Бірлік болмай тірлік болмас

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бірлік болмай тірлік болмас

Материал туралы қысқаша түсінік
Халықтар арасындағы достықты нығайту, осы мақсатта балалардың достық қарым – қатынастарын қалыптастыруды жалғастыру, Қазақстанның өркендеуіне достық арқылы өз үлестерін қосуға баулу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағаты


Тақырыбы: Бірлік болмай тірлік болмас. 1- мамыр бірлік күні.

Мақсаты: Халықтар арасындағы достықты нығайту, осы мақсатта балалардың достық қарым – қатынастарын қалыптастыруды жалғастыру, Қазақстанның өркендеуіне достық арқылы өз үлестерін қосуға баулу.

Көрнекілігі: 1. Достық тақырыбына арналған топтардың арасында қабырға

газеттері.

2. Ұлттар достығын бейнелейтін суреттер.

Әнұран


Мұғалім: Бірінші мамыр!

Достықтың ұлы мейрамы

Тоғысар сенде жандардың ізгі ойлары

Татулық пенен бірлікке ынтымақ, адамзат,

Өзіңді сәнмен қошемет етіп тойлайды!

(1 мамырға арналған видео – көрініс)

Қайырлы күн қымбатты ұстаздар, студенттер, бүгінгі шараға қатысушылар! 1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған «Ынтымағы жарасқан туған өлкем – Қазақстан!» – атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер! Қазақстан Республикасын мекен еткен 130 – дан астам ұлт өкілі күні бүгінге дейін ынтымақтастыққа, бір үйдің баласындай тату – тәтті жарасымды тіршілік кешіп келеді. Жүзі басқа болғаны мен жүрегі бір, тілі басқа болғаны мен тілегі бір, мақсат – мүддесі ортақ, бірлігі мықты, достығы берік ұлттар қазақ елінің салт – дәстүріне, ұлттық құндылықтарына құрметпен қарайды, сондай – ақ қазақ халқының қарапайымдылығы, қонақжайлылығы, бауырмалдылығы үшін ерекше бағалайды, бастысы өздері қоныс тепкен Қазақстан жерінің барлық ұланымен ауыз бірлікте, туыс болуды көздейді. Бүгінгі шараның да мақсаты халықтар арасындағы достықты нығайту, осы мақсатта студенттердің достық қарым – қатынастарын қалыптастыруды жалғастыру, Қазақстанның өркендеуіне достық арқылы өз үлестерін қосуға баулу.


Жүргізуші: Қазақстан бүгінде ұлттар мен ұлыстар мекендеген достық пен туысқандықтың, ынтымақ пен ырыстың ордасына айналды. Елбасы Н. Ә. Назарбаев халықтар достығы бірлік пен татулық орныққан елдің жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан болуы керектігін ұлы міндет етіп қойды. Қазақстан халықтары осынау ұлы көштің басында қол ұстасып бірге жүрмек. «Қазақта бірлік болмай, тірлік болмас» – деген ұлағатты ұғым бар. Ендеше елімізде бейбіт өмір сүріп жатқан ұлттар мен ұлыстар өкілдерінің татулығы артып, Қазақ елінің нығайып, өркендеуіне өз үлестерін қосты.

Мұғалім ынтымақ, бірлік, достық жөнінде мақал – мәтелдердің басы айтылады, жалғасын жаңағы 3 оқушы айтады, осылай ұпай санымен есептеліп жеңімпаз анықталады.

Ырыс алды – (ынтымақ)

Бірлік болмай – (тірлік болмас)

(Ынтымақтың түбі) – игілік

Бірлік, ынтымақ – (байлық, бақ)

Тірлік, тірлік түбі – (бірлік)

(Татулықта) табыс мол

Бірлік болмай (Тіршілік болмайды)

Дос басыңа қарайды (Дұшпан аяғыңа қарайды)

Дос сыртыңнан мақтар, дұшпан (көзіңе мақтар)

Ағаш тамырымен мықты, Адам (дос – жарымен мықты)

Дос – егіз, (дұшпан – сегіз)

Досыңды мақтағаның – (өзіңді жақтағаның)

Досы жоқ адам – (Тұзы жоқ тағам)

Досы көпті жау алмайды, (Ақылы көпті дау алмайды)

Теңге тиыннан, (Ынтымақ – ұйымнан).

Мұғалім: Тәрбие сағатымызды бекіту үшін плакатқа бірлік күніне байланысты қатар бойынша қосымша көрнекі құралдарды пайдалана отырып және өздерінін ойларына байланысты сурет саламыз.Тақтаға шығып қорғаймыз.

Осымен тәрбие сағатымыз аяқталды.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.05.2023
707
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі