Тақырып бойынша 13 материал табылды

«Бірлік және ынтымақ» құндылығы «Жаңа жылдық тарту» «Дүкенге алғашқы рет жалғыз бару»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Бірлік және ынтымақ» құндылығы «Жаңа жылдық тарту» «Дүкенге алғашқы рет жалғыз бару»
Материалдың қысқаша нұсқасы

Іс-шараның тақырыптары:

«Бірлік және ынтымақ» құндылығы «Жаңа жылдық тарту» «Дүкенге алғашқы рет жалғыз бару»

Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)

@pedagoglife тикток

Күні:


Сынып:

1 « »

Сабақтың мақсаттары:

  • оқушыларға бірлік пен ынтымақтың мәнін түсіндіру.

  • оқушыларға «Жаңа жыл» туралы ұғым беріп,жаңа жылды татулықпен,достықпен,бірлікпен өткізуге баулу.

  • балаларға дүкенде өзін-өзі сыпай ұстау және қауіпсіздік ережелерін үйрету.

Құндылық :

«Бірлік және ынтымақ»

Апта дәйексөзі: «Ынтымақ-бұзылмайтын қорған»

Сабақтың барысы

Сынып сағатының кезеңі\ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

бағалау

ресурстар

Ұйымдастыру



































Сабақтың барысы: (шенберде тұру)

Барлық оқушылар шеңбер жасайды. Мұғалім оқушылардан бір-біріне жақсы тілек айтуды сұрайды. Мысалы: «Бүгінгі күніңіз береке мен шаттыққа толы болсын!»

Кіріспе сөз (мұғалім)

Бірлік және ынтымақ қазақ халқының айрықша қазынасы екенін тату-тәтті өмір сүретін сөздендіре отырып тұрмыстағы мағынасын ашып береді.

Негізгі бөлім:

Баяндама: Бірлік және ынтымақ туралы қазақ халқының мәтелдері, мысалдар және тарихи деректер беріледі.

Бірлік – ынтымағы мен берекесін тең ұстаған Қазақ елі үшін ең қастерлі ұғым, сан ғасырлардан мирас болып келе жатқан дана халқымыздың асыл қасиеті. Бабаларымыз ынтымақ пен татулықты, ортақ келісім мен ауызбірлікті, жарасымдылық пен сыйластықты мүдделі түрде еліміздің біртұтастығын сақтауда әрдайым биік мақсат етіп қойған. Халқымызда «Бірлігі бекем елдің берекесі мол болмақ” деп бекер айтылмаған. Өйткені татулықсыз, бірлік-берекесіз, ынтымақсыз ештеңенің де өнбесі анық. Еткен еңбектің де жемісі бекер болмақ. Ауызбірлігі жарасқан елді ешқандай қиындық қыспағына ала алмайды.  Кез келген елдің тілегі де, арманы да халқының бейбітшілігін сақтау. Татулықта ғұмыр кешіп, соғыс отын тұтатпай, бейбітшілік үшін күресу қазіргі уақыттың ең өзекті мәселесі болып табылады.


Ынтымақ түбі –игілік,
Тірлік, тірлік түбі – 
бірлік.


Теңге – тиыннан,
Ынтымақ – ұйымнан.


Ынтымақ түбі — игілік.


Ынтымақ жүрген жерде,
Ырыс бірге жүреді.


Ынтымақсыз елді —
Ұрысы билейді.
Ынтымақты елді —
Дұрысы билейді.


Күш — бірлікте.


Тірліктің күші — бірлікте.


Талқылау: Оқушылардан бірлік пен ынтымақтың өмірдегі маңызы туралы өз пікірлерін болісуді сұраныңыз.

Сабақты бекіту:

Барлық оқушыларға сұрақтар қойылады:

Бірлік неліктен маңызды?

Біз ынтымақты қалай нығайта аламыз?

Достықты қалай сақтаймыз?

Қорытынды сөз:

Мұғалім бірлік пен ынтымақтың маңызын тағы да белгілеп, оқушыларды осы құндылықты дамытуға шақырады.





Шаттық шеңберін құрады






Пікірлерімен бөліседі




Сұрақтарға жауап береді
























































«Қош келдің, Жаңа жыл» атты кеш (0-4 сыныптар)
1 Жүргізуші:
Барлық жандар бір білікке қосқан үн,
Бақытты боп бастады жыл дастанын.
Қуанышпен келді той деп жаңа жыл,
Құтты болсын жаңа бақыт достарым.
2 Жүргізуші:
Құрметті оқушылар, ұстаздар, Жаңа жыл мерекесіне арналған «Қош келдің, Жаңа жыл» атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер
1 Жүргізуші:
Құрметті жамағат жүрекке жылылық ұялатар алғашқы жаңа жылдық құттықтау сөзді білім ұясының білікті басшысына береміз.Сөз кезегі ............................................беріледі.
2 Жүргізуші:
Құтты болсын жаңа жыл, барша халық,
Қуанышқа, шаттыққа тамсанайық.
Бірімізге шынайы тілек тілеп,
Бар әлемге бақытпен жар салайық!

(көрініс ақ қоян мен қоңыр қоян акт залына кірумен басталады)
1 Жүргізуші:
Жаңа күнде ән қылып,
Тек жүрмеңіз сән құрып.
Көңілдердей қартаймай,
Шырша тұрар мәңгілік.
Ал енді барлығымыз шыршаны айналып «Шырша» жырын айтайық.
2 Жүргізуші:
Балалар ортамызға бізбен бір жыл бірге болған айдаһар жылын шақырайық. Ескі жыл қайдасың?
- Әне өзі де келе жатыр, бәріміз қосылып Хош келдіңіз делік.
Бәрі: Хош келдің ескі жыл.
Ескі жыл:
Ауылдастарым, достарым,
Алғысым көп айтар менің.
Дәл осындай артығырақ,
Қарсы алыңдар айдаһар жылын.
1 Жүргізуші:
- Ескі жыл сен жаңа жылымыз келген ше бізбен бірге бол. Көңіл көтеріп, ән салып, би билейік.
2 Жүргізуші:
Би билейік бұралып,
Қыздар тұр сұранып.
Мен де тұрмын құр қалып,
Шаттанайық қуанып.
- Ескі жылымыздың құрметіне сыныбының орындауында биі. Қарсы алыңыздар.
(Би биленеді)
1 Жүргізуші:
Әнші де құс үні бар,
Кірсең кештің сәні бар.
Салайықшы шарықтап.
Жаңа жылдың әніне
Ал ағайын тұрмайық
Жаңа жылды жырлайық.
сынып оқушыларының орындауында ән. Қарсы алыңыздар.
(Ән айтылады)
2 Жүргізуші:
Қараңыздар мынау шыршаға. Неткен сұлу, неткен көрікті еді. Жаңа жылдық шыршамызға барлығы келіпті. Енді аяз атамыз да келіп қалар. Қане барлығымыз Аяз ата, ақша қар, жаңа жылым кел деп шақырайық. Сонда біздің дауысымызды естіп тез келер.
Барлығы: Аяз ата, ақша қар, жаңа жылым кел, кел!
(Аяз ата, ақша қар, жаңа жыл келеді)
1 Жүргізуші:
Келді жылым бақытым,
Кемелденді уақытым.
Сәлем саған аяз ата, жаңа жыл,
Жаңа бақыт, жаңа думан, жаңа жыр.
Аяз ата: Аяулы ата - аналар, ардақты ұл - қыздар, бүлдіршін балаларыңа бір сәлем!
Қандай жарқын жүздерің,
Қандай әсем жырларың.
Асулармен алысқан,
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан.
2 Жүргізуші:
Сыңғырлашы сырнайым,
Жаңа жылды жырлайын.
Шашбаулы қыз сырғалы,
Ақша қарды тыңдайық.
Ақша қар:
Амансыздар ма балалар, ұстаздар, ата аналар! Өздеріңді сағынып келдік, Жаңа жылдарыңыз құтты болсын. Өтіп кеткен айдаһар жылына аман есен саулық тілеп, келер жылымыз Жылан жылына табыс жыл, береке, бірлік әкелсін деп деймін.


1 Жүргізуші:
Жаңа жыл жол болсын
Басқан қадам оң болсын
Төрлет, төрлет жаңа жыл
Бізге құтты жыл болсын.

Алдарыңызда сынып оқушыларының орындауында би қабыл алыңыздар.
2 Жүргізуші:
Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бақыт,
Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.
Жылан жылы кеп қалды ортамызға,
Жақсылықпен жалғасын жаңа уақыт.
Қоян жылы:
Жаңа жылда жаңа бақыт тыныштық,
Жаса, жаса достық бірлік туыстық.
Құттықтайық жаңа жылды өнермен,
Қуаныштың әр минуты тым ыстық.
(Ортадан ескі жыл шығады)
Айдаһар жылы: Мен ескі жылмын сіздерге молшылық, бақыт әкелдім. Мына келер жылға тілегім.
Жасампаз заман бұл заман
Бүгіннен ертең ғаламат
Алдыңғы сапта боларсың
Хош сау болыңдар балалар! (Ескі жыл кетеді)
Жылан жылы:
Жаңа жылда өнер сынар қайсың бар
Би билендер, жырдан шұмақ шашыңдар Ал канекей өнер сүйер қайсың бар?
Жаңа жылда сыйлық алып қайтыңдар.
2 Жүргізуші:
Дөңгеленіп тұрайық,
Ойын сауық құрайық.
Ән шашуы шашылсын,
Жаңа жылға ылайық!
Ортада сынып оқушысы орындауында ән.
Аяз ата: Ал қарақтарым мені күтіп отырған қаншама ел мен жер бар. Сонда барайын. Сендерге көп рахмет. Өнерлерін өрге жүзсін. Биік шыңдардан көрініңдер!
Жаңа жыл жаңа бақыт, әкелсін далама құт.
Өнерлерің көп болсын, елде уайым жоқ болсын.
Тілектерің ақ болсын, бастарыңа бақ қонсын.
Келер жылы келермін, өнер тағы көрермін.
Сыйлық әкеп сендерге, көптен - көптен берермін.
Жақсылыққа толыңдар, тек биікке қоныңдар.
Келесі жылы көргенше, амандықта болыңдар.
1 Жүргізуші:
Ал құрметті достар! Бәріміз бірге Аяз атаны шығарып салайық.
2 Жүргізуші:Аяз ата, келесі кездескенше аман болыңыз. Біз сізді асыға күтеміз.
(Аяз ата, ақша қар кетеді. )
1 Жүргізуші:Құрметті достар!
2 Жүргізуші: Қадірлі ұстаздар!
1 Жүргізуші: Жаңа жыл! Осы жыл барлық отбасыларымызға бақыт пен шаттық әкелсін.
2 Жүргізуші: Жаңа жыл құтты болсын! Келесі кездескенше сау – саламатта болыңдар!


ҚС: 10 мин


Сабақтың мақсаты: балаларға дүкенде өзін-өзі сыпай ұстау және қауіпсіздік ережелерін үйрету.

Сабақ барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Жағымды мотивациялық көңіл күй қалыптастыру (1-2 мин).

  2. Мақсат қою. Тақырыптың анықтамасы.

Балалар, біздің тәрбие сағатымыздың бүгінгі тақырыбын білу үшін мен сіздерге

«Сөз құрастыру» ойынын ойнауды ұсынамын. Қазір экранда бірнеше суреттер пайда болады. Сіздер сол суреттердің алғашқы әріптері бойынша сөз құрастыруларыңыз керек.



Д Ү К Е Н


Дұрыс. Бүгін біз дүкенге барамыз.

- Сіздер қандай дүкендердібілесіздер?

  1. Білімді өзектендіру. Өткенді қайталау

«Оны қайдан сатып алуға болады?» доп ойыны

  • Мына заттар сатылатын бөлім қалай аталады?

  • Тоқаш, нан, бәліш? (нан бөлімі).

  • Сүт, сүзбе, ірімшік, қаймақ? (сүт бөлімі).

  • Банан, алмұрт, қырыққабат, пияз сатылатын бөлім қалай аталады? (көкөніс- жемістер бөлімі).

  • Ет, шұжықтар, котлеттер қай бөлімде сатылады? (ет бөлімінде).

  • Торттар, орамдар, кекстер қай бөлімде сатылады? (кондитерлік бөлімде).

  • скумбрия, минтай, шабақты қай бөлімнен сатып алуға болады? (балық бөлімінен).

  • Шырын, минералды суды қай бөлімнен сатып алуға болады? (сусындар бөлімінен).

  • Қант, ұн, шай, кофе, макарон, жарма – бұлар қай бөлімде сатылады?(азық- түлік бөлімі).

  1. Тақырыпқа кіріспе

«Дүкен. Дүкендегі тәртіп ережелері» ойыны

  • Қазір біз сіздермен дүкен ойынын ойнаймыз.

  • Кім сатушы болғысы келеді?

  • Біздің дүкен қалай аталады?

  • Міне, сіздерге ақша, дүкенге барамыз.

  • Дүкенге барғанда қандай ережелерді білу керек?

  1. ереже. Алдымен дүкеннен шыққан адамдарды өткізіп жіберіңіздер.

  • Дүкенге кірмес бұрын, шығатын адамдарға жол беру керек.

  1. ереже. Сыпайы болыңыздар!

  • Дүкенге кірген соң, сәлемдесу керек. Сатушыға өтініш білдіре отырып,

«кешіріңіз», «өтінемін», «сұрауға рұқсат етіңіз», «сұрауға бола ма», «ғафу етіңіз» деген сөздерді қолдана аласыздар. Сатып алушының сатушыларға жүгінуі сыпайы және сабырлы түрде болуы керек. Дөрекі және бұйыра сөйлеу әдепсіздік пен надандықтың белгісі.

  1. ереже. Дүкенде жүргенде итермеңіз, жол беріңіз.

  2. ереже. Кезекке тұрыңыз, шыдамды болыңыз.

  3. ереже. Сауда жасап болған соң, «рақмет» айтуды ұмытпаңыз.

Дүкенге барғанда өзін-өзі ұстау ережесі

Дүкенге кірген кезде дүкеннен шығып келе жатқандарға жол беру керек, содан кейін өзіңіз кіріңіз. Егер сізбен бір уақытта дүкенге қарт адамдар, жүкті әйел, мүгедектер, кішкентай баласы бар ана кіргелі тұрса, онда алдымен оларға жол беруіңіз керек.

  • Дүкенге лас заттармен кіруге болмайды.

  • Дүкенге кірген кезде есікті ұстаңыз.

  • Егер дүкен шағын болса және сіз тұрақты сатып алушы болсаңыз, қызмет көрсетушілермен амандасыңыз. Ал үлкен супермаркеттерде олай жасамауға да болады.

  • Қарсы ағынға тап болмас үшін қозғалыс бағыттарын сақтаңыз. Жақын жерде келе жатқан адамды итермеңіз. Егер сіз кездейсоқ біреуді итеріп жіберсеңіз немесе аяғын бассаңыз, кешірім сұраңыз.

  • Ұқыпты болыңыз, сөрелердегі тауарды шашпаңыз. Затты ұқыпты және абайлап ұстаңыз.

  • Арнайы қаптамасыз сатылатын өнімдерді сұрыптауға, қолмен ұстауға болмайды.

  • Тым қатты сөйлемеңіз.

  • Сатушы мен сатып алушылардың уақытын алмау үшін сатып алу тізімін алдын ала жазыңыз.

  • Егер сізге өнім ұнамаса және оны сатып алғыңыз келмесе, кешірім сұраңыз және сыпайы түрде сатып алудан бас тартыңыз.

  • Сатушыға қызмет көрсеткені үшін «рақмет» айтуды ұмытпаңыз.

  1. Білімді бастапқы игеру және түсінуді тексеру

  • Егер сіз ересектермен бірге дүкенге барып, адасып қалсаңыз не істейсіз?

  • Мұндай жағдайларда балалар өздерін қалай ұстау керек? (жыламаңыз, айқайламаңыз, тұрған жеріңізді тексеріңіз, сатушыға немесе күзетшіге жоғалғаныңызды айтыңыз)

  • Ал егер сіз адасып қалсаңыз, анаңызды іздеуге баруыңыз керек пе? (сіз бір орында тұруыңыз керек, анаңызды күтіңіз, ересектерден көмек сұраңыз)

  • Ең алдымен кімнен көмек сұрай аласыз? (сатушы, күзетші, ересек адам)

  • Радио арқылы жариялау үшін өзіңізді қалай атайсыз? (мен аты-жөнімді, жасымды, анамның атын айтамын)

  • Адасып қалғаныңызды түсінген кезде бірден жылау керек пе? (жоқ)

  • Анаңыз сізсіз дүкеннен кете ала ма, сіз қалай ойлайсыз? (жоқ)

  1. Сабақты бекіту. Өзіндік жұмыс

«Дұрыс бағытты таңдаңыз» ойыны. Педагог дүкенге екі бағыты бар картаны көрсетеді: біреуі қауіпсіз, екіншісі қауіпті (мысалы, жол арқылы). Балалар дүкенге қауіпсіз апаратын дұрыс бағытты таңдауы керек. Неліктен бір маршрут екіншісінен жақсы екенін талқылау қажет.

Қорытынды. Рефлексия Пайдалы сілтемелер:

https://www.youtube.com/watch?v=NCnr6WmrZ4o&list=PLA5eCSY2FeoQLLo cS-IEuEG9KjOrJzvPM&index=14

https://www.youtube.com/watch?v=hftM9yB25r4&list=PLA5eCSY2FeoQLLocS

-IEuEG9KjOrJzvPM&index=36
















































































































































































https://www.youtube.com/watch?v=NCnr6WmrZ4o&list=PLA5eCSY2FeoQLLo cS-IEuEG9KjOrJzvPM&index=14

https://www.youtube.com/watch?v=hftM9yB25r4&list=PLA5eCSY2FeoQLLocS

-IEuEG9KjOrJzvPM&index=36







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.12.2024
252
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12