400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 25 материал табылды

Бірінші дүниежүзілік соғыстың себептері қандай?

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал дүниежүзі тарихы пәнінен 8 сыныпқа арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАРЫ

Мұғалімнің аты-жөні:

Амангелдиев Миржан Бекболатұлы

Пән/Сынып:

Дүниежүзі тарихы, 8 сынып

Күні

30.09.22

Тарау немесе бөлім атауы:

2-бөлім – Бірінші дүниежүзілік соғыс: себептері мен салдары

Сабақтың тақырыбы:

§5 Бірінші дүниежүзілік соғыстың себептері қандай?

Оқу мақсаты:

8.3.2.1 Бірінші дүниежүзілік соғыстың алғышарттары мен себептерін айқындау;

Тарихи ойлау дағдысы

Тарихи концепт

Тарихи талдау мен түсіндіру

Себеп пен салдар.

Сабақтың мақсаты

Барлығы: Бірінші дүниежүзілік соғыстың алғышарттары мен себептерін анықтайды;

Басым бөлігі: Бірінші дүниежүзілік соғыстың алғышарттары мен себептерін түсіндіреді;

Кейбірі: Бірінші дүниежүзілік соғыстың алғышарттары мен себептерінен туындаған тарихи оқиғаларға баға береді.

Бағалау критерийі:

- Бірінші Дүниежүзілік соғыстың алғышарттары мен себептеріне негіз болатынтарихи оқиғаларды анықтап, түсіндіреді;

Бірінші дүниежүзілік соғыстың алғышарттары мен себептерінен туындаған тарихи оқиғаларға баға береді.

Алдыңғы білім

XIX ғасырдың аяғы - ХХ ғасырдың басында өнер қалайша өзгерді?

Сабақ барысы

Уақыты

Кезең-дері

Тапсырма


Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

10 минут

Ұйым-дастыру

Сәлемдесу, өткен сабақты қайталау, жаңа сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттарымен таныстыру.

Өткен сабаққа байланысты тапсырма:


Оқушылар өз ойларын ортаға салады.

Оқушылар жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу

Оқушылар өз болжамдарын айтып, талқылау жүргізеді

ҚБ «Мадақтау сэндвичі»



Слайд (сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту)

Презентация

5-6 минут





















10 минут

















10 минут


Жаңа сабақ

1. Саралау –жіктеу

Бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы Балқан түбегіндегі қалыптасқан саяси оқиғаларды және Балқан түбегін неліктен Еуропаның «жарылғыш бөшке» деген атау алғандығын түсіндіріледі.

Оқушыларға XX ғасыр басындағы және Бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы халықаралық саяси жағдайды бейнелейтін суреттер мен бейнелер ұсынылады.

«Түртіп алу» старатегиясын пайдаланыап, жазып алады.

https://www.youtube.com/watch?v=vNbtk2ua0Z4&feature=emb_title

Саралау –дереккөз

Оқушылар бейнематериалдың негізінде XX ғасыр басындағы және Бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы халықаралық саяси жағдайды төмендегі сұрақтарға жауап беру арқылы ашады.

«Стоп кадр» әдісі

- Бейнефильмнен не түсіндік?

- «Соғыс» ұғымын немен байланыстырасыз?

- Бірінші дүниежүзілік соғыстың себептері қандай болды?

- Австрия тағынан үміткер эрцгерцог Франц Фердинандтың өлімі соғыстың тұтануына себеп болды ма әлде соғыс кез келген уақытта басталар ма еді?

Саралау – диалог және қолдау көрсету

ҚБ: мұғалімнің бағалауы

2. Саралау – тапсырма

Оқушылардың жұптық жұмысы.

Оқушылар жұппен әлемдік соғысқа қатысушы елдердің соғыс алдындағы жағдайын зерттейді. Содан соң оқушылар жұппен өз ойларын қысқаша түрде айтады.

Оқушыларға 1900-1914 жылдардағы халықаралық қатынастардың уақыт тізбегін жасауға мүмкіндік беретін ресурстар беріледі.

Бірінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан елдерді жұптарға бөлінеді. Бұл елдер Германия, Ресей, Австро-Венгрия, Ұлыбритания, Франция, Италия, Бельгия және Сербия.


3. Саралау – тапсырма

Пікір талас жүргізу кезінде әр жақтан мықты деген 6 спикер шығады.

ҚБ: «2 жұлдыз, 1 ұсыныс»












Дескриптор: Бейнематериалдан көрген мәліметі бойынша жауап береді.







Дескрипторлар: оқушылар көрсетеді:

мемлекеттің басым тұсын

мемлекеттің әлсіз тұсын

мемлекеттің сыртқы саясаттағы басты мақсатын

мемлекет қай елден қорғанды

мемлекет қай елмен одақтас болды









Дескриптор:

1-баяндамашы Австро-Венгрия тағынан үміткердің өлімі Бірінші дүниежүзілік соғыстың тұтануына басты себеп болғандығын дәлелдейді.

2-баяндамашы бұл ойды жоққа шығарып, соғыстың басқа да маңызды себептерін дәлелдейді.

3-баяндамашы бірінші баяндамашыны қолдайды.

4-баяндамашы екінші баяндамашыны қолдайды.

Ал қалған оқушылар бұл оймен «келісемін» немесе «келіспеймін» деп айтуларына болады.

5-баяндамашы Австро-Венгрия тағынан үміткердің өлімі Бірінші дүниежүзілік соғыстың тұтануына басты себеп болмағандығына негіздеп, қорытындылайды.

6-баяндамашы тақ үміткерінің өлімі соғыстың басты себебі болды деп шешеді.




















ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады


Презентация

5 минут





















Тәжірибе

Бекіту

Кері байланыс:

Жеке сұрақ-жауап тапсырмалар беріледі

- Еуропа елдері өздерінің соғыс себептеріне қатысы жоқтығын қалай түсіндіреді?

- Сіз бұл пікірмен келісесіз бе?

- Балқан түбегі неге Еуропаның «жарылғыш бөшкесі» деп аталды?

- Бірінші дүниежүзілік соғыстың себептері қандай болды?

Оқиғалар мен жылдарды сәйкестендіреді.

Ағылшын-бур соғысында бурлар жеңіліс тапты

А

1913 ж

Соғыстың қызып тұрған шағында, рейхстаг теңіздегі қарулануды күшейтудің жаңа бағдарламасын бекітті

Ә

1900 ж маусым

Орыс жапон соғысы

В

1907 ж

Үштік келісім Антанта құрылды

С

1899-1902 жж

Лондонда Балқан түбегінің саяси шегараларын айқындау туралы келісімге қол қойылды.

Д

1904-1905 жж


1-С. 2- Ә. 3-Д. 4-В. 5-А.

Дескриптор: Білім алушы

- Берілген оқиғалар мен жылдарды сәйкестендіреді.

- Оқиғалардың уақытын біледі.

- БДЖС туралы білімін нақтылайды.

ҚБ: Өзін-өзі бағалауы

Жаңа тақырыпты тәжірибе арқылы меңгеру

Тақырыпты меңгергенін анықтау

Бағалау критерийлерін ұсыну

Презентация














Презентация















5 минут


Қорытынды


Үйге тапсырма

Сабақты қорытындылау

Мен оны қолданып көремін......

Қызықты болды.....

Мені таңғалдырды....

Қиын болғаны....

Сабақтан өмірге алғаным......

Мен мына тапсырманы орындадым.....

Менің қосарым.....


Үйге тапсырма: §5 Бірінші дүниежүзілік соғыстың себептері қандай?

Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады


Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды

Презентация







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
21.12.2024
402
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі