Материалдар / Біріккен сөздер 4 сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Біріккен сөздер 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып мұғалімдеріне қысқа мерзімді жоспар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
31 Мамыр 2020
3022
7 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақ тілі

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің есімі: Накипбаева А.Б

Сынып: 4

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы


Біріккен сөздер

Сабаққа негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

4.2.4.1 - мәтіннің тақырыбы мен мазмұнының өзара сәйкестігін анықтау және ондағы негізгі ойды тұжырымдау

4.4.2.1* - күрделі сөздердің түрлерін ажырата алу (біріккен сөз, қос сөз, қысқарған сөз)

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар:

Біріккен сөздерді біледі.

Біріккен сөздер екі сөзден құралғанын түсіндіре алады.


Оқушылардың басым бөлігі:

Жай сөздер мен күрделі сөздердің айырмашылығын біледі.

Түбірлердің тұлғалары сақталған сөздерді таба алады.

Кейбір оқушылар:

Біріккен сөздердің жасалу жолдарын түсіндіре алады.

Біріккен сөздердің басқа күрделі сөздерден маңызын түсіндіре алады.

Тілдік мақсат

Оқушылар:

Біріккен сөздерді талдай алады.


Негізгі сөздер мен тіркестер:

Қойшыбек,көкпар, соқыртеке, асқазан –сөздеріне түсінік беру.


Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Күрделі сөздер туралы не білеміз?

Күрделі сөздерді біз үнемі қолданамыз ба?


Жетістік критерийлері

Біріккен сөздер бойынша жаттығу жұмыс жасай алады.

Өзіндік көзқарасын жеткізе біледі.

Біріккен сөздер бойынша жаттығу жұмысын жүргізуде қиналады.

Өзіндік көзқарасын толық жеткізе алмады.

Алдыңғы оқу


Бірнеше сөйлеммен оқушылардың тақырып жайында білетіндерін жинақтау.Жай сөздер мен күрделі сөздер жайлы мағлұматтарды біледі.

ЖОСПАР

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар





3 минут


5 минут






5 мин


І.Сыныптағы әрекеттер тәртібі

Ұйымдастыру

Ынтымақтастық атмосферасын орнату.

Топқа бөлу


ІІ.Үй тапсырмасымен жұмыс

Сұрақ-жауап әдісі арқылы ережелерді еске түсіреміз


І топ- Дара сөздерге мысал жазу;

ІІ топ- Күрделі сөздерге мысал жазу;

ІІІ топ- Біріккен сөздерге мысалдар жазу

4-топ- Тұрақты сөз тіркесіне мысалдар жазу

Әр топтан бір оқушы өздерінің жұмыстарын қорғайды.


Бағалау: «Шапалақ»

























Ортасы



10 минут














5-минут










5- минут



5-минут


2-минут


«Ия немесе жоқ» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау.

  1. Екі немесе одан да көп түбірден құралған сөзді бірыңғай мүше дейміз?

  2. Күрделі сөздер түбірлердің тіркесуі, бірігуі, қосарлануы арқылы жасалады?

  3. Күрделі сөздер екі сұраққа жауап береді?

  4. Қараторғай сөзі күрделі сөз?

  5. Екі езуі құлағына жету қуану ма?

  6. Тұрақты сөз тіркесі ойды көркем, әсерлі жеткізуге көмектесеме?

  7. Мағынасы қарама-қарсы сөздер екі сөз табына жатама?

  8. Атақты сөзінің мағыналас сөзі ізетті, сыпайыма?

Жаңа сабақ

біріккен сөздер тақырыбында мағлұматтар беріледі.


35-жаттығу

Мәтінді оқу

Біріккен сөзді тауып жазу


36-жаттығу

Мәтінге қатысты сұрақ дайында жауап жаз


37-жаттығу

Жазушы болу үшін қажетті қадамдарды мәтінге сүйеніп жаз


38-жаттығу

Берілген біріккен сөзді пайдаланып сөйлем құра


Кім жылдам (шарада шешу)

  1. Бірінші түбір сөз –түс

Екінші түбір сөз-құс

Екі түбірді қоссаң,

Шығады тағы құс

  1. Бірінші түбір сөз- сан

Екінші түбір сөз-зат

Екеуін қосып оқысақ

Жерге қойылатын ат.

  1. Біріккен сөздің бірінші түбірі
    тағам сөзі,
    Екінші түбірі тағам пісіретін
    ыдыс аты.
    Екеуін қосып оқысан,
    Ағзаның бірі.


«Сергіту сәті»






















Аяқталуы


5 минут







Жеке жұмыс

Біріккен сөзі бар сөйлем құрастыру




Рефлексия парағы


Сабақтағы жетістіктерім

Оның себептері

Сабақтағы жетістіктерім

Оның себептері
































Қосымша ақпарат


Саралау- сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқу шыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы байланыс

Жеңілден күрделіге қарай сұрақтарды дайындау



Оқушыларға топтық,жұптық,жеке бағалауды тамсырамын,сабақ соңында барлық балды қосып,қорытынды бағасын шығарамын.



Интербелсенді тақтамен жұмыс жасатамын.

Рефлексия

Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Тақырыпты талдау арқылы біріккен сөздің ерекшеліктерін, айырмашылықтарын түсінеді, салыстырады.

Бүгінгі сабақтан оқушылар біріккен сөздің маңызы, атқаратын қызметі туралы білді.

Топтастыру кезінде сәл келіспеушіліктер болды.

Берілген уақытта сабақты аяқтап үлгірмедім,уақыттан 3-4 минуттай асып аяқтадым.

Үй тапсырмасын сұрау кезеңінде «ВЕЕР стратегиясы »әдісін және сабақты бекіту кезінде «Өрмекшінің торы»әдісін жоспарыма енгізгенмін.ҚМЖ-мен таныстыру мақсатында Iesson stadi құрып жоспармен таныстырдым.Әріптестерім «Үш қадамдық сұхбат» әдістерді ұсынды. «Морфологиялық диктант »әдісін көп мұғалімдердің пайдаланып жүргенін, «515» әдісі сабақты бекітуге тиімді екенін айтты.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1)Топтасып жұмыс жасау барысында бір-бірінің пікірін тыңдауы

2) «Үш қадамдық сұхбат»әдісін пайдалануда балалар өз білгендерін өзгеге үйреткені ұнады.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқуды да, оқытуды да)?

1)Тақырыпты топта бір-біріне түсіндіргені.

2)Тұжырымдамалық карта қорғағанда жүйелі түсіндіре білді

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектесетін білдім?

Оқушылардың тыңдалым дағдыларын қалыптастырсам,кеңейтілген тапсырмаларды орындауда қиындық келтірмейтінін білдім.











































Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!