Бірегейлік және бірлік

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бірегейлік және бірлік

Материал туралы қысқаша түсінік
мектепке дейінгі балабақша тәрбиешілері үшін қажет деп білемін.Көптеген тәрбиешілер осы бірлік күніне оқу қызметтердің жоспарын құрудан қиналады.
Материалдың қысқаша нұсқасы


«№ 97 б/балабақшасы»МКҚК әдіскері : Қожабек Жанар Әуелханқызы.


«Бірегейлік және бірлік» тақырыбындағы

ұйымдастырылған мерекелік іс-шарасының жоспары

Мақсаты: Балаларды ұлтжандылыққа, имандылық пен инабаттылыққа,

ұқыптылыққа, достыққа, адамгершілікке, қайырымдылыққа,саналылыққа баулу; Отанды сүюге, елімізде тұратын барлық ұлттарды сыйлай білуге,олардың салт – дәстүрлерімен таныса отырып, достық пен татулықтың туын берік ұстауға тәрбиелеу;

Көрнекіліктер: интербелсенді тақта, ұлттық костюмдер.

Полингвальды компонент: бірлік- единство- unity , татулық- дружно-frendshin , Отан-Родина-Homeland

Сөздік жұмыс: бірлік, бірегейлік, Ассамблея.

Оқу қызметінің барысы: Ұлттық киім киген ұл-қыздар «Қамажай» әуенімен қолдарына қазақтың ұлттық «Сырмақ» көтеріп, залға кіріп би қимылдарымен өю құрастырып тұрады. Артынан әр ұлттың киімдерін киген мектепалды даярлық топтың балалары әр ұлттың биін билеп, кезекпен кіреді.

Қазақ халқының 2 ұл, 1қызы қолдарына домбыра мен бауырсақ көтеріп шығады.

Нәзік :

Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн,

Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын.

Татулығын жырға қосам ұлттардың,

Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін.

Саян:

Достық тапса діндер менен ділімді

Салт-дәстүрлер сыйға ұласты бүгінгі,

Бір туғандай ұлтаралық келісім

Бір көтерген басқа түскен жүгімді

Нәзік:

Серт берісіп туыс болып қалуға

Нәубеттерден аман жеттік дамуға,

Байтақ елдің биік ұстап байрағын

Біздің достық мәңгі болып қалуға.

Саян:

Тілі бөлек болғанменен тілек бір,

Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл.

Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ,

Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.

Нәзік :

Қуаныштан желпілдейді түндігім

Бар халықтың бірлік тойы күн бүгін,

Халқым мәңгі ғұмыр кешсін бақытты,

Бір тамырмен байлап қойған кіндігім!!!

Тәрбиеші :

-Балалар бүгін бізде ерекше күн, сендер әдемі болып келіпсіңдер. Сендерді көргеніме өте қуаныштымын.

- Балалар сендер осы «Бірлік», «Ынтымақ», «Татулық» деген сөздерді қалай түсінесіңдер?

/балалардың жауабы/

-«Бірлік»дегеніміз-бірге жұмыс жасағанда ұйымшылдықты көрсету.-единица - unity

-«Ынтымақ»дегеніміз-адамдардың бір-біріне адал сену.согласие –consent,

-«Ынтымақ» дегеніміз-бірлік, татулықтың белгісі.

-«Татулық»дегеніміз-бірін-бірі ренжітпеу,ойыншықтарын бөлісіп бірге ойнау. –дружно -frendship

-Дұрыс айтасыңдар, балалар!

Бірлік қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымындағы маңызды ұғым. Бірлік адамдар арасындағы ынтымақтың, жарасымды татулықтың көрінісі, ел болудың белгісі. Қазақ халқы бірліктің күнделікті тіршіліктегі орны мен маңызын “бірлік болмай тірлік болмас”, “бірлік түбі — береке” деп түйген. Ендеше балалар қазір осы ынтымағы жарасқан туған жерімізге, елімізге деген ыстық-ықыласымызды «Мейірімді жүрегіміз арқылы -жылы тілек» шаттық шеңберіне тұрып айтайық.

Шаттық шеңбер: «Мейірімді жүрегіміз арқылы -жылы тілек»

Ортада тұрған жер шарына өз тілектерін айтады.

  1. Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

  1. Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

3. Сүйеміз барлық әлемді,

Әлемдегі бар елді.

4. Бақыттымыз осы біз.

Қасымызда досымыз!

5. Мына сұлу әлемде,

Адам өмір сүреді.

6. Үлкен менен кішіге,

Күн сәулесін төгеді.

7. Ұға білсең мені сен,

Бақытыммен бөлісем.

8. Жүрек сөзін жалғаймын,

Бәрін саған арнаймын!

9. Бөліскен жақсы ғой өмірде,

Қуаныш, мейірім, бақытты.

10. Аман болсын еліміз,

Жайнай берсін жеріміз.

11. Кел, балалар, күлейік!

Күлкіменен түлейік!

12. Күлкі- көңіл ажары !

Күліп өмір сүрейік!

13. Болайық бәріміз бақытты,

Тілеймін мен шаттықты.

14. Бейбіт заман болсын!

15. Ата-анамыз аман болсын!

16. Қазақ елі жасасын!

17. Елбасымыз аман болсын!

18 Достығымыз жарасқан,

Тойым-тойға ұлассын!

19. Елімді сүйемін. Оны аялай білемін!

20. Күлімде,күн, күлімде!

Күлсін барлық бала шат!

Берекелі бүгіндей

Бейбіт болсын болашақ!

Хормен: Ризамын, ризамын бүгінге, Ризамын, ризамын қазірге!

Ән: «Достық» үш тілде орындалады

Балалар орындарына барып жайғасады.

Тәрбиеші:

  • Балалар, Қазақстан мемлекетінде140-тан астам ұлт өкілдері бар. Мұнда барлық ұлт өкілдері бір үйдің баласындай тату-тәтті өмір сүріп келеді.

Ендеше осы отырған әртүрлі ұлт өкілдері сәлемдесіп, өздерін таныстырып өтсін.

Орыс халқының өкілі шығып : Здравствуйте гости дорогие! Добро вашему дому! Счастья и мира нашей земле! Пусть дети растут в мире счасливыми и радостными!

Отведайте нашего хлеба с солью.

Частушки :

Матвей

Говорю я всем знакомым,
Что хочу быть астрономом.
Не люблю я ночью спать,
Лучше звёзды изучать.

Маргарита

Витя очень умный парень,
Может все он смастерить,
Только «здравствуй» и «спасибо»
Не умеет говорить.

Өзбек халқының өкілі шығып: Ассалому алейкум! Хуш келипсизлар, азиз мехмонлар!

Өзбек халқининг қуритилган меваларин тағзим этаман!

Корей халқының өкілі шығады: Аненхасее ! Пангапсаминада!

Кавказ халқының өкілі шығады: Гамарджобат сахварели стумребо!

Татар халқының өкілі шығады: Есәнбисиз, Рәхим итегез! Мән Казакстанны яратам!

Тәрбиеші : Жүзіміз басқа болғаны мен, жүрегіміз бір.

Тіліміз басқа болғаны мен, тілегіміз бір – ол бейбітшілік - дей отырып,

Елбасының «Қазақстан келешекте дамыған мемлекеттердің біріне айналуы үшін мұнда тұратын барлық халықтар өзара достығы мен бірлігін нығайтып, сапалы білім, саналы тәрбие алуға құлшына алу керек» делінген.

Слайд Ассамблея туралы суреттерді тамашалау.

-Балалар, сендер қай қалада тұрасыңдар?

Алматы қаласында тұрамыз.

-Қазақстанда тағы қандай қалаларды білесіңдер? –Тараз, Қызылорда, Өскемен,т.б.

Ән /сергіту: «Здравствуй столица»

Тәрбиеші : «Ел бірлігі – ең асыл қасиет. Бірлік, ынтымақ, сабырлылық пен парасаттылық, ең алдымен өзімізге – қазақтарға керек» деп көргенділікпен Елбасымыз айтқандай, біз сияқты көп ұлтты мемлекеттің даму болашағының бір көзі – Қазақстан халықтарының бірлігі. Ендеше жыр шумақтарына кезек берейік!

Тақпақтар :

Әлібек:

Қазақстан аясында бұрыннан

Бірнеше ұлт бірге өмір сүреді.

Бір-бірімен тату-тәтті тұрады.

Бәрінің де Қазақстан тұрағы.

Қазақстан дейтін менің бар елім,

Жатыр алып жарты дүние әлемін.

Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,

Бұл далада өскен жанда жоқ арман.

Кім білмес қазағымның қою шайын,

Жал-жая, қазы-қарта, құрт пен майын.

Ақ тілекпен әрбір келген қонағына,

Құрметпен шығаратын төрі дайын.

Келіңіз ұсынамын төрден орын,

«Досым» деген адамға міне қолым.

Матвей

Мы дружной семьею живём в Казахстане,

Татары, уйгуры и русские с нами.

Так пусть же крепнет во веки веков

Дружба народов всех возрастов

Дидактикалық ойын: «Сен білесің бе?».

Бізге көршілес мемлекетті тауып, туын тігу.

Қорытындылау : Қазақ осы қарасын ба? Ақсын ба?
Қоңырсын ба? Жатырқауды білмейтін деп - Қадыр Мырза Әлі ағамыз айтқандай, ұлы қазақ даласында басқа ұлт өкілдерінің басқа шаңырақтың астында, татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатқанын сіздер мен біздерге мәлім. Ендеше осы туған жерімізге, достық, бірлік туралы мақал –мәтелдерге кезек берейік!

Мақал-мәтел.

  1. Бірлігі жоқ тозады, бірлігі күшті озады.

  2. Туған жердей жер болмас, Туған елдей ел болмас.

  3. Отан-оттан да ыстық.

  4. Достық күші-бірлікте

  5. Достық түбі – береке,береке түбі-мереке.

Тәрбиеші : Иә, Қазақстанда тұратын барлық еліміздің ашық аспаны мен көк туының астында бейбіт өмір кешіп жатыр. Бұл қазақ халқымыздың кеңдігін, бірлігін, ұйымшылдығын, ынтымақтығын білдіреді. Сол үшінде біз шаттанамыз, туған отанымызды мақтан етеміз. Бала болсақ та, біздің жүрегіміз бейбітшілікті қалайды. Сондықтанда да достар бәріміз бейбітшілік туын жоғары көтеріп, болашаққа нық қадам басайық, қазақ екенімізді мақтан тұтайық.

«Біз бақытты баламыз» әні

-балалар кіріп, қонақтарға кішкене сыйлықтарын ұсынады.


Соңы




































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.11.2018
663
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі