400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Бірлігіміз жарасқан

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары."Бірлігіміз жарасқан" «Бірлік» ұғымы туралы түсінік беру, ішкі тыныштық құндылығының мәнін ашу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Өзін- өзі тану» сабағының жоспары


Мектеп:№ 20 Мерзімі:

Мұғалім: Абылкасимова Айман Есимбековна

Сынып: Даярлық сыныбы

Тақырыбы: Бірлігіміз жарасқан

Құндылық: Ішкі тыныштық

Қасиеттер: Мейірімділік, сыйластық, қамқорлық.


Сабақтың мақсаты: «Бірлік» ұғымы туралы түсінік беру, ішкі тыныштық құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

1. «Бірлік» ұғымы туралы түсінік беру.

2.Ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

3.Өзара жағымды қарым-қатынастарын дамыту.


Ресурстар:

(құралдар, мәліметтер)

дәптер,түрлі-түсті қарындаштар,суреттер,оқулық.

Шаттық шеңбері:

Балалармен бірге шеңбер құрып тұрып, өлең айтады.

Жабырқауды білмейміз,

Жалқаулықты сүймейміз.

Біз талантты жас ұлан,

Үлгі аламыз жақсыдан


Әңгімелесу: « Бірлік» сөзінің мағынасын түсіндіру. «Бірлік болмай,тірлік болмас» деген халық мақалын түсіндіру-Ұйымшылдық, татулық болса, бірлік, достық орнайды екен. Егер бәріміз біріксек, кез келген жұмысты тез және нәтижелі орындайды екенбіз. Бірлік, ынтымақ болса, береке болады.

Әңгімелеу: «Құмырсқа» әңгімені оқып беру.Баяғыда бір құмырсқа өз қандастарына өкпелеп,кетіп қалып,ара, қоңызбен дос болады.Жем іздеп шыққан құмырсқа жол үстінен бір дән тауып алады.Жалғыз өзі әуреленіп түк қозғалта алмайды. Көмек сұрау үшін достарын іздейді.Гүлдің нәрін жинап жүрген араға жолығып: - Досым,маған көмектесіп жіберші,жалғыз өзімнің әлім келмей жатыр ,-деп өтінеді. – Мен де жұмыс жасап жатырмын –деп ,көмектеспейді. Енді құмырсқа қоңызға келіп,одан көмек сұрайды. –Сен үшін еңбегімді еш қыла алмаймын, -деп,қоңыз «досы» қиын домалатып кете береді. Екі досынан күдер үзген құмырсқа мұңайып келе жатып,өзінің илеулес достарына ұшырасты. – Не іздеп жүрсің? көмектесіп, дәнді бірігіп сүйрелеп алып жүрді. Ақырында адасқан құмырсқа қайта өз үйіріне қосылды.

-Құмырсқа өз достарының қадірін қалай түсінді?

+Құмырсқалар бірліктерін қалай танытты?

Интерактивті тақтамен жұмыс. Дәптермен жұмыс:30-беттегі сурет бойынша қысқаша әңгімелету.

Дәйексөзбен жұмыс – бірлік, татулық –түсіндіру.

Ойын. «Бесіншісі артық» Төрт орындық қойылады.Ойынға бес бала қатысады. Әуен ойнағанда балалар орындықтарды айнала жүгіреді.Әуен тоқтағанда балалар орындыққа отыруға тырысады. Артық,орынсыз қалған баланы алдарына отырғызады.Орындықты біртіндеп азайтып отырады. Ойын осылай бір орындық қалғанша жалғаса береді. Бұл ойын бірлікке, татулыққа, сыйластыққа тәрбиелейді.

Тыныштық сәті -Балалар денелеріңді түзу ұстап,бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар, Көздеріңді жұмыңдар. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылаңдар, таза ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады.

«Күннің сәулесін толықтыру» Балалар тақтадағы күнді айналдырып, шуағын жапсырып,толықтырады. Бірлескен жұмыс екенін түсіндіру.

«Бірлік бар жерде қуаныш бар» түсіндіру.


Бір-біріне жақсы сөздер айтады қайталайды.












Сабақты қорытындылау: -Балалар, біз бүгінгі сабақта бірлік туралы білдік. Бірлік деген сөз-бәрі бірдей жұмыла, бірлесіп бір істі бітіру. Бірігіп, бірлікте жұмыла істеген істің қуанышы көп болады. Бірлік, ынтымақ бар жерде береке, татулық, сыйластыұ болатынын білдік.

«Ағайынбыз бәріміз» әнді хормен айту.





Күтілетін нәтиже:

Біледі: бірлік ұғымын керек екенін.

Игереді: «бірлік» мағынасын түсіндіру түсініктерін кеңейтеді.

Меңгереді: Жағымды қарым – қатынас дағдыларын.











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
05.10.2021
1083
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі