Бірмүшелер және оларға амалдар қолдану

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бірмүшелер және оларға амалдар қолдану

Материал туралы қысқаша түсінік
Математика пәні мұғалімдеріне 7 сыныпта өткізілетін сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

7.1С Көпмүшелер

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Рабай Қарлығаш

Сынып: 7

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны

Сабақ тақырыбы: Бірмүшелер және оларға амалдар қолдану

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

7.2.1.2

бірмүше анықтамасын білу, оның коэффициенті мен дәрежесін табу

7.2.1.3

бірмүшені стандарт түрде жазу;

7.2.1.4

бірмүшелерді көбейтуді орындау және керісінше, оны көбейткіштердің көбейтіндісі түрінде көрсету;

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

-Бірмүше ұғымын біледі, оның дәрежесі мен коэффициентін анықтай алады, стандарт түрге келтіре алады.

Оқушылардың басым бөлігі:

-Бірмүшенің түрін ажыратады, бірмүшелермен амалдар қолдана алады.

Кейбір оқушылар:

-Бірмүшенің анықтамасын қолдану арқылы өрнектің бірмүше болатындығын дәлелдей алады.

Бағалау критерийлері

Білу

-бірмүшені ұғымының анықтамасын біледі;

-бірмүшенің дәрежесі мен коэффициентін анықтай алады;

-бірмүшені стандарт түрге келтіре алады.

-бірмүшені стандарт түрде жазып, оның коэффициенті мен дәрежесін анықтай алады;

-бірмүшелерге көбейту, дәрежеге шығару амалдарын қолдана алады.

түсіну

қолдану

талдау

Тілдік мақсаттар

Бірмүшенің анықтамасын айтады, бірмүшені стандарт түрге келтіру алгоритмін айтады

Пәнге тән лексика мен терминология:

- бірмүше, бірмүшенің стандарт түрі;

- бірмүшенің коэффициенті және дәрежесі;

- бірмүшелерді көбейту, бірмүшені дәрежеге шығару.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

... дәрежелі бірмүше;

бірмүшеге енетін дәрежелердің көрсеткіштерінің қосындысы ... тең;

бірмүшені стандарт түрге келтіру үшін ...;

бірмүшелерді көбейткенде ...;

бірмүшені дәрежеге шығарғанда ...;

Құндылықтарды дарыту

Оқушылардың бойына жауапкершілік, мақсаттылықты дамыту. Өзінің біліміне сыни көзбен қарап, ашықтыққа тәрбиелеу. Ынтымақтаса жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру, топпен жұмыста өз пікірін ашық айту және топ мүшелерінің пікірін тыңдай білу, тақырып бойынша алған білімдерінің өмірге қажеттілігін түсіне білу.

Пәнаралық байланыс

қазақ тілі, информатика

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақта, слайдтар

Бастапқы білім

Оқушылар әріпті өрнек және дәреже ұғымдарымен таныс. Дәрежелерді көбейту, бөлу, дәрежені дәрежеге шығару қасиеттерін біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут






1.Амандасу, оларды түгендеп, сабақ мақсатымен таныстыру.

2. Оқушыларды топқа бөлу үшін алдын-ала үлестірмелі қағаздарға мына сандарды әзірлеп таратамын.(4,9,25,36,49), (8,27,125,216,343). Үлестірмеде берілген сандардың қандай заңдылық-пен берілгенін өздері анықтап, екі топқа бөлінеді. Топ аттары: «Дәреже», «Бірмүше»

Журнал



Үлестірме қағаздар







Слайд 1







жұлдызша, үшбұрыш

«Ой қозғау»

Өтілген тақырыпты сұрақ-жауап арқылы диалогқа түсіру.

1.Бірмүше деп қандай өрнектерді айтамыз?

2.Бірмүшелер қалай көбейтіледі?

3.Бірмүшенің коэффициенті деп нені айтады?

4. Бірмүшенің дәрежесі деген не?

5. Бірмүшенің стандарт түрі қалай жазылады?

6. Бірмүшелерді дәрежеге қалай шығарады?

Бағалау: Дұрыс жауап берсе келесі топ жұлдызшаны көтереді, қателессе үшбұрышты көтереді және қатесін түзетеді.

Сабақтың

ортасы



Топтық жұмыс
















Жеке жұмыс



















Жеке жұмыс




















Сергіту сәті







Жұптық жұмыс








минут








Жеке жұмыс






7 минут




Бірмүшелер тақырыбы бойынша меңгерілген білімді қолдана отырып, оқушылар есептер шығару арқылы өткен сабақты қаншалықты дәрежеде меңгергенін көрсете алады.

Өрнекті ықшамдаңдар:

Дескриптор:

а) тең көбейткіштердің көбейтіндісін дәрежеге шығарады;

ә) көбейтіндіні дәреже түрінде жазады;

б) өрнекті ықшамдай алады.

Дұрыс жауап интерактивті тақтада көрсетіледі.

Бағалау: бағдаршам арқылы дұрыс жауапқа жасыл сигнал,қате кетсе сары сигнал, мүлдем дұрыс болмаса қызыл сигнал көтереді. Кеткен қателіктерге талдау жұмыстарын жүргізеді.

«Математикалық диктант»

  1. Екі еселенген b мен минус үш еселенген с санының көбейтіндісі;

  2. Минус төрт еселенген а саны мен минус бес еселенген b санының көбейтіндісі;

  3. Төрт еселенген m санының үш дәрежесінің квадраты ;

  4. Минус үш еселенген у санының квадратының

төрт дәрежесі.

Дескриптор:

а) есеп шартына сәйкес сандарға амалдар қолданады;

ә) санды дәрежелейді;

б) бірмүшенің дәрежесін дұрыс жазады.

Бағалау

Оқушылар тапсырманы орындағаннан кейін жауаптарын топтағы жұбымен тексереді. Қате кімнен кетті ? сұрағын қоя отырып, интерактивті тақтадан дұрыс жауапты көрсетемін. Өзара бағалайды.

«Қызығушылықты ояту»

Тақтаға жазылған өрнектерді пайдаланып кестені толтырыңдар

5x2 7yx;  16xy(-0,25)y3;  1,2abc ∙5a; 6c2(-0,8)ac;

Бірмүше

Бірмүшенің

стандарт түрі

Бірмүшенің

коэффициенті

Бірмүшенің

дәрежесі


















Дескриптор:

  1. Бірмүшені стандарт түрге келтіреді;

  2. Бірмүшенің коэффициентін анықтайды;

  3. Бірмүшенің дәрежесін көрсетеді.

Бағалау: «+», «-» арқылы өздерін жазбаша бағалайды.

«Константинополь» ойыны

«Бірмүшелер» сөзі бойынша әріптерінен зат есімдер құру. Сөздегі әріптерден басқа әріптер алынбайды.

Сіздің нәтижеңіз қандай?

өте жақсы: 8 және одан да көп сөз

жақсы: 6 және одан да көп сөз

жаман емес: 4 және одан да көп сөз

«Құпияны ашу»

* m∙ 2х=4mх

х5у ∙ ху3 * = х6у4z

(-0,3 *) ∙ (-5 *) = 1,5 mn

1,2хуz ∙ 5* = 6х2уz

Дескриптор:

  1. Бірмүшенің анықтамасын біледі;

  2. Белгісіз мүшені табады

Бағалау:

Өз жұмысыңа деген көзқарасың

Өз жұмысыңа көңілің тола ма?

Маған жұбымның көмегі

Жоғары

орташа

төмен





«Бір шешімге келеміз!» әдісі

Сыныптағы оқушылардың барлығының білім деңгейі бірдей болмайды , сондықтан оқушылардың қажеттілігін анықтау мақсатында арқылы төмендегіше саралау тапсырмаларын беремін.

1

Дәрежеге шығар: (2ах2)2, (-3х3у)3

2

Бірмүшенің кубы түріне келтір:

64а3, -27х6у9

3

-12а4у3 бірмүшесін 2 түрлі тәсілмен: 1) стандарт түрдегі екі бірмүшенің; 2) стандарт түрдегі үш бірмүшенің көбейтіндісіне жіктеңдер.

Дескриптор:

1)Бірмүшені дәрежеге шығара алады;

2) Бірмүшенің кубы түріне келтіре алады;

3) Бірмүшені бірнеше көбейткіштердің көбейтіндісі түрінде жаза алады.

Бағалау:




Оқулық






























слайд



үлестірме қағаздар, кесте

















слайд








Үлестірме қағаз








Кесте










Слайд



Сабақтың соңы

3 минут

Рефлексия

«Бес саусақ» әдісі (Алан Лэйкен)

Бас бармақ – Қандай міндеттерге ерекше күш жұмсадым? Күш-жігерімді қалпына келтіруге қандай жағдай жасалды?

Сұқ саусақ –Мен бүгін кімге көмектестім, кіммен ортақ тіл табыстым, кіммен жақсы жұмыс жасадым?  Жаңа адамдармен таныстым ба? Ескі таныстарыммен арадағы қарым – қатынас қалай болды? Керісінше, кіммен кикілжіңге түстім? Кіммен бірлесіп жұмыс істеу нәтижесіз болды, неліктен?

Ортан терек –Қандай жұмыстар ерекше қызықты болды? Жағымды эмоциялар мен жоғары уәждемелер немен байланысты болды? Керісінше, қандай жұмыстар қызықсыз, қиын болды, ерекше күш жұмсалды?

Шылдыр шүмек  Мені мақсатқа жетуге жақындататын қандай оперативті міндеттерді шештім? Керісінше, қандай міндеттерді шешу мұмкіндігі жеткіліксіз болды?

Кішкене бөбек – Мен үшін бүгін қандай жаңалық болды? Қандай маңызды білім алдым?

Оқушыларға оқу мақсаттары жазылған кестені толтыру ұсынылады. Оқушылар әр оқу мақсатын қандай дәрежеде игергендігі туралы мәліметті жазады және түсіндіреді.

Мақсаты: Оқушылардың оқу мақсатына жеткендігін бағалау

Дағды: Анализ

Бағалау: Мұғалім оқушылардың жетістігін құптайды, қажет болған жағдайда кеңес береді.

Үйге тапсырма : №2.9(2,4), №2.11(2,3)





Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?


Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?


Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушыларды жұппен отырғызып қабілеті жоғары оқушылар қасындағы құрбысына көмектесе алатындай мүмкіндік жасаймын.

Оқушылардың дұрыс жауаптарына қолдау жасай отырып, мадақтау, қажет болғанда түзету енгізу.Дескрипторлар арқылы оқушылардың өзін -өзі бағалауын және бірін- бірі бағалауын жүзеге асыру.

Бөлме температурасының қалыпты болуын қадағалып отырады.

Қауіпсіздік техникасы ережелері сақталады

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақтың мақсаттары оқу мақсытына сәйкес дұрыс қойылды. Оқушылардың барлығы 7.2.1.5. оқу мақсатына жетті, ал 7.2.1.6 оқу мақсатына жету үшін уақыт тапшылығы кедергі болды. Барлық оқушылар теориялық материалды игерді, бірақ дағды қалыптасу үшін уақыт керек.

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды. Сабақ жоспарынан ауытқу болған жоқ. Кейбір оқушылар есептерді мұғалімнің және қабілеті жоғары оқушылардың көмегімен шығарып отырды.Саралау дұрыс жүргізілді.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1. Ұжымдық жұмыс. Жасырылған сөзді табу оқушыларға қызығушылық туғызды.Оқулық бойынша жаңа ұғымдарды табуда белсенді жұмыстанды.

2.Өзіндік жұмыс. Бекіту тапсырмаларын орындау барысында оқушылардың белсенділігі байқылды.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Ж.Ә. және М.М. деген оқушыларға сабақ барысында көбірек көңіл бөлдім, дегенмен олармен әлі де жаттығулар орындау керек. Олар есептерді жай шығарғандықтан уақыт жетпеді.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.01.2019
513
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі