400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 21 материал табылды

Бірмүше.Бірмүше. Бірмүшенің дәрежесі және стандарт түрі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылар бірмүше анықтамасын біле отырып, оның коэффициенті мен дәрежесін табуды, бірмүшені стандарт түрде жазуды үйренеді. Бірмүшелерді көбейтуді орындау және бірмүшені көбейткіштердің көбейтіндісі түрінде жазуды меңгеруге қалыптасады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: САБАҚ

Бірмүше. Бірмүшенің дәрежесі және стандарт түрі.

Күні,айы:07.10.19

Мұғалімнің аты-жөні: Туғанбаева Б

7 «А»-сынып

Сабаққа қатысатын оқушылар саны: 24

Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

7.2.1.2 бірмүше анықтамасын білу, оның коэффициенті мен дәрежесін табу;

7.2.1.3 бірмүшені стандарт түрде жазу;

7.2.1.4 бірмүшелерді көбейтуді орындау және бірмүшені көбейткіштердің көбейтіндісі түрінде көрсету;

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар: бірмүше анықтамасы мен коэффицентін біледі;

Оқушылардың басым бөлігі: бірмүшені стандарт түрде жаза біледі; бірмүшелерді көбейтуді және бірмүшені көбейткіштердің көбейтіндісі түрінде көрсете алады;

Кейбір оқушылар: Тақырып аясында берілген есептерді шығара алады, теориялық алған білімін практикада қолдана алады.

Тілдік мақсат

Бірмүше, стандарт, дәреже

Алдыңғы білім

Бүтін көрсеткішті дәрежелердің қолданулары

Құндылықтарды дамыту

-Өмір бойы білім алуға бейімделеді;

-Дұрыс шешім қабылдау үшін, қоғамдық өмірге қатысу үшін шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау қабілетін қалыптастыру;

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы(2-5 минут)



Оқушылармен амандасу, түгендеу, назарын сабаққа аудару.

Топқа 4 түсті таяқшалар арқылы бөлу.

Үй тапсырмасын тексеру

№1.172 Ж: 1)a=48.8 ã= 49 |a—ã| |-0.2|;

|-0.00408| *100= 0,4%

1)a=2738 ã= 2740 |a—ã| |-2|;

|-0.00073| *100= 0,07%

«Серіппелі сұрақтар» әдісі арқылы бүтін көрсеткішті дәреженің қасиеттерін қайталау.

  1. Дәреже дегеніміз не?

  2. Негіздері бірдей дәрежелерді көбейту?

  3. Негіздері бірдей дәрежелерді бөлу?

  4. Көбейтіндіні дәрежеге шығару?

  5. Бөліндіні дәрежеге шығару?

  6. Дәрежені дәрежеге шығару

  7. Бүтін теріс көрсеткішті дәреже?

  8. Кез келген а санның нөл дәрежесі? а≠0

«Үш шапалақ» әдісімен бағалау.


Сабақтың ортасы (6-29 минут)




























Жаңа сабақ. Бірмүшенің дәрежесі және стандарт түрі. Сандардан, айнымалылардан және олардың дәрежелерінен көбейту амалы арқылы құрастырылған өрнекті бірмүше деп атаймыз.

7а; хуху; 2а3в2 , -3/5х3у5, -3; –х7 ; 3х3у(-2)у4сх т.б.

Көбейту амалының ауыстырымдылық және терімділік қасиеттерін қолдана отырып, хуху; 3х3у(-2)у4сх өрнегін ықшамдайық

3х3(-2)у4сх= 3*(-2)*х3у4сх=-6x4y4c. Бірмүшенің осындай түрін, яғни бірінші орында сан көбейткіш, ал оған жалғастырыла айнымалылар мен олардың дәрежелері жазылған түрін бірмүшенің стандарт түрі деп атайды. Кез келген бірмүшені стандарт түрге келтіруге болады.

Бірмүшенің сан көбейткішін коэффицент деп атайды.

Бірмүшенің құрамындағы айнымалылардың дәреже көрсеткіштерінің қосындысы бірмүшенің дәрежесі деп аталады.

Мысал келтіріп айтып кету. –х7у

Бірмүшелерді көбейту. Бірмүшелерді дәрежеге шығару.

Бірмүшелерді көбейткенде және дәрежеге шығарғанда бірдей негізді дәрежелерді көбейту және дәрежені дәрежеге шығару ережелері қолданылады.

Мысал. 6x4y4c * (–х7у ) =-6x4 *х7 y4 *у c =-6x11y5c.

2- мысал, (-2x11y5c) 4 дәрежеге шығарайық = 16x44y20c4.

Бекіту Оқулықпен жұмыс: Жеке жұмыс: №2.1 ауызша

Ұжыммен: №2.2 №2.3

Бағалау. «Шапалақ»

Топпен жұмыс: Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырма. «Ойлан, топтас, бөліс» әдісі.

4- жаттығу. Бірмүше анықтамасы және стандарт түрі

Берілген есептің коэффиценттерін жазыңдар.


2ху (-5); ; ; .

Ж: -10; 2/3; -1/2; 9; 9/8

5- жаттығу. Бірмүшенің дәрежелерін сәйкестендіріңдер.


9

15

( 3

6

8

Жауабы: 1-8 дәрежелі; 2-9; 3-6; 4-3; 5-15 дәрежелі.

Бағалау. «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша оқушылар көрші топтарды бағалайды.

Сергіту сәті: Түстер психологиясы Көк түс – жан тыныштығын, молшылықты, татулықты білдіреді. Ол сенімнің түсі. Сондай–ақ, көк  түсті ұнататындар өкпелегіш, сары уайымға салынғыш болып келеді.
Сары түс – жеңілдік пен қуанышты, сабырсыздықты, нұр сәулені білдіреді. Қуаныштың, күн шапағатының нышаны. Бұл түсті таңдаған кез келген адам қиындықты тезірек жеңуге  құлшынып, тезірек босап шығудың амалын іздеп тұрады. Өзгерісті жиі қалайтын адамдар.
Жасыл түс – еркіндікке деген жігерлікті, табандылықты, мақсаткерлікті, өзімшілдікті, «Мен» деп өзіне жоғары баға берушілікті білдіреді. Бұл түсті таңдағандар – өзінің құндылығына деген сенімді жоғарылатқысы келетіндер, айналасындағы адамдардан мақтаулар, жақсы пікірлер күтетін адамдар. Сондай-ақ, бұл түс тәкаппарлықтың нышаны. 

Күлгін түс - адамның тілегені мен қиялындағысы ақиқатқа айналады деген үміттің нышаны. Асыл арман мен көркем қиялдың түсі. Бұл түсті таңдағандар тек өзгелерді таң қалдырғысы келмейді, өзін таң қалдырғанды қалайды.

Оқулық

1-бөлім





























bilimlend.

тапсырмалары

Сабақтың соңы /30-40 мин/



























Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырма. (саралаудың қарқынды тәсілімен жіктелген жеке жұмыс)

«Ең зейінді» әдісі

Тесттік тапсырма. В тобы І нұсқа

1) Өрнекті ықшамда: ху(-7ху2)⋅4х2у

А) -28х4у4 В) 28х4у2 С) 28х4у4 Д)28х2у2 Ж: А

2) Дәрежеге шығару. (-2х4у2)3

А) -4х12у6 В) 12х4у3 С) -8х12у6 Д)8х12у6 Ж: С

ІІ нұсқа

1) Өрнекті ықшамда: ху(-9ху2)⋅4х2у

А) 36х4у4 В) 36х4у2 С) -36х4у4 Д)36х2у2 Ж: С

2) Дәрежеге шығару. (-2х4у2)3

А)8х12у6 В) 12х4у3 С) -2х12у6 Д)-8х12у6 Ж: Д

дескриптор:

-негіздері бірдей дәрежелерді көбейтуді орындайды,

-есептің жауабын негіздейді.


-дәрежені дәрежеге шығару амалын орындайды;

-есептің жауабын негіздейді.

А тобы І нұсқа

  1. Бірмүшелердің дәрежесін жаз. ; 28х4у4 Ж. 3; 8

  2. Бірмүшелердің коэффицентін жаз. ; 4х2у Ж: 1; 4

ІІ нұсқа

  1. Бірмүшелердің дәрежесін жаз. ; 8х9у4 Ж: 6; 13

  2. Бірмүшелердің коэффицентін жаз. ; 0,25х2у Ж: -5; 0,25.

ІІІ нұсқа

  1. Бірмүшелердің дәрежесін жаз. ; 2х6у7 Ж: 10; 13.

  2. Бірмүшелердің коэффицентін жаз. ; 100х2у Ж: -0,3; 100.

ІV нұсқа

  1. Бірмүшелердің дәрежесін жаз. ; 15х14у4 Ж: 12; 18

  2. Бірмүшелердің коэффицентін жаз. ; 56х5у. Ж: -25; 56.

дескриптор:

-айнымалылыардың дәрежелерін қосуды орындайды,

-есептің жауабын негіздейді.


-бірмүшенің коэффицентін нақтылайды;

-есептің жауабын негіздейді.

«Аяқталмаған сөйлем» әдісі бойынша бүгінгі сабаққа рефлексия жасайды.

  1. Бағалау: «Қашықтықтан басқару» әдісі

Үйге тапсырма: №2.7; №2.8; /2.9/ Анықтамалар оқу.

Таратпа материалдар. Тесті

Plickers. com программасы арқылы тексеру. /В тобы/


Қосымша ақпарат


Саралау – оқушыға мейілінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Бағалау –оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс – денсаулық және қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс.

Құндылықтармен байланыс.

Тапсырмаларды барлық оқушыларға міндетті білуге қажетті тапсырмаларға және олардың жеке қабілеттеріне байланысты деңгейлік тапсырмаларға сараланды. Қолдауды қажет ететін оқушыларға сабақтың мақсатына жету үшін нұсқау, бағыт беріледі.

1)Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалардың дескрипторы құрастырылды.

2)Әр тапсырма орындағаннан кейін қалыптастырушы бағалау жүргізіледі.

Психология

Мәңгілік ел жалпы ұлттық құндылық идеясын қамтылды.

Сергіту сәті

Білімлендттен тапсырма алынды.

Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз.Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз.


1.Сабақ барысында өзгертулер енгіздіңіз бе?



2.Жүргізген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды?



Қорытынды бағалау Ең жақсы өткен екі нәрсе?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді?1.

2.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
1843
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі