Тақырып бойынша 31 материал табылды

Бірлігі жарасқан ел-мәңгі

Материал туралы қысқаша түсінік
Толеранттылық, достық, өзара сыйластық құндылықтарын қалыптастыру. Бір-біріне құрмет көрсетуге және өзгелерді түсіне білуге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітілді:

Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)


Ниязмбетова А А

Күні:

27.04.2026

Сынып: 8 «Ә»сынып

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы

Бірлігі жарасқан ел-мәңгі

мақсаты

Оқушыларға бірлік, татулық, достық ұғымдарының мәнін түсіндіру

Қазақстан халқының бірлігі мен келісімінің маңызын ұғындыру

Оқушылардың ойлау, пікір айту, талдау дағдыларын дамыту

Толеранттылық, достық, өзара сыйластық құндылықтарын қалыптастыру.

Бір-біріне құрмет көрсетуге және өзгелерді түсіне білуге тәрбиелеу.

Қауіпсіздік сабағы

«ТӨТЕНШЕ ҚЫЗМЕТ НӨМІРЛЕРІ ЖӘНЕ СЕНІМ ТЕЛЕФОНДАРЫ»

Мақсаты

Сабақтың мақсаты: төтенше жағдай кезінде және қажет болған жағдайда жедел қызмет нөмірлері мен сенім телефондарын қалай дұрыс пайдалану керектігін үйрету.


Құндылықтарды дарыту

Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік айы  Бірлік

Патриотизм

Өзара сыйластық


Апта дәйексөзі

Еңбек етсең еріңбей, тояды қарның тіленбей


Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

Оқушылармен жылы амандасу.

«Жақсы көңіл-күй» тренингі (оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтады).

II. Кіріспе бөлім

Мұғалімнің сөзі: – «Бірлік бар жерде – тірлік бар» деген мақалдың мағынасы туралы қысқаша әңгіме

Балалар, барлығымыз айналаға қарасақ, адамдар әртүрлі екенін көреміз. Біреуіміз бойшаң, біреуіміз аласа, біреуіміз қара торы, біреуіміз аққұба болуымыз мүмкін. Кейбіреулер әртүрлі ұлт өкілі болуы мүмкін. Бірақ осы айырмашылықтарға қарамастан, біз бәріміз теңбіз. Бүгін біз осы тақырыпта әңгімелесіп, түрлі ойындар ойнаймыз.


Сұрақ:

«Бір теңбіз» дегенді қалай түсінесіздер?

Қоғамда әртүрлі адамдар болғаны не үшін маңызды?

Оқушылардың жауаптарын тыңдап, қорытындылау.


«Біз біргеміз» ойыны

Оқушыларға түрлі түсті ленталар таратылады (мысалы, қызыл, сары, көк).

Мұғалім: «Қызыл түсті лента ұстағандар – бір топ, сары – екінші топ, көк – үшінші топ».

Мұғалім сұрайды: «Біз бір сыныпта оқимыз ба? Иә. Біз бірге ойнай аламыз ба? Иә. Біздің түстеріміз әртүрлі болғанымен, біз бәріміз дос бола аламыз. Бұл біздің айырмашылығымыздың маңызсыз екенін көрсетеді».

Өзара бағалау

презентация

Сабақтың ортасы

«Досымның қасиеттері» (топтық жұмыс) 1-тапсырма (Топтық жұмыс) – 10 минут

«Бірлік деген не?»
Оқушылар 3 топқа бөлінеді:

  • 1-топ: Бірлік туралы ассоциация құру

  • 2-топ: Бірлік туралы мақал-мәтелдер жазу

  • 3-топ: Бірлік туралы шағын көрініс немесе постер

2-тапсырма (Талқылау) – 10 минут

Сұрақтар:

  • Неліктен бірлік маңызды?

  • Бірлігі жоқ елдің болашағы қандай?

  • Қазақстандағы ұлттар достығы туралы не білесің?

3-тапсырма (Жеке жұмыс) – 5 минут

«Менің елім – бірлік мекені»
Оқушылар 3-4 сөйлемнен тұратын


Тапсырма: Оқушылар 3-4 адамнан тұратын топтарға бөлінеді. Әр топ «Жақсы дос қандай болуы керек?» тақырыбында постер дайындайды. Соңында әр топ өз жұмысын қорғайды.

Қорытынды: Достықтың шекарасы болмайды, достар әртүрлі болса да, олардың арасында өзара түсіністік пен құрмет болуы маңызды.

2. «Өмірлік оқиға» (ситуациялық талдау)

Оқушыларға әртүрлі өмірлік жағдайлар беріледі. Олар осы жағдайға қатысты пікірлерін айтып, дұрыс шешім ұсынады.

Жағдайлар:

  1. Сыныпқа жаңа оқушы келді, бірақ ол басқа елден көшіп келген. Онымен қалай тез достасуға болады?

  2. Бір бала денсаулығына байланысты спортпен айналыса алмайды, бірақ ол басқа салаларда талантты. Бұл жағдайда не істеу керек?

  3. Достарыңның арасында есту немесе көру қабілеті шектеулі адам болса, оған қалай көмектесуге болады?

Оқушылар өз ойларын айтып, шешімдерін талқылайды.

3. «Теңдік және әділеттілік» (бейнеролик көрсету)

Оқушыларға адамдардың әртүрлілігі және теңдігі туралы қысқа мотивациялық бейнеролик көрсетіледі. Көргеннен кейін оқушылар өз әсерлерімен бөліседі.


«Біз бәріміз бірдейміз» сурет салу

Әр топқа бір үлкен қағаз беріледі.

Балалар «Достық» тақырыбында сурет салады.

Әр топ өз жұмысын таныстырады, бір-бірінің суреттеріне жылы пікір білдіреді.

3. Әңгімелесу

Мұғалім сұрақтар қояды:

Әр адам ерекше бола ала ма?

Барлық адамның тең құқықтары бар ма?

Біз бір-бірімізді не үшін сыйлауымыз керек?

Оқушылар өз ойларын айтады. Мұғалім әр жауапқа мадақтау сөздерін айтып отырады.

Ауызша мадақтау

Топтық бағалау

Интербелсенді тақта/ компьютер

Сабақтың соңы

шағын ой жазады

III. Қорытынды (10 минут)

Рефлексия: «Бір сөзбен»
Оқушылар бүгінгі сабақ туралы бір сөзбен пікір білдіреді
(мысалы: «қызықты», «пайдалы», «маңызды»)

Мұғалімнің қорытынды сөзі:
– Бірлік – елдің тірегі, татулық – халықтың жүрегі

Мұғалімнің сөзі:

Біз бүгін адамдардың әртүрлі, бірақ тең екенін түсіндік. Әркім ерекше және қайталанбас. Біздің айырмашылығымыз – біздің байлығымыз. Ендеше, бір-бірімізді сыйлап, достықта өмір сүрейік!

Қорытынды сұрақтар:

Бүгінгі сабақтан не үйрендіңдер?

Достық деген не?

Бір-бірімізді сыйлау не үшін маңызды?

Жалпы түйін:
Оқушылар шеңберге тұрып, «Біз әртүрліміз – бір теңбіз!» деп ұрандайды.

Бұл тәрбие сағаты балаларды бірлікке, достыққа, сыйластыққа баулуға көмектеседі.


«Жүректен жүрекке» жаттығуы

Балаларға түрлі түсті жүрекшелер таратылады.

Әр бала өзінің қасындағы досына жүрекше беріп, оған жақсы сөз айтады.


презентация

Қауіпсіздік сабағы

«ТӨТЕНШЕ ҚЫЗМЕТ НӨМІРЛЕРІ ЖӘНЕ СЕНІМ ТЕЛЕФОНДАРЫ»

Сабақтың мақсаты: төтенше жағдай кезінде және қажет болған жағдайда жедел қызмет нөмірлері мен сенім телефондарын қалай дұрыс пайдалану керектігін үйрету.

Негізгі міндеттер:

  • оқушылардың қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесіне кіретін қызметтер және шұғыл қызметтердің телефон нөмірлері туралы түсініктерін бекіту;

  • қоңырау шалу кезінде ақпаратты бекіту және туындаған қауіпті жағдай туралы шұғыл қызметтерге телефон арқылы қажетті көмек туралы ақпаратты дұрыс және нақты ұсынуға үйрету.

Сабақтың барысы

  1. Кіріспе (2 минутқа дейін)

Қауіпсіздік қызметтерін шақыру ережелері

  • Өрт сөндіру құтқару қызметіне қоңырау шалу үшін телефон нөмірін ғана емес, тағы не білу керек?

  • Үйдің толық мекенжайы (қала, көше, үй, пәтер) және жағдай.

  • Негізгі бөлім (7 минутқа дейін)

  • Қаланың қауіпсіздік қызметінің диспетчері сіздің қоңырауыңыздың себебін тез түсініп, соған сүйене отырып әрекет етуі үшін сізге төнген қауіпті жағдай туралы телефон арқылы дұрыс және анық хабарлай білуіңіз керек. Қауіпті жағдай туралы телефон арқылы хабарлаудың жалпы ережелері:

    Егер сіз телефон арқылы көмек сұрасаңыз, қысқаша хабарлаңыз:

    • қоңыраудың себебі;

    • аты-жөні;

    • телефон нөмірі және мекенжайы;

    • сөйлесудің соңына дейін тұтқаны қоймаңыз.

    Қолданыстағы жедел қызмет нөмірлері мен сенім телефондарын қайталау, қажет болған жағдайда қайда және неге қоңырау шаламыз (презентацияда).

    Қоңырау кезінде не хабарлаймыз, сөйлесуді қалай және қашан аяқтаймыз? Жалған қоңыраулар қандай?

    Рольдік ойын

    Оқушыларды жұптарға бөліп, «Қате қоңыраулар» ұғымын және олардан қалай аулақ болу керектігін талқылаңыз. Сондай-ақ, төтенше жағдайлар қызметі мен қоғамға жалған қоңыраулардың салдары туралы қысқаша талқылауды ұсыныңыз.

    3. Қорытынды (2 минутқа дейін)

    Сабақты қорытындылау

    - Тыңдалған тақырып бойынша есептерді шешу. «Әзіл-қалжыңға» және жедел жәрдем менеджеріне қоңырау шалуға деген ұмтылыс көптеген адамдарда болуы мүмкін, бірақ мұны жасамас бұрын, мұндай «ләззат» пен көңілділік бірнеше сағатқа созылатынын және олар үшін бірнеше жыл төлеуге тура келетінін есте ұстаған жөн. Алайда жалған қоңыраудың бағасы тек ақшалай баламамен өлшенбейтінін ұмытпаңыз. Бұл, ең алдымен, адамдардың өмірі мен әл-ауқаты! Және бұл әрқайсымызға әсер етуі мүмкін. Дегенмен өрттің немесе басқа оқиғаның нақты қаупі болған кезде, әрқашан қажетті шұғыл қызмет нөмірін немесе 112 бірыңғай құтқару телефонын теріңіз, сонда көмек міндетті түрде келеді!

    Алгоритмді тарату.

    Пайдалы сілтеме:

    https://drive.google.com/file/d/1f-XnfFNgrplQsC-G4-xKAt5m89kWbz85/view https://youtu.be/HBgZoMfOcIE?si=EZJu9AyOvXc6UNRO

    Үй тапсырмасы «Бірлік – ел байлығы» тақырыбында эссе жазу (5-7 сөйлем)





    Жүктеу
    bolisu
    Бөлісу
    ЖИ арқылы жасау
    Файл форматы:
    docx
    01.06.2026
    0
    Жүктеу
    ЖИ арқылы жасау
    Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
    шағым қалдыра аласыз
    Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
    Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
    Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
    Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
    Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
    Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
    Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
    Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
    Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
    Министірлікпен келісілген курс саны 12