«Бірлік бар жерде бақыт
бар»
Мақсаты: 1- мамыр Қазақстан халықтар
бірлігі күні екенін оқушыларға жеткізу; Ынтымақтыққа, достыққа, өз
Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Тәрбиеші:
Құрметті балалар,
әріптестер!
Сіздерді 1- Мамыр – Қазақстан
халқы бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
«Бірлік бар жерде- тірлік бар» дейді дана халқымыз. Бұл сөз тегінен
тегін айтылмаса керек.
Ұлттар тұтастығы мен халықтар
достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз дамып келеді. Еліміз
өркен жайып, әрбір шаңырақ шаттық пен қуанышқа
кеңелсін.
Тәрбиеші: «Бірлік бар жерде бақыт
бар»
Отан- әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз.Адам жүрексіз өмір
сүре алмайды.Отан- біздің туған жеріміз, өзіміздің туған-
туысқанымыз, дос- жаранымыз бен тұратын
еліміз.
-Балалар біз қандай елде
тұрамыз?
-Тәуелсіз
Біздің
Отанымыз
-
Қазақстан
Қазақстан республикасының
рәміздеріне не жатады?
-
Ту,Елтаңба,Әнұран
Жарайсыңдар балалар,ендеше
орнымыздан тұрып Қазақстан Республикасының әнұранын
орындайық.
Қазақстан гимні
орындалады.
-Елімізде қандай ұлттар
тұрады?
(Қазақстанда тұратын ұлттар
суреттерін көрсету)
-Біз олармен қандай
қарым-қатынастамыз?
-Дұрыс балалар біздің еліміз көп ұлтты мемлекет
қатарына жатады.
Біз
қазақ елі олармен әрқашанда достық
қарым-қатынастамыз
Олар біздің елімізде тұрса да өз тілдерінде
сөйлеуге,салт-дәстүрін сақтауға ерікті. Сонымен бірге олар біздің
елімізде туып өскендіктен менің елім Қазақстан деп айта
алады.
Жер
бетіндегі барлық халықтар да достықта,ынтымақтастықта өмір сүруге
тиіс.
Қазіргі таңдаРеспублика
халқының саны 18 миллиондай.
Жергілік ұлт қазақтармен бірге басқа да 130-дай ұлт өкілдері
тұрады. Мұнда ұлтына, нәсіліне қарамай барлық халық өкілдері
бір-бірімен туысқандай болып кеткен. Қазақстанның шаруашылығы мен
мәдениетін дамытуға барлық ұлт өкілдері белсене қатысып,бірлесе
еңбек етіп келеді.Сондықтан 1- мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі
күні болып аталады.Бүгінгі жиналған ұлт өкілдері өздерінің бірлік,
достық мерекесін тойламақ.
Тәрбиеші: Өз сөзімдей жаңға жайлы
сөздерің,
Өз көзімдей күлімдейді көздерің.
Дәм тұзымыз араласпыз әріден,
Дастарқандар жайылады сәнімен
Ортақ мекен жер шары Төбемізде
бір аспан
Барлық ұлттың
баласы,
Достығымыз
жарасқан
Хор:
«Дос болайық
бәріміз!»
Тақпақтар:
Нәсілдерге нәсіл болсын,нұрлы
күн
Ынтымақтың шертсін деймін бір
жырын
Татулығын жырға қосам
ұлттардың
Мақтан етіп ұлыстардың
бірлігін
Тілі бөлек болғанымен тілек
бір
Ұлы достық мәпелеген жүрек
гүл
Қазақстан бар ұлысқа
шаңырақ
Шайқалмастан шаттығымыз тіреп
тұр
Дос болып түрлы
халықтар
Жасайтұғын
ғасырмын
Бақыт шымын
әлемге
Ұмытылмас
асылмын
Болашақтың
ұрпағы,ұланымын
Елімменен мәңгіге
мақтанамын
Бейбітшілік
туымыз
Желбірейді
мәңгіге
Бейбітшілік
ұраны
Жарқыраған алтын
күн
Ән қанатты
қыраны
Еркіндігі
халқымның
Достықты үлгі
санаған
Бір үйде біз
тұрамыз
Қалған ата
бабадын
Бірлік асыл
мұрамыз
Нұркелді.
Бірлік,достық айырылмас
әніміз
Бірге жүріп,бірге оны
шырқаймыз
Өзбек,орыс,түрік
бол
Дос болудан
қашпаймыз
Д.Сұлтан:
Болсын жер мен су да
ортақ
Болсын біздің ту да
ортақ
Ақпыз,қара,сарымыз
Ағайынбыз
бәріміз
Арайлым:
Дружба народов- не просто
слова
Дружаба народов навеки
жива
Ждружба народорв – счастливые
дети
Колос на ниве и сила
расцвете
Тәрбиеші: Егемен ел болдық, қаһарман
ерлікпен.
Бағымыз жанады, бауырмал
елдіктен.
Қазақтың мерейі жұлдыздай
жоғары,
Мәңгілік жасаймыз бірлікпен,
ерлікпен.
Халқымыздың қанға сіңген осы
берік бірлігі, ұйымшылдығы, басқа халықтармен одақтасып, достаса
білуі жеңістен жеңіске жеткізеді.
Би:
«Жол
серігі»
Қане балалар ортаға
жиналамыз,шеңбер құрамыз
-Дөңгелене
тұрайық
Керегені
құрайық
Уық болып
иіліп,
Шаңырақ болып
киіліп
Достық үйін
құрайық
Балалар қарандаршы бізде үлкен
шаңырақ құрылды,осы бір шаңырақ астында бірлігіміз жарасқан егемен
тәуелсіз ел болы жүре берейік.Бірлік - халық салты. «Халқымыздың
бірлік салты отбасынан басталып, бүкіл елдің, барлық адам баласының
бірлігімен ұласады».
Бейбітшілік құсы, ақ
көгершін,
Биік ұшып
самғасын.
Тілегімізді жерге
жайсын,
Қанаттары
талмасын.
Ән: «Ақ
көгершін»
Тәрбиеші: «Ел бірлігі – ең асыл қасиет.
Бірлік, ынтымақ, сабырлылық пен парасаттылық, ең алдымен өзімізге –
қазақтарға керек» деп көргенділікпен Елбасымыз айтқандай, біз
сияқты көп ұлтты мемлекеттің даму болашағының бір көзі – Қазақстан
халықтарының бірлігі.
Тәрбиеші: Қазақстан сияқты жас
мемлекеттің өркендеуінің бір кепілі еліміздегі ынтымақтастық пен
бейбіт өмір!
Тәрбиеші: Ендеше, бейбітшілік
жасасын!
Тәрбиеші: Ынтымақтастық
жасасын! Хормен
Тәрбиеші: Қазақстан
жасасын!
Тәрбиеші: Қазақстан халықтарының бірлігі
жасасын!
Тәрбиеші: Осымен, бүгінгі мерекелік
кешімізді аяқтаймыз.
Сау - саламатта
болыңыздар!
Қағаздан жасалған ақ
көгершіндерді биікке шарға байлап
ұшыру.