15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Біріккен сөздер
Тақырыбы: Біріккен сөздер
Мақсаты: Біріккен сөздер туралы түсінік беру
Міндеттері:
1)Біріккен сөздер туралы ұғымымен таныстыра отырып, жаттығу жұмыстарын жүргізу.
2) Оқушыларды ойындар арқылы ойлау қабілетін дамыту, тапқырлық, ізденімпаз-паздық қасиеттерін қалыптастыру.
3) Топпен жұмыс жасай білуге тәрбиелей отырып, адамгершілік ізгі қасиеттерді
бойларына сіңіру, патриоттық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, ой қорытындылау
Пәнаралық байланыс: өзбек тілі, география
Көрнекіліктер: слайд «Біріккен сөздер»
Барысы: І Ұйымдастыру кезеңі
А) Амандасу
Ә) Оқушыларды психологиялық тұрғыда дайындау
Мұғалім :
- Бір-біріңе жылы жүзбен қарап, мейірлене шуағын төгіп тұрған күнге қарай қолдарыңды созыңдар.
Күлімдеп күн бүгін (қолдарын көтереді.)
Қарады маған да. (қолдарын кеуделеріне қояды.)
Күлімдеп күн бүгін, (қасындагы балаға қарайды)
Қарады саған да.
Сәлем деймін достарға
Сәлем барша ұстазға.
Тату болып халықтар,
Аман болсын балалар!
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
-
«Бес саусақ» әдісі арқылы оқушылар бір – біріне сұрақтар жазып, жауап береді.
2) 224 - жаттығудың орындалуын тексеру
Оқушылардың күрделі сөздерге жазған сөйлемдерін оқытып, күрделі сөздердің қалай жасалғанын сұрап өту.
ІІІ. Жаңа сабақ
Оқушылар жаңа тақырыпты өз беттерінше оқып, постер қорғау арқылы түсінді-реді. Кемшіліктер болса басқа топ оқушылары толықтырады.
ІV. Оқулықпен жұмыс
Слайд бойынша орындалады. «Кім жылдам?»
Тапсырмасы: сөздерді оқып, сөз құрамына талда, әр сөз неше түбірден құралған?
Айнабұлақ, қосаяқ, Тескенсу, итмұрын, Алакөл, Талдықорған, Ботагөз, Есдәулет, аққу, ақбөкен, шаңсорғыш, балмұздақ, тасбақа.
Айна+бұлақ=Айнабұлақ, қос+аяқ=қосаяқ, Тескен+су=Тескенсу, ит+мұрын= итмұрын, Ала+көл=Алакөл, Талды+қорған=Талдықорған, Бота+көз=Ботагөз, Ес+дәулет=Есдәулет, ақ+бөкен=ақбөкен, ақ+қу=аққу, шаң+сорғыш=шаңсорғыш, бал+мұздақ=балмұздақ, тас+бақа=тасбақа.
(Ботагөз сөзіне тоқталып өту)
Біріккен сөздер
Құрамына енген түбірлердің тұлғалары сақталған сөздер.
Мысалы: қара+құс,баспа+сөз
Кіріккен сөздер
Дыбыстары өзгеріске ұшыраған сөздер.
Мысалы: Ботагөз, Амангелді.
|
Біріккен сөздер |
Кіріккен сөздер |
|
Құрамына енген түбірлердің тұлғалары сақталған сөздер. |
Құрамындағы түбірлердің тұлғалары сақталмай, дыбыстық өзгеріске ұшы-раған сөздер |
|
Ас+қазан, саңырау+құлақ |
Бүгін – бұл+күн |
61 – жаттығу.
|
1 – топ. Біріккен сөздер |
2 – топ. Кіріккен сөздер |
|
Саябақ, алтыбақан, қосаяқ, Айнамкөз, желмая, Тайбурыл, кемпірқосақ, Екібастұз, Қызылжарқұдық,Қартбай, пікірталас, сенімхат,қолжазба, қолтаңба, түпнұсқа. |
Жаздыгүні, қазанғап, әнеугүні, Бегәлі, Есенгелді,төраға, биыл, тоқсан. |
62 – жаттығу. Сөйлем құрастыру.
Севара төлқұжатын жоғалтып қойды.Менің мақалам баспасөз беттерінде жарық көрді.Мен қарындасымды балабақшаға апардым.
Біріккен сөздерді кешенді талдау.
Төлқұжат
-
Бұл сөз екі құрамнан тұр: төл және құжат
-
Тұлғасына қарай – төлқұжат – туынды түбір. Себебі, екі түбірдің бірігуінен жасалған күрделі сөз.
-
Құрылысына қарай – күрделі, біріккен сөз.
64-жаттығу.
Абай Құнанбаев, М.Мақатаев өлеңдерінен біріккен сөздерді тап,қандай түбірлерден біріккенін көрсетіңдер.
Жазғытұры
Жазғытұры қалмайды қыстың
сызы,
Масатыдай құлпырар жердің жүзі.
Жан-жануар, адамзат анталаса,
Ата-анадай елжірер күннің көзі.
(А.Құнанбаев)
Қазақ тілі – қазақтың ана тілі,
Бірақ оған адам аз бас иетін.
Қазақ тілі – қазақтың дара тілі,
Кейбіреулер түсінбес қасиетін.
Кейбіреулер өз тілін шұбарлайды. (М.Мақатаев)
Тұрым, жазғытұрым. Кейде «жазғытұры» деп те айтылады. Мағынасы — көктем, жазға салым мезгіл. «Жазғытұры қалмайды қыстың сызы, Масатыдай құлпырар жердің жүзі» (Абай). Сөздің екі түбірден біріккені әркімге де көрініп тұр. Біріншісі -ғы жұрнағын қабылдаған «жаз» (жазғы) сөзі. Мұның төркінін, мағынасын іздестіруді міндет етпедік. Өйткені, көпшілік қауымға түсінікті. Екіншісі — «тұры» немесе «тұрым». Міне осы тұлға тілімізде жеке қолданыл-майды әрі мағынасы да көмескі, түсініксіз. Зер сала, іздестіре келгенде оның да сыры мәлім бола бастады. моңғол тіліндегі «түрүүн» сөзі қазақ тіліндегі «әуелі, бұрын» орнына қолданылса, қалмақ тіліндегі «түрүләд» та осыны көрсетеді. Көрсетілген тұлғалар қазақ тілінде «тұры», «тұрым» болып өзгерген де, мағынасын сақтай отырып, «жаз» сөзімен бірігіп кеткен. Сонда «жазғытұры» -ның қазіргі түсінік бойынша берер мағынасы — жаздан бұрын, «жаздың әуелі». Демек, жыл мезгілінің «жаздан» бұрын, «жаздың» хабаршысы ретінде келетін маусым ұғымын білеміз.
Сергіту сәті. «Жоғалған сөздерді тап» ойыны
М
үйіз бақан
с
уық қазан
к
өл
барыс
ж
ол
қу
алты торғай
а
қ
қарақшы
жеті тұмсық
б
ір
сүйек
ақ бақа
Табылған сөздер: мүйізтұмсық, суықторғай, көлбақа, жолбарыс, алтыбақан,
жетіқарақшы, бірқазан, аққу, ақсүйек.
Ойнайық та, ойлайық! Қызықты грамматика
-
Республикамыздағы көмір алыптарының бірінің атын білдіретін біріккен сөздің біріншісі – сан есім, екіншісі - дене мүшесі, үшіншісі – тағам атауы. Ол қай сөз?
-
Екібастұз
-
Біріккен сөздердің барлығы дерлік екі сөздің бірігуі арқылы жасалады. Ал үш сөздің бірігуінен жасалған адам, жер, су аттарын білесіңдер ме?
-
Қызылжарқұдық, Екібастұз,Сұлтанмұратхан
-
Біріккен сөздің бірінші түбірі – тағам сөзінің синонимі, екінші түбірі – ыдыс аты. Ол қай сөз?
-
Асқазан
-
Үй жануарларының бірінің аты мен сезім мүшесі атынан бірігіп жасалған өсімдік атын табыңдар.
-
Итмұрын
-
Сын есім мен зат есімнен бірігіп келіп, бір аңның атын білдіретін сөзді табыңдар.
-
Ақбөкен
-
Республикамыздағы қандай қала, өзен аттары біріккен сөзден тұрады?
-
Ақтөбе, Ақтау,Жетісу, Шиліөзен
-
Қандай пән аттары біріккен сөздерден тұрады?
-
Дүниетану, дүниежүзі тарихы, жаратылыстану.
-
Сыныпта аты – жөндері біріккен сөздерден тұратын оқушылар бар ма?
-
Наурызбек,Саттархан, Диярбек, Қорғанбай, Хуршидбек,Исламбек.
Сабақты бекіту: Семантикалық карта
|
Мысалдар |
Түбір сөз |
Туынды сөз |
Қос сөз |
Тіркесті сөз |
Қысқарған сөз |
Біріккен сөз |
Күрделі сөз |
|
Жаздыгүні |
|
|
|
|
|
+ |
|
|
Су-су |
|
|
+ |
|
|
|
|
|
Оқулық |
|
+ |
|
|
|
|
|
|
ТМД |
|
|
|
|
+ |
|
|
|
Ата – ана |
|
|
+ |
|
|
|
|
|
Ақ құба |
|
|
|
+ |
|
|
|
|
Орман |
+ |
|
|
|
|
|
|
|
Он екі |
|
|
|
|
|
|
+ |
Бағалау: Оқушылар бағалау парағы арқылы бағаланады.
Өзіндік бағалау
|
Аты-жөні |
Үй тапсыр-масы |
Кім жыл-дам? |
Кешенді талдау |
Жоғалған сөздерді тап |
Ойнайық та, ойлайық |
Семан-тикалық карта |
Жалпы ұпай |
Баға |
|
Ұпай деңгейі |
3 2 1 |
3 2 1 |
3 2 1 |
3 2 1 |
3 2 1 |
3 2 1 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
16-18 ұпай - «5» 11-15 ұпай - «4» 10 төмен - «3»
Үйге
тапсырма:63 –жаттығу. Әдебиет,
география, биология, тарих оқулықтарын пайдалана отырып, біріккен
сөздерге мысалдар жазу.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген