400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Бірөлшемді массивтерді программалау

Материал туралы қысқаша түсінік
Python программалау тілінде алгоритмдерді программалау
Материалдың қысқаша нұсқасы


Ашық сабақ жоспары

А.Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназиясы

Бөлім

Python программалау тілінде алгоритмдерді программалау

Педагогтың аты-жөні

Ахайдарова Жансая Бахытжановна

Күні:

16.03.2023ж

Сынып: 9 «Ж»

Қатысушылар саны -


Қатыспағандар саны -


Сабақтың тақырыбы:

Бірөлшемді массивтерді программалау

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

9.3.3.1 – бірөлшемді массивтерді пайдаланып Python программалау тілінде программаларды жасау;

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар:

Бірөлшемді массивтерді пайдаланып Python программалау тілінде программаларды жасау;

Көптеген оқушылар:

Бірөлшемді массивтерді есептің шешімін анықтауда қолдану;

Кейбір оқушылар:

Бірөлшемді массивтерді программалауда қолданудың маңыздылығын тұжырымдау.

Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин
















5 мин



Оқушылармен амандасу, оларды түгелдеу.

Психологиялық ахуал

QR код арқылы психологиялық көңіл күй сыйлап, топқа бөлінеміз.

І топ –Алгоритм

ІІ топ – Python

ІІІ топ - Массив

Мақсаты: Оқушылар QR код арқылы мадақтама сөз естіп, өз топтарын таңдайды.

Тиімділігі: Оқушылар жылдам топқа бөлініп, керемет көңіл-күйде болады.

Саралау: оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.

Жеке жұмыс. Викторина

"Банкомат" әдісі арқылы үй тапсырмасын пысықтау

Python тілінде алгоритмдерді программалау сұрақтарына жауап беру

  1. Input () операторының қызметі

Айнымалыларды енгізеді.

  1. Деректерді экран бетіне шығаратын функция

Print () операторы

  1. Күрделі шарттар дегеніміз не?

Күрделі шарттар – логикалық амалдар көмегімен біріктірілген екі немесе бірнеше қарапайым шарттар (қатынастар)

4. Python-да While циклінің атқаратын қызметі?

Шарттың орындалу барысында, бірінші шарт тексеріледі.

5. Python-да For циклінің атқаратын қызметі ?

Бұл парамаетрлі цикл.Бірнеше рет орындалатын циклді ұйымдастырады.

6. break операторы не үшін қажет?

break операторы Python тілінде циклден шығу үшін қолданылады. (қосымша толықтыру: кодтың орындалу барысында программа break операторын кездестірсе, онда ол циклден бірден шығып кетеді)


Мұғаліммен амандасады,

бір- біріне сәттілік тілейді.











Сұрақтарға жауап береді.


















Ұлттық валюта





Интербелсенді тақта, компьютер


«QR код» әдісі









Интербелсенді тақта

Сабақтың ортасы

2 мин























10 мин

























10 мин


















4 мин











6 мин


Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Бүгінгі жаңа тақырыбымызды бастамас бұрын тақырыпқа байланысты суреттерді салыстыру арқылы, кілттік сөздерді тауып көрейік

Массив - бұл бір типтегі мәндерді сақтайтын мәліметтер құрылымы.

Функционалдылығы бойынша олар тізімдерге ұқсас, бірақ олардың кіріс деректер типіне, сондай-ақ өлшемдеріне қатысты кейбір шектеулер бар. Бұл мүмкіндікке қарамастан, массивтер Python бағдарламалау тілінде мәліметтер жиынтығымен жұмыс істеуге арналған функционалды құрал болып табылады.

Python тізімдерінде әртүрлі мәліметтер типтеріне сәйкес мәндер болуы мүмкін, ал Python массивтерінде тек бірдей мәліметтер типіне сәйкес мәндер болуы мүмкін.

Python-дағы бір өлшемді массив - бұл элементтер тізімі. Мәндер квадрат жақшаның ішінде көрсетіледі, олар үтірлермен бөлініп жазылады.


Практикалық жұмыс

Дескриптор:

  • Python программасын іске қосады.

  • Программа кодын құрастырады.

  • Ноутбукті қолданады.

  • Программаны іске қосып, тексереді.

Сергіту сәті

Оқушылардың көңі-күйін ширатып, сабаққа деген белсенділігін арттыру.

Өзара және мұғаліммен қарым қатынасты нығайту.


Сабақты бекіту сұрақтары.

«Миллион кімге бұйырады?» әдісі

  1. Массив дегеніміз не?

Массив - бұл бір типтегі мәндерді сақтайтын мәліметтер құрылымы.

  1. Массив сөзі қай тілден аударылған?

Француз тілінен аударылғанда – қуатты, тұтас дегенді білдіреді.

  1. Массивтің түрлері:

Бірөлшемді,екі өлшемді және көпөлшемді массивтер

  1. Массивтің типтері:

Сандық, мәтіндік,символдық

  1. Программалауда массив қандай формуламен өрнектеледі?

а1, а2, ..., аn-1, аn

  1. Python-дағы бірөлшемді массив дегеніміз не?

Python-дағы бір өлшемді массив - бұл элементтер тізімі. Мәндер квадрат жақшаның ішінде көрсетіледі, олар үтірлермен бөлініп жазылады.

  1. Python-да массивті қалай таныстырылады?

from array import (from - массивті таныстыру)

  1. Индекс дегеніміз не?

Элементтердің массивтегі реттік номері индекс деп аталады.

  1. Массив элементтері дегеніміз не?

Массивке кіретін айнымалыларды массивтің элементтері дейді.

  1. Массивтің ерекшелігі:

  • Элементтердің барлығы бір типті

  • Элементтер бір атаумен аталады

  • Элементтер жадыда қатар орналасады.

  1. Python-да тізім мен массивтің қандай айырмашылығы бар?

Массив элементтері тек бірдей типтен тұрады. Ал тізімдер үшін мұндай шектеу жоқ.Тізімнің элементі сан, символ немесе жол болып араласып келуі де мүмкін.

  1. Массивтің басқа программалау тілдерінен ерекшелігі:

Индекстері 1-ден емес, 0-ден бастап номірленеді.

Оқушылар суреттерге қарап салыстыру арқылы өз ойларын айтады

















Жаңа тақырып














Оқушылар сабақты мұқият тыңдайды






Программа құрастырады
























(Оқушыларды әр тапсырма бойынша жинаған ұпайларына қарап, бағалау)





















































Python программасы арқылы




Bonus картасы арқылы бағалау



















Ұлттық валюта



Интербелсенді тақта


Таратпа суреттер










Оқулық, дәптер, интербелсенді тақта



























Ноутбуктер, интербелсенді тақта















Интербелсенді тақта, стакандар








Сабақтың соңы

2 мин









3 мин

Үйге тапсырма

75 бет. Дәптерге орындайық тапсырмасы

Тапсырмалар айдарынан №3 есепке программа құрып келу.

Кері байланыс

Мұғалімге web.whatsapp.com әдісі арқылы

Үй тапсырмасын белгілеп алады





Сабақ соңында балалар өз ойларын ватцап желісі арқылы қорытындылайды.










Смарт телефон арқылы бағалау

Оқулық


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
28.10.2023
319
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі