жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Біриайнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесі
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 6.3В Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесі. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесін шешу |
Мектеп: Қ.Сәтбаев атындағы орта мектеп |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: 22.02.2019 |
Мұғалімнің аты-жөні:Дондагулова Кулянда Рамазановна |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 6 |
Қатысқандар: |
Қатыспағандар: |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы |
Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесі. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесін шешу |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
6.2.2.14 бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесін шешу |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты (смарт мақсат) |
Барлық оқушы: Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесін шешу; Басым оқушы: Теңсіздіктер жүйесінің теңсіздіктерін түрлендіру арқылы шешімін табу; Кейбір оқушы: Теңсіздіктер жүйесіне келтірілетін мәтіндік есептерді шығару ; |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийі |
Теңсіздіктер жүйесін шешеді |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар
|
Тілдік мақсат: Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесін шешу алгоритмін түсіндіреді Терминология:
Диалогқа қажетті сөз тіркестері: Бір айнымалысы бар теңсіздіңтер жүйесінің шешімі дегеніміз … Жүйедегі теңсіздіктердің ортақ шешімі … |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарға баулу
|
«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы негізінде «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылықтарын дарыту арқылы еңбек және шығармашылық, ынтымақтастық, өмір бойы білім алуға тәрбиелеу |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс |
Қазақ тілі |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Алдыңғы білім
|
Сан аралықтары, координаталық түзу, бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздік |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы
|
Сыныпта жағымды көңіл-күй туғызу мақсатында «Құнды қасиеттерді жинау» әдісін қолданамын. Жұпта бір-біріне жүрекше беру арқылы жұбының бойындағы жақсы қасиетін айтады. Жүрекшенің түсі бойынша топқа бөлінеді. Топ аттары сан аралықтары, координаталық түзу, теңсіздік. Яғни бүгінгі тақырыпқа қажетті ұғым аттарынан тұрады. Оқушыларға өзін-өзі бағалау парағы таратылады. Оқушылар тапсырманы орындауына қарай «плюс, минус» әдісі арқылы «+; - » таңбаларымен белгілеп отырады. Өзін-өзі бағалау парағы
(Ұ) Сәйкестік тесті Мақсаты: өткен тақырыпты қайталау, еске түсіру Нәтиже: сәйкестік тестін орындау арқылы оқушылар жаңа сабаққа қажет алдыңғы білімді еске түсіріп, жаңа сабақпен қандай байланысы бар екені туралы ойланады. Дұрыс пайым жасау дағдысы қалыптасады. №1 Тапсырма Сәйкестендіріңіз
(Ұ) «Ой қозғау» Мақсаты: жаңа сабақтың тақырыбын ашу, жүйелі ойлау дағдысын қалыптастыру Нәтиже: оқушылар таныс және таныс емес ұғымдарды ажырата отырып, жаңа сабақтың тақырыбын табады. №2 Тапсырма Таныспыз ба?
Бізге таныс емес –бұл теңсіздіктер жүйесі. Онда бүгінгі сабағымыздың тақырыбы ... «Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесі. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесіне есептер шығару» Сабақтың мақсаты және бағалау критерийлерімен таныстыру.
|
Презентация, жүрекшелер, өзін-өзі бағалау парағы,
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы
|
(Т) Тірек сөздер Мақсаты: тақырыпты үйрену, ақпаратқа қол жеткізу және оны бағамдау дағдысын қалыптастыру Нәтижесі: тірек сөздердің жаңа сабаққа қажеттілігін анықтау арқылы қажетті ақпаратқа қол жеткізеді. Тапсырма №3 Тірек сөздер бұл топ аттары. Сан аралығы, координаталық түзу, теңсіздік. Оқулықта келтірілген анықтама, ережелерді пайдалана отырып, бұл атаулардың жаңа сабаққа қажеттілігін анықтайды, мысалдармен түсіндіреді.
(М)
Егер екі немесе бірнеше теңсіздіктердің
ортақ шешімдерінің жиынын табу керек
болса, онда теңсіздіктер фигуралық
Бір айнымалысы бар теңсіздіктер жүйесінің шешімі дегеніміз – жүйедегі теңсіздіктердің әрқайсысын тура теңсіздікке айналдыратын айнымалының мәндері. Жүйедегі теңсіздіктердің барлығына ортақ шешімдер жиыны жүйенің шешімдері болады. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктердің шешімдерін табу үшін:
Жүйедегі теңсіздіктердің шешімдері жиындарының қиылысуы жүйенің шешімдері болады.
Жауабы:
Теңсіздіктер жүйесінің әртүрлі жағдайларына мысалдар қарастырайық.
(Ө) «Кім жылдам» Мақсаты: оқушылардың қызығушылығын ояту, жылдамдықтарын арттыру, ойларын жүйелі еркін, шапшаң жеткізуге дағдыландыру, икемді болу дағдысын қалыптастыру Нәтижеде оқушыларды жылдам және қатесіз орындауына қарай саралауға, кездескен қателіктерді түсіндіру арқылы оқушыны дұрыс бағытқа бағыттауға мүмкіндік туады.
Тапсырма №4 Теңсіздіктер жүйесін шешіңіздер.
(Ж) «Семантикалық карта» Мақсаты: оқушының жүйелі ойлау дағдысын қалыптастыру, ынтымақтастықта жұмыс істеуге баулу Нәтиже: Бұл әдісті қолдану арқылы оқушылар жүйелі түрде ойлап, берілген жауаптардың ішінен дұрысын таңдайды. Қорытынды жасау және шешім қабылдау дағдысы қалыптасады. Тапсырма №5 Дұрыс жауапты көрсет!
«Зерттеуші» әдісі Мақсаты: Басқа адамдармен шығармашылықпен жұмыс істеу, Проблемаларды шешу дағдыларын қалыптастыру, «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы негізінде «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылықтарын дарыту арқылы еңбек және шығармашылық, ынтымақтастық, өмір бойы білім алуға тәрбиелеу. Нәтиже:Бірлескен оқушылар өздерін зерттеуші ретінде сезініп, шешімді табу үшін ережелерді пайдаланады, тапсырманы орындау барысында мәтіндік есептің моделін құру үшін логикалық ойлау қабілетіне сүйенеді. Қандай тәсілмен анықтағандықтары, ақпараттармен жұмыс істеу туралы ой бөліседі.
Тапсырма №6
973-есеп
Берілген
бүтін сан мен сол санның
978-есеп Берілген тақ санның келесі тақ санмен қосындысы 36-дан кіші. Соңғы (келесі) тақ санның екі еселегген одан кейінгі тақ санмен қосындысы 49-дан үлкен. Берілген тақ санды табыңдар.
979-есеп Дәулет достарына беру үшін 15-тен артық, 21-ден кем алма теріп алды. Егер ол достарының әрқайсысына 3 алмадан берсе, оның барлық алмасы неше досына жететінін бағалаңдар
|
Математика 2-бөлім, Жалпы білім беретін оқулық мектептің 6-сыныбына арналған оқулық, Алматы «Атамұра» 2018, «Семантикалық карта» Презентация, бағдаршам түстері, смайликтер |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы
|
Қорытынды. Оқушылар өзін-өзі бағалау парағына әр тапсырмада орындаған, немесе қиындық туғызған тұстарын белгілеп, табыс сатысының қай сатысында тұрғанын анықтайды.
«Табыс сатысы»
Үй жұмысы: № 969 (4,5,6) Рефлексия Оқушыларға сабақ соңында «Плюс, минус, қызықты» кестесін толтыру ұсынылады.
«плюс»- бағанына сабақта ұнаған нәрсені жазады: ақпарат, жұмыс түрлері «минус» -бағанына сабақтың ұнамаған және түсініксіз болып тұр деген ойларын жазады «қызықты» - бағанына сабақтың қызықты болған сәттерін, оған қоса тақырып бойынша нені білгісі келетін жайында жазады |
Математика 2-бөлім, Жалпы білім беретін оқулық мектептің 6-сыныбына арналған оқулық, Алматы «Атамұра» 2018, Табыс сатысы, «Плюс, минус, қызықты» кестесі |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? |
Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? |
Денсаулық
және қауіпсіздік техникасын сақтау |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралаудың қарқын тәсілі арқылы «Кім жылдам» әдісі арқылы өздік жұмысты жылдам орындауында, сондай-ақ топтық, жұптық жұмыстарда кейбір оқушылардың жылдам орындауына қарай саралау жүргізіледі. Топтық және жұптық жұмыстарда қабілеті жоғары оқушылар өз жолдастарына көмектеседі. Бұл тапсырманы орындауда оқушылардың диалогқа түсуінде әрекеттеріне қарай диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы саралаймын. Жеке, жұптық, топтық жұмыстарда оқушылардың тапсырманы орындап, қорытындылап жауап беруіне қарай, саралаудың қорытынды тәсілімен саралауға болады. |
Плюс, минус бағдаршам, смайликтер, екі жұлдыз, бір тілек әдісі, табыс сатысы өзін-өзі бағалау |
Оқушылардың орындықта дұрыс отыруы, қауіпсіздік ережелерін сақтауына көңіл бөлінеді |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен? |
Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы бағалау
Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)? 1:
2:
Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1:
2:
Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет? |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген