Бірлік пен келісім. Қыс мезгіліндегі судағы қауіпсіздік ережелері. Сынып сағаты

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бірлік пен келісім. Қыс мезгіліндегі судағы қауіпсіздік ережелері. Сынып сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып сағатына қыс мезгіліндегі судағы қауіпсіздік ережелері және жеке қауіпсіздік тақырыптары да енгізілген.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Педагогтің аты-жөні


Күні:

.12.2024

Сынып: « »

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сынып сағатының тақырыбы

«Бірлік пен келісім» сынып сағаты

Қауіпсіздік сабағы №3 (10 минут)

7 ҚТ «Су қоймаларындағы қауіпсіздік ережелері» ( қыс мезгілінде)

4 ЖЖЕ. Жол реттеушісінің белгілері.

ЖЕЛТОҚСАН – БІРЛІК ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚ АЙЫ

1-апта дәйексөзі:

Бірлігі күшті ел озады

Құндылық

бірлік және ынтымақ

Индикаторлар

Қоғамдағы әлеуметтік нормаларды, ережелерді білу және түсіну

Бірлескен іс-әрекет пен өзара іс-әрекет кезінде басқалардың пікірлері мен сезімдерін құрметтей білу

Басқалармен жағымды қарым-қатынас орната білу және қоғамдық өмірге үлес қосу

Сабақтың барысы

Сынып сағат кезеңі

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Рес

урс

тар

Басы

10 мин

Психологиялық дайындық

Мұғалім:

-Қане балалар, сынып сағатын бастамас бұрын достық шеңберін құрып, бір-біріміздің жақсы жағымызды айтайық.



Мұғалім:

-Балалар, бүгінгі біздің сынып сағаты «Достық. Бірлік. Бақыт» деп аталады. Бүгін біз осы сөздердің мағынасын терең түсінеміз және адамның тіршілігінде қандай маңызы барын ұғынатын боламыз. Олардың бір-бірімен байланысын және өмірімізде осы қасиеттерді қалай орнатуға болатынын қарастырамыз.

Олай болса топқа бөлінейік.

Қане, қане тұрайық

Үлкен шеңбер құрайық.

Тұрып болсақ шеңберге

Жақсы сөздер айтайық.

(Балалар бір-бірінің жақсы жағын айтады: Мадина сен мейірімдісің, Арман сен жақсы оқисың, Арай досыңа адалсың, Алинур сен өтірік айтпайсың, Дамир сен таза жүресің т.б.)


Оқушылар «Күзгі жапырақтар» әдісі бойынша топқа бөлінеді. Күздегі жерге түскен сары жапырақтарды алған оқушылар 1-топ, қызыл жапырақтарды алған оқушылар 2-топ , қоңыр жапырақтарды алған оқушылар 3-топ болады.

1-топ. Достық

2-топ. Бірлік

3-топ. Бақыт


Орта

сы

25 мин

Мұғалім:

-Ең алдымен осы сөздердің мағынасын ұғынып алайық.


1-тапсырма. Мағынасын таны






























Мұғалім:

-Келесі кезекте мақалдың жалғасын тауып, 1 мақалдың мағынасын түсіндірейік.


2-тапсырма. Мақалды жалғастыр

























Мұғалім:

-Отбасындағы татулық , мектептегі достық, еліміздегі бірлік пен татулықтың маңызы туралы айтайық, мысалдар келтірейік.


3-тапсырма. Маңызын түсіндір




1-топ. Достық

Дос – ақылшы, көмекші, сырлас, жақын, адал, шыншыл деген ұғымды береді. Достық әрбір адамның өміріндегі ең қызықты да, қимас та, қиын кезеңде қасыңда жүретін адамның саған деген адал мінезі. Достық - бұл қиын кезеңдерде де қолдау көрсетудің және бір-бірімізге жылылық сыйлаудың жолы. Достар біздің қуанышымызды бөліседі және қиын жағдайларда демеу береді. Бір-біріміздің әлсіз жақтарымызды қабылдау және бір-бірімізге демеу беру достықтың маңызды бөлігі.

2-топ. Бірлік

Бірлік- біздің күш-қуатымыз.


3-топ. Бақыт

Бақыт-өмірдің мағынасы

2-тапсырма. Мақалды жалғастыр

1-топ. Достық

1.Досы көппен сыйлас,
Досы азбен сырлас.

2.Заттың жаңасы жақсы,
Достың ескісі жақсы.

3.Жақсымен жолдас болсаң – жетерсің мұратқа.
Жаманмен жолдас болсаң — қаларсың ұятқа.

4.Жаман дос — көлеңке:

басыңды күн шалса — қашып құтыла алмайсың,

басыңды бұлт алса — іздеп таба алмайсың.

2-топ. Бірлік

1.Ынтымақ жүрген жерде,
Ырыс бірге жүреді.

2.Бірлігі жоқ ел тозады,
Бірлігі күшті ел озады.

3.Бірлікті ел бұзылмайды.

4.Жұмыла көтерген жүк жеңіл.
Бірлік ынтымақ — байлық бақ.

3-топ. Бақыт

1.Өзін өзі білген ер бақытты.
Өзін өзі билеген ел бақытты.
2.Татулық - табылмас бақыт.
3.Ынтымақ бар жерде бақыт бар.
4.Жақсылығы жоқтан,
Жақсы бақыт қашады.


3-тапсырма. Маңызын түсіндір

Балалар отбасындағы татулық , мектептегі достық, еліміздегі бірлік пен татулықтың маңызы туралы айтады.

1-топ. Достық

Отбасындағы татулықтың маңызы

2-топ. Бірлік

Мектептегі достықтың маңызы

3-топ. Бақыт

Еліміздегі ұлттар арасындағы бірлік пен татулықтың маңызы





Сурет

Тер,

слайд









3 САБАҚ. «ДОСЫҢЫЗДЫ РЕНЖІТСЕ НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?»

Сабақтың мақсаты: оқушылардың арасындағы қарым-қатынас туралы білімдерін пысықтау, ұжымда достық және сенімді қарым-қатынас орнату, реніш пен жанжалды болдырмау, ынтымақтастық және бірлесіп әрекет ету дағдыларын дамытуға жағдай жасау.

Сабақ барысы 1. Ұйымдастыру кезеңі Жағымды мотивациялық көзқарасты қалыптастыру (1-2 мин). Бір-бірімізге шуақты, достық көңіл күй сыйлайық. Мен допты көршіңе кезекпен беруді және жағымды сөздер айтуды ұсынамын. Алғы шарт – күлімсіреу және сүйсініп сөйлеу. Мен бастайын: «Мадина, сенің жымиғаның әдемі!» (балалар жалғастырады.) Тамаша! Барлығының көңіл күйі сәл болса да көтерілді деп ойлаймын. Өйткені, олар саған күліп, қуанса, сен де күлесің.

2. Мақсат қою. Тақырыптың анықтамасы Бір-біріңе қараңдар. Біз бәріміз әртүрліміз, бірақ бәріміз бірдей нәрсені қалаймыз. Әр адам қалайды... (Балалар сөз тіркесін жалғастырып, нұсқаларын тақтаға жазады (құрмет, сүйіспеншілік, тану, қамқорлық т.б.).

3. Білімді жаңарту. Ертегіден үзінді тыңдаймыз. «Ұсқынсыз үйрек» Х.К. Андерсен.

4. Бастапқы білімді игеру және оны тексеру Ертегіден қандай ой түйдің? Үйрекке деген сезімің қандай? Оны басқа құстардың шабуылынан қорғағың келе ме? Адамдар арасында осындай жағдайды кездестіруге бола ма? Өкінішке қарай, мұндай жағдай адамдар арасында, әсіресе балалар ұжымында жиі кездеседі. Әрқайсыңыз қиын жағдайда өзіңізді қалай ұстау керектігін және қажет болған жағдайда қайда жүгіну керектігін білуіңіз керек. Қымбатты дос! Сізден келесі сұрақтарға жауап беруіңізді сұраймыз: 1. Сыныбыңда сыныптастарын және басқа сынып оқушыларын ренжітетін, мазақтайтын балалар бар ма? 2. Сыныптағы қарым-қатынасты жақсарту үшін балалар не істей алады деп ойлайсыңдар? «Идеялар қоржыны» әдісі - Егер сенің досың осындай жағдайға тап болса және оған көмектескің келсе не істеу керек?

5. Бекіту. Өздік жұмыс


ҚТ №7 «Су қоймаларындағы тәртіп ережелері» (мұзда, су жанында, суда)


ЖЖЕ №4 Реттеуші және оның белгілері

Сұрақ – жауап: Реттеуші дегеніміз кім?
- Реттеуші алғаш үлкен қалаларда пайда болған, яғни оның негізгі міндетті көшедегі қозғалысты реттеу. Оны реттеу үшін ол жезл деген құралды пайдаланды. Көпшілік оны «ала таяқ» деп те атайды.
Реттеуші - жол қозғалысын дене жайымен, ишарат сабын қолданып қолдарының қимылымен, дискпен немесе онсыз, сонымен қатар ысқырық сигналымен реттеуші полиция қызыметкері.
5. 2. Реттерушінің сигналдары (ҚР - ның жол қозғалысы ережелерінен: алғашқы сан ереже, екінші сан тармақ ретін білдіреді) Реттеушінің денесі мен қолдарының, оның ішінде мынандай мәндерді білдіретін жезлдермен жасаған қимылдары реттеушінің сигналдары болып табылады:
1. Қолдары екі жаққа созылған немесе төмен түсірілген:
- сол және оң бүйір жақтарынан — қозғалыс трамвайға тіке, рельссіз көлік құралдарына тіке және оңға қозғалуға рұқсат етіледі, жаяу жүргіншілерге жүріс бөлігін кесіп өтуге рұқсат етіледі;
кеуде және арқа жағынан — барлық көлік құралдарының және жаяу жүргіншінің қозғалысына тыйым салынады.
2. Оң қол алға созылған:
- сол бүйір жақтан — қозғалыс трамвайға солға, рельссіз көлік құралдарына барлық бағыттарға рұқсат етіледі;
- кеуде жағынан — барлық қозғалыс құралдарына қозғалыс тек оңға рұқсат етіледі;
- оң бүйір және арқа жағынан — барлық қозғалыс құралдарына қозғалыс тыйым салынады, жаяу жүргіншілерге жүріс бөлігін кесіп өтуге реттеушінің арт жағынан рұқсат етіледі.
3. Қол жоғары көтерілген:
Ереженің 5, 6 тармағында көзделгеннен басқа жағдайларда барлық көлік құралдары мен жаяу жүргізушілердің барлық бағытта қозғалысына тыйым салынады.
Сигналдар жақсы көрінуі үшін реттеуші жезлді немесе сигналды дискіні (жарық қайтарғышты) қолдануы мүмкін.
- 5. 3. Көлік құралының аялдауын талап ету қатты дауыстау құрылғысымен немесе бір мезгілде ысқырып сигнал бере отырып, көлік құралына бағытталған қол қимылымен көрсетуі мүмкін.
- 5. 4. Ысқырықпен берілген қосымша сигнал қозғалысқа қатысушылардың назарын аударуға беріледі.




















1. Егер сен біреудің үнемі өзгелерді ренжітетінін байқасаң, онда бәрі өздігінен шешіледі деп күтуге болмайды. Мәселені мүмкіндігінше тезірек шешу керек.

2. Оларды татуластыруға тырыс. Өзіңе қауіп төндірудің қажеті жоқ, бірақ қорқыту жағдайының куәгері болсаң, дереу араласып, болып жатқанды тоқтату маңызды. Егер мұны өз бетіңше жасай алмайтыныңды білсең немесе сезсең, үлкендерден көмек сұрауың керек.

3. Құқық бұзушыларға олардың істеп жатқаны дұрыс емес екенін және оларды қолдамайтыныңды түсіндір.

4. Досыңа қолдау көрсет. Сыныптағы болып жатқан іс-әрекеттің ұнамайтындығын айт. Мұны қолдамайтыныңды түсіндір. Жәбірленушінің еш кінәсі жоқ, ал ренжітуші ақымақтық пен теріс әрекет етіп жатыр десең жақсы болады. 5. Үлгі бол.





















ҚТ №7 «Су қоймаларындағы тәртіп ережелері» (мұзда, су жанында, суда)


Балалар бейне фильм көреді, қауіпсіздік ережелерін айтады.


ЖЖЕ №3 Реттеуші және оның белгілері

Бақылап жол тәртібін,
Өткізетін әр күнін.
Реттеуші көрдім мен,
Қиылыстан дәл бүгін.
Ала таяқ қолында
Айтары көп оның да.
Не істеу керек, тұрса да
Реттеуші жолында.
Тік көтерсе таяғын,
Баспа алға аяқты.
Бағдаршамның бұл белгі,
Сары шамы сияқты.

Кеудесімен бұрылса,
Қарап саған бетпе-бет.
Тұрғаны оны ұғынсаң,
Жолды жапты өтпе деп.
Арқа жағын қаратса,
Өтіп кетпе аңғармай.
Бағдаршамның бұл белгі,
Қызыл түсті жанғандай.


https://youtu.be/AdGoe5qeIco

















































https://www.youtube.com/watch?v=k0nmMM67U5o


Соңы

5 мин



Мұғалім:

-Достық, бірлік және бақыт - бұл біздің өміріміздің және жұмысымыздың маңызды бөлшектері. Олар бізге өмірден ләззат алуға, қиындықтарды жеңуге және жоғары деңгейге көтерілуге көмектеседі. Ендеше, бұл қасиеттерді қадірлеңіз және оларды өміріңізде орнатуға тырысыңыз!


Әр топ өзінің ережесін құрады

1-топ. Достық

Досыңа мейірімді бол.

Қиын жағдай болғанда досыңа көмектес.

Досыңды ешқашан алдама.

2-топ. Бірлік

Жұмысты бірлесіп істеуге ұмтыл.

Өз идеяларыңды айт, басқаны да тыңда.

Ортақ шешім қабылдап үйрен

3-топ. Бақыт

Басқалардың жақсы ісіне қуан.

Айналаңдағы адамдарды бағала.

Достық пен бірлік бар жерде ғана бақыт болады.










Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.12.2024
139
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі