Біріккен сөздер. Қазақ тілі 4-сынып ҚМЖ ашық сабақ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Біріккен сөздер. Қазақ тілі 4-сынып ҚМЖ ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Біріккен сөздер. Қазақ тілі 4-сынып ҚМЖ ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан Республикасының Оқу ағарту министрлігі

«------------------------- орта мектебі» КММ

Қысқа мерзімді жоспар

Білім беру ұйымының атауы



Пәні:

Қазақ тілі


Бөлім:



Педагогтің аты-жөні:



Күні:



Сынып: 4

Қатысушылар саны

Қатыспағандар саны


Тақырыбы

53. Біріккен сөздер.


Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

сұхбаттасының жасын, жай-күйін ескере отырып, белгілі бір тақырып аясында сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысады

дереккөздерден жауабын табады

біріккен сөздердің құрылымдық ерекшеліктерін біледі


Сабақтың мақсаты

4.1.3.1 сұхбаттасының жасын, жай-күйін ескере отырып, белгілі бір тақырып аясында сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысу

4.2.5.1* дереккөздерден (мәтін, сөздік, сызба, кесте, диаграмма) қажетті ақпараттарды табу, кездескен жаңа сөздердің мағынасын мәнмәтін бойынша анықтап, ақпаратты қорытындылау, бағалау

4.4.2.1* күрделі сөздердің түрлерін ажырата алу (біріккен сөз, қос сөз, қысқарған сөз)


құндылық

еңбекқорлық және кәсіби біліктілік

Құзыреттілік: инновациялық ойлау

мамандықтың ерекшеліктерін білу және адамдардың еңбегін құрметтеу;



Сабақтың барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау


Сабақтың басы

2 минут


I. Ұйымдастыру

Сәлемдесу.

Психологиялық дайындық

Бізде жақсы баламыз,

Өсті ақыл санамыз

Апайымызбен ең алғаш, амандасып аламыз.

Жарқырасын күніміз, жайнап тұрсын гүліміз,

Жақсы ниет тілекпен,

Бастайық сабақ бүгін біз.

1.Мұғаліммен сәлемдеседі.

2.Өлең шумағын мәнерлеп айтады

.

Жарайсыңдар!







3 минут















Үй тапсырмасын сұрау

23-жаттығу. Өзің сияқты оқушының жазғанын оқы. Ұшқыш болу үшін тек білімді болу жеткілікті ме? Қай сөйлемдерде жеткіліксіз мәлімет кездеседі? Сен қалай түзер едің?

Дереккөздерден Хиуаз Доспанова туралы мәлімет жинап, сыныптастарың таныстыр.


Өткенді пысықтау.

1.Синоним дегеніміз не? Мысал келтір.

2Антоним дегеніміз не? Мысал келтір.

3.Омоним дегеніміз не? Мысал келтір.

4. Тұрақты сөз тіркесі дегеніміз не?

5. Күрделі сөз дегеніміз не?


ұшқыш болу үшін және

Дереккөздерден Хиуаз Доспанова туралы мәлімет жинап айтады


Дескриптор:

1.Дереккөздерден Хиуаз Доспанова туралы мәлімет жинастырады ҚБ:Жарайсың!

Өте жақсы!


Жаңа сабақ

10 мин























Сабақтың ортасы

15минут













































Бекіту

10 мин

Оқушыларды оқу мақсаты және бағалау критерийімен танысады

III. Жаңа тақырып.

Білу және түсіну . Оқулықпен жұмыс.

24- жаттығу. Балалардың экологпен сұхбатын оқы.

Дереккөздерді қолданып ,сұраққа жауапты табады

25-жаттығу. Жоғарыдағы мәтіннен қарамен жазылған сөздерді теріп жаз.

Бақдаулет, эколог, Ақмарал, бозторғайлар, Нұрқанат, Гүлбану


Жазған сөздеріңді сөз құрамына талда. Әр сөз неше түбірден құралған?


26-жаттығу.Өтірік өлеңді оқып, жатқа жаз.

Сужыланға емделген

Тасбақаны қарсы алдым,

Сексеуілмен жемделген

Таскенеге ер салдым.

Біріккен сөздердің астын сыз.

Сексеуіл неліктен "Қызыл кітапқа" енген ақпарат көздерін қарап айт.

Кейбір елді-мекендерде заңсыз сексеуіл кесушілердің жасырын пункттері бар болғандықтан, оны қызыл кітапқа енгізген.


27-жаттығу. Берілген біріккен сөздерді қатыстырып, сөйлем құрап жаз.

Аққұтан, ақбөкен, Сарыөзек, қосаяқ, Алакөл, Айнабұлақ, егеуқұйрық.

Ақққұтан- сирек кездесетін құс.

Ақбөкендер шөл, шөлейтті және далалық аймақтарда тіршілік етуге бейімделген. Әкем екеуміз көлікпен Сарыөзекке бардық. Қосаяқтар күздің аяғынан көктемге дейін қысқы ұйқыға кетеді. Алакөл - Қазақстандағы ең ғажайып кқлдердің бірі. Менің туыстарым Айнабұлақ ауылында тұрады. Егейқұйрықтар қорек талғамайды, етке әуес болып келеді.

Бұл сөздердің біріккен сөз екенін сызбаны пайдаланып дәлелде.



28-жаттығу. Диалогті жұбыңмен оқы.

Сен Ержанның орнында болсаң, не істер едің?

Мен Ержанның орнында болсам, қағазды еденге тастамай, қоқыс жәшігіне салар едім.

Мәтінде біріккен сөздер кездесті ме?

Біріккен сөздер: Ержан, Айгүл.

Парталасыңмен демалыс мәдениетіне диалог қарастырып көр.

-Арай , киноға кірер алдында тәтті жүгері мен шырын сатып алайық.

-Жарайды,Ермек. Бірақ, кейін жүгері мен шырынның бос ыдысын жерге тастамай, қоқыс жәшігіне салу қажет.

- Не .шін,Арай? Еден жуушы өзі тазалап алады емес пе?

-Жоқ,Ермек.Біз қоғамдық орынды ластамауымыз қажет. Бұл мәдениеттілікке жатады.

29-жаттығу. "Мен эколог бола аламын ба?" деген сұраққа "иә", "кейде" немесе "жоқ" деп жауап бер.


Саралау тапсырмасы :

Сөйлемнен біріккен сөзді тап:

Берілген сөйлемдерден біріккен сөздерді тауып, астын сызыңыз:

  1. Балалар Қарақұм жеріне саяхат жасады.

  2. Бұл қалада Теміржол бекеті бар.

  3. Біздің ауылға Көксерек атты қасқыр келді.

  4. Қызылорда – әдемі қала.





Балалардың экологпен сұхбатын оқиды.

Дереккөздерді қолданып ,сұраққа жауапты табады


Жоғарыдағы мәтіннен қарамен жазылған сөздерді теріп жазады.

Жазған сөздеріңді сөз құрамына талдайды.

Әр сөз неше түбірден құралғанын анықтайды


ЕБҚ оқушы

сәйкестендір

Күрделі сөз түрлері:

Біріккен сөз

Қос сөз

Сөздер:

Алатау

Ата-ана

Қызылорда





Өтірік өлеңді оқып, жатқа жазады. Біріккен сөздердің астын сызады.

Сексеуіл неліктен "Қызыл кітапқа" енген ақпарат көздерін қарап айт.




Берілген біріккен сөздерді қатыстырып, сөйлем құрап жазады. Бұл сөздердің біріккен сөз екенін сызбаны пайдаланып дәлелдейді.

















Диалогті жұбымен оқиды.

Сұрақтарға жауап беріп, өз ойымен бөліседі.





"Мен эколог бола аламын ба?" деген сұраққа "иә", "кейде" немесе "жоқ" деп жауап береді.








Берілген сөйлемдерден біріккен сөздерді тауып, астын сызыңызады

Сөйлемнен біріккен сөзді тап:

  • Қарақұм

  • Теміржол

  • Көксерек

  • Қызылорда

Дескриптор:

1.Балалардың экологпен сұхбатын оқиды.

2. Дереккөздерді қолданып ,сұраққа жауапты табады 1б



Дескриптор:

1.Жоғарыдағы мәтіннен қарамен жазылған сөздерді теріп жазады.1б

2. Жазған сөздеріңді сөз құрамына талдайды.1б













Дескриптор:

1. Өтірік өлеңді оқып, жатқа жазады. 1б

2.Біріккен сөздердің астын сызады.






Дескриптор:

1. Берілген біріккен сөздерді қатыстырып, сөйлем құрап жазады.1б

2. Бұл сөздердің біріккен сөз екенін сызбаны пайдаланып дәлелдейді.1б












Дескриптор:

1. Диалогті жұбымен оқиды.

Сұрақтарға жауап беріп, өз ойымен бөліседі.

Парталасымен демалыс мәдениетіне диалог қарастырып айтады .1б




















Дескриптор :

1.:Берілген сөйлемдерден біріккен сөздерді тауып, астын сызыңызады 1б



Сабақтың соңы

5 минут







IV.Сабақты қорытындылау.

(оқу мақсаты мен бағалау критерийлеріне оралу):

-Бүгінгі оқу мақсаты қандай болды?

-Жетістік критерийлеріне жеттік пе?

Бұл сабақта қандай жаңа білім алдың

Үй тапсырма .

24-жаттығу. Соңғы сұраққа дереккөздерден жауап ізде.

Мұнай өндірудің табиғатқа кері әсерін болдырмау үшін, табиғаттан сақтау технологиясын қолданып отыруды қажет етеді. Мұнайды бұрғылау орындарын су басып ктепеу үшін арнайы домбалар тұрғызылуы керек. Сондай-ақ, мұнай өндіретін аудандарға жақсы орналасқан елді мекендерді қолайлы жерге көшіру қажет.


Оқушылардың білімін бағалау

Рефлексия

Бүгінгі сабақтағы өзінің әрекеті туралы, жаңа білімді меңгерудегі өзінің жетістіктері мен қиыншылығы туралы ой бөліседі. өзін бағалайды

сабақтан алған әсерлерін бөліседі

Оқушылар магнит немесе стикерлерді өздері қалаған баспалдаққа орналастырады.

Тапсырманы орындадым.

Аздап қиналдым.

Тапсырманы орындай алмадым.

Кері байланыс :

Бүгінгі сабақтың оқу мақсатына жеттік пе ?

Бүгінгі сабақта не үйрендің ?

Қорытынды бағалау .

ҚБ : 1-10 б жүйе Мадақтау сөздер

Жарайсыңдар

Балдар жиынтығын қою




















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.12.2024
279
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі