400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 26 материал табылды

Бірмүше және оның стандарт түрі

Материал туралы қысқаша түсінік
Қысқа мерзімді жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Бірмүшелер және оларға амалдар қолдану. Бірмүшенің дәрежесі және стандарт түрі

Мектеп: «Қызылдихан» жалпы орта мектебі

Күні: 13.10.2017ж

Мұғалімнің аты-жөні:Махамадов Нодиржон

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Бірмүше және оның стандарт түрі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу

бағдарламасына сілтеме)

7.2.1.2

бірмүше анықтамасын білу, оның коэффициенті мен дәрежесін табу;


Сабақ мақсаттары

Бірмүше және оның стандарт түріне анықтама беру. Бірмүшенің дәрежесі мен коэффиценнтерін анықтай білу

Жетістік критерийлері

Бірмүшенің коэффициенті мен дәрежесін анықтайды, ажыратып көрсетеді. Бірмүшені стандарт түрде жазады.

Тілдік мақсаттар

  • қандай өрнектің бірмүше (көпмүше) болатынын түсіндіреді;

  • бірмүшені (көпмүшені) стандарт түрге қалай келтіруді түсіндіреді;

Құндылықтарды дарыту

құрмет; оқушы мен оқушы, оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынастың қатар-құрбыға деген сыйластық пен үлкенге деген ізеттіліктің негізі екендігін ұғыну;

еңбек және шығармашылық; берілген тапсырмаларды орындауда еңбек етүдің маңыздылығын ұғынып, шығармашылық қабілетін шыңдай білу;

Пәнаралық байланыстар

Физика, химия (физикалық шамалар мен өлшемдерді өрнектеуде, физика мен химиядан атомдық, ядролық бөлшектердің массасын жазуда бірмүшенің стандарт түрі және дәрежесі тақырыбында алған білімдерін қолданады).

АКТ қолдану дағдылары

Осы сабақта оқушылар қандай АКТ дағдыларын дамыта алатынын көрсетіңіз

Бастапқы білім

Санның стандарт түрін, натурал және бүтін көрсеткішті дәреже ұғымдарын біледі.


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

Сабақ басында:

Амандасу, оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландыру

  • оқушыларды түгендеу

  • үйге тапсырмасыны тексеру

  • сабақ тақрыбымен таныстыру

  • оқу мақсадын түсіндіру, оқушылармен бірге талқылау

  • алдыңғы сабақты тақрыптарды байланыстырамын



Сабақтың ортасы

10 мин










































Оқушылармен жұмыс

15 мин

Жаңа сабақ:

Осы кезге дейін қолданылған санды және әріпті өрнектер алгебралық өрнектер деп аталады.

Мысалы: 5, 0, x, 1, 2/3 өрнектері – алгебралық өрнектер.

Санды өрнектер дегеніміз – сандардан тұратын өрнекті айтамыз. Ал әріпті өрнек дегеніміз – құрамында әріпі бар өрнекті айтамыз.

Мысалы: 15a, -2b, т.б.

Әріпті өрнектер санды өрнектер сияқты белгілі бір ереже бойынша жазылады. Мысалы, көбейтіндідегі сан әріпті көбейткіштің алдына жазылады және олардың арасына көбейту белгісі қойылмайды. b·25 немесе 25·b өрнектерінің орнына 25b.

Әріпті көбейткіштердің арасынада көбейту таңбасы қойылмайды.

Мысалы: а·у·z өрнегінің орнына ayz.

Құрамында әріптері бар бөлінді бөлшек сызығы арқылы жазылады.

Әріптерді санмен алмастыру әріпті өрнектің негізгі қасиеті болып саналады.

Алгебрада бүтін алгебралық және бөлшек алгебралық өрнектер бар. Егер өрнектің бөлімінде айнымалы болмаса, ондай өрнек бүтін алгебралық өрнек деп, ал өрнектің бөлімінде айнымалы болса, ондай өрнек бөлшек алгебралық өрнек деп аталады.

Әріпті санмен ауыстыруды алмастыру немесе сан мәнін орнына қою деп аталады.

Санның өзін айнымалының мәні, ал орнына қойғанда шыққан нәтижені өрнектің мәні деп атаймыз.



Анықтама. Санды және әріпті көбейткіштер мен олардың дәрежелерінің көбейтіндісі бірмүше деп аталады.

Мысалы: abc, 4a2x3y, 2x2y өрнектері бірмүше болып табылады.

Өрнек бір ғана санды көбейткіш және негіздері әр түрлі дәрежелерден тұратын бірмүшені стандарт түрде берілген бірмүше деп аталады.

Стандарт түрде жазылған бірмүшенің санды көбейткіші бірмүшенің коэффициенті деп атаймыз. Мысалы: 9x, коэффициенті 9.


3a ( 2,5a3) бірмүшесін стандарт түрге келтіру керек.

Көбейтудің ауыстырымдылық пен терімділік қасиеттерін және негіздері бірдей дәрежелерді көбейту қасиетін қолданамыз.

3a ( 2,5a3) = (3  2,5)(a a3) = 7,5a4.

Анықтама. Әріптері ортақ бөлігі бар және бір-бірінен айырмашылығы тек қана коэффициентте болатын бірмүшелер ұқсас бірмүшелер деп аталады.

Мысалы: 5ab, -14ab.


А

Есептер шығару (математикалық қатар)

І қатар

ІІ қатар


Бірмүшенің коэффицентімен дәрежесін анықта.

  1. 2,5ap2c


  1. 100x2xy3y.




1.-0,4mnp3


2.-4mn4p2



І деңгей

Бірмүшені стандарт түрге келтіріңдер .

  1. 3m(-5my);

  2. 9 3 100x2xy3y.


  1. 10xyxyxz;

  2. 6 0,2(mnp)3

В

ІІ деңгей

Өрнекті ықшамдаңдар.


1) (-0,4mnp3)(-5mn2p)(-12m2np)

2) (-5xy)(-0,25x2)(-16y).

1)(7m5n2p) (-4mn4p2);

2)(6x3yz2) (2x6yz3).


ІІІ деңгей

Амалды орындаңдар.


1)(3a3b2)2 (-ab3);

2) 25a10 b15 (-0,2a-3b-2)2.


1)-x3y4 (-3x2y3)4;

2)(-1 x-4y-3)(-1 x6y7)2.


С


ІV деңгей


Көбейтуді орындаңдар.

1) ( x2y3z) ( x3y2z2)

Сергіту сәті


Логикалық есептер


1. Жыл он екі айдың ішінде 30 және 31 сандары ауысып отырады. Ал 28 және 29 сандары қай айда кездеседі?

2. Қосарланып жегілген ат-арбамен Самат 8 шақырым жол жүрді. Оның әр аты неше шақырым жол жүрді?

3. Ағаш үстінде 100 торғай отырды. Аңшы 5 торғайды атып алды. Торғайдың қаншасы қалды?

оқулық

Сабақтың соңы

5 мин

Бекіту. Математикалық Лото.


  1. Бірмүше дегеніміз не?

  2. Бірмүшенің коэффициенті дегеніміз не?

  3. Ұқсас бірмүшелер дегеніміз не?

  4. Бүтін алгебралық өрнек дегеніміз не?

  5. Бөлшек алгебралық өрнек дегеніміз не?

Үйге тапсырма. оқулықтан


Бағалау.

Үйге тапсырма

1


А

Коэффицентін анықтайды

1


Дәрежесін анықтайды

1


Бірмүшені стандарт түрге келтіреді. І деңей

1


Өрнекті ықшамдайды.ІІ деңей

1


В

Амалды орындайды ІІІ деңей

1


Көбейтуді орындайды. ІV деңей

1


С

Математикалық лото

1




Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру

деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және

қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс- тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін

пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1:


2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?


Shape1



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
6 қараша
1580
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі