"Бір үзік сыр"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Бір үзік сыр"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бала жанының бағбаны, білікті ұстаз, өз ісінің шебері, қиындығы мен қызықты сәттері көп тәрбиеші мамандығының майталманы, өмір жолын осы мамандыққа арнаған,өз ісінің шебері бала тәрбиесімен айналысып келе жатқан әріптесіміз, аға ұстаз,аяулы ана, қадірлі әже, Игібаева Несіпкүл Оспанқызы туралы бір үзік сыр.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Picture 2

Бір үзік сыр.

Бесіктен белі шықпаған жас сәби кезінен бастап,мектеп табалдырығына дейінгі тәрбие - тәрбиенің негізі ,іргетасы деп ойлаймын. Осындай балаларды тәрбиелейтін өз ата-анасынан,жанұясынан кейінгі ұйым ол балабақша. Сәбилердің күлкісімен сусындаған балабақшалардың бірі Айнабұлақ ауданында орналасқан №103 санаториялық балабақша. Осы ұжымда өздері де бала сияқты жүректері ақ, жарқын ұстаздар еңбек етіп келеді. Тәрбиеші-ұстаз қандай керемет мамандық. Қиындығы мен қызықты сәттері көп тәрбиеші мамандығының майталманы Игібаева Несіпкүл Оспанқызының еңбегін атап өтпей кету мүмкін емес. Балабақша қабырғасына 1990 жылы тәрбиеші қызметіне орналасқан жас маман, өрімдей қыз бала , 30 жылдан аса осы мекемеде еңбек етіп бала тәрбиесімен айналысып келе жатқан әріптесіміз, аға ұстаз,аяулы ана, қадірлі әже, бүгінгі күні құрметпен зейнеткерлікке шығып отыр.

Ұстаздың жайын әрине ,ұстаздан басқа кім біледі? Осы салада Несіпкүл Оспанқызымен бірге қызмет атқарып жүріп, уақыттың зымырап өте шыққанын да байқамаппыз. Адамның бойына біткен қасиет ,өзімен бірге мәңгі жасайтынын енді аңғарғандаймын. Несіпкүл Оспанқызының өжет те, ер мінезін көргенде ойланып та қаласың, ал сөйлесіп,пікір алысып немесе білмегеніңді сұрай қалсаң ол кісіден жұмсақ, ақкөңіл, жүрегі таза, ізденімпаз жан бар ма екен ?-деп қайран қаласың.

Бойындағы өз еліне деген сүйіспеншілік, адалдық пен, қайсарлықты өскелең ұрпақ бойына сіңіруде алдына жан салмайтын тәрбиеші екенін, өсіріп,тәрбиелеген шәкірттерінің іздеп келіп құрметтеп жатқанынан ақ білуге болады. Өз жұмысына аса жауапкершілікпен қарап, үлкенге құрмет,кішіге ізет көрсетіп жүретін қарапайым, ойын үнемі ашық айта білетін,шығармашылығын,ізденімпаздығын дамытып жүретін осы жанның өзі ,артынан ерген әріптестері үшін үлгі тұтатын бір тұлға.

Тәрбиеші мамандығын жете меңгерген ұлағатты ұстазымыздың еңбегі еленіп ,білім саласына қосқан үлесі үшін «Ұлағатты ұстаз» төсбелгісімен және бірнеше мәрте құрмет грамоталарымен марапатталып, әріптестер арасында абыройға қол жеткізді.

Ия, ең қиын және ең жақсы ,үлкен жауапкершілікті талап ететін мамандық-тәрбиеші ұстаз екені даусыз. Себебі болашақ ұрпақтарымыз сауатты, өнерлі, жан-жақты,білімді болуы тәрбиеші-ұстазға байланысты. Сауатты ұстаздан тәлім алған балалардың болашағы жарқын болады. Біз Несіпкүл Оспанқызына осы күнге дейін жасаған еңбегіңнің жемісін көре бер деп тілек айтқымыз келеді. Абай атамыздың «Ақырын жүріп анық бас, еңбегің кетпес далаға» деген қағидасын әрдайым жүрегінің түкпірінде ұстайтын Несіпкүл Оспанқызының денсаулығы мықты болып, күш-қайраты таусылмасын деп тілейміз.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.01.2022
603
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі