400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 16 материал табылды

Бірлескен және топтық жұмыс. Топтарда жұмыс жүргізу әдістемесі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Шағын топтарда бірлескен жұмыс жүргізу ережесін жасау. Топта формалды және сапалы түрде жұмыс істейтіндердің арасындағы айырмашылықты ескере отырып, шағын топтағы жұмыс моделін құру
Материалдың қысқаша нұсқасы

  1. сабақ

Мектеп тренері : Усенова У.Н.



Сабақтың тақырыбы

Бірлескен және топтық жұмыс. Топтарда жұмыс жүргізу әдістемесі.

Жалпы мақсаты:

Шағын топтарда бірлескен жұмыс жүргізу ережесін жасау. Топта формалды және сапалы түрде жұмыс істейтіндердің арасындағы айырмашылықты ескере отырып, шағын топтағы жұмыс моделін құру

Оқу нәтижелері:

Белгілі бір тапсырмаларды орындау мақсатында тренерлер мен мұғалімдердің шағын топтарда бірлескен жұмысты ұйымдастыру әдістемесін игеруі.

Түйінді идеялар

Мұғалімдердің бір-бірімен бірлескен жұмысының бірінші сабағын ұйымдастыру сапасы оқудың бұдан әрі қалай жүретініне түбегейлі әсер етеді. Осыған байланысты жұмысты сергіту сәтінен (разминка) бастап, тренерлер сабақтарында қолданатын оқыту мен оқу тәсілдерінің негізінде тиісті модельді құру арқылы шағын топтардағы жұмысты ұйымдастыру әдістемесіне мысалдар келтірген маңызды.

Қосымша оқу:

Мұғалімге арналған нұсқаулық.

Уақыты:

Тренердің іс-әрекеті Мұғалімнің іс-әрекеті Ресурстар

10 мин

Сергіту сәті «Жұлдызды сәт..»

10 мин

Курстың ережесімен таныстыру.

Курс ережесімен танысады.

Панелдік дискуссия- арқылы жүргізу Тек бір ғана топты ортаға шығарып,қалған топқа айтылмағандарын толықтырыу

10мин

Тыңдаушылар әуелі жеке «Танысу» ресурс парағын толтыруларын, сонан соң қасындағы әріптесімен жұптаса отырып кезектесе өзі туралы бір-біріне қысқа мәлімет беруді сұранамын тапсырмасын орындайды. Жұптар бір-бірімен танысады.


5 мин

Жеке және топпен жұмыс. Топтарға бос А4 парақтары таратылып беріледі де, әр топ өз жұмыстарының одан әрі нәтижелі, шығармашыл шығуы үшін топ ережесін жазып шығуға нұсқаулық беріледі.

Әр топтан шыққан топ ережелерінің мониторингін жасап, топ ережелеріне қатысты суретті мониторнингкке сәйкес таңдап алуға және «Топ ережесі» бұрышын жасауға нұсқаулық беремін.

Мұғалімдер әр топта қандай тапсырма болса да бірлесе жұмыс істеу, әркім өз идеясын айта отырып, топ жұмысына үлес қосса тиімді, ұтымды, нәтижелі шығатынына көз жеткізеді. Топ ережесін жеке жазу және топ ішінен келісе отырып ортақ ережені шығарады.

Топтық жұмыс туралы нұсқаулық

Топтық жұмыс кестесі

Тиімді топтық жұмыс таратпа материалдары

Флипчарт, маркер, стикер.

10мин

Мұғалімдерге топтық жұмыстың тиімділігін көрсету мақсатында:

Топтық жұмыстың мақсатын түсіндірер алдын мұғалімдерге мынадай нұсқаулық беремін: «Егер сіз алдын ала елсіз аралға баратыныңызды білсеңіз өзіңізбен бірге ең

маңызды деген бес зат қана алуыңыз керек» осы жайлы әуелі жеке, сонан соң жұпта, топта талқылайды. Топпен ақылдаса отырып, флипчартқа осы бес заттың суретін салады. Әр топ өздерінің «Елсіз аралға алып баратын бес» заттың неліктен маңызды екендігін дәлелдеуге тырысады.Әр топ кезектесе өз постерін қорғайды.

6 мин.

Тыңдаушылардың топтық жұмыстың маңыздылығы туралы бастапқы білімдерін байқау үшін төмендегідей сұрақтар қоя отырып, пікірлерін тыңдаймын.

Сіз команда түрінде қаншалықты тиімді жұмыс орындадыңыз?

Бір-біріңізге көрсетілген қолдау қаншалықты көп болды?

Топтық жұмыста қандай түйінді сәттер жақсы өткізілді?

Қандай түйінді сәттер нашар өткізілді?

Осыдан қандай сабақ алуға болады?

Сұрақтарға өз пікірлерін білдіреді.

6 мин

Командообразование у рыб! Бейнежазбаны көрсетемін . Мұғалімдердің назарын топтық жұмыс барысында дамитын дағдыларға аударамын.

Таныстырылымды көреді. Сұрақтарға жауап береді. Топтық жұмыс барысында дамитын дағдылар туралы түсініктері қалыптасады.

Топтық жұмысында зқандай дағдыларды байқадыңыздар? Ол қалай дамиды?

10 мин

Әр топтағы рөлдік бөліністер және олардың атқаратын қызметі туралы түсіндіріп өтемін.

1.Топбасшы – топ ережелерінің бұзылмауын, топтың ішіндегі ахуалды реттеп отырады.

2.Хатшы – жазба жұмыстарды жүргізіп отырады.

3.Таймкипер – уақытты қадағалап отырады.

4.Баяндамашылар – топтық талқылауға берілген тапсырманы жариялайды, топ қорытындысын шығарады. Әр топта күніне 4 баяндамашы болады.

5.Зерттеуші –қажетті материалдарды табады,жинақтап, саралайды.

Барлық топқа осылайша рөлдерді бөліп алуға нұсқаулық беремін.


Топтар өз ішінде рөлдерді бөлісіп алады.

5 мин

Бірлескен және ұжымдық жұмыстың артықшылығын қаншалықты түсінгенін «басбармақпен» көрсетуге нұсқаулық беремін.

Формативті бағалау: тыңдаушылар «басбармақпен» бірлескен және ұжымдық жұмыстың артықшылығын қаншалықты түсінгенін көрсетеді


  1. сабақ

2 сабақ тақырыбы

Сыныптағы оқу үдерісі мен ондағы өзгерістерді басқару. Оқыту және оқу әдістемесіне өзгеріс енгізу қажеттілігін негіздеу. Мұғалімдер мен оқушылардың көзқарастары

Жалпы мақсаты:

Оқушыларда XXI ғасыр дағдыларын қалыптастыру мақсатында мұғалімдердің өз оқыту және оқу тәжірибелерін өзгертуі үшін ақиқат негіздер.


Оқу нәтижелері:

Мұғалімдердің оқыту мен оқудағы көзқарастарын өзгерту үдерісінің өзектілігін түсінуі; инновациялық стратегиялармен және әдістермен, басқа мұғалімдер мен оқушылардың тәжірибесімен танысу.

Түйінді идеялар:

ЭЫДҰ есептері мен білім беру саласындағы әлемдік көшбасшылардың пікірлерін талқылау – бұл оқушылардың ата-аналары тәрбие беріп өсірген әлемнен өзгеше әлемде өмір сүре білу қабілеті. Жастар өзгеріп жатқан әлемде өмір сүріп қана қоймай, бәсекеге қабілетті бола алуы үшін мектептер өз оқушыларына өзге кәсіби дағдылар мен білімдерді де беруі қажет.

Уақыты:

Тренердің іс-әрекеті Мұғалімнің іс-әрекеті Ресурстар

  • Бала кезімде мені былай деп еркелетуші едуі. Ортаға 5 адамды шығарып еркелеткен аттарын айтқызып, қалған ұстаздарға аттарын қайталату арқылы 5 топқа бөлу

5 минут

5 минут

1. Үлестірмемен жұмыс

«Топтық жұмыс туралы нұсқаулық» ресурсын топтарға теңдей бөліп беремін. Улестірмеден -25-30 бет

Мұғалімдер тренердің бөліп берген ресурстарын оқып, «өзгеге түсіндір» әдісі бойынша кілтті идеяларды айтып шығады.

5 минут

Таныстырылым көрсетемін «Қазақ ғұламаларының ой-толғамдары». Мұғалімдерге «Сократтың, Абайдың кезінде білім алу қандай болған еді?» деген сұрақ қоя отырып, қазір ХХІ ғасырда білім беру қандай болу керек деп ойлайсыздар?, деп ой тастаймын.

ХХІ ғасыр дағдыларының сипаттамалары.

Мұғалімдер сұраққа жеке жұмыс жасай отырып, дәптерлеріне жауап береді.

Содан соң үштікке бірігеді, ойларын біріктіреді.

10 минут

эссе критерийлерин түсіндіру

эссені жазу

өзара бағалау



Қорытындылау.

Мұғалімдер неліктен өзгеруі керек ? Білім беру платформасындағы ресурсты оқытпай тұрып, жеке жұмыс беремін , эссе жазу: «Мен неліктен өзгеруім керек немесе өзгермеуім керек?»

Эссе критерийлері: Picture 14 Picture 17

1. 10 сөйлем жазу.

2. Берілген мәлімет тек авторға қатысты болу керек.

3. Өмірмен байланыс.

4. Метафора, қанатты сөз, мақал мәтел қолдану.

Әр бөлімнің максималды балы – «3»

Бағалау шәкілі:

10 - 12 «өте жақсы»

7 – 9 «жақсы»

6 – одан төмен «қанағаттанарлық»

Формативті бағалау: Мұғалімдер жұмыстарын жұптасып алмасады, өзара бағалауды критерийлерге сай жүргізеді.

Топбасшылар топ ішіндегі «өте жақсы» деп бағаланған бір мұғалімнің жұмысын жариялауға ұсынады. Басқа топ мүшелері эссені мұқият тыңдайды, содан соң «басбармақпен» бағалайды, егер жұмыс «өте жақсы» орындалған болса басбармақ жоғары көтеріледі, ал егер бағаға келіспейтіндер болса, басбармақты көлденеңінен көрсетіп, себебін негіздеп береді, яғни сындарлы сын айтуға машықтанады.

10 мин

«Мұғалімдер неліктен өзгеруі керек ?» ресурсын оқуға нұсқаулық беремін.

5 минут оқиды. Қалған 5 минутта өздерінің эсселерінде жазған мәселелермен қаншалықты сәйкес келгенін салыстырады. Бүкіл топқа бірнеше тыңдаушы пікірін айтады.

1 апта үлестірме материалыннан қарап, өз бетінше оқу.Топта талқылау.

1 апта үлестірме материалы

5минут

Сергіту сәті. Ақ түйнек отырғызу

5 минут

Неліктен оқушы үні маңызды ? Біз өз тәжірибемізде оқушының үнін ескере береміз бе? Деген сұрақтар қоя отырып, тыңдаушылардың назарын өзгеріске, соның ішінде оқушы үнінің маңыздылығына аударамын.

Сұрақтарға жауап береді.


15 мин

Мұғалімдердің мінсіз оқушыны қалай түсінетінін ойлайтынын білу мақсатында және мінсіз оқушы сипатын беру мақсатында «Мінсіз оқушы сипаты» постер жасау тапсырылады. Постер жасамас бұрын топта рольдерге бөлініп алып, топтық жұмысты бағалау және бақылау парағын толтыру ұсынылады.

Мұғалімдер топта рольге бөліне отырып «мінсіз оқушы» сипатын постерде келтіреді де баяндаушы немесе хабарлаушы постерді қорғайды. Хатшы жазып, бағалаушы рольдегілердің іс-әрекетін бағалайды

Галлереяны шарлау стратегиясы бойынша постерлерін іліп, қорғау.

Хабарлаушы постерін қорғайды.

Флипчарт, маркер, смайликтер

5 мин

Кері байланыс. Әр топтың қорғаған постерінің үстіне екі жұлдыз бір тілек әдісі бойынша стикер жабыстыру.

Екі жұлдыз бір тілек. Стикер арқылы постерлерін бағалау.

Стикер


5 мин

Мінсіз оқушы 22 сипаты келтірілген жолақшаларды жұптаса отырып ең маңыздылығына қарай А4 параққа орналастыруға нұсқаулық беремін.

Мұғалімдер мінсіз оқушы сипатын негізгісінен бастап орналастырады

Мінсіз оқушы 22 сипаты келтірілген таратпа

Өздерінің жасаған тізімдерін «Үлестірме материалдан» көрсетілген мінсіз оқушының сипатымен салыстыруға, тізімдерін қайта жасап шығуға нұсқаулық беремін.

Өздерінің жасаған тізімдерін «Үлестірме материалдан» көрсетілген мінсіз оқушының сипатымен салыстырады, тізімдерін қайта жасап шығады.


5 мин




Әр түрлі 5 елдегі мінсіз оқушы сипатымен танысып шығу тапсырылады. Өздерінің жасаған постерлеріндегі мінсіз оқушыға қойған деңгейін 5 елдің сипаттамасымен салыстыру.

Топпен жазғандарын салыстырады. Өз ойларын дәлелдейді.

Түрлі елдердегі мінсіз оқушы сипаты.

Үлестірме материалдары

10минут

Қосымша оқу уақыты . МАН- нан 4- 7 беттерді оқуға нұсқаулық беремін. Абайдың қара сөзі мен Шульманның үш көмекшісі келтірілген таныстырылымды көрсете отырып, салыстырамын. Ұрпақ тәрбиесі әрқашан ұлыларды ойландырғанын ескертемін.

МАН-ды оқиды. Талқылайды. Кілтті идеяларды табады.

5 мин.

Рефлексия «Менің алғашқы күнім» тақырыбына бүгінгі күнгі сабаққа жазбаша рефлексия жасайды


Мұғалімдермен кері байланыс \ Стикерге жазылғандарын жапсырып қоямыз\































Тренердің рефлексиялық күнделігі

Сабақтағы жетістіктерім

Оның себебі

Сабақтағы кемшіліктерім

Оның себептері

Нені жетілдіру керек?

1.Жұлдызды сәт







2 «Егер сіз алдын ала елсіз аралға баратыныңызды білсеңіз өзіңізбен бірге ең

маңызды деген бес зат қана алуыңыз керек» осы жайлы әуелі жеке, сонан соң жұпта, топта талқылайды.




3. «Мен неліктен өзгеруім керек немесе өзгермеуім керек?» эссе













1.Барлық тыңдаушылар шынайы жұлдызды сәттерін айтты.Көңіл күйлері көтерілді. Бір-бірін жақын таныды


2г.Топтық жұмыста белсенділікті байқадым. Әр тыңдаушының пікір айтуға тырысып, оз ойларын ашық айтуға тырысқандар

болды.






3. Picture 14

Ф есімді тыңдаушымның жазған эссесі өте ұтымды болды

1. «Командообразование у рыб!» Бейнежазбаны көрсетуде кедергілер

1.Техникалық ахуалға байланысты қажет кезінде көрсете алмадым.


2. Кейбір тыңдаушылар өздеріне сенімсіз болды

1.Техникалық ахуалдың алдын алу





3. Сенімділікті күшейту















































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
10 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
5948
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі