Тақырбы: «1-Мамым Қазақстан Халықтарының бірлігі күні»
Мақсаты: Балалардың ұлт бірлігін, ынтымағын, өнерін, тілін білуге ынталандыру.
Білімділік: Көп ұлтты Қазақстан Республикасының халықтар достығын, еліміздің бірлігін таныту.
Дамытушылық: Әр халықтың өнерін, тілін білу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Өзге ұлттың рухани байлығын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: Әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ-жауап, тақпақтар, дидактикалық ойын, сергіту сәті, қорытындылау сұрақтары.
Көрнекіліктер: Суреттер, қағаз қиындылары, шаңырақ және т.б
Тәрбиеші: Армысыздар құрметті қонақтар!
Назданып бүгін өмір нұрлы күні,
Қыр беттің қызғалдаққа тұнды гүлі
Еңбек,бақыт, береке, бірлік күні
Барша жүрттың бас қосқан сәнді жыры
Балалар бүгінгі ашық ұйымдастырылған іс-әрекетіміз ерекше болмақ. Себебі бүгін халқымыздың айтулы мерекесі «1-мамыр Қазақстан Халықтарының достығы мерекесі». Балалар бүгінгі мерекемізге ерекше қонақтар келіп қалыпты қане барлығымыз бірге қонақтарымызбен сәлемдесіп алалық.
Балалар сабағымызды бастамас бұрын шаттық шеңберін орнатып алайық ия.
Аспан ашық көгілдір
Күн сәулесін төгіп тұр
Қол ұстасқан біздерді
Тереземнен көріп тұр
Кел достарым келіңдер
Қолдарыңды беріңдер
Шаттық толы шеңберге
Қуанышпен еніңдер
Шақырамын сендерді
Жолдастарым кел бері
Толтырайық шаттыққа
Дөңгеленген шеңберді
Тәрбиеші:
Балалар қазір қай мезгіл сен дер білесіңдер ме?
-Көктем
Дұрыс айтасыңдар балалар. Көктем мезгілінде неше ай бар?
-3 ай бар. Наурыз,сәуір, мамыр.
Жарайсыңдар балалар. Көктем мезгілінде қандай мерекелерді атап өттік сендердің естеріңде ме?
-
«8-наурыз Аналар мерекесі» , «22-наурыз Ұлыстың ұлы күні», «Ғарышкерлер күні»
Жарайсыңдар балалар, бүгін біз көктем мезгілінің соңғы мамыр айында тойланатын «1-Мамыр Қазақстан Халыхтарының достығы күнін» атап өткелі отырмыз.
Балалар сендер білесіңдер ме? Біздің мемлекетіміз көп ұлтты мемлекет. Көп ұлтты мемлекет дегеніміз- бір аспанның , бір жердің астында әр түрлі ұлт өкілдерінің ынтамақта бірлікте өмір сүруі.
Балалар біздің ұлтымыз қандай?
-Қазақ
Біз қай тілде сөйлейміз?
-Қазақ тілінде
Жарайсыңдар балалар. Біз Қазақстан мемлекетінде өмір сүреміз және біз өзіміздің ана тілімізде сөйлейміз. Балалар әр ұлттың өзінің тілі мен ұлттық киімі, салт-дәстүрі болады. Сол сияқты біздің Қазақстанда өмір сүретін түрлі ұлт өкілдерінің де өзіндік тілдері мен ұлттық киімдері бар.
Балалар сендер білесіңдер ме біздің мемлекетімізде қандай өзге ұлт өкілдері тұрады. Қане барлығымыз бірге атап шығайық ия.
-Қазақ, өзбек, қырғыз, орыс, украин, кәріс, татар және т.б ұлттар бар
Балалар осы ұлттардың барлығы да Қазақстанда өмір сүреді. Олар өз елдерінде болмасада, Қазақстан елін-елім деп, жерін-жерім деп құрметтеп, бақытты берекелі, бірлігі-ынтымағы жарасып өмір сүруде. Балалар бүгінгі мерекеміздің негізгі белгісі, бірлік-ынтымақ, тәуелсіз ел екенін білдіретін ақ көгершіндерімізде. Ақ көгершіндеріміз татулықтың, адалдықтың, бейбітшілік пен ынтымақтың белгісі екен балалар.
Балалар мына бір дыбысты естіп тұрсыңдар ма? Бізге өз ұлттан қонақ келе жатқан секілді қане барлығымыз бірге қарсы алайықшы.
(Мексиканес)
Сәлеметсіңдерме балалар. Мен Қазақстанға өзге мемлекеттен қонаққа келіп тұрмын. Қазақстанның бірнеше қалаларында болып, саяхаттап қайттым. Олар өте әдемі, табиғаты ғажап, халқы қонақжай екен. Балалар бірақ менің байқағаным Қазақстанда өзге ұлт өкілдері тұрады екен.
Тәрбиеші: сәлеметсізбе! Ия,біздің мемлекетіміз көп ұлтты мемлекет. Қараңызшы бізде бүгін Қазақстан Халықтарының айтулы мерекесі. Балаларымызда әсемденіп киініп алған. Төрге шығып қонақ болыңыз. Біздің балақайларымыздың өнерін тамашалап, өзге де ұлттармен танысып шығыңыз.
Балалар қараңдаршы бсендер өте әдемі киініп алыпсыңдар. Барлықтарыңда өте керемет өзге ұлттың киімдерін киіп алыпсыңдар ия.ал, сендер осы мерекеге орай жаттаған жыр-тақпақтарың бар ма? Олай болса келген қонағымызға жыр-тақпақтарымызды тарту етейік.
Бейбітшілік ұраны
Жарқыраған алтын күн
Ән қанатты қыраны
Еркіндігі халқымның (Мұстафа)
Достықты үлгі санаған
Бір үйде біз тұрамыз
Қалған ата-бабадан
Бірлік асыл мұрамыз (Аяна)
Қырғыз қазақ әрдайым
Терезесі тең болған (Айша)
Ел бірлігі жарасып
Басқан қадам тең болған (Әлихан)
Сары,ақпыз,қарамыз
Орыс қазақ баламыз (Әлімжан)
Бір отанда тұрамыз
Бір бақшаға барамыз (Айжұлдыз)
Болсын жермен су ортақ
Болсын біздің ту ортақ (Айбек)
Ортақ білім мәдениет
Байрақ, ұран, мемлекет (Ұлпан)
Әрқашан дос біргеміз
Ажырамас іргеміз (Алихан)
Ілгері жүріңдер
Достық жырын біліңдер (Айкөркем)
Дос болайық бәріміз
Жарасып тұр әніміз (Айсезім)
Тыныштықты сақтаймыз
Атсын күліп таңымыз (Муслим)
Жасампаз жыр-әнім
Өзіңсің ғажапстан (Томирис)
Өсиет,ұраным
Отаным-Қазақстан (Ерасыл)
Тәрбиеші: балалар келесі кезекте бойымызды сергітіп, қонағымызбен тамаша би билетіп алсақ қалай қарайсыңдар.
Би (Бірлік болсын әлемде)
Қонақ: жарайсыңдар балалар сендер өте өнерлі екенсіңдер. Тақпақты да биді де керемет орындап шықтыңдар. Бірақ балалар мен сендермен ұзақ қала алмаймын. Басқа да қалаларға барып саяхаттауым керек. Келесі кездескенше сау болыңдар балалар!!!
Тәрбиеші: Балалар жарайсыңдар. Ендігі кезекте өздеріңмен ойлау қабілетімізді есте сақтау қабілетімізді дамыту мақсатында қызықты ойындар ойнап алсақ.
1-топ: «Теңін тап» ойын
2-топ: «Құрастыру» ойыны
3-топ: «Шаңырақ» ойыны
Тәрбиеші: жарайсыңдар балалар. Балалар бүгінгі мерекеміздің сәнін кіргізу үшін әсем ән айтайық ия.
Ән: «Татулықта күшіміз»
Тәрбиеші:
Балалар бүгін қандай мерекені атап өтіп жатырмыз?\
-Бірлік күнін
Балалар біздің ұлтымыз қандай?
-қазақ
Балалар біз қай тілде сөйлейміз?
-Қазақ тілінде
Балалар біздің мемлекетімізде өмір сүретін өзге ұлт өкілдерін атап шыңыздаршы?
-Қазақ, өзбек, орыс, украин, татар, кәріс

жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Бірлік күні ашық ҰІӘ

шағым қалдыра аласыз