Біріккен сөз

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Біріккен сөз

Материал туралы қысқаша түсінік
Біріккен сөздердің екі түбірдің бірігуі арқылы жасалып, тұтас бір ұғымды беріп, бір сұраққа жауап беретінін ұғындыру, сөйлем ішінен біріккен сөздерді таба алуға, әртүрлі түбірлерден біріккен сөздер жасай алуға үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Біріккен сөздер.

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Біріккен сөздердің екі түбірдің бірігуі арқылы жасалып, тұтас бір

ұғымды беріп, бір сұраққа жауап беретінін ұғындыру, сөйлем

ішінен біріккен сөздерді таба алуға, әртүрлі түбірлерден біріккен

сөздер жасай алуға үйрету.

ә)Тәрбиелік: Бірігіп жұмыс жасауын ұйымдастыра отырып, ізденімпаздыққа,

ұқыптылыққа, сауаттылыққа, жинақтылыққа тәрбиелеу.

б)Дамытушылық: Оқушыларды шығармашылыққа баули отырып, ойлау

қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту.

Түрі: аралас сабақ

Әдісі: зерттеу, салыстыру, әңгімелеу.

Көрнекіліктер: сызбалар, суреттер.

Техникалық құрал: интерактивті тақта.

Барысы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі.

а) Қызығушылығын ояту.

  • Сәлеметсіздер ме, қайырлы күн балалар!

  • Қазір қай сабақ?

  • Қазақ тілі.

  • Қандай ақын жазушы болмасын, ана тілінен нәр алған.

  • Поэзия! Менімен егіз бе едің? – деп ақиық ақын Мұқағали Мақатаев айтқандай біз сабағымызды поэзия минуттарынан бастаймыз.

1-оқушы. Тілім менің тірегім, тілім менің.

Тілсіз қандай болады күнім менің?

Өз халқыма жетеді өз мәніңде,

Өз тілімде оқылса жырым менің.


2-оқушы. Тілім менің-қуатым күнім менің,

Күшім кетсе не болар ісім менің?

Тілсіз өмір бар десе түсінбедім,

Тілім менен тірлікті мүсіндедім.


3-оқушы. Тілім менің-Бабамның батырлығы да,

Махамбет пенен Абайдың ақындығы да

Дүниеге келе айқайды салған іңгәлап

Тілімде менің сәбидің батылдығы да.

  • Міне балалар қазақ тілінің атқаратын орны ерекше, қазіргі кезде Қазақстанда тұратын барлық басқа ұлт өкілдері біздің мемлекеттік тіліміз, қазақ тілін жетік меңгеруге талпынуда.


ә) Сабақтың мақсатын хабарлау.

- Бүгінгі сабақ ерекше болғандықтан біліммен қатар үлгілі тәртібімізді

көрсетуіміз керек.

- Сабаққа ұйымшылдықпен қатысып, белсенділік көрсету.

- Өткен тақырыптарды еске түсіре отырып, жаңа материалдарды жетік меңгеру.


II. Өткенді пысықтау.

Тест жұмысы жалпы сыныпқа.

1.

Дауысыз дыбыстардың бір-біріне ықпал етіп үндесуін дыбыс үндестігі дейме?

Иә

2.

Бояумен сөзі сөз тіркесі болама?

Жоқ

3.

Тұз – қасиетті зат. Жайсөйлем бола ма?

Иә

4.

Құрмалас сөйлем екі немесе одан да көп жай сөйлемнен құрала ма?

Иә

5

Оқулық, күнделік, отырды, қырық бес, сары бірыңғай сөйлем мүшесі болама?

жоқ

6.

Бірыңғай сөйлем мүшелерінің арасына тыныс белгісі қойыла ма?

Иә

7.

Қатты, таяз, жылдам, тез мағынасы бірдей ме?

Жоқ

8.

Сөйлемде одан әрі бөлінбейтін бөлшегін түбір дейді.

Иә

9.

Екі немесе одан да көп түбірден құралған сөзді күрделі сөз дейді.

Иә

10

Біртұтас екі түбірден жасалғанба?

Иә


Ойын- тапсырма. «Мақал күрделі сөз құрайды».


  1. Мағынаны тану.

Сыныптағы біріккен сөзден жасалған есімдері бар (Айкөркем) оқушыларды шығару. Екі түбірден жасалып тұрғанын талдау.

Тақтадағы суретпен жұмыс.

Екібастұз, балмұздақ, түйеқұс, Алатау, тасбақа екі түбірден жасалып тұрғанын айтып, ережені шығару.

  • Бүгінгі сабақта бірікен сөздердің түрлері мен жасалу жолдарын үйренеміз.

  • Екі немесе одан да көп түбірден бірігіп, тұтас бір ұғымды білдіретін күрделі сөз біріккен сөз дейміз. Біріккен сөздер әрқашан бірге жазылады.

Түбір сөз Біріккен сөз

Алты бақан алтыбақан

Ақ сүйек ақсүйек

Ала бұғы алабұғы

Гүл жан Гүлжан

  1. Дәптермен жұмыс.

Күннің жады. Сынып жұмысы.

Көркем жазу.

Т т

Түйеқұс, балмұздақ, тасбақа, Екібастұз.


1 - жаттығу. Ауызша

2 - жаттығу.

Кісі аттары: Орынбасар, Есенәлі, Айгүл, Бейсенбай.

Аң, құс аттары: қосаяқ, көкқұтан, аққу (жолбарыс)

Ойын атаулары: алтыбақан, аяқдоп, ақсүйек, (тоғызқұмалақ)

Дене мүшелері: асқазан, сегізкөз, ұлтабар. ()

Жер-су аттары: Қызылорда, Екібастұз, Шиліөзен. (Тасқала)

ЕКІБАСТҰЗ сөзін сөз құрамына талдаймыз.

3-жаттығу. (шартын оқу, жалпыға біріккен сөздерді сыздыру)


Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні келтеде, Қаратаудың ойында, Қарасудың бойында Қазанғап деген бір кедей болыпты. Қазанғап құс атып, балық аулап күн көреді екен. Әйелі ау тоқып, жыртық жамайды екен. Қазанғаптың Кендебай деген ұлы болыпты. Кендебай ай сайын емес, күн сайын өсіпті: алты күнде күліпті, алпыс күнде жүріпті. Алты жылда алып жігіт болыпты.


  1. қатар. Жалқы есімдерді тап.

  2. Қазанғап сөзіне дыбыстық талдау жасау.

  3. Соңғы сөйлемді сөйлем мүшесіне талдау.

Сергіту сәті.


«Тез ойла».

5-жаттығу.

өнер сөз

қDrawObject2 DrawObject1 ол мұрын

ит кәсіп

кDrawObject3 үзді басшы

бDrawObject4 аспа күні

DrawObject5

Деңгейлік тапсырмалар.


1. Кісі аттары: Ернұр, Алтынай, Аймангүл, Елжан, Айдос.

Өсімдік аттары: саңырауқұлақ, итмұрын, таңқурай,

Жер-су аттары: Бурабай, Қызылорда, Ақтөбе, Жаңақала, Жаңаөзен,


2. Терме диктанты.

Сөздердің ішінен біріккен сөзді теріп жазу.

Тәуілсіздік, алтыбақан, Ақжайық, арқармүйіз, қаңтар, көктем.


IV. Қорытынды.

Ой толғаныс.

«Сыңарын тап» ойыны.

- Сонымен, бүгін қандай тақырыппен таныстық?

- Біріккен сөздер қалай жасалады?

- Олар қалай жазылады?


  1. Бағалау, үйге тапсырма.

  1. жаттығу. 66 бет.

Ереже жаттау.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
03.01.2018
642
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі