Біріктірілген сыныптарда сабақ өткізудің тиімді әдіс-тәсілдері

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Біріктірілген сыныптарда сабақ өткізудің тиімді әдіс-тәсілдері

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқу ісі орынбасарларына
Материалдың қысқаша нұсқасы

БАҒЫТТЫҢ АТАУЫ (СЕКЦИЯ): Оқытудың тиімді тәсілдері

Біріктірілген сыныптарда сабақ өткізудің тиімді әдіс-тәсілдері


Эффективные методы и приемы проведения занятий

в объединенных классах


Effective methods and techniques of conducting classes in combined class


Кыпшакбаева Алмаскул Олжабаевна

Ұлытау облысы білім басқармасы Ұлытау ауданы білім бөлімінің «№5 жалпы білім беретін мектебі»коммуналдық мемлекеттік мекемесі


Аңдатпа

Қазақша:

Шағын жинақты мектептерде бір сыныпта әртүрлі жастағы оқушылар бірге оқиды, сондықтан оқыту барысында саралап, біріктіріп оқыту әдістері қолданылады. Біріктірілген сыныптарда мұғалімнің көпбейінді жұмысы, оқу процесін тиімді ұйымдастыру және оқушылардың өз бетінше білім алу дағдыларын дамыту маңызды болып табылады. Интерактивті, жобалық және дамытушы әдістер мен шығармашылық тәсілдер біріккен сыныптарда оқыту сапасын арттыруға ықпал етеді.


Русский:

В малокомплектных школах в одном классе учатся ученики разного возраста вместе, поэтому в процессе обучения используются дифференцированные и комбинированные методы обучения. В объединенных классах важна многопрофильная работа учителя, эффективная организация учебного процесса и развитие у учащихся навыков самостоятельного обучения. Интерактивные, проектные и развивающие методы и творческие подходы способствуют повышению качества обучения в объединенных классах.


English:

In small schools, students of different ages study together in the same class, so differentiated and combined teaching methods are used in the learning process. In combined classrooms, the multidisciplinary work of the teacher, the effective organization of the educational process and the development of students' independent learning skills are important. Interactive, project-based and developmental methods and creative approaches contribute to improving the quality of learning in integrated class.


Түйінді сөздер:

Біріктірілген сыныптар, шағын жинақты мектеп, саралап оқыту, дербес оқыту, көпбейінді мұғалім, интерактивті әдістер, жобалық оқыту, дамытушы оқыту, оқу процесін ұйымдастыру, өзіндік жұмыс, білім беру сапасы.


Елімізде ауылдық жерде бала санының азаюына байланысты біріктірілген сыныптардың көбеюі мұғалімнің де жұмысының екі еселенуі деген сөз. Бірақ қосарлы сыныптарда да сабақты тиімді ұйымдастырудың түрлі әдіс-тәсілі бар.

Білім беру жүйесінде арнайы қосымша дереккөзі аз, мәселесі көп бір сала – шағын жинақты, оқушы саны аз ауыл мектептеріндегі сабақтардың біріктірілуі, біріктіре оқыту кезіндегі оқу сапасы. Негізгі мәселе – мазмұны ұқсас тақырыптарды кіріктіре оқытудың, біріктіре оқытудың мұғалім мен оқушыға тиімді әдіс-тәсілдерін ұсыну, сапалы оқыту әдіснамасы, оқыту барысында басты ерекшеліктерді ескеру.

Білім алушылардың сапалы білім алуға ынта-жігерін ояту, өзіндік даму және сіңірген білім дағдысын өмірде пайдалануға мүмкіндігін арттыру қабілеттері таным дағдыларын қалыптастырумен қатар қарым-қатынасты нығайту шағын жинақты мектептерде өтетін біріктірілген сабақтардың нәтижелігіне жетелеуі тиіс. Бір 45 минут бір сыныпқа жеткіліксіз болып жатқан уақытта, сол уақытты қосарланған сыныпқа жеткізу, әр түрлі жастағы оқушыларды ұйымдастыра алу, балалардың бағдарлама материалын сапалы меңгеруіне жетелеу, өзіндік жұмыстардың жауаптылықпен орындалуы, тақырыптың қамтылуы, оқу мақсатына жеткізу, ынтымақтастық ортасын құру – мұның бәрі мұғалімге үлкен жауапкершілік пен ізденімпаздықты жүктейді. Біріктірілген сыныптарда білім алушылардың өздік жұмыстары, тапсырмалары басым болады, олардың дағдысы өзіндік жұмысқа бағытталуы керек, ал мұғалім балаларға бағыт-бағдар беруші, нұсқаушы рөлін атқарады [1,5]. Себебі ешқандай бала назардан тыс қалмай, тақырыпты меңгеріп шығу үшін ұстаз оқушылардың өздігінен орындайтын тапсырмаларын, оған жұмсалатын уақыт пен бағалауды және мұғалім басшылығымен орындалатын жаттығулардың қалай жүзеге асырылуын жүйелеп, жоспарлап алу керек. Қазіргі кездегі заманауи оқыту үрдісінде де мұғалім түсіндіруші емес, бағыт сілтеуші болғандықтан, біріктірілген сыныптардағы сабақты ұйымдастыру оқушылардан ізденімпаздықты, ақпаратты екшеуді, кеңейтуді талап етеді. Өзін-өзі бағалау, бір-бірін бағалау, кері байланыс сабақ барысында кеңінен қолданылады.

Шағын жинақты мектепте бала саны аздығына байланысты сыныптар біріктіріледі, ал біріктірілген сыныптарда ұйымдастырылатын сабақтың басты ерекшелігі – оқу үдерісін бір уақытта екі сыныпта бірге ұйымдастыру. Көбінесе қазақ тілі, жаратылыстану, математика, тарих пәндерінің мазмұны мен көлеміне байланысты қиындықтар, уақыт жетпеушілігі туындайтындықтан, сабақты ұйымдастыруды жаңаша құру, оқушылар дағдысына орай тапсырмалар мен түсіндіруге, бекітуге бағытталған әдіс-тәсілдермен ұсыну көзделеді. Тақырыпты, ақпаратты кіріктіре отырып сабақ өткізу, екі әр түрлі сыныпты байланыстыра алудың өзіне тың ізденіс керек. Себебі оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін таңдау әрі қолдана білудің, жүзеге асырудың өзі үлкен шеберлікті, ізденісті, нақты жоспарлауды қажет етеді. Оқу мақсатына жету үшін мұғалім уақыттан ұтылып, шашырап қалмауы керек, бір сыныпты ұйымдастырғанда екінші сыныпты шашыратып алмай, бір арнаға біріктіріп, қызықтыру үшін білім берудің формалары мен сабақ түрлерін өзгертіп отыру қажеттілігі туындайды. АКТ-ны, ЖИ-ні, әр түрлі цифрлық платформаларды сабақта тиімді қолдану оқушының сабаққа деген қызығушылығын, талпынысын, ынтасын оятып қана қоймай, өзіндік жұмыстарда нәтижесін бірден білуге, өзін-өзі тексеруге бағытталады. Дыбысты есту, бейнені көру, виртуалды зертханалар, оны іс-әрекет арқылы іске асыру барысында орындалған жұмыстар оқушы жадында ұзақ сақталуға септігін тигізеді. Ал осындай қажетті әрі маңызды ақпараттарды саралап, іріктеп ұсыну да мұғалімнің шеберлігін қажет етеді. «Не ексең – соны орасың» дегендей, біріктірілген сабаққа мұғалімнің дайындығы оқушының да қалыптасуына тікелей байланысты. Әрине, туындайтын қиындықтар баршылық. Мысалы біздің ауыл мектебінде, математика мен алгебра, математика мен геометрия, қазақ тілі мен қазақ әдебиеті, жаратылыстану мен биология біріктірілген сыныптарда өткенде, көлемі, тақырыбы әр түрлі болғандықтан, екі сынып екі жақта қалмас үшін пәндерді кіріктіріп оқыту үшін күнтізбелік жоспарды кіріктіріп құрған тиімді. Содан соң жаңа сабаққа байланысты жаттығулар мен тапсырмаларды жас ерекшеліктеріне қарай әрбір сыныпқа лайықтап, саралап әрқайсысына жеке орындатады.

Мен бірнеше жыл бойы біріктірілген сыныпты оқытып жүргендіктен, әр пәннен мазмұны жағынан ұқсас тақырыптарды кіріктіре отырып өткізуді жоспарлаймын. Сондықтан біріктірілген сыныптарда сабақ өткізу үшін ең алдымен мына міндеттерге назар аудару керек:

- Біріктірілген пәндерді кіріктіре оқыту үшін оқушылар әртүрлі сыныпта оқығанымен, олардың назарын бір пәннің мазмұнындағы ұқсас тақырыптарға аудару;

- Әр оқушының өз деңгейіне қарай өзіндік жұмыс түрлерін ұсыну;

- Әр түрлі тақырып болғанымен, тапсырмалар құруда ұқсас әдіс-тәсілдер қолдану;

- Өзіндік жұмыс кезінде кері байланыс, бағалаудың тиімді жүзеге асырылуы;

- Бір уақытта екі сыныптың бірдей жұмыс жасауына мүмкіндік жасау;

- Уақытты тиімді жоспарлау.

Пәндерді кіріктере оқыту үдерісі бірнеше сыныптағы мазмұны ұқсас тақырыптарды кіріктіру арқылы жүйелі білім беру, сабақты тиімді әдіс-тәсілдер негізінде ұйымдастыру арқылы мұғалім қызметін оңтайландыру және уақытын үнемдеу, әртүрлі жастағы оқушылардың мазмұны ұқсас материалды біріге отырып меңгеруіне жағдай туғызуға негіз болады. Біріктірілген сыныптарда әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы мына нәтижелерге жету керек:

- оқушылар екі сыныпта оқығанымен, олардың назарын бір пәннің мазмұнындағы ұқсас тақырыптарға аударуға мүмкіндік жасау және сол арқылы білім мазмұнының тұтастығы мен сабақтастығы сақтау;

- оқушылардың жас ерекшеліктеріне және дайындық деңгейіне қарай өзіндік жұмыстар орындауына жағдай жасау;

- оқушылардың бірін-бірі және өзін-өзі тексеруіне, бағалауына мүмкіндік беру;

Тиімді әдістерді ретімен қолдану үшін біріктірілген сыныптардағы ұйымдастырылатын сабақтың 3 бөлімнен, 3 кезеңнен тұратын құрылымына сай жоспарлау керек [2,17].

1. Кіріктірілген бөлім. Бағдарлау-мотивациялық кезең. Сабақ басында мұғалім оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында екі сыныпқа ортақ тапсырма ұсынады, оқу мақсаттарын таныстырады. Өткен тақырып пен жаңа тақырыпты байланыстыратындай проблемалық жағдай туғызып, өзіндік жұмыстар, сұрақтар беріледі. Сөйтіп оқушылар тапсырманы орындай отырып түйін жасайды, пікір айтады. Бір сыныпқа түсіндіргенде бір сынып бос отырмау үшін бұл кезең маңызды.

2. Сараланған бөлім. Операциялық-орындаушылық кезең. Сабақ ортасында тапсырмалар әр оқушыға жеке немесе жұптық жұмысқа беріледі, яғни өз бетінше әрі бірігіп жұмыс жасайды. Әр сынып нұсқаулық бойынша тапсырма шартымен орындайды. Бұл кезеңде сабақтың негізгі мазмұнын ашады, түйген деректерді жинақтап, ізденіп, қажетіне қолданады.

3. Кіріктірілген бөлім. Рефлексиялық-бағалау кезеңі.

Сабақ соңында екі сыныпқа ортақ тапсырма беріледі. Тапсырмалар тақырыпты бекітуге арналған тест, ойын, түрлі жаттығулар түрінде болуы мүмкін. Тіпті цифрлық платформалар арқылы қолданылатын жаттығулар, куиз ойындары осы кезеңде өте қолайлы. Нәтижесінде оқушылар өзін-өзі бағалайды, кері байланыс береді. Пікірін дәлелдейді, мысалдар келтіреді.

Сабақ құрылымы бойынша бұл кезеңдер мұғалімнің шығармашылығына қарай түрлене береді, екі сыныпқа да ұқсас тақырып болғанда топтық жұмыс та ұйымдастыруға болады, бірақ тапсырмалар деңгейіне, жас ерекшелігіне сай сараланған болуы тиіс. Қалыптастырушы бағалау, стратегиялар ортақ қолданылып, тапсырмалары әр түрлі болуы мүмкін. Топпен жұмыс істегенде ұжымдық оқыту әдісін қолдану арқылы оқушы тапсырма орындауға қосатын үлесін өзі анықтайды, бірлесе жұмыс істеу балалардың арасында бірлік, бір біріне көмектесу қасиеттерін қалыптастырады. Әр топтың оқу жетістігін бағалайтын нақты жүйе дайындалса, оқушылар иықтас, қарама қарсы көршілерінің жұмыстарын талдай отырып, ойларын ашық айтуға үйренеді.

Біріктірілген сыныптардағы оқу үдерісі мұғалім жетекшілігімен және оқушылардың өздігінен орындайтын тапсырмалардың кезектесіп келуі арқылы өтетін болғандықтан, оқушыларды өзіндік жұмыстарды өзі білім меңгеру үшін саналы түрде орындауға дағдыландыру керек. Шығармашылық тапсырмалар көлемі жағынан әр түрлі, ұқсас та болады, яғни балаларға үлгі бойынша тапсырмалар ұсынылады. Бірте бірте күрделеніп, шығармашылық сипаттағы тапсырмаларға ұласады. Оқыту процесінде оқушылар оқулықпен және дидактикалық материалдармен, ғаламтормен, әр түрлі ресурстармен өз бетінше ізденуге әдеттенеді. Өзіндік жұмыс бағдарламаның талаптарына сай келуі, мақсатқа жетелеуге құрал болуы, оқушының логикалық ойлау қабілетін дамытуы, шығармашылық жұмыс – ізденудің баспалдағы болуы қажет. Оны ұйымдастыру кезінде жүйелілік қағидасын сақтау: өзіндік жұмыс тексерілуі және бағалануы тиіс. Шығармашылық жұмыс тек білімді бекіту кезінде ғана емес, сонымен бірге сабақтың басқа да сатыларында орындалуы тиіс [3, 1]. Cаралау тапсырмаларында міндетті түрде оқушы қажеттілігін ескеру керек. Мысалы, тапсырмалардың жауабын жазу кезінде балаларды тапсырманы әртүрлі тәсілдермен өздері тексеруге үйрету маңызды. Өзін-өзі бақылау дағдыларын дамыту үшін өзара, өзін өзі бағалауды қолданған тиімді.

Біріктірілген сыныптарда сабақтың басында оқушылардың назарын аудару үшін ортақ қызықты тапсырма беру арқылы ұйымдастыруға болады.

Тарих, әдебиет сабақтарында, виртуалды музей, сәйкестендіру, ребус, сөзжұмбақтар, ойындар, хронологиялық кестелер жемісті қолданылады. Математикада ойын, жұмбақ, сызба оқушыларға геометриялық фигуралар, яғни шеңбер, шаршы, тікбұрыш арқылы бағалау да толығырақ түсінік қалыптастыруға ықпал етеді. Биология мен жаратылстану, география сабақтарында саяхат жасау және ізкесушілер ойындары, карталар, танымдық видеолар тиімді. Сондай ақ ойын арқылы оқыту, жобалау және зерттеу, зерделеу, құрастыру сын тұрғысынан ойлауды дамытып, мұғалім де оқушы да шығармашылық тапсырмалармен жұмыс істей отырып, сапалы білімге қол жеткізеді. Жасанды интеллект арқылы тұлғаларды сөйлету, жануарларға жан бітіру, математикалық диктанттар, сайыстар, тарихи деректер, т.б. қосымша ресурстарды пайдалану сабақты ұйымдастыру кезінде таптырмайтын көмекші құралдар.

Осы орайда бірпәндік біріктірілген сыныпта биология пәнінен өткізген сабақ жоспарын ұсыныу арқылы қолданылған әдістерімді көрсетейін.

Сабақ тақырыбы: 7-сынып/8-сынып. Тыныс алу мүшелерінің аурулары/ Лейкоциттер, олардың құрылысы мен қызметі. Оқу мақсаты: 4.1.4.6. Тыныс алу мүшелерінің ауруларының себептері мен алдын алу жолдарын түсіндіру/ Оқушыларды ұйымшылдық пен салауатты өмір салтына шақыра отырып, жаңа сабақты өткен сабақпен байланыстыру арқылы лейкоциттердің құрылысы мен қызметі, жұқпалы аурулардың пайда болуы, фагоцитоз құбылысының мәні мен маңызы туралы білімдерін толықтыру [4, 385].

1. Кіріктірілген бөлім. Бағдарлау-мотивациялық кезең. «Дейін кейін» әдісі арқылы бейнефильм көрсетіледі, сол бойынша екі сынып та кестені толтырады. Сұрақтарға жауап беру арқылы тақырыптың мазмұнын ашады. Екі сынып бірігіп Венн диаграммасындағы бағанды толтырады: Тыныс алу мүшелерінің аураулары/Ұқсастықтары / Жұқпалы аурулар.

2. Сараланған бөлім. Операциялық-орындаушылық кезең. «Кластер», «Постер», «Жоба» әдісі арқылы тақырыптың таныстырылымын жасайды.

3. Кіріктірілген бөлім. Рефлексиялық-бағалау кезеңі. «Балық сүйегі» әдісі бойынша тақырыпты қорытындылайды. «Биологиялық диктант» пен тест тапсырмасын жазады.

Бағалау. «БББ Білемін Білдім Білгім келеді әдісі арқылы өзін өзі бағалайды. «Тұрақ» әдісі арқылы сұрақтарын сабақ барысында стикерге жабыстырады, мұғалім сол бойынша бағыт береді. «Табыс сатысы» арқылы қай деңгейде тұрғанына баға береді.

Бірпәндік біріктірілген сыныптардағы сабақтарды ұйымдастыру барысында кез келген оқыту әдістерін тиімді қолдана білу арқылы сапалы білімге қол жеткізу мұғалімнен үлкен жауапкершілікті, ізденісті, шығармашылықты талап етеді. Тәжірибеде қолдану арқылы оқушылардың да шығармашылық ізденісін, жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру қажет.

Қорытындылай келе түйгенім, біріктірілген сабақ оқытудағы негізгі мақсат – өмір сүру қажеттілігіне сенімділігі бар баланың жеке тұлғасын қалыптастыру. Мұғалім оқытудың әртүрлі әдістерін қолдана отырып, біріктірілген сыныпта отырған әртүрлі жастағы оқушылардың мүмкіндіктерін, жас ерекшеліктерін жан-жақты ескеріп, олардың өздігінен білім алуға қызығушылығын ояту, білім, білік, дағдыларын одан әрі дамыту міндетін жүзеге асырады. Уақытты үнемдей отырып, ресурстарды, тиімді әдістерді қолданып, оқушыны көздеген оқу мақсатына жету үшін шығармашылық ізденіске, өзіндік сапалы жұмыс істеуге, мұғалімнің бағдарымен білімін жетілдіруге талпындыру арқылы біріктірілген оқытуды сапалы ұйымдастыру заманауи креативті мұғалімнің қолынан келеді.









































Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

Источник: https://www.tarbie.kz/25622


1. Әдістемелік құрал. "Әдебиеттік оқу", "Қазақ тілі" 2013ж

2. Газет "Учительская плюс"

3. "Бастауыш білім" журналы.

















































Пайдаланылған әдебиеттер:


1. Ж.Қ.Астамбаева, Г.И.Уәйісова, Шағын жинақты бастауыш мектептегі педагогикалық үдеріс теориясы мен технологиясы: Алматы, 2010.

2. Баймолдаев Т.М. және т.б. Шағын жинақталған мектептерде пәндерді оқытуда жаңа педагогикалық әдістерді пайдалану жолдары. (Әдістемелік нұсқау). – Алматы, 2002.

3. Базарбаева Н.Ә. Шағын комплектілі мектептердегі оқу-тәрбие үрдісіндегі ерекшеліктер: — Алматы, 2002.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
12.02.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі