15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Бірлескен және топтық жұмыс. Топтарда жұмыс жүргізу әдістемесі.
|
1-күн |
Тақырыбы: |
бағалау |
Ресурс |
|
1-сабақ: 2-сабақ: |
Бірлескен және топтық жұмыс. Топтарда жұмыс жүргізу әдістемесі. Сыныптағы оқу үдерісі мен ондағы өзгерістерді басқару. Оқыту және оқу әдістемесіне өзгеріс енгізу қажеттілігін негіздеу. Мұғалімдер мен оқу- шылардың көзқарастары. |
|
|
|
Мақсаты: |
Мұғалімдер топтық жұмысты ұйымдастыру әдістемесіне талдау жасайды және ынты-мақтастықта оқыту туралы қорытынды шығарады. |
|
|
|
Оқу нәтижесі: |
Мұғалімдер топта формалды және сапалы түрде жұмыс істейтіндердің арасындағы айырма-шылықты ескере отырып, шағын топтағы жұмыс моделін құрады жіне оқыту мен оқу әдістемесіне өзгеріс енгізу керектігі жөнінде негіздеме айтады. |
|
|
|
Түйінді идеялар: |
ЭЫДҰ есептері мен білім беру саласындағы әлемдік көшбасшы елдердің нәтижелері негізінде әлемнің қарқынды өзгеруі жағдайында оқушыларға қойылатын жаңа талаптар жөніндегі түсінігін қалыптастыру. Мектептерге олардың оқушыларын табысты жұмыс істеуге дайындау және өмірлік жағдайларда олардың бәсекелестікке қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін инновациялық кәсіби дағдылар мен білімдерді ұсыну. |
|
|
|
Уақыты |
Сабақ барысы: |
|
|
|
3 мин.
15 мин. (09.18 -дейін) 10мин. (09.28-дейін) 5мин. (09.33-дейін) 20 мин. (09. 53-дейін) 7мин. (10. 00-дейін) 30 мин. (10. 30-дейін) |
• Зейінді шоғырландыруға арналған жаттығу. • Сабаққа қатысатын адамдардың психологиялық ахуалын, олардың мазасыздануының сипаты мен табиғатын анықтау. Тыңдаушылардың мазасыздығын басуға болатын әдістер мен тәсілдерді іздеу және шығармашылық жұмыс үшін қажетті атмосфера құру. «Сіздер білмейсіздер» (психологиялық ахуал орнату) Топтастыру «Қала тұрғындары» Сауалнама толтырады (3-б), кесте (4) • Шағын топта жұмыс істеу ережесі. Шағын топтарда жұмыс істеу артықшылықтарын түсіндіру және негіздеу. Топтық жұмысты ұйымдастыру әдістемесі. Ресурстар: Таныстырылым: Ынтымақтастық пен өзара әрекеттестіктегі жұмыс Топтық жұмыс туралы нұсқаулық • Топтық жұмысты бақылау және бағалау. Шағын топтарда жұмыс істеудің өзіндік ерекшеліктері. Ресурс: Бейнежазба: «Тележка» Топтық жұмыс туралы нұсқаулық І т. 5-6 бб; ІІ т. 7-б; ІІІ т. 8-б. ІҮ т. 9-10 бб. Әлеуметтік өзара әрекеттестікті ұлғайту: топтық жұмыс жүргізу
• Топта жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулықпен таныстыру үшін мұғалімдердің жұп болып жұмыс істеуі. «Елші» (топ басшысы тобынан 2 елші сайлайды, олар басқа топқа барып өз тобына берілген тапсырманы түсіндіреді және басқа топтан алған мәліметтерді тобына келіп айтады. • Тиісті кестелерді қолдана отырып, шағын топтарда жұмыс істеп отырған оқушылар туралы қысқа бейнежазбаларды қарау. Бейнеролик: Топтық жұмысты ұйымдастыру және өзара бағалауды тәжірибеде қолдану Тиісті нұсқаулық негізінде топтағы жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында мұғалімдердің пікірлерін талқылау және оларға арналған ұсынымдар бойынша шешім қабылдау. Қосымша оқу: Мұғалімге арналған нұсқаулық. «Ойлан, бірік, бөліс» Іт. 4-5 бб. ІІт. 5-6 бб. ІІІ т.6-7 бб. ІҮт. 7-8 |
Страз жұлдыз |
Лото, үйлер, кілттер
сауалнама кесте
презентация
бейнеролик үлестірме материалдар
https://www.youtube.com/watch?v=D8yqg048nvI
флипчарт, маркер |
|
2-сабақ 3 мин. (10. 48-дейін) 15 мин. (11. 03-дейін)
15 мин. (11. 18-дейін)
15 мин. (11. 33-дейін) 30 мин. (12. 03-дейін) 7 мин. (12. 10-дейін) |
Топтастыру «Математиктер» (тыңдаушылар шеңберде тұрып сандарды ретімен атайды, бірақ құрамында «3» саны бар және 3-ке бөлінетін сандарды тастап кетеді. (1, 2, 4, 5, 7) ережені бұзғандар ойыннан шығып топтаса береді. • Жоғары белсенділікті талап ететін жаттығу. • XXI ғасыр дағдыларының сипаттамалары. Ресурс: Таныстырылым: ХХІ ғасыр дағдылары ● Мұғалімдердің көзқарастары: төменде көрсетілген ресурстармен танысыңыздар. Ресурстар: Мұғалімдер неліктен өзгеруі керек? (25-б) (үл.м) Бейнежазба: «Оқушы үні» «Кеспе әзірлеу»Мінсіз оқушының сипаты Әртүрлі бес елдегі мінсіз оқушының сипаттамасы 28-б.(үлестірмелі материал) ● Мұғалімдердің құзыретті мұғалім туралы көзқарасы. Қазақстандық мұғалімдердің құзыретті мұғалім моделі туралы көзқарасын басқа елдегі мұғалімдердің пікірімен салыстыру. • Бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл: • Бейнежазбалар мен таныстырылымды талқылау үшін ұстаздардың топтарда бірлесе жұмыс істеуі. • Әр қатысушы жұптың көргендері мен естігендерінің нәтижесі бойынша өз сезімдерін сипаттайтын анықтауыштарды айқындауы және жазуы. Топтағы жұмыстардың қорытындыларын талқылау және көрсету. • Қарсы пікір білдіретін әріптестер үшін және ойлану қажеттілігін дәлелдеу және әріптестердің XXI ғасыр дағдыларына қойылатын талаптарға қол жеткізу мақсатында оқыту және оқу тәжірибесіне өзгерістер енгізу үшін постер немесе PowerPoint форматында таныстырылым әзірлеу. • Рефлексия «Мен үшін бүгін ... құнды болды, себебі ...»
|
|
презентация
бейнеролик Кеспе қағаздар конверттер
Флипчарт, маркер
стикер |
|
Үйге: 5минут (12. 10-дейін) |
35-б. сауалнама «Сынып мәдениеті туралы оқушының берген бағасы (үлестірмелі материалдар) Нұсқаулық: Іт. 10-12 бб. ІІт. 12-14 бб. ІІІт. 14-17 бб. ІҮ т. 17-20 бб. «Дыбыс режиссері» әдісі арқылы қорғайды. «Алдар көсе» м/ф желісіне салады. /Үлгі ретінде дыбысталған кинолардан үзінді көрсетемін/ |
||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген