Тақырып бойынша 15 материал табылды

«Бірлік және ынтымақ» құндылығы «Таңғажайып жаңа жыл» «Төтенше жағдайларда әрекет ете білу»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Бірлік және ынтымақ» құндылығы «Таңғажайып жаңа жыл» «Төтенше жағдайларда әрекет ете білу»
Материалдың қысқаша нұсқасы

Іс-шараның тақырыптары:

«Бірлік және ынтымақ» құндылығы «Таңғажайып жаңа жыл» «Төтенше жағдайларда әрекет ете білу»

Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)


Күні:


Сынып:

11« »

Сабақтың мақсаттары:

  • Оқушыларға бірлік пен ынтымақтың мәнін түсіндіру.

  • табиғатта болатын төтенше жағдайлар туралы мәлімет беру.

Құндылық :

«Бірлік және ынтымақ»

Апта дәйексөзі: «Ынтымақ-бұзылмайтын қорған»

Сабақтың барысы

Сынып сағатының кезеңі\ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

бағалау

ресурстар

Ұйымдастыру



































Сабақтың барысы: (шенберде тұру)

Барлық оқушылар шеңбер жасайды. Мұғалім оқушылардан бір-біріне жақсы тілек айтуды сұрайды. Мысалы: «Бүгінгі күніңіз береке мен шаттыққа толы болсын!»

Кіріспе сөз (мұғалім)

Бірлік және ынтымақ қазақ халқының айрықша қазынасы екенін тату-тәтті өмір сүретін сөздендіре отырып тұрмыстағы мағынасын ашып береді.

Негізгі бөлім:

Баяндама: Бірлік және ынтымақ туралы қазақ халқының мәтелдері, мысалдар және тарихи деректер беріледі.

Бірлік – ынтымағы мен берекесін тең ұстаған Қазақ елі үшін ең қастерлі ұғым, сан ғасырлардан мирас болып келе жатқан дана халқымыздың асыл қасиеті. Бабаларымыз ынтымақ пен татулықты, ортақ келісім мен ауызбірлікті, жарасымдылық пен сыйластықты мүдделі түрде еліміздің біртұтастығын сақтауда әрдайым биік мақсат етіп қойған. Халқымызда «Бірлігі бекем елдің берекесі мол болмақ” деп бекер айтылмаған. Өйткені татулықсыз, бірлік-берекесіз, ынтымақсыз ештеңенің де өнбесі анық. Еткен еңбектің де жемісі бекер болмақ. Ауызбірлігі жарасқан елді ешқандай қиындық қыспағына ала алмайды.  Кез келген елдің тілегі де, арманы да халқының бейбітшілігін сақтау. Татулықта ғұмыр кешіп, соғыс отын тұтатпай, бейбітшілік үшін күресу қазіргі уақыттың ең өзекті мәселесі болып табылады.


Ынтымақ түбі –игілік,
Тірлік, тірлік түбі – 
бірлік.


Теңге – тиыннан,
Ынтымақ – ұйымнан.


Ынтымақ түбі — игілік.


Ынтымақ жүрген жерде,
Ырыс бірге жүреді.


Ынтымақсыз елді —
Ұрысы билейді.
Ынтымақты елді —
Дұрысы билейді.


Күш — бірлікте.


Тірліктің күші — бірлікте.


Талқылау: Оқушылардан бірлік пен ынтымақтың өмірдегі маңызы туралы өз пікірлерін болісуді сұраныңыз.

Сабақты бекіту:

Барлық оқушыларға сұрақтар қойылады:

Бірлік неліктен маңызды?

Біз ынтымақты қалай нығайта аламыз?

Достықты қалай сақтаймыз?

Қорытынды сөз:

Мұғалім бірлік пен ынтымақтың маңызын тағы да белгілеп, оқушыларды осы құндылықты дамытуға шақырады.





Шаттық шеңберін құрады






Пікірлерімен бөліседі




Сұрақтарға жауап береді
























































ҚС:10 мин

Сабақтың мақсаты: табиғатта болатын төтенше жағдайлар туралы мәлімет беру.

Негізгі міндеттері:

  1. төтенше жағдайлар туралы мәлімет беру;

  2. «жеті жұт» деген ұғыммен танысу;

  3. төтенше жағдайларда әрекет ете білу ережелерімен таныстыру.

Сабақтың барысы

    1. Кіріспе (2 мин)

Адам – табиғат перзенті. Тіршілікте төрт құдірет – Күн-ана, Жер-ана, ауа мен су болса, олардың біреуінсіз тіршілік тоқтайды деген мақалдар осы төрт құдіретті қадірлеуден тараған. «Табиғаттың бізге жұмбақ сырлары көп таңданар», – деп ақын Мұхтар Шаханов айтқандай, адам мен табиғаттың, табиғат пен қоғамның арасындағы қарым-қатынас өмір сүрудегі аса қажетті алғышарт.

Табиғат мейірімі, табиғат көркемдігі адам баласын мейірімге бөлеп, ар тазалығын сақтауға бейімдеп отырады екен.

Қазақ халқы салт-дәстүрге өте бай. Бұл – оның мәдениетті, әрі тәрбиеліел екендігінің айғағы. Біздің халқымыз жеті санын киелі сан деп біледі. Осыған байланысты айтылған «Жеті жұт» дегеніміз не? Құрғақшылық (қуаңшылық), Жұт (мал қырылу), Өрт, Оба (ауру), Соғыс, Топан су, Зілзала (жер сілкінісі).

    1. Негізгі бөлім (6 мин)

Табиғатта болып жататын экологиялық апаттардың ішінде төтенше жағдайларды білу өте маңызды. Өйткені бұл апаттар кенеттен пайда болады да жергілікті экожүйелер, елді мекендер аяқ астынан сұрапыл апатқа ұшырайды. Сендер бұндай жағдаймен кездескенде сабырлық сақтап, жан сақтап қалуға мүмкіндік жасау керек. Сол себептен бұны білу және оны дұрыс қолдану біздің міндетіміз. (Интерактивті тақтадан «Төтенше жағдай» атты презентация көрсету)

Топтық жұмыс: «Біздің түсінігімізде» постерін қорғайды. Әр топ қауіпті жағдайлар туралы ойларын жеткізеді.

  • Төтенше жағдай дегеніміз не?

  • Төтенше жағдайдың түрлері және сипаттамалары?

  • Төтенше жағдайларда ең әуелі не істеу керек? 3.Қорытынды

Пайдалы сілтемелер: https://youtu.be/tAhDCJC0Ttc?si=IBfvcpWxZl_t9moS https://youtu.be/LF-svPIBQVw?si=OECgGeLiP_frsUj0 https://youtu.be/VjbLbO0uHIA?si=7viGekCfmv36Q5jV https://youtu.be/tApoEyYn2FE?si=DHdS5Xidrv5A8rJ1 https://youtu.be/DY3DRxWokn8?si=W3rUjZA2AHnxn6Dp











































































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.12.2024
195
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12