жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Біріккен с
Сабақтың тақырыбы:Біріккен сөз
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Біріккен сөздердің екі түбірдің бірігуі арқылы жасалып, тұтас бір ұғымды беріп, бір сұраққа жауап беретінін ұғындыру, сөйлем ішінен біріккен сөздерді таба алуға,әртүрлі түбірлерден біріккен сөздер жасай алуға үйрету.
Тәрбиелік:Бірігіп жұмыс жасауын ұйымдастыра отырып, ізденімпаздыққа, ұқыптылыққа, сауаттылыққа, жинақтылыққа, туған жерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Дамытушылық:Оқушыларды шығармашылыққа баули отырып, ойлау қабілеттерін дамыту,сөздік қорларын молайту.
Түрі:аралас сабақ
Пәнаралықбайланыс:Әдебиеттік оқу,дүниетану
Әдісі:әңгімелеу,сұрақ-жауап.
Көрнекіліктер:сызбалар, суреттер.
Техникалыққұрал:интерактивті тақта
Барысы: І.Ұйымдастырубөлімі.
Поэззия минуты:
Қазақ тілім – ол менің ана тілім.
Қазақ тілім-байсалды баба тілім !
Сол байлықтан аз емес алатыным.
Болашағым, байлығым,дара тілім !

-Міне балалар қазақ тілінің атқаратын орны ерекше, қазіргі кезде Қазақстанда тұратын барлық басқа ұлт өкілдері біздің мемлекеттік тіліміз, қазақ тілін жетік меңгеруге талпынуда.
Мұғалім: Ал, енді балалар, біз Астана қаласына саяхат жасайық.
Мұғалім: Сендер Астана қаласына саяхат жасағыларың келеді ме?
Мұғалім: Ондаойша саяхатымызды бастаймыз. Біз Астананың ең әдемі жерлеріне барамыз.
«Әуежай» . Атырау
- Астана қаласына тез жету үшін біз Атыраудан ұшаққа мініп барамыз.
- Саяхатқа дайынбыз ба?
-Ұшаққа міну үшін бізге не керек?
-Билет.
- Билеттерді таратамын, билеттің артында жазылған сұрақтарға дұрыс жауап беруіміз қажет.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
Күрделі сөздер.
-Сөз дегеніміз не?
Сөз- заттың,сапалық,қимылдың,санның атауы.
- Түбір дегеніміз не?
Сөздің одан әрі бөлінбейтін мағыналы бөлігін түбір сөз деп атаймыз.
-Күрделі сөздер дегеніміз не?
Екі немесе одан да көп түбірден құралған сөзді күрделі сөз дейміз.Олар бір сұраққа жауап береді.
-Күрделі сөздер қалай жасалады?
Күрделі сөздер түбірлердің тіркесуі,бірігуі,қосарлануы арқылы жасалады.
-Енді билетімізді алдық,ұшақпен ұшамыз.(Ұшақтың дыбысы)
-Сабағымыз саяхат болғандықтан біз сендермен көптеген
аялдамаларға тоқтаймыз , түрлі тапсырмалар орындаймыз.
-Аспаннан не көріп тұрмыз?




-Күнді, бұлттарды.
-Олай болса күннің тапсырмасын орындайық.
2.Өткен сабақта танысқан күрделі сөздерге слайд бойынша ауызша сұрақтар арқылы пысықтап алу.
Біріккен сөзКүрделі сөздердің
жасалу жолдарыҚос сөз
Тіркесті сөздерҚысқарған сөз
ІІІ.Жаңа сабақ.
-Ұшақпен ұшып келе жатқанда қандай қалалардың үстіменұшып келеміз?
-Ақтөбе, Ақтау,Қызылорда
-Балалар бұлар қандай сөздер?
-Күрделі сөздер
-Бұл сөздер неше түбір сөзден құралып тұр?
-Екі түбірден
-Екі түбір туралы не айтар едіңдер?
-Бірігіп тұр.
-Ал балалар осыдан өзіміз ереже шығарып көрейік.
-Екі не одан да көп түбірден бірігіп,тұтас бір ұғымды білдіретін күрделі сөздер біріккен сөз деп аталады.
Дәптермен жұмыс.
-Олай болса, бүгінгі сабақтың тақырыбы:Біріккен сөздер
Мақсат қою. Бүгінгі сабағымыздың мақсаты-бірікен сөздермен танысу және оның жасалу жолдарын меңгеру
Бүгінгі күннің жадысын жазу.

Біріккен сөздер әрқашан бірге жазылады. Мысалы:Темірқазық, Сарыағаш, Көкшетау ,Жетісу,алабота т.б.
Қазақ тілінде біріккен сөз екі түрлі болады.1.Біріккен сөздер
2.Кіріккен сөздер
Кіріккен сөз-сыңарлары дыбыстық өзгеріске ұшырап,біртұтас мағына беретін сөздер
.Мысалы:қол+қап=қолғап (қап сөзінің басындағы қ дыбысы ғ-айналған),
жаздың+күні=жаздыкүні (бірінші сөздің соңғы дыбысы түсіп қалған,екінші сөздің басындағы к дыбысы г-ге айналған )
Біріккен сөз-сыңарлары дыбыстық құрамын сақтай отырып ,бір мағынаға ие болатын сөздер.
Мысалы: Темірқазық, Алатау
Міне, Астанамызға да жақындап қалдық! Зәулім биік үйлер, әсем ғимаратар, бақытты балалар!
Сурет бойынша бойынша біріккен сөзге жататын атауларды көрсету
Кісі аттары Дене мүшелер атаулары
![]()
А
Біріккен сөздерге жататын атаулар
уру атаулары Ойын атаулары
Ж
әндік , өсімдік
атаулары Мезгілге байланысты атаулар
![]()
Қоғамдық өмірге, күнделікті тұрмысқа байланысты әр түрлі атаулар
-
аялдама . «Бәйтерек» Астана (Балалар алдын ала дайындап әкелген мәліметтерді
Бәйтеректің тапсырмасы
9-жаттығу ?(тақтада орындалады)
Ү.Оқулықпен жұмыс.Сөздерді оқы.Олар қалай жасалған? Әр сөз неше түбірден құралған?
Аққу,бұзаубас,егеуқұйрық,Ақмарал, Жетіқарақшы,шаңсорғыш, балмұздақ,шекара.
(ақ+қу,бұзау+бас,егеу+құйрық,Жеті+қарақшы,шаң+сорғыш,бал+мұздақ,шек+ара)
2-аялдама.«Қазақ елі» монументі.(тақтамен жұмыс)

«Қазақ елі» монументінің тапсырмасы
10-жаттығу. Өлеңді оқып.Өлеңде кездескен біріккен сөздерді ата.
Кемпірқосақ
Күн күркіреп, себелеп, Жаңбыр жауып, басылды. Көкжиекке керемет Кемпірқосақ асылды
«Жоғалған сөздер» ойыны
Мүйіз жай
Жар қу
Сая тұмсық
Шам құтан
Көк шырақ
ақ қанат
3-аялдама Келесі көрікті жерлерінің бірі- “Думан” ойын-сауық кешені қы океанариум
-Енді келесі аялдамаға өту үшін сендерге «Думан» ойын – сауық орталығы да тапсырма ойластырып қойыпты.

11-жаттығу( тақтада орындалады)
Берілген сөздерді қатыстырып сөйлем құрап жазыңдар.Сөйлем ішінен біріккен сөздерді тауып,астын сыз.
Аққұтан,шекара,еңбекақы
Аққұтан
1.Аққұтан -ірі әрі өте сақ құс.
2.Менің ағам шекарада қызмет етеді.
3.Анам еңбекақысына біздерге оқу құралдар алып берді.

4-аялдама
«Хан Шатыр»

12-жаттығу.Көп нүктенің орнына тиісті біріккен сөздерді тауып жаз.
1.Аңдар: ... , ... ( жолбарыс,егеуқұйрық,мүйізтұмсық) 3. Өсімдіктер: ... , .... (аскөк,итмұрын)
2.Құстар: ..., ...(Аққу,бірқазан,) 4. Жер-су аттары: ... , ...(Сырдария,Жетісу)
-Балалар ауылымызға қайтатын уақытта келді.Ұшаққа мініп ауылымызға қайтамыз.(ұшақ дыбысы)
-Сыныбымызға жеткенше бүгінгі ойша саяхатымызда алған білімдерімізді бекітіп алайық.
Бекіту.
Сөйлем мүшесіне талдау.Біріккен сөздерді табу.
Алатау елдерінің қыстыгүні малдары Қараойда жайылады.
Қорытынды.«Атырау»
- Жарайсыңдар балалар !
-Туған жерге ештеңе жетпейді ғой !
-Туған жер туралы қандай мақал- мәтел білеміз?
-Балалар бiз белгiлi Астана қаласынаойша саяхат жасап, бiлiм көрсетіп, енді өзіміздің сүйiктi сыныбымызға оралдық.
-Біріккен сөздер туралы білімізді ортаға салайық.
-Біріккен сөздер дегеніміз не?
- Екі не одан көп түбірден бірігіп,тұтас бір ұғымды білдіретін күрделі сөздер біріккен сөз деп аталады.
- Біріккен сөздерге мысал келтір.Екібастұз,Оқжетпес,Көкшетау,Жұмбақтас т.б
- Біріккен сөздер қалай жазылады?Біріккен сөздер әрқашан бірге жазылады
Біріккен сөздерге жататын атауларды ата.Кісі аттары,аң-құс аттары,ойын атаулары,дене мүшелері,жер-су аттары,ауру атаулары,дене мүшелерінің атаулары,тұрмысқа байланысты атаулар т.б.
-Біздің сыныбымызда біріккен сөзден келетін оқышылардың аттары бар ма? Ақсәуле,Бекасыл,Нұрдаулет,Дастанбек.
Бағалау.
Үй тапсырмасы.13-жаттығу.
Ауылымызда біріккен сөзден кездесетін жер-су,көше атауларын жазып келу.


Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген