|
Ұйымдастыру
Кіріспе
Топтық
жұмыс
Жеке
жұмыс
Бекіту
|
Ұйымдастыру
кезеңі (5 мин)
Сәлемдесу,
оқушыларды түгелдеу.
Оқушыларды шеңбер
құрып, жағымды ахуал орнату үшін комплимент айту. Позитивті
атмосфера орнату мақсатында шеңберге жиналып, "Жаңа жылда
тілегім..." деп, әр оқушы кезекпен жақсы тілек айтады.
Мұғалімнің
кіріспе сөзі:
Сұрақ-жауап
әдісі:
Жаңа жыл
мерекесінде қандай дәстүрлер бар?
Бірлік пен ынтымақ
бұл мерекеде қалай көрініс табады?

Миға
шабуыл:
«Егер бәріміз
бірігіп, бірге жұмыс істесек, қандай нәтижеге қол жеткізе
аламыз?»
Тапсырма №
1: «Таңғажайып
шырша»
Оқушылар топтарға
бөлініп, түрлі түсті қағаз, маркерлер, әшекейлер арқылы өздерінің
ортақ шыршаларын безендіреді .Шыршаны безендіру кезінде әр оқушы өз
үлесін қосып,ынтымақтастықтың маңыздылығын түсінеді.
Тапсырма
2: «Жаңа жылдық
тілектер» Оқушыларға «Бірлік» және
«Ынтымақ» сөздері жазылған карточкалар таратылады.
Тапсырма
3: «Достық көрінісі»
Шағын топтар сахналық көрініс немесе қысқаша
диалог дайындап, бірлік пен ынтымақтың маңыздылығын
көрсетеді
Төтенше жағдайлардың түрлерін түсіндіру (өрт, су
тасқыны, жер сілкінісі, ауа-райының күрт өзгеруі,
т.б.).
Төтенше жағдайларда ең бастысы – өзіңнің және айналадағы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз
ету. Бұл үшін келесі негізгі
ережелерді сақтау қажет:
Сабырлы
болу
-
Ең бірінші кезекте,
сабырлы және жинақы болу өте маңызды.
-
Дүрбелеңге салыну
дұрыс шешім қабылдауға кедергі жасайды.
-
Өрт кезінде:
-
Өрт ошағынан алысқа кетіңіз, түтінге
түспеу үшін бетіңізді дымқыл матамен жабыңыз.
-
Егер ғимаратта болсаңыз, ең жақын
шығысқа қарай қозғалыңыз.
-
Лифтіні қолданбаңыз, баспалдақпен
жүріңіз.
-
Жер сілкінісі кезінде:
-
Қатты заттардан (жиһаз, қабырға,
терезе) аулақ болыңыз.
-
Үстел астына немесе қауіпсіз жерге
жасырыныңыз.
-
Діріл тоқтағаннан кейін ашық алаңға
шығыңыз.
-
Су тасқыны кезінде:
-
Биік жерге көтерілуге тырысыңыз.
-
Үйдің жоғарғы қабатына немесе шатырға
шығыңыз.
-
Суға жақындамауға тырысыңыз, себебі
ол ток өткізуі мүмкін.
Тапсырма
1: Ситуациялық
тапсырмалар.
Әр топқа төтенше
жағдай сценарийі беріледі (өрт, жер сілкінісі, т.б.).
«Не істеу керек?»
сұрағына жауап іздейді.
Көмек шақыру
112 (құтқару қызметі) нөміріне хабарласып, жағдай туралы
нақты ақпарат беріңіз (орын, жағдайдың сипаты, зардап шеккендер
саны).

|
Оқушылар
сәлемдеседі
Мұғалімді
тыңдайды, сабақтың мақсатын түсінеді.
Берілген рөлді
ойнап, мәселені шешу жолдарын ұсынады.
Оқушылар қауіпті
жағдайларда өзін қалай ұстау керектігін түсінеді.
Қорғану әдістерін
тыңдайды және еске сақтайды.

Оқушылар «Не істеу керек?» сұрағына жауап
іздейді.
|
Тақырыптық
суреттер
Презентациямен
таныстыру



|