жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Біріккен сөздер
Қазақ тілі |
Мұғалім: Бәкірова Айжан |
Күні 11.12 .18. |
Сынып: 4 «В» |
|||||||||||||
Сабақтың атауы |
Біріккен сөздер
|
|||||||||||||||
Көрнекілігі |
||||||||||||||||
Мақсаты |
Кейбір сөздердің бірнеше түбірден құралып, бірігіп жазылатынын түсіндіру. Жер-су аттарын білдіретін біріккен сөздердегі қатар келген екі дауысты дыбыс сақталып жазылатындығы. Екі сөзден тұратын кісі аттарындағы қатар келген екі дауыстың бірі түсіріліп, жазылатындығын бірнеше мысалдар арқылы түсіндіру. Дамытушылығы. Ауызша және жазбаша тілдерін дамыту, сөздік қорын, байланыстырып сөйлеуін , шығармашылық қабілеттерін арттыру. Топпен және жекелей жұмыстар жасауға үйрету.
|
|||||||||||||||
Сабақтың барысы.
Топқа бөлу |
Санау арқылы топтарға бөлу Санау арқылы лайық топқа отырады. 1.«Қызылорда» тобы 2. «Шиелі» тобы 3. «Нартай ата» тобы
|
|||||||||||||||
Үй тапсырмасы
|
6- жаттығу.Күрделі сөздерді қатыстырып , өзің тұрған жердің қысқы тіршілігі туралы шығарма жаз.
Күрделі сөз дегеніміз не? Күрделі сөздерге мысал келтір. Екі немесе одан да көп түбірден жасалған сөзді күрделі сөз дейміз: бозторғай, Сарыарқа, ауыл-аймақ, ата-ана, таскөмір, теміржол. Проблемалық сұрақ: Есімі ерекше 5 баланы ортаға шығарып, неліктен бұл балалардың есімдері ерекше екенін сұрау. Мысалы: Ырысдәулет, Бекболсын, Ақерке, Жанерке,Аружан. Мұғалім сөзі: 16- желтоқсан Қазақстан Тәуелсіздігіне 27 жыл толатынын айтып өтеді.
|
|||||||||||||||
Сабақтың барысы: |
Мұғалімнің іс -әрекеті |
Оқушының іс- әрекеті |
||||||||||||||
Ұйымдастыру кезеңі:
Топтық тапсырма:
|
1.Мұғалімнің іс-әрекеті: Кіріспе сөз,ұйымдастыру. 2. Оқушының іс-әрекеті: Санау арқылы лайық топқа отырады. 1.«Қызылорда» тобы 2. «Шиелі» тобы 3. «Нартай ата» тобы
Оқушылар 3 топқа бөлініп отырады. Мұғалім сөзі:-Сонымен ,балалар,бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Біріккен сөздер». Бұл тақырып келген қонақтарымызға да ,өзімізге де жақсы таныс.Сондықтан әр топқа тапсырма беріледі. Топ басшысын тағайындау.
Мысалдар жазу, сөйлем құрастыру.
Мысалдар келтіру,сөйлем жазу.
Әр топ басшысы плакат арқылы қолданған мысалдары туралы түсіндіреді.
|
|||||||||||||||
Мағынаны тану
Жаттығумен жұмыс.
Ой сергіту: |
Тақтаға күн ретін, жаңа тақырыпты жазу. Жаңа сабақ :Біріккен сөз. Ерте, ерте , ертеде «Сөзстан» деген елде бір ақсақал өмір сүріпті. Ол ақсақалдың аты «Күрделі сөздер»екен. Оның үш ұлы болыпты. Біріккен сөз Қос сөз Қысқарған сөз
Біріккен сөз ынтымақта, бірлікте,бақытты өмір кешіпті. Балалары да , тату болып, бір-бірінен ажырамай, ұйымшыл болған екен Біріккен сөздер- екі не одан да көп түбірден құралған сөздерден тұрады. Олар бірігіп жазылады. (Слайдтан Қызылорда мен Сырдария суретін көрсету)Мысалы . Қызылорда . Қызыл+орда.Біздің облысымыздың,орталық қала атауы. Екі түбірден құралып тұр.Сырдария, Сыр+ дария. Өзеніміздің аты Тауымыздың аты- Қаратау. Қандай сөздерден құралады? Қара+тау. Мысалы мынау не? Айна Мынау не? Гүл Осы екі заттың атын біріктіріп айтайықшы, Айна+гүл. Сонда екі заттың бірігуі арқылы біз біріккен сөз жасадық .Қыздың есімі болып шықты Бірінші түбірі Айна сөзі, екінші сөз гүл.(айна мен гүлді көрсету) Сонымен ,балалар,екі не одан да көп түбірден құралған сөздерді біріккен сөздер деп атаймыз.Олар бірігіп жазылады.
1.Кісі есімдері: Айсұлу,Жасұлан... 2Жер-су аттары: Сарысу,Ащықұдық... 3.Тау аттары: Алатау,Қаратау... 4.Аң-құс атаулары: Ақбөкен,аққу,тасбақа, 5.Жұлдыздар атаулары: Ақбозат,Жетіқарақшы...
Топтық жұмыс. 8-жаттығу. Ауызша орындату. Берілген сөздерді оқып, сөз құрамына талдау. Әр сөз неше түбірден құралған?Неше түбірдің бірігуі арқылы жасалып тұр? 3 топтың үшеуіне гүлдер,біреуіне жапырақтар.Оқушылар қосып оқып,көлдің,бұлақтың,кісі есімі және аң-құс,түрлі заттар атаулары боп тұрғанын айтады.
"Қызылорда" тобы орындайды. Тақтамен жұмыс: 9-жаттығуды тақтаға 3 оқушы, басқалары дәптерге жаздыру. Әр сөз неше түбірден құралған? Ақ+қу,бұзау+бас,Ақ+марал,шаң+сорғыш,бал+мұздақ ,егеу-құйрық,Жеті-қарақшы,шекара.
"Шиелі" тобы 10-жаттығу.Өлеңді оқып, жатқа жазу. Кемпірқосақ. Күн күркіреп,себелеп, Жаңбыр жауып, басылды. Көкжиекке керемет Кемпірқосақ асылды. Біріккен сөздер: көк+жиек,кепір+қосақ. (Тақтаға бір оқушы шығып, жатқа жазады.)
"Нартай ата" тобы 11-жаттығу.Біріккен сөздерге сөйлем құрастыру
Оқулықпен жұмыс. Ережені хормен айту. Екі не оданда көп түбірден құралған сөздерді біріккен сөздер деп атайды. Олар бірігіп жазылады: алабота, балқарағай. Дамытушылық тапсырма.
.
|
|||||||||||||||
Ой толғаныс: |
. ІІІ тапсырма Әр топ төмендегі кестеде 14 –жаттығуға қарап, бір сөзге баспалдақ жасайды.
|
|||||||||||||||
Кері байланыс: |
"Екі тілек, бір жұлдыз" Әр топ бүгінгі сабаққа пікірін айтады, 2 оқушы тілек, 2 оқушы ұсыныс .
|
|||||||||||||||
Бағалау: |
«Қорыта айтқанда...» Оқушылар бір-бірін бағалайды |
|||||||||||||||
Үйге тапсырма: |
|
|||||||||||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген