Күні: 13.12.2018
Тақырыбы: «Күн дидарлы Қазақстан!»
Мақсаты: Балалардың Отаны, Рәміздері, Елбасы, Тәуелсіздік күні
туралы түсініктерін молайту. Мәнерлеп тақпақ айтуға, сахналық
көріністерді көрсетулер арқылы еліне, Отанына деген
сүйіспеншіліктерін арттыру. Отанын, елін сүюге
тәрбиелеу.
Барысы:
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме,балалар, әріптестер! Бүгінгі
16-желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған ІІ кіші «Көбелек» тобының
мерекелік ертеңгілігіне қош келдіңіздер.
Құтты болсын тәуелсіздік
мерекесі,
Мықты болсын елімнің
керегесі.
Татту-тәтті боп халқымыз
әрқашан,
Кетпесін туған жердің
берекесі.
Әнұран:
Жүргізуші: Балалар, біздің Отанымыз қалай
аталады?
Балалар: Қазақстан.
Жүргізуші: Қазақстан қандай мемлекет?
Балалар: Қазақстан тәуелсіз, егеменді
мемлекет.
Жүргізуші: Балалар, бүгін міне осы Тәуелсіздік мерекесі күні.
Еліміздің президенті кім?
Балалар: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Жүргізуші: Еліміздің елордасы қай қала?
Балалар: Астана.
Жүргізуші: Астана қандай қала?
Балалар: Астана-бас қала, әдемі, үлкен
қала.
Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар, балалар. Ендеше тақпақтарымызды
айтайық.
/балалардың тақпақтары
тыңдалады/
Айзере: Астана – арман
қала
Бағы бір жанған
қала.
Тұрады жап-жас
болып
Мен үлкен болғанда
да.
Айару: Әуелейді асқақ ән,
Болашаққа
бастаған.
Мәртебемсің сен
менің
Айналайын
Астанам.
Нұрайым: Жаса-жаса Астанам
Өркен жол
бастаған.
Болашақтың
есігін
Өз қолыңмен аш
маған.
Алихан: Барша әлемге әйгілі
Елбасымыз Нұр
аға
Мақтанышы
елімнің
Нұрын шашқан Нұр
қала
Нұрәлі: Шырқап көкке асқақ
ән,
Болашаққа бас
қадам.
Қазақ рухын
биіктет
Ей, бас қалам,
Астанам.
Рукайя : Отанымның төрінде,
Сарыарқаның
өрінде.
Ту ұстаған
Астанам
Әсем қалам бас
қалам.
Жүргізуші: Біз бүгін тәуелсіздік алған күнімізді мерекелеудеміз.
Біздің еліміз тәуелсіз болғандықтан өз мемлекеттік Әнұраны,
Елтаңбасы және өзінің мемлекеттік туы бар. Балалар, мемлекеттік
туымыздың түсі қандай екен?
Балалар: Туымыздың түсі – көк.
Жүргізуші: Иә, өте
жақсы.
«Қара жорға»
биі
/Айару, Алихан, Зере, Саят,
Еркеназ, Нұрбек, Нұрайым,
Рахман/
Інжу: Елордасы елімнің,
Қазағымның
жүрегі.
Астанамды
бүгінде
Күллі әлем
біледі.
Ислам: Көк байрағы
бабамның,
Бүгінгі ұрпақ
алауы,
Тірегі
әке-баланың,
Қазақстан
жалауы.
Нұрдәулет: Он алтыншы –
желтоқсан,
Тәуелсіздің алған
күн.
Ерекше боп
мәңгілік
Ел жадында қалған
күн.
Нұрәлі: Өзімдікі Туымда,
От пен ауа,
суымда.
Жаса,
Қазақстаным
Белді бекем буын
да.
Жантас: Айнымайды
аспаннан,
Біздің тудың
бояуы.
Оны халық
қашанда
Биікке іліп
қояды.
Меруерт: Он алтыншы
желтоқсан,
Ел мерейі
тасыған,
Қазақ деген қалың
жұрт
Бәрін кешті
басынан.
«Теңге алу»
ойыны
Хор: «Тәуелсіз елдің
ұланы»
Жүргізуші:
Отаным менің мекенім асыл
ардағым,
Көк майса шалғын,айдынды
сулар жан – жағың.
Жасампаз жолда дамушы
елім мәңгілік,
Самғай бер көкте,қазағым
менің талмағын.
Осымен Тәуелсіздік
мерекесіне арналған ІІ кіші «Көбелек» тобының ертеңгілігі аяқталды.
Мереке құтты болсын. Назар қойып тыңдағандарыңызға
рахмет.