

Жинақтау

Соңы


30-35 мин


Өткен материалмен жұмыс.

Мұғалім балалардың даму деңгейіне байланысты әр балаға жеке тапсырма береді.

8 тапсырма тиімді есептеуге берілген.

Өздік жұмыс.

Мұғалім бағалау критерийлері бар дәптерге қалдықпен бөлуді орындауды ұсынады.

Мен:

  • бір таңбалы санға қалдықпен бөлуді орындаймын;

  • тексеруді орындаймын.

Қатемен жұмыс жүргізілгеннің нәтижесінде бұл тапсырма бұрынғыдан жылдам орындалады. Ал енді қалдықпен бөлу амалы туралы түсінікті әр оқушымен жеке тексеру қажет.

Нәтижесінде жетістікке қол жеткізеді, қатемен жұмыс жасағанның пайдасы балалардың көбі формативті бағалау дәптеріндегі тапсырмаларды орындай алады.

Сабақтың тақырыбы бойынша сұрақтар құрастыр.

Әр жаңа сабақта немесе бекіту сабағында оқушылар сұрақтар құрастырады. Бұл тақырыпты ұғынып, дұрыс қабылдауға мүмкіндік береді. Оқулықта берілген сөздермен сұрақтар құрастыру керек. Мына тәсілдерді қолдануға болады: түймедақ немесе Блум текшесі.

Дәптер, оқулық

Бағалау

35-40 мин


Рефлексия.

Үй тапсырмасы ретінде ұсынылған оқулықтағы №5 тапсырма – жаңа сабақты қайталауға арналған міндетті түрде орындалуы тиіс тапсырмалардың бірі.


Сабақтың басында біз алдымызға қандай мақсаттар қойдық?

Осы мақсаттарға жете алдық па?

Қиындық туындады ма?

Сол қиындықтарды жеңе алдыңыз ба?

Бүгінгі сабақ несімен қызықты болды?

Өз жұмысын жетістік жолағымен бағалауды ұсынады.

Жетістік жолағы.

Қосымша ақпарат



Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделенлдіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс



Рефлексия

Сабақ/оқу мақсаттары шынай ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.


Бүгінгі сабақта оқушылар санның және шаманың үлесін табуға есеп шығару және зерттеуді, кері есептерді құрастыруды және шешуді үйренді. Сыныптағы ахуал белсенді болды. Сабақ өткізуге жоспарлаған тасырмалар өте тиімді болды. Сабаққа берілген уақытты тиімді қолдана алдым.



Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Топтық жұмыс

2: Оқулық бойынша түсіндіру

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да,оқуды да ескеріңіз)?

1: Жеке жұмыс

2: Өздерін бағалауы

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Қосымша материалдар жинақтау.










Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
30.03.2019
2559
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі