400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

бірлік достық мерекесі ертеңгілік

Материал туралы қысқаша түсінік
1 мамыр мерекесі туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қайырлы күн ардақты апайлар, ата-аналар. 1 мамыр халықтар бірлігі мерекесіне арналған «Достығымыз бірлікте» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!

Бұл күн әрбір қазақстандық үшін отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, адамзаттық борышпен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі.

Баршаңызды 1 мамыр халықтар бірлігі мен ынтымақтастығы мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бүгінгі «Көбелектер» тобы ата-аналар арасында ұйымдастырылған «Достығымыз бірлікте» атты кешімізді ашуға рұқсат етіңіздер!

Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн

Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын

Татулығын жырға қосам ұлттардың

Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін

Тілі бөлек болғанымен тілек бір

Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл

Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ

Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.

Бүгінгі мерекеміз ұлттар арасындағы сайыс түрінде өтпек. Сондықтан ортаға ұлт өкілдерін шақырамыз.
1.Елім менің, жарқыраған,жайнаған

Бақ біткенде бұлбұл құсы сайраған

Елім менің биіктігі шарайнам

Қыран құсы көгінде мың самғаған.

Ортаға қазақ ұлтын шақырамыз!

2.Татулығы жарасқан

Көршілес ел Ресейден

Орыс халқым сыйласқан

Ынтымағымыз жарасқан

Ортаға орыс ұлтын шақырамыз!


3.Жер анамыз жасайды тарлық кімге

Кетпей үшін мәңгілік қалғып түнде

Қайталап жаңарып айтылады

Бейбітшілік деген сөз барлық тілде

Ортаға өзбек ұлтын шақырамыз!

4.Тағамы оның сан түрлі

Тау халқы деп атаймыз

Шаңын шығарып билейді

Мың бұралып ортада

Ортаға грузин ұлтын шақырамыз!

Сайысымызды бастамас бұрын әділқазылар алқасын сайлап алайық.

Әділқазылар алқасы:

Енді сайысымыздың шартымен таныстырайық. Сайыс 6 бөлімнен тұрады.

  1. Ұлттардың өзін-өзі таныстыруы

  2. Өз өнерлерін көрсету

  3. Әр ұлт өздерінің биін билеу.

  4. Мақал-мәтелдің жалғасын табу

  5. Ас мәзірі әр ұлт өзінің ұлттық тағамымен таныстыру

  6. Әншілерге пародия жасау.

1.Қазақ ұлтының таныстыруын тыңдайық.(қазақ ұлты өздерін таныстырады)

Орыс ұлтының таныстыруын тыңдайық.(орыс ұлты өздерін таныстырады)

Өзбек ұлтының таныстыруын тыңдайық.(өзбек ұлты өздерін таныстырады)

Грузин ұлтының таныстыруын тыңдайық.(грузин ұлты өздерін таныстырады)

2.Әр топ бір адамнан шығып өз өнерлерінізді көрсетесіздер!(әр ұлт өз өнерлерін көрсетет)

3.Ұлттық билер жіберілет әр ұлт өздерінің биін билейді.

4.Мақал сөздің мәйегі дегендей келесі бөліміміз мақалдың алғашқы сөзі айтылады. Сіздер жалғасын табасыздар.

Қазақ ұлтына: Бірлік болмай-(тірлік болмас)

Орыс ұлтына:Досқа берік бол, (досына серік бол)

Өзбек ұлтына: Ынтымақ — бұзылмайтын қорған,
(Қосылып еккен ағаш — орман.)

Грузин ұлтына: Бірлігі бар елдің,
(Белін ешкім сындырмас.)

Ағайын туған бар адам

Адалдық үшін жаралған

Дәм тұзымыз жарасқан

Баянды болсын тыныштық –дегендей ұлттардың ас мәзірін таныстыруы.

Енді қазір сіздер мына қағаздарды суырасыздар. Қағазда әншілердің аты жазылған. Сол әншіге пародия жасайсыздар. (қағаздарды суырту.пародия жасау)

Сайысымызды қорытындылау үшін сөзді әділқазылар алқасына береміз!(достық әніне бәрі билеп тұрады.)

Жақсылыққа бақытқа

Талпынға әр уақытқа

Бала біткен дос бауыр

Болмасын еш тосқауыл-дегендей осымен бүгінгі «Достығымыз бірлікте» атты кешіміз аяқталды.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
20 қараша
623
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі