400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 22 материал табылды

Бір таңбалы санға қалдықпен бөлу/Сәндік-қолданбалы

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушы қалдықпенбөлуді үренеді
Материалдың қысқаша нұсқасы

83- сабақ. Бір таңбалы санға қалдықпен бөлу/Сәндік-қолданбалы өнер

Тақырып: Бір таңбалы санға қалдықпен бөлу/Сәндік-қолданбалы өнер

Мектеп: 12

Күні:14.01.19

Мұғалімнің аты-жөні:Аймуханова К.Б.

3 «Ғ»-сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

3.1.2.6.Бір таңбалы санға қалдықпен бөлуді орындау.



Күтілетін нәтижелер





Барлық оқушылар:

-бір таңбалы санға қалдықпен бөлуді орындайды.

Бірқатар оқушылар:

-есепті тексеру үшін не істеу керек екенін біледі.

Кейбір оқушылар:

-қалдықпен бөлуді әріптік жазба түрінде көрсете алады.

Тілдік мақсаттар



Оқушылар:

-қалдықпен бөлуді; неге қалдық бөлгіштен аз болатынын түсіндіре алады.

Пәндік лексика және терминология:

-қалдықпен бөлу, қалдық, қалдық бөлгіштен аз.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл.

Талқылау:

Бір таңбалы санға қалдықпен бөлуді қалай орындайды?

Тексеруді орындау үшін не істеу керек?

Жазу:

Қалдықпен бөлуді және оны тексергеніңізді жазыңыз.

Тірек білім, білік, дағдылар

Көбейту мен бөлу, амалдардың өзара кері байланысы, көбейту кестесі.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Қоры



0-3 мин




Ынталандыру.

Мұғалім сәндік-қолданбалы өнердің тақырыбын жалғастыруды ұсынады. Тағы бір түрін қарастырып көру керек. Фотосуреттерді көрсету арқылы шеберге қандай математикалық білім қажет болатынын сұрау. Сәндік-қолданбалы өнер фабрикасынан қысқаша бейнежазба қоюға болады.

Сәндік-қолданбалы бұйымдардың үлгілері.




4-6 мин


Белсендіру.

Көбейту мен бөлу кестесі бойынша оқып-білгенін қолдану үшін мақсатты түрде, бұрын суреттелген, дидактикалық ойындар ұйымдастыру. Балаларды кестені қайталауға белсенді араласуына ықпал ету үшін, жазуполотносын немесе сабақтың тұсаукесерін пайдалану.

Тұсаукесер, жазу полотносы.


7-11 мин


Мақсатты бекіту (мәселелі жағдаяттар).

Жаңа материалды тәжірибе түрінде көрсеткен дұрысырақ болады.Тақтаға шыққан оқушыларға алдымен 3, кейін 6 дәптерден, содан кейін 12 дәптерден таратуды ұсынады (есептің шешімін тақтаға жазып отыру керек), содан кейін 7 дәптер (бұдан 7 дәптерді үштен таратуға болмайтыны анықталады, 2 рет 3 дәптерден берілсе, 1 дәптер қалады). Балалар қалдықпен бөлуді алғаш кездестіріп тұрғандықтан, олар оны қалай жазу керек екенін білмейді.

Қолда бар үлестірмелі материалдар (дәптер, қарындаштар).







12-29 мин



Жаңаны ашу.

Жаңаны ашу үшін балалар тәжірибелік жұмыс орындайды.

Тақтада мына жазба орындалады 7 : 3 = 2 (1 қалдық). Содан кейін балалар санау материалдарын қолданып, осыған ұқсас есептеуді көрсетуі керек. Кейбір жағдайларда қалдықсыз бөлінгені, ал кейбір жағдайларда қалдықпен болуы маңызды. Тақтада жазылғандарды салыстыра отырып, балалар мынадай шешімге келеді, кейбір сандарды бөлгенде қалдық қалады, ал кейбірін бөлгенде қалдық қалмайды екен. Сонымен қатар балалар қалдық әркезде бөлгіштен кем болатынын өз бетімен түсіну керек.

Түсіндіре отырып, алғашқы бекіту.

Оқушылар мұғалімнің бақылауымен №1 тапсырманы орындайды. Балаларға қалдықпен бөлудің жазбасын оқуды үйрету қажет: «18-ді 4-ке бөлсек, 4 және 2 қалдық шығады» немесе «Бөлінгіш – 18, бөлгіш – 4, бөлінді – 4 және қалдық – 2».

Бұл кезеңде осы сабақтың бапсадан шыққан тұсаукесерін қолдану керек.

Сәттілік критерйилері бар тапсырма бойынша дәптердегі өздік жұмыс.

Бөлуді орында, тексер.

83:9=

39:6=

49:5=

50:6=

Орындап болғаннан кейін мұғалім өзін-өзі тексеру үшін үлгі береді, мысалдардан қайсысы қиындық тудырғанын сұрайды.

Дәптер, оқулық, тұсаукесер.











30-35 мин



Жаңаны қолдану.

№ 2 тапсырма. Қалдықпен бөлуге мәтіндік есеп шығару ұсынылады.

№3 кестені толтыру тапсырылады.

Мұғалім сұрақ қояды:

–Біртаңбалы санға қалдықпен бөлуді қалай орындау керек екенін айтып бер?

–Тексеруді орындау үшін не істеу керек?

Өткенмен жұмыс.

№4 а) Есепті әртүрлі тәсілмен шығар.

Сен өзіңді кәдесыйлар дүкенінің сатушысымын деп есепте. Саяхатшылар 4 түйеден және 5 киіз үйден сатып алды. Егер кәдесыйлар дүкеніне 30 саяхатшы келген болса, сен қанша кәдесый саттың?Есептің мәтіні кішкене шатасқанына назар аударайық. Бірақ өмірлік жағдайды ұсынады. Өрнек үлгісін құрастыр:

30•(4+5)

Шығармашылық деңгей: ә) есептің санды деректерін өзгертіп есепті қайтадан шығарады.

№5, 6 тапсырма есептеу тәсілдерін үйрену үшін берілген. Балаларды жылдам есептеуге дағдыландыру керек. Мықты балалардың қатарынан балаларды кеңесші ретінде тағайындайды.

Сабақ тақырыбы бойынша сұрақтар құрастыр.

Әр жаңа сабақта немесе бекіту сабағында оқушылар сұрақтар құрастырады. Бұл тақырыпты ұғынып, дұрыс қабылдауға мүмкіндік береді. Оқулықта берілген сөздермен сұрақтар құрастыру керек. Мына тәсілдерді қолдануға болады: түймедақ немесе Блум текшесін.


35-40 мин



Рефлексия.

Үй тапсырмасы ретінде ұсынылған оқулықтағы №5 тапсырма – жаңа сабақты қайталауға арналған міндетті түрде орынталуы тиіс тапсырмалардың бірі.

  • Рефлексия жүргізу үшін балаларға өз біліктіліктерін мақсатымен байланыстыруды ұсынады: кім сабақ барысында қолынан не келетінін ұқты:

  • Біртаңбалы санға қалдықпен бөлуді орындау;

  • Тексеруді орындау.

Дәптерде жетістіктер жолағы қолданылады.

Блум текшесінің сұрақтары бойынша сұрақ құрастыру: неге, ата, түсіндір. Үшінші тоқсанға қарай балалар жаңа тақырып бойынша сұрақтар құрастыруды меңгерді. Балаларды дұрыс тұжырым жасауға дағдыландырыңыздар. Сұрақты дұрыс құрастыруға көмектесіңіздер.

Жетістіктер жолағы. Блум текшесі.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 қаңтар
570
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі