Тақырып бойынша 13 материал табылды

«Бірлік және ынтымақ» құндылығы «Жаңа жылдық тарту» «Қауіпті сынықтар» (челленждер)

Материал туралы қысқаша түсінік
«Бірлік және ынтымақ» құндылығы «Жаңа жылдық тарту» «Қауіпті сынықтар» (челленждер)
Материалдың қысқаша нұсқасы

Іс-шараның тақырыптары:

«Бірлік және ынтымақ» құндылығы «Жаңа жылдық тарту» «Қауіпті сынықтар» (челленждер)

Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)

@pedagoglife тикток

Күні:


Сынып:

5 « »

Сабақтың мақсаттары:

  • Оқушыларға бірлік пен ынтымақтың мәнін түсіндіру.

  • Оқушыларға Жаңа жыл туралы ұғым беріп,жаңа жылды татулықпен,достықпен,бірлікпен өткізуге баулу.

  • оқушыларды қауіпті хоббимен таныстыру

Құндылық :

«Бірлік және ынтымақ»

Апта дәйексөзі: «Ынтымақ-бұзылмайтын қорған»

Сабақтың барысы

Сынып сағатының кезеңі\ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

бағалау

ресурстар

Ұйымдастыру



































Сабақтың барысы: (шенберде тұру)

Барлық оқушылар шеңбер жасайды. Мұғалім оқушылардан бір-біріне жақсы тілек айтуды сұрайды. Мысалы: «Бүгінгі күніңіз береке мен шаттыққа толы болсын!»

Кіріспе сөз (мұғалім)

Бірлік және ынтымақ қазақ халқының айрықша қазынасы екенін тату-тәтті өмір сүретін сөздендіре отырып тұрмыстағы мағынасын ашып береді.

Негізгі бөлім:

Баяндама: Бірлік және ынтымақ туралы қазақ халқының мәтелдері, мысалдар және тарихи деректер беріледі.

Бірлік – ынтымағы мен берекесін тең ұстаған Қазақ елі үшін ең қастерлі ұғым, сан ғасырлардан мирас болып келе жатқан дана халқымыздың асыл қасиеті. Бабаларымыз ынтымақ пен татулықты, ортақ келісім мен ауызбірлікті, жарасымдылық пен сыйластықты мүдделі түрде еліміздің біртұтастығын сақтауда әрдайым биік мақсат етіп қойған. Халқымызда «Бірлігі бекем елдің берекесі мол болмақ” деп бекер айтылмаған. Өйткені татулықсыз, бірлік-берекесіз, ынтымақсыз ештеңенің де өнбесі анық. Еткен еңбектің де жемісі бекер болмақ. Ауызбірлігі жарасқан елді ешқандай қиындық қыспағына ала алмайды.  Кез келген елдің тілегі де, арманы да халқының бейбітшілігін сақтау. Татулықта ғұмыр кешіп, соғыс отын тұтатпай, бейбітшілік үшін күресу қазіргі уақыттың ең өзекті мәселесі болып табылады.


Ынтымақ түбі –игілік,
Тірлік, тірлік түбі – 
бірлік.


Теңге – тиыннан,
Ынтымақ – ұйымнан.


Ынтымақ түбі — игілік.


Ынтымақ жүрген жерде,
Ырыс бірге жүреді.


Ынтымақсыз елді —
Ұрысы билейді.
Ынтымақты елді —
Дұрысы билейді.


Күш — бірлікте.


Тірліктің күші — бірлікте.


Талқылау: Оқушылардан бірлік пен ынтымақтың өмірдегі маңызы туралы өз пікірлерін болісуді сұраныңыз.

Сабақты бекіту:

Барлық оқушыларға сұрақтар қойылады:

Бірлік неліктен маңызды?

Біз ынтымақты қалай нығайта аламыз?

Достықты қалай сақтаймыз?

Қорытынды сөз:

Мұғалім бірлік пен ынтымақтың маңызын тағы да белгілеп, оқушыларды осы құндылықты дамытуға шақырады.





Шаттық шеңберін құрады






Пікірлерімен бөліседі




Сұрақтарға жауап береді
























































«Асыға күткен жаңа жыл» атты кеш (5-8 сыныптар)


1 Жүргізуші:

Аппақ бүгін қыр, далам,
Ақ мақтаны жапқандай!
Бүкіл әлем – бір ғалам,
Қонақ күтіп жатқандай.

2 Жүргізуші:

Көңілде көп қуаныш,
Әр көңілде - әр қылық.
Кетер жылға мың алғыс,
Әкелген көп жақсылық.
1 Жүргізуші:
Құрметті оқушылар, ұстаздар, Жаңа жыл мерекесіне арналған «Асыға күткен жаңа жыл» атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер
2 Жүргізуші:
Құрметті жамағат жүрекке жылылық ұялатар алғашқы жаңа жылдық құттықтау сөзді білім ұясының білікті басшысына береміз.Сөз кезегі Сейтбекова Ильмира Тұрлановнаға беріледі.
1 Жүргізуші:
Құтты болсын жаңа жыл, барша халық,
Қуанышқа, шаттыққа тамсанайық.
Бірімізге шынайы тілек тілеп,
Бар әлемге бақытпен жар салайық!
2 Жүргізуші:
Жаңа күнде ән қылып,
Тек жүрмеңіз сән құрып.
Көңілдердей қартаймай,
Шырша тұрар мәңгілік.
1 Жүргізуші:
Би билейік бұралып,
Қыздар тұр сұранып.
Мен де тұрмын құр қалып,
Шаттанайық қуанып.
- Ескі жылымыздың құрметіне сыныбының орындауында биі. Қарсы алыңыздар.
(Би биленеді)

2 Жүргізуші:

Біздің биылғы жаңа жылымыз жылдағыдан ерекше, себебі Айдаһар жылы еліміз талай белестерді бағындырды. Сонымен қатар алтын ұя мектебіміз де өз тарихындағы үлкен жетістіктерге қол жеткізді.


1 Жүргізуші:
Әнші де құс үні бар,
Кірсең кештің сәні бар.
Салайықшы шарықтап.
Жаңа жылдың әніне
Ал ағайын тұрмайық
Жаңа жылды жырлайық.
сынып оқушыларының орындауында ән. Қарсы алыңыздар.
(Ән айтылады)
2 Жүргізуші:
Келді жылым бақытым,
Кемелденді уақытым.
Сәлем саған аяз ата, жаңа жыл,
Жаңа бақыт, жаңа думан, жаңа жыр.
1 Жүргізуші:
Жаңа жыл жол болсын
Басқан қадам оң болсын
Төрлет, төрлет жаңа жыл
Бізге құтты жыл болсын.

Алдарыңызда сынып оқушыларының орындауында би қабыл алыңыздар.
2 Жүргізуші:
Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бақыт,
Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.
Жылан жылы кеп қалды ортамызға,
Жақсылықпен жалғасын жаңа уақыт.
1 Жүргізуші:
Дөңгеленіп тұрайық,
Ойын сауық құрайық.
Ән шашуы шашылсын,
Жаңа жылға ылайық!
Ортада сынып оқушысы орындауында ән.
2 Жүргізуші:Құрметті достар!
1 Жүргізуші: Қадірлі ұстаздар!
2 Жүргізуші: Жаңа жыл! Осы жыл барлық отбасыларымызға бақыт пен шаттық әкелсін.
2 Жүргізуші: Жаңа жыл құтты болсын! Келесі кездескенше сау – саламатта болыңдарыздар!



ҚС: 10 мин


Сабақтың мақсаты: оқушыларды қауіпті хоббимен таныстыру.

Сабақтың міндеті:

  1. Жасөспірімдердің өмірі мен денсаулығына қауіпті хоббидің салдарын көрсету.

  2. Дұрыс нұсқауларды қалыптастырыңыз.

  3. Ой-өрісін, логикасын дамыту, алған ақпараты бойынша қорытындыжасау, қоғамда өзін-өзі ұстау мәдениетін қалыптастыру.

Сабақ барысы Кіріспе (2 минут)

Педагог оқушылармен амандасып, сабақтың тақырыбын, мақсатын айтады. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Негізгі бөлім (6 минут)

Оқушыларға қауіпті челлендждер не әкелетінін түсіндіріңіз. Қауіпті челлендждер: балаға құрбан болмауға қалай көмектесуге болады. Үнемі ата-аналар балаларына интернетте құрдастары ұсынатын әртүрлі қауіпті сынақтар туралы алмасады: аяқ тіректерін ауыстыру, биіктіктен секіру немесе біреуді тұншықтыру, үйден қашу. Мұндай жағдайларда балаларды дұрыс жауап беруге үйрету маңызды. Жасөспірімдер барлық уақытта ерекшеленіп, назар аударғысы келді, өз күштерін сынап көреді. Алайда бүгінде бұл үшін қауіпті әдістер қолданылады. Өйткені, әсер бірнеше құрдастарына емес, үлкен, кейде миллиондаған аудиторияға, лайк пен жазылымдарға ие болу керек. Белгілі бір челлендждердің қауіптілігі туралы ескерту маңызды. Жасөспіріммен сөйлесуді сіз бұрын естіген челлендждер туралы және осындай сынақтардың қайғылы салдары туралы айтудан бастауға болады.

Оқушылармен «Осындай ойындардың қауіп-қатерінен қалай қорғануға болады?» пікірталас.

«Есте сақта!»

«111 жедел қызметі» байланыс орталығы балалар мен ересектер өздеріне көмек қажет екендігі туралы, тұрмыстық зорлық-зомбылық, балалардың құқықтарының бұзылуы туралы, баланың көшеде, үйде, көлікте жалғыз қалғаны туралы, өміріне және денсаулығына қауіп төнгенде хабарласу үшін ашылған.

  • «111» нөмірі – 24/7 байланыста

  • «111» нөмірі – құпиялылықты сақтайды

  • «111» нөмірі – тәулік бойы ІІД және өңірлердің жедел топтарымен

байланыста.

111

Қорытынды (2 минут).

Сабақты қорытындылау.

«Мен қауіпті ойындарға қарсымын» тақырыбында суретін сал.

Пайдалы сілтемелер:

https://orken-instituty.kz/ru/telefony-goryachih-linij

https://orken-instituty.kz/ru/dashboard/cpsp-material/poleznye-materialy-cpsp https://www.youtube.com/watch?v=Wvt8Zxf48is https://www.youtube.com/watch?v=u3PvSbPiNvo&list=PLA5eCSY2FeoQLLoc S-IEuEG9KjOrJzvPM&index=8

































































































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.12.2024
99
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12