400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Бірлесіп орындалатын жұмыстарға қатысты есептер. 5-сынып математика

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сабақ жоспары жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша білім беретін 5- сыныптың математика пәнінің мұғалімдеріне немесе сабақ жоспарын жаңа үлгіде жасап үйренуге студенттерге қажетті материал, сабақ жоспары. Сабақ жоспарында сабақтың барлық кезеңдері анық көрсетілген және тапсырмаларды орындау үшін бағалау критерилері толық берілген. Сонымен қатар тиімді стратегиялар мен әдіс тәсілдер қарастырылған. Осы тақырыпта сабақ өткізуге қолайлы деп ойлаймын
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.3.А Мәтін есептер

Мектеп: Заря орта білім беру мектебі

Күні:06.04.2018

Мұғалімнің аты- тегі: Ховдабай Жайлаухан

Сынып:5

Қатысқандар саны: 9

Қатыспағандар саны:0

Сабақтың тақырыбы:

Бірлесіп орындалатын жұмыстарға қатысты есептер


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.5.2.3.Жай бөлшектерге арифметикалық амалдарқолданып мәтін есептер шығару (мысалы, бірлесіп орындалатын жұмыстарға қатысты есептер).


Сабақ мақсаттары:


Бірлесіп орындалатын жұмыстарға есептер шығару дағдысын қалыптастыру, маңыздылығын анықтау (мысалы, мәтін есептер, логикаға қатысты есептер).


Бағалау критерийі

- Мәтін есептер шартын түсініп, қысқаша шартын жазады (мысалы, бірлесіп орындалатын жұмыстарға қатысты есептер);

- Сұраққа байланысты қажетті белгілеулерді қолданады;

- Есеп шарты бойынша теңдеу немесе өрнек құрастырады ;

- Жай бөлшектерге арифметикалық амалдар қолданады;

- Есепті шығару барысында еңбек өнімділігін анықтайды;

- Дұрыс жауабын бере алады.

Тілдік мақсаттар

Өнімділік, бірлескен жұмыс

Құндылықтарды баулу

Өзара сыйластыққа, бір–біріне көмекке келуге, жұппен жұмыс істей білуге, ұжымдылыққа, шыдамдылыққа, жауапкершілікке, әділдікке тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Жаратылыстану, көркем еңбек

Алдыңғы білім

теңдеулер, өрнек құру, уақыт, жылдамдық

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Cабақтың басы


«Шаңырақ» әдісі. Шаңыраққа әр түрлі тапсырмалар мен сұрақтар бекітілген. Осы сұрақтарға жауап беру арқылы үй жұмысы тексеріліп, өткен тақырып қайталанылады. Топқа бөлінеді(үш түрлі түс: сары, жасыл, көк)

  1. Санның бөлігі қалай табылады?

  2. Бөлігі бойынша сан қалай табылады?

  3. 32-нің

  4. 80-ге тең


Ребус шешеу арқылы сабақтың тақырыбына шығу

«Дайындал...Назар сал…Оқыңдар!» әдісі

Мұғалім тапсырманы тақтаға шығарады. Осы тапсырмаға дескрипторлар беріледі. Осы есепті бірлесіп талдайды.

1-мысалы: Цистернаны бензинмен бірінші насос 24 минутта толтырса, екінші насос 40 минутта толтырады. Екі насостан қатар аққан бензинмен цистерна қанша уақытта толтырады.

Дескриптор

  • Бірінші насостың өнімділігін табады;

  • Екінші насостың өнімділігін табады;

  • Екі насостың жалпы өнімділігін табады;

  • Екі насостың бірге істегендегі жұмыс уақытын табады.

Соңында мұғалім есептің шешу үлгісін көрсетеді.

-бірінші насос 1 минутта цистернаны толтыруы;

-екінші насос 1 минутта цистернаны толтыруы;

екі насос 1 минутта цистернаны толтыруы;

1: =15 екі насостың бірге істегендегі жұмыс уақыты;

Жауабы: 15 минут.

«Бағдаршам» әдісі арқылы бағалайды



























А.Т.Алдамұратова, Е. Байшоланов

5 сынып Математика оқулығы 2-бөлім 2015ж (47 бет)

АКТ-ны қолдану













Сабақтың ортасы















































«Спикерді таңдау» топқа бірігіп тапсырмалар беріледі. Таңдалған спикер тақтада қорғайды.

І топ Хауыздағы су бір құбырдан 7 сағатта толады, ал екінші құбырдан хауыз 8 сағатта босайды. Екі құбыр ашық болса, бассейін неше сағатта толады?

Шешуі (үлгі): 1) 1) 1:7= (бөлік ) – бірінші трубаның өнімділігі

2) 1:8= (бөлік ) – екінші трубаның өнімділігі

3) - = (бөлік ) – жалпы өнімділік

4) 1:56= (бөлік) –жұмыстың жалпы уақыты

Жауабы: 56 сағат.

Дескриптор

- қысқаша шартын жазады;

- бірінші құбырдың еңбек өнімділігін жазады;

- екінші құбырдың еңбек өнімділігін жазады;

- санды өрнек құрастырады;

- жай бөлшектердің азайту ережесін қолданады;

- екінші құбырдың уақытын табады.

-жауабын жазады.

ІІ топ

Сал өзен жағасындағы А айлағынан В айлағына дейін арақашықтықты 20 сағат жүзеді. Қайық көлде осындай арақашықтықты 5 сағат жүзеді. Егер қайық өзенде ағыспен жүзсе, А айлағынан В айлағына неше сағатта барады?

Дескриптор

- қысқаша шартын жазады;

-Салдың өзендегі жүзу өнімділігін жазады;

-Салдың көлде жүзу өнімділігін жазады;

-Өзен ағысымен жүзген қайықтың өнімділігін табуға санды өрнек құрайды;

-жай бөлшектердің қосу ережесін қолданады;

-Қайықтың жүзу уақытын табады;

-жауабын жазады.


ІІІ топ

Ағасы, інісі және қарындасы бірлесіп қардан аққаланы 12 минутта жасады. Қардан жасалған осы аққаланы, егер ағасы ғана жасаса 24 минутта, егер інісі ғана жасаса 40 минутта жасайды. Егер осы аққыланы қарындасы ғана жасаса, қанша уақытта жасайды?

Дескриптор

- есеп шарты бойынша кесте құрады;

- әр қайсының еңбек өнімділігін жазады;

- өрнекті құрастырады;

- амалдарды ретімен орындап, өрнекті шешеді;

- жауабын жазады.





Әр топқа үлестірмелі тапсырмалар беріледі












Сабақтың соңы











«Аяқталмаған сөйлемдер»

Мен өзімді.......................................................сезіндім. Мен..................................................................үйрендім. Мен.....................................білдім,..................қызықты болды.

..................................................................... бүгін менің қолымнан келеді.

Мен ...................................жасап көруге талпынамын.



Үй жұмысы:Акбаримге су екі құбыр арқылы жіберілсе, ол 5 сағатта, ал бірінші құбыр алқылы 6 сағатта толады. Акбариум тек екінші су құбыры арқылы неше сағатта толады.

Дескриптор

  • Екі құбырдың бірлескен өнімділігін табады;

  • Бірінші құбырдың өнімділігін табады;

  • Екінші құбырдың өнімділігін табады;

  • Екінші құбырдың толтыру уақытын табады.



«Білім ағашы»


Ой білдіру

Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді стикерге жазып, тақтаға жабыстырады



А.Е. Әбілқасымова,

Т.П.Кучер, З.Ә.Жұмағұлова 5сынып математика оқулығы 2 бөлім №586 (10 бет)







Ой білдіру

Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді стикерге жазып, тақтаға жабыстырады




Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларғақандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?



Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?



Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушылар сабақ бойы жеке және жұппен, топпен жұмыс жасайды. Қабілеті жоғары оқушылар басқа оқушыларға көмектеседі.Сабақ кезеңінің кез-келген сәтінде уақытты ұтымды пайдаланады. Әрбір оқушы мақсатқа жетуге ұмтылады.


Өзін-өзі бағалау түрі қолданылады. Сабақта оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру үшін әртүрлі жұмыстар жасайды. Белсенді әдістер қолданылды. Бағалаудың әртүрлі тәсілдерімен оқушылар бір-бірін, өзін бағалайды. Кері байланыс жасалады.

Физминуттар.. Сабақ басында оқушылар қауіпсіздік техникасымен таныстырылады.

Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Сабақ жайында ойыңызды білдіріңіз. сол жақтағы сұрақтардың ең негізгі сұрағына жауап беріңіз


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:


Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік /қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
7 ұстаз жүктеп алған
4 маусым
5850
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі