Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Бірінші сынып оқушыларының мектепке бейімделін зерттеу жұмысы
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тақырыбы: Бірінші сынып оқушыларының мектепте оқуға бейімділік деңгейін зерттеу.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Бірінші сынып оқушыларының мектепте оқуға психологиялық даярлығы мен бейімділігін анықтау.
Міндеттері:
1. Балалардың
бір-бірімен танысу үшін қолайлы жағдайлар жасау.
2. Бірінші сынып оқушыларының мектеп өміріне бейімделуі кезінде
қорғаныштық және эмоциялық жайлылық сезімін қамтамасыз ету үшін
жағдайлар жасау.
3. Мектеп ережелеріне қатысты оң қарым-қатынас әсерін
қалыптастыру.
4. Бірінші сынып оқушыларының тұлғалық эмоциялық және
коммуникативті жақтарын дамыту.
5. Әр баланың табысқа жету жағдаятын қамтамасыз ету.
6. Жеке өзіндік қасиеттерін көрсете білу үшін жағдай жасау.
7. Сыныптың ұжымдық бірлігі, бір-біріне деген сенімді қатынасы
ынтымақтастық дағдыларын
дамыту.
Сабақ түрі: психодиагностика
Өткізу формасы: тест, сауалнама
Күтілетін нәтиже: Бейімдеу сабақтарын жүргізу нәтижесінде бірінші сынып оқушыларының бейімсізденуін болдырмау, бірінші сынып оқушыларының бейімделу ұзақтығын қысқарту нәтижелілігі күтілуде. Мазасыздық деңгейі төмендетіледі. Мектепте өзін-өзі алып жүру ережелерімен танысады. Оқушылар ұжымында қолайлы орта жасалады. Балалар бір-бірімен және сынып жетекшісімен танысады
Қатысушылар: 1-сынып оқушылары
Жас ерекшелігі: 6-7 жас
Қолданылатын психодиагностикалық әдістемелер:
Бірінші сынып оқушыларының мектепте оқуға бейімділік деңгейін зерттеу екі кезеңнен тұрады. 1 кезең топтық жұмыс, сыныппен жүргізіледі
-
Керн Йерасектің әдістемесі бойынша 1-сынып оқушыларының мектепте оқуға психологиялық дайындығын анықтау:
-
«Ер адамның бейнесін сал» тесті.
-
Сөздер көшірмелері.
-
Нүктелер көшірмесі
-
2 кезең, 1 кезең тапсырмаларынан төмен көрсеткіш көрсеткен оқушылармен жеке диагностика жұмыстары жүргізіледі.
-
Ақыл-ой деңгейін анықтау диагностикасы: К.Йерасектің ауызша сұрақтары
-
«Цифрлық кесте» Шульте әдістемесі. Зейінін анықтау
-
Оқушының есте сақтау деңгейін анықтау
-
«Не артық?» әдістемесі. Балалардың ойлауын анықтау
-
«Не жетпейді?» әдістемесі. Баланың қабылдау ерекшелігін анықтау
-
Графикалық диктант. Д.Б. Эльконин әдістемесі
-
-
КЕРН-ЙЕРАСЕКТІҢ «МЕКТЕПКЕ ҚАЛЫПТАСУЫН БАҒДАРЛАУШЫ» ТЕСТІ
-
Адамның суретін салу (Керн-Йерасек тесті)
-
Нұсқау: Ер адам суретін сал.
-
Сөздер көшірмелері
Нұсқау: Сол жақта жазылған сөздерді сол күйінде көшіріп жаз.
-
Нүктелер көшірмесі
Нұсқау: Жоғары жақта салынған нүктелерді сол күйінде көшіріп жаз.
Жоғары: 33
Орташа: 88
Төмен: 35
Өте төмен: 0
2. К.Йирасектің оқушының мектепке дайындығын бағдарлау тестінің ауызша сұрақтары
1. Жануарлардың қайсысы үлкен – жылқы ма, ит пе?
Жылқы 0 ұпай, қате жауап = -5 ұпай.
2. Таңертең ас ішесіз, ал күндіз ше?
Түскі ас ішеміз. Сорпа ішіп, ет жейміз = 0 ұпай. Кешкі тамақ ішеміз, ұйықтаймыз
және т.б. қате жауаптар = -3 ұпай.
3. Күндіз жарық, ал түнде ...
Қараңғы – 0 ұпай, қате жауап = -4 ұпай.
4. Аспан көк, шөп ...
Жасыл = 0 ұпай, қате жауап = -4 ұпай.
5. Шие, алмұрт, өрік, алма – бұл не?
Жемістер = 1 ұпай, қате жауап = -1 ұпай.
6. Темір жолдан өтер кезде неге шлагбаум түсіріліп, жол жабылады?
Поезд автомобильден соқтығысып қалмау үшін жол жабылады. Адамдардың
поезд астына түсіп қалмауы үшін (т.б.) = 0 ұпай, қате жауап = -1 ұпай.
7. Астана, Алматы, Павлодар, Семей бұл не?
Қала = 1 ұпай, станция = 0 ұпай, қате жауап = -1 ұпай.
8. Сағат қанша уақытты көрсетіп тұр (қағазда көрсетеміз: алтыдан он бес минут кетті, бес минутсыз сегіз, он бірден бес минут кетті, он бірден он бес минут кетті)?
Жақсы көрсетсе = 4 ұпай. Сағаттан он бес минутты, толық бір сағатты немесе он бес минут бір сағат дұрыс болса = 3 ұпай. Сағатты білмесе = 0 ұпай.
9. Кішкентай сиыр – ол бұзау, кішкентай ит – ол ..., кішкентай қой - ....?
Күшік, қозы = 4 ұпай, екеуінің біреуін ғана атаса = 0 ұпай, қате жауап = -1 ұпай.
10. Ит тауыққа ұқсай ма, әлде мысыққа ұқсас па? Олар несімен ұқсас?
Мысыққа ұқсас (белгілерін айтпайды). Тауыққа ұқсас = -3 ұпай.
11. Неге барлық автомобильдерде тежегіш бар?
Екі себебі бар (таулы жерде, бұрылыстарда тежегіш қажет; соқтығысу қаупі туғанда; жай машинаны тоқтату үшін) = 1 ұпай. 1 себеп = 0 ұпай, қате жауап (мысалы, машина тежегішсіз-ақ жүре беруіне болады) = -1 ұпай.
12. Балта мен балғаның ұқсастығы неде?
Екі ортақ белгілері бар (олар ағаш пен темірден жасалған, сабы бар, олармен шегені қағуға болады, артқы жақтары тегіс болып келеді). 3 ұпай, бір ғана белгісін айтса = 2 ұпай, қате жауап = 0 ұпай.
13. Тиін мен мысықтың ұқсастығы неде?
Олардың екі ұқсастығы бар (4 аяғы, құйрығы, жүні бар, екеуі де ағашқа өрмелей алады) = 3 ұпай, біреуін ғана айтса = 2 ұпай, қате жауап = 0 ұпай.
14. Шеге мен бұранданың айырмасы неде? Екеуі де алдыңда жатса, қалай ажыратар едің?
Олардың бір-бірінен айырмасы көп: бұранда бұралады, шиырмалы.
15. Футбол, биіктікке секіру, теннис, жүзу – бұл не?
Спорт, дене шынықтыру = 3 ұпай. Ойын (жаттығу), гимнастика, жарыс = 2 ұпай, қате жауап = 0 ұпай.
16. Қандай көлік түрлерін білесің?
Жерде жүретін көлік түрі, ұшақ және кеме = 4 ұпай. Жерде жүретін үш көлік түрі немесе толық тізімі, ұшақ пен кеме және олар қозғалыс құралы = 2 ұпай, қате жауап = 0 ұпай.
17. Қарт адам мен жас адамның айырмасы неде?
Үш белгісі бар (шаштың ағаруы немесе мүлде болмауы, әжімдер, жұмыс істей алмауы, көзі нашар көреді, дұрыс естімейді, жиі ауырады, жас адамға қарағанда өлімге жақын тұр) = 4 ұпай, бір немесе екі айырмасын айтса = 2 ұпай, қате жауап (оның қолында таяқ, темекі тартады) = 0 ұпай.
18. Адамдар неге спортпен шұғылданады?
Екі себебі бар (денсаулығы мықты, күшті болуы үшін, ширақ қозғалыс, толық болмас үшін, рекорд жасағысы келеді, т.б.) = 4 ұпай. Бір ғана себебін келтірсе =2 ұпай, қате жауап = 0 ұпай.
19. Егер адам жұмыс істеуден қашқақтаса неге жаман деп есептелінеді?
Басқалары ол үшін жұмыс істеу керек (немесе басқаларға зиян келеді), өте аз жалақы алады, ештеңе сатып ала алмайды, жалқау =2 ұпай, қате жауап = 0 ұпай.
20. Конвертке неге марка жабыстырады?
Хатты тасымалдағаны үшін төлейміз = 5 ұпай. Басқа адамның төлейтін штрафы = 2 ұпай. Қате жауап = 0 ұпай.
2.1. «Цифрлық кесте» әдістемесі
Зейіннің көлемін, оның бөлінушілік және аударылу жылдамдығын анықтау (санай білуін тексеру үшін қолданылады). Балаға 1-ден 25-ке дейінгі еркін орналасқан сандар жиынтығынан тұратын кесте көрсетіңіз. Бала осы цифрларды білетіндігіне көз жеткізіңіз. Одан соң оған нұсқау беріңіз. Мүмкіндігінше 1-ден 25-ке дейінгі сандарды тауып, көрсетіп және дауыстап атап шығуға тырыс.
Барлық тапсырманы орындауға жұмсалған уақытты және де қателер санын белгілеп отырыңыз. 6-7 жасар балалардың көпшілігі бұл тапсырманы 1,5-2 минут ішінде және қатесіз орындайды.
2.2. Ес: «Сөзді есіңде сақта»
Мақсаты: оқушының ұзақ және қысқа мерзімде естіп еске сақтауын анықтау
Нұсқау: Қазір мен сөздер айтамын, сен оларды есіңе сақтап, маған қайталап айтасың.
Нұсқаушы сөздерді асықпай айтады: ШАМ, АҒАШ, ҚУЫРШАҚ, КІТАП, АДАМ, ПАЛЬТО, СТАҚАН, ТЕЛЕФОН, ТЕЛЕДИДАР, КӨЛІК. 10 минуттан кейін есіне сақтаған сөздерді қайта айтуын сұралады.
Нәтиже қорытындысы: Екі жауапты қосып есептегенде
15-20 сөз – жоғары, 10-15 сөз – орташа, 10 сөз – төмен
2.3. «Көріп есте сақтау»
Мақсаты: оқушының ұзақ және қысқа мерзімде көріп еске сақтауын анықтау
Нұсқау: Қазір мен суреттер көрсетемін, сен оларды есіңе сақтап, маған не көргеніңді айтасың.
Нұсқаушы 1минут ішінде 10 сурет көрсетеді, 10 минуттан кейін есінде сақтаған суреттерді қайта айтуын сұралады.
Нәтиже қорытындысы: Екі жауапты қосып есептегенде
9-10сурет – жоғары, 6-8сурет – орташа, 5 сурет – төмен
2.4. Графикалық диктант Д.Б. Эльконин әдістемесі.
Мақсаты: үлкендердің тапсырмасын мұқият тыңдап, дәл орындауларын, берілген сызықты парақта дұрыс белгілеуін, өз бетімен үлкендердің тапсырмасы бойынша әрекет етуін тексеру.
Нұсқау: Әр балада 4 нүкте белгіленген торлы парақ. «Қазір біз сіздермен әр түрлі өрнектер саламыз. Оларды әдемі әрі ұқыпты салуға тырысамыз, ол үшін мені мұқият тыңдаңдар. Мен қай жаққа неше тор сызу керектігін айтамын, бір сызықты сызғаннан кейін келесі сызықты қай жаққа неше торға сызу керектігін айтамын. Сызықты сызғаннан кейін, келесі сызықты қалай сызу керектігін мен айтпайынша тыныш күтеміз. Ол сызық қай жерде аяқталса сол жертен басталуы тиіс.
1-өрнек: 1 тор төмен, 1тор оңға, 1 тор жоғары, 1тор оңға, 1 тор төмен, 1 тор оңға, 1тор жоғары.
2-өрнек: 1 тор жоғары, 1тор оңға, 1 тор жоғары, 1тор оңға, 1 тор төмен, 1тор оңға, 1 тор төмен.
3-өрнек: 3 тор жоғары, 1тор оңға, 2 тор төмен, 1тор оңға,2 тор жоғары,
1тор оңға, 3 тор төмен, 1тор оңға, 2 тор жоғары, 1тор оңға, 2 тор төмен, 1тор оңға, 3 тор жоғары
4-өрнек: 3 оңға, 1жоғары, 1 солға, 2 жоғары, 3 оңға, 2 төмен, 1солға, 1 төмен, 3 оңға, 1 жоғары, 1 солға, 2 жоғары.
-
«Не артық?» әдістемесі
Мақсаты: Балалардың ойлауын дамыту
Нұсқау: «Әр қатарда қай зат артық? Әртүрлі нұсқаны ата және таңдауыңды түсіндір.
-
6. «Не жетпейді?» әдістемесі
Мақсаты: Баланың қабылдау ерекшелігін анықтау
Нұсқау: Мына суреттерде не жетіспейтінін тап.
Дайындаған: