400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Бірлесіп орындалатын жұмыстарға қатысты есептер

Материал туралы қысқаша түсінік
бұл материал математика пәні мұғалімдеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:5.3.А Мәтін есептер

Мектеп: «Ә.Махутов атындағы мектеп-балабақша кешені» КММ

Күні .17.01.2019ж

Мұғалімнің аты- тегі: Тіркесбаева Ақмарал

Сынып: 5ә

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Бірлесіп орындалатын жұмыстарға қатысты есептер


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.5.1.3. Жай бөлшектерге арифметикалық амалдар қолданып мәтін есептер шығару (мысалы, бірлесіп орындалатын жұмыстарға қатысты есептер).


Сабақ мақсаттары:


Мәтін есептер шығару дағдысын қалыптастыру (мысалы, бірлесіп

орындалатын жұмыстарға қатысты есептер).


Сабақтың түрі

Жаңа сабақ

Бағалау критерийлері

1. Мәтін есептер шартын түсініп, қысқаша шартын жаза алады (мысалы, бірлесіп орындалатын жұмыстарға қатысты есептер);

2. Сұраққа байланысты қажетті белгілеулерді қолдана алады;

3. Есеп шарты бойынша теңдеу немесе өрнек құрай алады ;

4. Жай бөлшектерге арифметикалық амалдар қолдана алады;

5. Дұрыс жауабын бере алады.

Тілдік мақсаттар

Мәтін есептер, әріпті өрнектер , теңдеулер ,жұмыс есептері,

шешім ,математикалық модель.

Құндылықтарды дарыту

Жұппен жұмыс істей білуге, ұжымдылыққа, шыдамдылыққа, жауапкершілікке, әділдікке тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Ағылшын тілі

АКТ қолдану дағдылары

http://borisova-irino4ka.narod.ru/olderfiles/2/tekstovye_zadachi_po_matematike.pdf

https://www.youtube.com/watch?v=r8_U68YXuqc

Бастапқы білім

Мәтін есептер , теңдеулер, өрнек құру

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Cабақтың басы

5 мин

Ұйымдастыру кезеңі

  1. Амандасу.

  2. Сабақтың кезеңдерімен, мақсатымен , бағалау критерийлерімен таныстыру.

  3. Оқушыларға «В стране невыученных уроков» мультфилімнен үзінді көрсетіледі. Мұғалім оқушыларға бағыттаушы сұрақтар « Не білуіміз керек?» , «Неге үйренуіміз керек?» беру арқылы тақырыптың мақсатын ашуға көмектеседі..

  4. Алғашқы білімдерін, үй жұмысын тексеру Мүғалім бағалау парағын үлестіріп, оқушылардың алғашқы білімдерін тексереді

1) 2) 3) 4)




http://borisova-irino4ka.narod.ru/olderfiles/2/tekstovye_zadachi_po_matematike.pdf

https://www.youtube.com/watch?v=r8_U68YXuqc

Сабақтың ортасы

10 мин.




























5мин.













8мин.









3мин.

12мин.













1мин.

  1. Жаңа сабақ.

Мұғалім оқушыларға мәтін есептер шығарылу алгоритмдерімен таныстырып,түсініктемелер береді.

Мәтінді есеп деп сөздерден құралған есептерді айтамыз.

Мәтінді есептерді шешу үшін алдымен шартын түсініп оқып алу керек.

Мәтінді есептерге теңдеу құру үшін есептегі белгісіз шамаларды анықтап алу қажет.

Есептегі белгісіз шамаларды латын әріптерімен белгілейміз.

Құрылған теңдеуді шешу үшін есептегі амалдарды тізбектей орындау қажет.

Қысқаша есеп шарттарын схема арқылы көрсетіп, оқушының ойын жүйелей білуге баулиды. Жұмысты 1 бүтін деп есептейміз.

Бірлесіп жұмыс жасау мәтін есептеріне мысалдар қарастырып жалпы сыныппен талқылайды, оқушылар алдына мәселе қояды:

Айдана шоколадты 3 минутта, ал Дамир 6 минутта жейді . Олар осы шоколадты бірге неше минутта жеп бітіреді? Оқушыларға есептің шешуінің әртүрлі нұсқаларын көрсетеді Мұғалім бағыттаушы сұрақтарарқылы осы есепті шешу үшін уақыт , жұмыс, еңбек өнімділігі,яғни минутына қандай бөлікті жейді ұғымдарын жете түсіндіреді.

Соған байланысты формулаларды бере отырып, есепті кестеге салып шығару оңайырақ болатынын айтады.



Уақыт

t

Өнімділік

p

Жұмыс

A

1 адам




2 адам




Бірге







Уақыт

t

Өнімділік

p

Жұмыс

A

Айдана

3

1

Дамир

6

1

Бірге

?

?

1


+ =

1: =2

Жауабы: 2 минут.

Нәтижелері бағалау парағына түсіріледі.

6. Фронтальды жұмыс

Хауыздағы су бір құбырдан 7 сағатта толады, ал екінші құбырдан хауыз 8 сағатта босайды. Екі құбыр ашық болса, бассейін неше сағатта толады?

1) 1) 1:7= (бөлік ) – бірінші трубаның өнімділігі

2) 1:8= (бөлік ) – екінші трубаның өнімділігі

3) - = (бөлік ) – жалпы өнімділік

4 ) 1:56= (бөлік) –жұмыстың жалпы уақыты

Жауабы: 56 сағат.

7.Сергіту сәті

8. Жұппен жұмыс/ Work in pairs

1.Ертедегі есеп. Бір қойды арыстан 2 күн,қасқыр 3 күн, ал ит 6 күн жейді. Егер бір қойды арыстан, қасқыр және ит бірлесіп жесе, неше күн жейді?

Жауабы: 1сағат

2.Хауыз бірінші және екінші құбырдан аққан сумен 6 сағатта толады. Хауызға су бірінші құбырдан ғана ақса, хауыз 10 сағатта толады. Хауызға су екінші құбырдан ғана ақса, хауыз неше сағатта толады?

Жауабы: 15сағат

3.Ағасы, інісі және қарындасы бірлесіп қардан аққаланы 12 минутта жасады. Қардан жасалған осы аққаланы, егер ағасы ғана жасаса 24 минутта,егер інісі ғана жасаса 40 минутта жасайды. Егер осы аққаланы қарындасы ғана жасаса, қанша уақытта жасайды? 

Жауабы: 1сағат

9. Фронтальды жұмыс.

Оқушыларға ағылшын тілінде есеп беріледі.

Jonn and his brother took water with them on a hike. Jonn takes 3 hours to drink 1 pint of water and his brother takes 4 hours to drink 1 pint of water. How many hours will it takefor the combined amout drink to be 1 pint?

Нәтижелер бағалау парағына түсіріліп отырады.

9. Сабақты қортындылау Рефлексия.

Мұғалім сабақты сұрақ-жауап арқылы оқушылардың өзіне қортындылатып, рефлексия жүргізеді парақтары бойынша бағалайды




Сабақтың соңы









1 мин.

Үй жұмысы Бірінші жұмысшы жұмысты 10 күнде бітіреді, ал екінші жұмысшы сол жұмысты 15 күнде бітіре алады. Екеуі бірлесіп, осы жұмысты неше күнде бітіре

Жауабы: 6

2.Шығармашылық жұмыс:

Бірлесіп орындалатын жұмыстарға қатысты есеп.




Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларғақандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?



Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?



Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушылар сабақ бойы жеке және жұппен жұмыс жасайды. Қабілеті жоғары оқушылар басқа оқушыларға көмектеседі.Сабақ кезеңінің кезкелген сәтінде уақытты ұтымды пайдалану


. Өзін-өзі бағалау түрі қолданылады. Сабақта оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру үшін фронтальды жұмыс жасайды.

Физминуттар.. Сабақ басында оқушылар қауіпсіздік техникасымен таныстырылады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Сабақ жайында ойыңызды білдіріңіз. сол жақтағы сұрақтардың ең негізгі сұрағына жауап беріңіз


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақбарысында сыныптуралынемесежекелегеноқушылардыңжетістік/қиындықтарытуралыненібілдім, келесісабақтарда неге көңілбөлуқажет?








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28.03.2019
810
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі