№5 сабақ
(Бірлескен сабақ)
Мақсат:Ата-ана мен баланың арасындағы
қарым-қатынастың ерекшеліктерін психологиялық
жаттығулар арқылы
көрсету.
1.«Танысу»
Әр ата-ана өзінің
баласының есіміне әдемі теңеу сөзді қосып айтады.Мысалы: мейірімді
Мейірлан, әдемі Айдана.
2.«Қолынан танып
біл!»
Көздері байлаулы
ата-аналар балаларын тауып алулары
керек.
Талдау:
1.Сізге балаңызды
табуға не көмектесті?
2.Балаңыздың қолынан
ұстағанда не сезіндіңіз?
3.«Біз бақытты
жанұямыз!»
Алдын-ала салынған
суреттер арқылы өз балаларыңыздың салған суреттерін тауып
алыңыздар.
Талдау:
1. Өз отбасыңыздың
суретін қалай таптыңыз?
2. Өз отбасыңызды
табу қиын болды ма?
3.Суреттерден
отбасыңыздың суретін тапқаннан кейін қандай сезімде
болдыңыз?
4.«Аралда»
Қажетті құралдар:
газет
Қатты теңіз
толқуынан кейін кеме суға кетіп, кеменің ішіндегі жолаушылар
аралдарға бөлініп топталды. Енді осы аралдарда әрбір отбасы өмір
сүріп жатыр. Аралдарды бірте-бірте су басуда, енді әр отбасы осы
аралдан өздерін аман алып шығулары
керек.
5.«Үшеуіміздің
суретіміз!»
Суретті бір-бірімен
ақылдаспай салады. Баласы суретті бастайды, әкесі жалғастырады және
екінші суретті бастап кетеді, анасы ол суретті жалғастырады және
келесі суретті бастап кетеді, баласы суретті аяқтау
керек.
Талдау:
1. Сіздің бастаған
суретіңіз ойыңыздан шықты
ма?
2. Алға қойған
мақсатқа жету үшін кедергі болды
ма?
3.Бір-біріңізді
қалай түсіндіңіз?
4.Өзіңіз суретке
қанағаттанасыз ба? Жоқ болса
неге?
Әр отбасының салған
суреттерін талқылауға уақыт
беріледі.
6.
My
family
Мақсаты: Отбасы
жайлы білімдерін тиянақтау. Ағылшын тілінде отбасы мүшелері туралы
сөздерді есте сақтауға
үйрету.
Ойын мақсаты балалар
саусақтарына қуыршақтарды киіп (саусақ театрын пайдаланып) отбасы
мүшелерін атайды: This is my mother.
This is my father. This is my
grandmother. This is my grandfather. This is my brother. How I love
them all.
7.Психологиялық тренинг(Балалардан, ата-аналардан
бөлек- бөлек сұралады, сәйкес келуі есептеледі)
1. Балаңыздың ең жақсы көретін
түсі
2. Жақсы көретін
мерекесі
3. Сүйікті тәтті
тағамы
4. Сүйікті
мульфильмі
5. Ең сүйікті
тағамы
6. Ең жақсы көретін
пәні
7. Ең жақын досының
аты
8. Ең сүйікті жыл
мезгілі
1-2жауап сәйкес
келмесе:
Бәрекелді! Балаңызды өте
жақсы түсінесіз:
3-8
жауапқа
сәйкес келмесе: Балаңыздың өміріне немқұрайлы қарайсыз. Балаңыздың
жәбірленуіне жол беріп жүрсіз
8.Жаднамалар
тарату
Оқушы
бұрышы.
Оқушы бұрышын безендірудегі
бірінші талап – бала денсаулығының қауіпсіздігі. (сұлулық емес
...)
Жиһаз зиянды заттарды
шығармайтын, табиғи материалдан (үйеңкі, қарағай, қайын, бүк ағашы)
жасалған болуы қажет. Немесе сыртынан меламинмен сырланған ДСП
болғаны жөн, себебі ол
арзандау.
Міндетті түрде жиһаздың үш
түрі қажет: үстел, орындық, кітап
сөресі.
Жұмыс орнын жарықпен сапалы
түрде қамтамасыз етуді ойластыру
қажет.
Орындықтың арқасы қатты болуы
қажет. Орындықта отырған баланың аяғы еденге тіреліп, 90 градусқа
бүгіліп тұруы қажет.
Компьютерлік дайын үстел сатып алуға болады.
120*60 см, мүмкіндігінше бұрыштары дөңгелектенген болғаны дұрыс.
Монитор көзден 50 см аралықта болуы керек. Үстелдің шеті баланың
кеудесіне сәйкес келу керек.
Жарық оң қолымен жазатын балаға сол жақтан, ал
сол қолымен жазатын балаға керісінше оң жақтан түсуі
керек.
Кітап сөресі баланың қолы жететін жерде болуы
қажет.
Үстел шамы болғаны
дұрыс.
Бөлмеде жасыл өсімдіктер болғаны
дұрыс.
Бала назарын сабақтан алаң еткізетін заттарды
жинап қойыңыз
Бірінші сынып
оқушысының сөмкесі.
Бірінші талап – мықтылығы мен пайдалануға жеңіл
болуы (жуылатын, су өтпейтін, сыйымды, (теріні алмастыратын және
пленка қажет емес)
Тұтқасы мықты, қайып тігілген, ұзындығы 4 см
реттеліп отыруы қажет.
Реттелетін элементтері боуы қажет (темір немесе
мықты пластиктен жасалған)
Баулары, ілгектері мен сыдырма ілгектерге де
осындай талаптар
Сөмкесі тасуға ыңғайлы болуы
қажет
Сөмкенің арқаға келетін жағы жалпақ және жұмсақ
болуы қажет (сөмкенің арқасы ортопедиялық болғаны
дұрыс)
Сөмкенің түбі жалпақ және мықты болуы
керек
Сөмкенің салмағы баланың салмағынан 10% асуға
болмайды (бос сөмке салмағы жеңіл 500-800 грамм болуы керек),
дөңгелекшесі болуы мүмкін.
Сөмкенің ені бірінші сынып оқушысының арқасынан
жалпақ болмауы керек.
Сөмкені келесідей толтырасыз: оқулықтар және
кітаптар – арқаға жақын салынады. Ортанғы бөлікке – дәптерлер мен
қаламсауыт, сыртқы қалтаға – суы бар бөтелке мен басқа
заттар.
Мектеп сөмкесінің салмағына қойылатын гигиеналық
нормалар:
o1-2 сыныптар -
1,5кг
Сөмкені баламен бірге таңдаңыз, балаға ұнауы
керек, гендерлік айырмашылықты
ескеріндер.
Мектепке дайындалуға
ата-аналарға кеңес
Баланы мектепке шығарып салыңыз және қарсы
алыңыз
Жол
жүру ережесін қайталап
тұрындар
Баламен мектептегі жұмыстар, жаңалықтар,
сабақтар, тапсырмалар, үзілістер, достары, не ұнады, не ұнаған жоқ,
не ренжітті, не қызықтырды туралы әңгімелесіп
тұрыңыз…
Қолдап, сенімін күшейтіңіз, жағымды іске
бағыттаңыз
Өзіңіздің мектептегі жылдарыңыз туралы айтып
беріңіз
Жиі
мақтап, кез келген жетістіктер мен жеңістерге
қуаныңыз
Балаға тіл тигізбеңіз,
сөкпеңіз
Күн
тәртібін құрастырыңыз және сақтауға үйретіңіз (үйде сабақ оқу
барысында 30 минут сайын 15-20 минут үзіліс жасап, демалтыңыз және
таза ауада серуендетіңіз)
Оқушының жұмыс орнын
жабдықтаңыз
Алғашқы кезде үй тапсырмасын бірге отырып
орындаңыз. Бірте-бірте үй тапсырмасын бірге орындаудан сырт қалып,
балаға өзіне орындауға мүмкіндік беріңіз, өзіңіз
бақылаңыз
Баланы үй жұмысына қатыстырыңыз (ыдыс жуғызу, өз
бөлмесін жинату ...)
Балаларыңыздың мүддесімен өмір
сүріңіз
Баланың сырқаттану туралы шағымына назар
аударыңыз (бұл бейімсіздік белгілері болуы
мүмкін)
9. «Тілек
шамы».
-Құрметті
ата-аналар, балалар. Біз сіздермен жанұядағы ата-ана мен
балалар арасындағы қарым-қатынастың түрлі жақтарын тануға,
жан-жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя – жылылықтың,
жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер
болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың
басы, ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін «Тілек шамы» жаттығуын
бір-бірімізге тілек айта отырып жүргізейік. Бір-бірімізге мына
шамды бере отырып бүгінгі кездесуден алған әсерлеріңізбен бөлісіп,
тренинг барысында айта алмай қалған ойларыңыз болса барлығыңыз да
осы жерде айтуларыңызды
сұраймын.
10.
Ой-толғаныс.
-Сабақтың
басталуында сіздерге бағдарлама берілді. Сол бағдарламаның артында
күн, гүл, жапырақ бейнесіндегі жапсырмалар бар. Осы белгілер
бойынша ата-анаға, оқушыға, мұғалімге өз ұсыныстарыңызды немесе
ой-пікірлеріңізді жазуыңызға болады. (Жазған пікірлерін оқи отырып,
көктем бейнесін шығару.)