400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 23 материал табылды

Бір уыс мақта

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларды әңгіме мазмұнын түсініп, мәнерлеп айта білуге үйрету. Сөздік қорларын молайту. Көру мүмкіндіктерін дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: Вариативтік компонент

Бөлімі: «Тәрбие- тал бесіктен»

№

Сабақ тақырыбы

Сағат саны

Мерзімі

1

«Менің туыстарым»

1

07.09.2016

2

«Әлди-әлди»

1

14.09.2016

3

«Әдептілік сөздері»

1

21.09.2016

4

«Қуыршақтар»

1

28.09.2016

5

«Ұлттық киімдер»

1

05.10.2016

6

«Қазақтың ою – өрнектері»

1

12.10.2016

7

«Жаңылтпаш жаттау»

1

19.10.2016

8

«Тұмар»

1

26.10.2016

9

«Адам болам десеңіз»

1

02.11.2016

10

«Түскиіз»

1

09.11.2016

11

«Ақ әже»

1

16.11.2016

12

«Мен осындай адаммын»

1

23.11.2016

13

«Торсық. Қымыз құятын ыдыс»

1

30.11.2016

14

«Қазақтың ою – өрнектері»

1

07.12.2016

15

«Тостаған және ожау»

1

14.12.2016

16

«Менің есімім»

1

21.12.2016

17

«Төлдер жыры»

1

28.12.2016

18

«Әдепті және әдепсіз қылықтарды талдау» (Сурет бойынша әңгімелеу)

1

04.01.2016

19

«Тіл-қазақ қазынасы»

1

11.01.2016

20

«Туған күн»

1

18.01.2016

21

«Лақ, торпақ, қозы, бота»

1

25.01.2016

22

«Мен қандай баламын»

1

01.02.2016

23

«Адал дос»

1

08.02.2016

24

«Достық пен бірлік»

1

15.02.2016

25

«Менің үйдегі достарым»

1

22.02.2016

26

«Сәлемдесе білемін»

1

01.03.2016

27

«Туыстар, ағайындар»

1

15.03.2016

28

«Мен көмекшімін»

1

29.03.2016

29

«Түсінісу мен кешіруді үйренеміз»

1

05.04.2016

30

«Жақсылыққа- жақсылық»

1

12.04.2016

31

«Қонақ келсе- қуаныш»

1

19.04.2016

32

«Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер»

1

26.04.2016

33

«Бәрі де татулықтан басталады»

1

03.05.2016

34

«Тыйым сөздер»

1

10.05.2016

35

«Малдың баласын сүюі» (еркелетіп айту сөздерін жаттату)

1

17.05.2016

36

«Отбасындағы қуаныш»

1

24.05.2016

Тәрбиешілер: Бахтина А.К.

Садиканова Ж.Б.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы №1

Күні: 07.09.2016 ж Вариативтік бөлім: «Тәрбие- тал бесіктен» Тақырып: Менің туыстарым.

Мақсаты : «Өзара сыйластық» ұғымының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін түсіндіру. Туыс, туысқан ұғымы жайлы түсінік беру. Туыстарға деген сыйластық қарым-қатынасын дамыту. Өзара сыйластыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік құралдар: үнтаспа, дәптер, хрестоматия, суреттер, ойыншық жүрекше.

Сөздікпен жұмыс: қамқорлық, ізет, кішіпейілділік.

Қостілділік компоненті: мәдениетті-культурный, сыпайы-вежливый.



Іс - әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Ынталандырушы- оятушы

Тәрбиеші балаларды шеңберге тұрғызып,

«Шаттық шеңберін» өткізеді.

-Сен әдептісің.

-Сен мейірімдісің.

-Сен ақкөңілсің.

-Сен шыншылсың.


Ұйымдастырушы-

іздеуші.

Өзіммен-өзім.

-Балалар көздеріңді жұмып, жайғасып отырыңдар.

-Сендердің отбастарыңда тамаша мереке өтіп жатыр. Үйлеріңнің іші қуанышқа, шаттыққа толып кетіпті. Отбасы мүшелерінің барлығы мәз-мейрам. Әдемі түрлі-түсті шарлар әуеде қалықтап жүр. Ата-анала-рыңмен бірге шаттана қуанып, ойнап, күліп, би билеп жүрсіңдер. Қуанышты көңілмен көзімізді ашып, қандай сезімде болғанымыз-ды әңгімелейік.


Әңгімелеу.

Тәрбиеші Е.Өтетілеуұлының «Бес саусақ» өлеңін мәнер-леп оқып береді, балалар сұраққа жауап береді.

Бес саусақ

Бас бармағым – атам,

үйдің данасы.

Балаң үйрек – әжем,

ошақ анасы.

Ортан терек – әкем,

отау панасы.

Шылдыр шүмек – шешем, шаңырақ ажары.

Титтей бөбек – мен,

бәрінің базары.

-Өз туыстарың жайлы әңгімелеп беріңдер.


Дәйексөз.

Тәрбиеші «Отбасындағы сыйластық туыстарға деген сүйіспеншіліктен туындайды» деген нақыл сөзін дәйексөз ретінде түсіндіреді.

Ойын. «Дүкен»

Тәрбиеші дүкенде жүрекше, күн, жұлдызша, машина сияқты заттар сатылатынын айтады.

-Бұл жай дүкен емес, сиқырлы дүкен. Әрқайсыла-рың осы дүкеннен өз туыстарыңа бір нәрсе сатып алып, оны не үшін алғандарыңды айтып беріңдер.

Сергіту сәті:

Бас, йық, тізе, саусақ.

Бас, йық, тізе, саусақ.

Саусақ, саусақ, саусақ.

(саусақпен сартылдату)

Дәптермен жұмыс.

Ғажайып сөздер.

Туыстарымызды сыйлаймыз.

Туыстарымызбен татумыз.


Қорытындылау.

Туыстар бір түбірден өскен алып ағаштың бұтақтары тәрізді екен. Барлығымыздың да туған – туысымыз бар.


Жүректен жүрекке.


Балалар ойыншық жүрекше-ні қолдарыңа алып, бір-біріңе ұсынып, өз туыстары-ңа тілек білдіріңдер.



Балалар көздерін жұмып, айтылған әрекеттерді елестетуге тырысады.














Өлеңді ынта-зейінмен тыңдайды.


Балалар өлеңнің мазмұнын айтады.












Балалар нақыл сөзді жаттап алады.


Балалар сабақта айтып, үйренген өнегелі сөздерді қайталап айтады.

Әр бала жауабын айтады.

-Мен сіңіліме жүрекше сатып алдым, себебі ол мейірімді болса екен деймін.

-Мен ініме жұлдызша сатып алғаным, ол жарқыраған жұлдыздай болса екен деймін.


Балалар сергіту сәтін қимыл-қозғалыстар арқылы көрсетеді.







Дәптердегі туыстық ағашындағы торкөздерге өз туыстарының суретін салады.




-Туыстарды жақсы көріп, қамқорлық көрсетіп отыру керек.


-Мен туыстарыма денсаулық тілеймін.

-Менің туыстарым көңілді жүрсе екен деймін.


Рефлексивті-түзетуші


Белсене қатысқан балаларды мадақтау, марапаттау.


Өз жақындары мен туыстарына деген қызығушылықтарын білдіреді.


Күтілетін нәтиже:



Білу керек: ұлттық киімдерді атай білу; тақия, шапан, кимешек, кемзал. Болу керек: ойнай білу дағдысы. Істей білу керек: ойын ойнаудағы әрекетті атау және көрсету; оларды ойын жағдайларына ауыстыру;























Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы №4

Күні: 28.09.2016 ж Вариативтік бөлім: «Тәрбие- тал бесіктен»

Тақырыбы: «Қуыршақтар»

Мақсаты: 1. Балалармен өздерінің ойыншықтары, қуыршақтары туралы әңгімелесе отырып, балаларды әдептілікке, тазалыққа үйрету. 2. Мәдени- гигиеналық дағдыларды қалыптастыру. 3. Баллардың көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыра отырып сөздік қорын байыту.

Қолданылатын көрнекілік: Қуыршақтардың, ойыншықтардың суреттері

Әдіс – тәсілдері: Түсіндіру, жаттату, қайталату


Әркеттің кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті



Мотивациялы – ынталандыру кезең.

I. Кіріспе бөлім.

1.Ұйымдастыру кезеңі:

2. Амандасу рәсімі.

Балаларды шаттық шеңберіне шақыру.

Қане, қане тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық,

Оң жақтағы көршіге

Сол жақтағы көршіге

Күлімсіреп қарайық.

Қолымызды созайық

Құшақтасық дос болып

Тату тәтті болайық


Балалар шеңбер жасап бір біріне жылулық сыйлайды. Өлеңді қимыл қозғалыспен айтады. Айтып болған соң бәрі ақырын топырламай өз орындарына отырады


Ұйымдастыру ізденгіш кезең.

II.Негізгі бөлім.

Кіріспе сұрақтар қою:

- Балалар қараңдаршы, біздің топта қандай ойыншықтар бар?

- Біз күнде сол ойыншықтармен ойнаймыз йа?

-Балалар, сендер үйде қандай ойыншықтармен ойнайсыңдар?

-Ойыншықтарың көп пе?

- Кімнің қандай ойыншығы бар?

- Сендер ойыншықтарыңа арнап өлең, тақпақ айтып бересіңдер ме?

- Қандай тақпақ айтасыңдар?

- Кім айтады?

- Балалар бүгін біз сендермен қуыршақтарымызға, ойыншықтарымызға арнап өлең жаттайық?

Қане, менімен бірге қайталаңдар:

«Қуыршақ»

Жүрмейсің бе абайлап,

Болмасаңшы ұрыншақ

Асыр салып көп ойнап,

Ақсап қалдың құлыншақ


Ашытпайды көзіңді,

Шомыла ғой балақай.

Қарашы енді өзіңе

Аппақ болдың алақай.


Тиіспе күшік, қоянға

Араздықты қойыңдар.

Кикілжің жоқ араңда,

Тату тәтті болыңдар.

-Балалар, сендерге өлең ұнадыма?

-Қуыршақтарыңа айтып бересіңдер ме?

-Кім қуыршағын шомылдырады?

-Шаштарын тарап бересіңдер ме?

Жарайсыңдар балалар!

-Ойыншықтарымызды, қуыршақтарымызды кірлетпей, киімдерін жыртпай, таза ойнауымыз керек, әйтпесе олар ренжіп бізбен ойнағылары келмейді екен.

Тәрбиеші өлеңді қайталатады. Кейбір айтпай отырған балалар болса жеке өзінен сұрайды.

Сергіту сәті:

Қорбаңдаған аюдың,

Құлпынайы көп екен,

Теріп, теріп алайық,

Қалтамызға салайық.

Тәрбиеші өлеңді қайталатып айтқызады


Балалар тәрбиешінің сұрақтарына жауап беріп отырады.




Балалар үйлерінде қандай ойыншықтармен ойнайтындарын айтады









Білетін балалардан тақпақтарын сұрап айтқызады.





Балалар тәрбиешінің айтқан өлеңін қайталап отырады.













-Йа, ұнады.


-Айтып береміз







Балалар өлеңді жаттап алуға тырысады.











Балалар сергіту сәтін айтып, қимыл қозғалыс арқылы кқрсетеді.




Рефлексиялық түзету кезең.


III.Қортынды бөлім.

- Балалар біз бүгін не туралы айттық?

- Қыршақтарымызды таза ұстаймыз ба?

-Үйге барғанда өлеңімізді айтып бересіңдер ме?

Тәрбиеші өлеңді жақсы айтып отырған балаларды мақтап, марапаттайды.


Балалар тәрбиешінің сұрақтарына жауап беріп отырады

-Йа, таза ұстаймыз


-Айтып береміз.



Күтілетін нәтиже:

Нені білді: «Қуыршақтар » өлеңін жатқа біледі.

Қандай түсініктерді игерді: Қуыршақтарына, ойыншықтарына ұқыпты болуды игерді.

Менгерген дағдылыры мен іскерліктері: Балалар ойыншықтарын таза ұстауға дағдыланады

























Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы №7

Күні: 19.10.2016 ж Вариативтік бөлім: «Тәрбие- тал бесіктен»

Тақырып: «Жаңылтпаш жаттау» Мақсаты: Балаларға жаңылтпаш жаттату, тіл байлығын, ой -өрісін дамыту, қазақы салт –дәстүрлерді сақтап, халық ауыз әдебиетін үнемі дәріптей білуге тәрбиелеу. Көрнекілік: Жаңылтпаштар Сөздікпен жұмыс: жаңылтпаш жаттау, бірнеше рет қайталау Қостілділік компоненті: Изучить скороговорку

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Ынталандыру- оятушы

«Сәлем сөздің атасы!» Мақсаты: Үлкендер мен достары арасында әдептілікке, үнемі амандасып жүруге тәрбиелеу.

Ең жақсы сөз «сәлеметсің бе»деген,Аман-саулық сұрайды оныменен.Ережені жатта, білсен қайтала, Үлкендерге осы сөзді бірінші айт, ойланба.Кешке қоштастыңдар, таң боп кездестік,«Сәлеметсің бе» деп айтуды шештік.

Ұйымдастырушы- іздеуші.

Балалар біз бүгін халық ауыз әдебиетінің бір жанры –жаңылтпаштармен танысамыз. Балалар мына жаңылтпаштарды жаттап алайық: Есет атам, ет асатар Ет асатса, бес асатар


  1. Шеше неше кесе

Сынды кеше. Сергіту сәті:

Бас, йық, тізе, саусақ. Бас, йық, тізе, саусақ. Көз, мұрын, көз, мұрын, Құлақ, ерін, құлақ, ерін. (жылдамдатып тез-тез қайталату) Қ\о: «Қояндар мен қасқырлар»

Балалар жаңылтпаштарды мұқият тыңдайды. Балалар бірнеше рет қайталап, жаңылтпаштарды жаттайды.





Бас, йық, тізе, саусақ. Бас, йық, тізе, саусақ. Көз, мұрын, көз, мұрын, Құлақ, ерін, құлақ, ерін.(жылдамдатып тез-тез қайталату) Ойнау ойнауды дұрыс қолдана біліп ойнайды.

Рефлексивті –қорытындылау

Ойнайықта , ойланайық!

1.Жаңылтпашты жаңылмай кім бірінші айтса, сол жеңімпаз атанады.

Белсенді балаларды марапаттап, мадақтау.




Балалардың қайсысы бірінші болып жаңылтпашты жаңылмай айтса, сол жеңімпаз атанады.

Жаңылтпашты жаттауға деген қызығушылықтарын білдіреді. Балалар іс –әрекеттен алған әсерлерімен бөліседі, қызығушылықтарын білдіреді.

Білу керек: Жаңылтпашты жаттап айта білу керек.

Болуы керек: Қызығушылық білдіру.

Істей білуі керек: Жаңылтпашты қайталап жаттай білу.























Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы №12

Күні: 23.11.2016 ж Вариативтік бөлім: «Тәрбие- тал бесіктен»

Тақырып: «Мен осындай адаммын».

Мақсаты : 1. Жақсы қасиеттер туралы қарапайым түсінік беру. Адамның жақсы қасиеттері туралы түсініктерін кеңейту. 2. Бойларындағы жақсы қасиеттерін дамыту. 3. Адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекілік құралдар: дәптер, хрестоматия, ойыншық жүрекше.

Сөздікпен жұмыс: қамқорлық, ізет, кішіпейілділік.

Қостілділік компоненті: мәдениетті-культурный, сыпайы-вежливый.


Іс-әрекет кезеңдері


Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті


Ынталандырушы- оятушы


Тәрбиеші балаларды шеңберге тұрғызып,

«Шаттық шеңберін» өткізеді.

Ө.Тұрманжановтың «Кел, балалар, күлейік» өлеңін үнтаспаға қосылып балаларға айтқызады.


Кел, балалар, күлейік,

Күлкіменен түлейік!

Қабақ түйген не керек,

Көңілді боп жүрейік!

Кел, балалар, күлейік,

Күлкіменен түлейік!

Күлкі көңіл ашады,

Күліп өмір сүрейік!



Ұйымдастырушы-

іздеуші.


Тәрбиеші балалармен әңгі-мелеседі.

Тәрбиеші Е. Өтетілеуовтың «Ізгі сөздер» өлеңін оқып береді.

Бақшамызға барғанда,

Жолыққан бір жандарға,

Ертемен, ақ пейілмен:

«Қайырлы таң!»-деймін мен.

Күндіз де елді елеймін:

«Қайырлы күн!» тілеймін.

Үйге кешке келемін,

Не дерімді білемін:

«Кеш жарық!»-деп кіремін.


Жағдаяттар.


-Далада серуен кезінде ойнап жүрген Дәулет Алияны қағып кетті. Алия құлап қалды.



-Сендер Дәулеттің орнында не істер едіңдер?

-Балабақшадан қайтар кезде Серік киініп, үндеместен кетіп қалды. Ол нені ұмытты?


Әңгімелеу. Ә. Дүйсенбиев «Мен – осындай адаммын!»


-Шығармадағы бала қандай?


Тыныштық сәті.

-Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады.


Дәйексөз.

Тәрбиеші «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» нақыл сөзін дәйексөз ретінде түсіндіреді.

Сергіту сәті:

Бас, йық, тізе, саусақ.

Бас, йық, тізе, саусақ.

Саусақ, саусақ, саусақ.

(саусақпен сартылдату)

Бас, йық, тізе, саусақ.

Бас, йық, тізе, саусақ.

Көз, мұрын, көз, мұрын,

Құлақ, ерін, құлақ, ерін.

(жылдамдатып тез-тез қайталату)


Дәптермен жұмыс.



Ғажайып сөздер.


«Қайырлы күн!»,

«Қайырлы таң!», «Сау болыңыз!», «Кешіріңіз!», «Өтінемін!», «Ғафу етіңіз!».


Қорытындылау.

-Жақсы бала болу үшін қандай қасиеттер қажет екен?


Жүректен жүрекке.



Балалар әңгімені

тыңдай отырып, қиялдарын өрбітеді, сұрақтарға жауап

беруге тырысады.











Балалар жағдаяттар шығу жолдарын айтады:







-Дәулет Алиядан кешірім сұрап, түрегелуіне көмектесу керек.

-Қоштасып, «Сау болыңыз» деп айтуды ұмытты.


Өлеңді ынта-зейінмен тыңдайды. Мазмұнын айтады.


-Шығармадағы бала еңбекшіл, жақсы бала.








Балалар сергіту сәтін қимыл-қозғалыстар арқылы көрсетеді.







Балалар суреттегі ұл бала мен қыз баланың игі істері туралы әңгімелеп береді.










Балалар сабақта айтып, үйренген өнегелі сөздерді қайталап айтады.








-Шыншылдық, қамқор болу, адал болу, мәдениетті болу.

-Дана, сен ақылдысың, сол үшін саған рақмет.

-Арман, саған батырлы-ғың үшін рақмет.


Рефлексивті-түзетуші


Белсене қатысқан балаларды мадақтау, марапаттау.


Өз бойларындағы жақсы қасиеттерге қызығушы-лықтарын білдіреді.



Күтілетін нәтиже:

Білуі керек:

Балалар өз сезімдерін жеткізіп, айта білу керек.

Болуы керек:

Өлең-тақпақтың мазмұны бойынша сұраққа жауап беру дағдысы.

Істей білуі керек:

Жақсы қасиеттер жайлы әңгімелей білу керек.













Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы №20


Күні: 18.01.2017 ж

Вариативтік бөлім: «Тәрбие- тал бесіктен»

Тақырып: Туған күн

Мақсаты : 1.Жақсылық, қуаныш ұғымдары туралы түсінік беру. 2.Туған күн қуанышы туралы түсінік беру. Өзара сыйластық, сүйіспеншілік сезімдерін дамыту.3. Сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Сөздікпен жұмыс: Жақсы тілек, жақсы сөз, туған күн

Көрнекілік құралдар: Суреттер

Қостілділік компоненті: Туған күн – день рождения.

Іс-әрекет кезеңдері


Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті


Ынталандырушы- оятушы

Тәрбиеші балаларды шеңберге тұрғызып,

«Шаттық шеңберін» өткізеді.


Қуан, шаттан, алақай,

Қуанатын күн келді.

Қайырлы таң!

Қайырлы күн!

Күліп шықты күн бүгін!


Ұйымдастырушы-

іздеуші.

Қуаныш көңілді сергітеді

Нақыл сөз.


Тәрбиеші балалармен әңгі-мелеседі.


-Сен үшін отбасыңда қай күн ең қуанышты күн?


- Балалар, туған күн – әр адамның өміріндегі ең жақсы, ең маңызды мерекелердің бірі.

Адам дүниеге келгенде айналасындағылардың бәрі қуанады.

-Біз туған күн жасағанда мол дастарқан жаямыз, сыйлықтар аламыз.


- Туған күнде жылы лебіздер мен жақсы тілектер айтылады.


- Сондай жақсы тілектерді бір-бірлеріңе айтыңдаршы.


Сергіту сәті:

Ал, балалар тұрайық

Алақанды ұрайық

Бір отырып, бір тұрып

Біз тынығып алайық




Балалар әңгімені тыңдай отырып, қиялдарын өрбітеді, сұрақтарға жауап беруге тырысады.



Балалар бір-біріне туған күнге байланысты жақсы тілектер айтады.








-Туған күніңмен құттықтаймын.


-Саған мықты денсаулық тілеймін.


-Сабағыңды жақсы оқы.



Балалар тәрбиешінің оқыған өлеңін қызыға тыңдайды.


Рефлексивті-түзетуші

Белсене қатысқан балаларды мадақтау, марапаттау.

Балалар туған күн мерекесіне деген ерекше қызығушылықтарын білдіреді.


Күтілетін нәтиже:

Білуі керек: Балалар өз сезімдерін жеткізіп, айта білу керек.

Болуы керек: Өлең-тақпақтың мазмұны бойынша сұраққа жауап беру дағдысы.

Істей білуі керек: Туған күн мерекесі жайлы әңгімелей білу керек.





















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 наурыз
417
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі