400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 16 материал табылды

«Бірлігі мен ынтымағы жарасқан»

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың ҚР туралы түсініктерін қалыптастыру,азаматтық құқықтар мен міндеттер.Балаларды кейбір азаматтық құқықтармен таныстыру.Өз пікірін айта білу. Өз еліне, оның рәміздеріне танымдық қызығушылықты дамыту. Міндеті: Қазақстан туралы түсінігін қалыптастыру. Мемлекеттік рәміздерді танып, құрметтеуге үйрету. Отанға деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бэйби Бум»ЖШС-ң қарамағындағы «Аққу» балабақшасы










Тақырыптық ұйымдастырылған іс-әрекет

3 «Құлыншақ» ортаңғы тобы

Тақырыбы: «Бірлігі мен ынтымағы жарасқан»



Тәрбиешілер: Бекбаева А.А.

Амантай М.А.









2025-2026ж.ж.

Көкшетау қ.

Тақырыбы: «Бірлігі мен ынтымағы жарасқан» Мақсаты:Балалардың ҚР туралы түсініктерін қалыптастыру,азаматтық құқықтар мен міндеттер.Балаларды кейбір азаматтық құқықтармен таныстыру.Өз пікірін айта білу. Өз еліне, оның рәміздеріне танымдық қызығушылықты дамыту.

Міндеті: Қазақстан туралы түсінігін қалыптастыру.

Мемлекеттік рәміздерді танып, құрметтеуге үйрету.

Отанға деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу.

Қажетті көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар: Ту, Елтаңба, Әнұран суреті, түрлі суреттер, бейнеролик, көк түсті бояғыш, су.


Қазақстан Республикасының әнұраны орындалады.

Ұйымдастыру кезеңі:

Тәрбиеші:Сәлеметсіндерме балалар!Балалар бүгін біз Республика күніне арналған «Бірлігі мен ынтымағы жарасқан» атты сабағымызды бастаймыз. Бұл күн - біздің сүйікті отанымыз - Қазақстан Республикасы мерекесі.

Қазақстан Республикасы тәуелсіз, егеменді мемлекет.

Тәуелсіз азат елім,
Туып өскен - байтақ жерім.
Мәңгі жайнап тұра бер,
Қазақстаным менің!

Бейнеролик: «Астанаға саяхат»

Мақсаты: Балаларға Астана - Қазақстанның астанасы екенін таныстыру, қаланың әсем ғимараттары мен көрікті жерлері туралы түсінік беру. Елорданы құрметтеуге, сүйіспеншілікпен қарауға, Отанға деген мақтаныш сезімін қалыптастыру. Тіл байлығын, есте сақтау қабілетін және бақылау дағдыларын дамыту.


Еліміздің тәуелсіздігін дәлелдейтін өз рәміздері бар. Мемлекеттің барлық азаматтары - үлкендерде, балалар да - мемлекеттік рәміздерді, олардың символикаларын білуі және түсінуі тиіс. Балар қарандаршы мына суретте не көріп тұрмыз.
Бұл біздің желбіреген көк туымыз. Ал мынау біздің Елтаңбамыз, ал бұл болса әнұранымыз.

Еліміздің тәуелсіздігін дәлелдейтін өз рәміздері бар. Мемлекеттің барлық азаматтары - үлкендерде, балалар да - мемлекеттік рәміздерді, олардың символикаларын білуі және түсінуі тиіс.
Өз еліңнің Туын, Елтаңбасын және Әнұранның құрметтеу ол өз Отаныңды құрметтеу және сыйлау.


Дидактикалық ойын: «Тиісті орнына қой» Шарты: Қазақстан Республикасының символдарын тиісті орнындарға қояды.

Сергіту сәті: «Ұшты - ұшты»

Бейнеролик арқылы балалар қимыл іс-әрекет жасайды.



Тәжірбиелік жұмыс: «Біздің көк туымыз - бейбітшілік символы»

Мақсаты:Балаларға тәуелсіздік, бірлік, бейбітшілік ұғымдарын түсіндіру;

Көк түсті сұйықтық арқылы Қазақстан туының түсін және оның мағынасын көрсету;

Тәжірибе жасау арқылы қол қимылдарын, бақылау қабілетін, ынтымақтастық сезімін дамыту;

Отанға деген мақтаныш пен сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру.

Тәжірибе барысы (қысқаша):

1.Тәрбиеші балалармен бірге Қазақстан туы туралы әңгіме жүргізеді.

2.Әр балаға көк түсті су құйылған ыдыс беріледі.

3.Барлығы бірге үлкен мөлдір ыдысқа суды құяды.

4.Тәрбиеші қорытындылайды:

«Міне, бәріміз бірігіп көк туымызды жандандырдық. Бірлік болса – еліміз нұрланады!»

Қорытынды:

Бүгінгі біздің еліміздің Республика күнімен барлықтарынды құтықтаймын! Еліміз тыныш, жұртымыз аман болғай! Көк байрағымыз көгімізде желбірей берсін! Ана тіліміздің мәртебесі көтеріле берсін. 

Күтілетін нәтиже: Біледі: балалар мерекенің маңыздылығын түсінеді; балалар заң туралы білімге ие. Игереді: қазақ тілінде белсенді сөйлеу дағдылары, ойын қызметі. Менгереді: ойлау, бірге ойнау, ән айтуды меңгереді.










Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29.11.2025
36
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі