400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Бірлігіміз жарасқан

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге, машықкерлерге арналған сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мұғалім: Қуаныш А

Сыныбы: 0 а

20-сабақ. БІРЛІГІМІЗ ЖАРАСҚАН

Бірлік болмай, тірлік болмас.

Мақал

Мақсаты: «Бірлік» ұғымы, оның құндылық ретіндегі мәнін түсіндіру.

Міндеттері:

- бірлік туралы түсініктерін кеңейту;

- өзара жағымды қарым-қатынастарын дамыту;

- ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: дәптер, түрлі түсті қарындаштар.

Шаттық шеңбері

Балалалар тәрбиешімен бірге Е.Өтетілеуұлыңың «Көңілді балалар» өлеңін айтады.

Жабырқауды білмейміз, Жалқаулықты сүймейміз, Біз талантты жас ұлан, Үлгі аламыз жақсыдан.

Әңгімелесу

Балалар, бірлік дегенді қалай түсінесіңдер? Балалардың жауаптары тыңдалып, қорытындыланады.

Әңгімелеу

Құмырсқа

М. Байділданов

Баяғыда бір құмырсқа өз қандастарына өкпелеп, кетіп қалып, ара, қоңызбен дос болды. Жем іздеп шыққан құмырска жол үстінен бір дән тауып алады. Жалғыз өзі әуреленіп түк қөзғалта алмады. Енді көмек сұрау үшін достарын іздеді. Гүлдің нәрін жинап жүрген араға жолығып:

- Досым, маған көмектесіп жібер, жалғыз өзімнің әлім келмей жатыр, - деп өтінді.

- Көрмей түрсың ба? Мен де жұмыс істеп жүрмін ғой, - деп ара оған қайырылмай қойды. Енді құмырсқа қоңызға келіп, одан көмек сұрады.

- Сен үшін еңбегімді еш қыла алмаймын! - деп, қоңыз «досы» қиын домалатып кете берді. Екі досынан күдер үзген құмырсқа мұқайып келе жатып, өзінің илеулес достарымен ұшырасты. Олар мұның жабырқаңқы түрін көріп:

- Не іздеп жүрсің? - деді. Құмырсқа өз басынан кешкенін айтты. Достары көмектесіп, дәнді бірігіп сүйрелеп алып жүрді. Ақыр соңында адасқан құмырсқа қайта өз үйіріне қосылды.

Құмырсқа өз достарының қадірін қалай түсінді?

Құмырсқалар бірліктерін қалай танытты?

Дәйексөз

Тәрбиеші «Бірлік болмай, тірлік болмас» деген халық мақалын сабақтың дәйексөзі ретінде түсіндіреді.

- Ұйымшылдық, татулық болса, бірлік достық орнайды екен. Егер бәріміз біріксек, кез келген жұмысты тез және нэтижелі орындайды екенбіз. Ынтымақ болса, береке болады.

Ойын. «Бесінші артық»

Тәрбиеші төрт орындық қояды. Ойынға бес бала қатысады. Әуен ойнағанда балалар орындықтарды айнала жүреді. Әуен тоқтағанда балалар орындыққа отыруға тырысады. Артық, орынсыз қалған баланы алдарына отырғызады. Орындықты біртіндеп азайтып отырады. Ойын осылай бір орындық қалғанша жалғаса береді. Бұл ойын бірлікке, татулыққа, сыйластыққа тәрбиелейді.

Тыныштық сәті

- Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жүтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал. енді көздеріңді ашсаңдар да болады.

Дәптермен жұмыс

- Сурет бойынша әңгімелеп беріңдер. Суретті бояңдар.

Ғажайып сөздер

Балалар сабақта айтып, үйренген өнегелі сөздерді қайталап айтады.

- Бірлік бар жерде қуаныш бар.

Қорытындылау



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15.01.2021
886
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі