Тақырып бойынша 31 материал табылды

Біртұтас тәрбие

Материал туралы қысқаша түсінік
“Бұртұтас тәрбие”бағдарламасы аясында өткізілген іс шаралар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жас ұрпақты ұлттық құндылықтар арқылы тәрбиелеу

Түркістан облысы,

Жетісай ауданы,

С.Сейфуллин атындағы №52 жалпы білім беретін мектеп КММ

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Торебаева Гулшат Сансызбаевна

Жас ұрпаққа ұлттық тәрбие берудің негізгі бағдарлы идеясын еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің кезекті жолдауында былай деген: «Толық өркенниетті ел болу үшін алдымен өз мәдениетімізді,өз тарихымызды бойымызға сіңіріп,содан кейін өзге дүниені игеруге ұмтылғанымыз жөн».Тәрбиенің мазмұнын анықтау - бұл міндеттердің шешімі, сондықтан Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің «Бірыңғай білім беру бағдарламасы» енгізілді.

Ұрпақ тәрбиесі –ұлт болашағы. Халықта «Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме,өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле» деген мақал бар.Ал ұлттық тәрбие ұрпақтан ұрпаққа ата-ана тәрбиесі арқылы жеткізілетін асыл қазынамыз. Ұлттық тәрбие бала бойына ұлттық құндылықтар арқылы сіңетіні сөзсіз. Құндылық дегеніміз не?- Ғасырдан ғасырға жеткен халықтың қазынасы – тілі, ділі, салт-дәстүрі, әдебиеті мен өнері, ұлтымыздың рухани байлығы.Осы қасиеттерді бала бойында қалыптастыру үшін мұғалім дұрыс бағыт- бағдар беруі қажет. «Тәрбиесін тапсаң ,адам болар,оқуын тапсаң, білім қуалар» деген ата-бабаларымыздан қалған дана сөзі бар. Осыған орай мектебімізде «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында өткізіліп жатқан іс –шаралар, оқушы бойында ұлттық тәрбиені қалыптастыруда өз үлесін қосары сөзсіз. Атап айтсақ, бастауыш сынып бірлестігінің 14-24 қазан аралығында өткізілген он күндік декада барысында ұстаздар тәрбие сағаттарында ұлттық мәдениетті, салт –дәстүрді , халық тағылымдарын және т.б. қолдана отырып оқушы бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыра алды деп ойлаймын. Бастауыш сыныптар бірлестігінің онкүндік декадасында"Мақал-мәтелдер " сайысы ұйымдастырылды. Қазақ мақал-мәтелдерінен жүйелі ойға құрылған шешендік сөзді ғана емес, одан халықтың тұтас өмірін көруге болады.Ғасырлар бойы ұрпаққа ауыздан-ауызға тарап, мәнін жоймай сақталған мақал-мәтелдерден қазақ халқының тұмыс-тіршілігін, дүниеге деген көзқарасын, арман мүддесіне дейін байқауға болады. Мағынасы терең, ойды дәл берген мақалды кез келген дау-жанжалда, халық өміріне қатысты қажетті шешім қабылдағанда орнымен қолданудың маңызы зор болған.

Әр ұлттың өзіне тән ұлттық құндылығы болатынын түсіндіре отырып,әр ұлттың өзінің ерекшеленіп тұратын тілі, салт-дәстүрі, мәдениеті, ұлттық киімдері, ұлттық тағамдары жайында айтылып, осының барлығы ұлттық құндылықтарға жататынын балаларға түсіндірілді. Біздің ата-бабаларымыз өзінің өмір сүру салтын, ескі дүниелерді суреттер арқылы болашаққа осылай мұра етіп қалдырған. Келесі кезеңде оқушыларымыз "Ұлттық құндылық" тақырыбына сурет байқауында бақ сынасты

"Күзгі асар " тақырыбында күзгі жәрмеңке өткізілді. Ата-аналарының көмегімен оқушылар пісірілген тәтті тоқаш, кондитерлік өнімдер, мен жемістер көруге болады.

Әр нәрсеге мән беріп қараған ойлы халқымыз қашан да сұлудың көркі – шаш, шаштың көркі – шаштеңге деп қараған. Ұлт мәдениетінде әр бойжеткенді шашы мен түр-тұлғасына қарап бағалаған.Әйел шашы табиғатына қарай қолаң шаш, сүмбіл шаш деп, өріміне қарай «жалғыз бұрым», «қос бұрым» деп бөлінеді. Ұзын әрі алтын, күміс шолпы тағылған сұлу бұрым бойжеткен көркін одан әрі аша түседі.Ақындар оларға «Қолаң қара шашы бар жібек талды» (Абай), «Сүмбіл шаш, пісте мұрын, лағыл иек, шынардай он саусағың құлжа күйек» (Ақан) деп сұқтанған, таңданған.Шаш күтімі оны тарау, өсіру, өрудің өзі үлкен бір тәрбие мектебі десе де болады. «Ақ үйден бір қыз шықты көзі үлкен, шаштарын он күн тарап, бес күн өрген» делінген халық өлеңіндегі ғажап сурет осының бір дәлелі болар. Осындай мағлұматтарды бойларына сіңдіре отырып, бастауыш сынып ұстаздары оқушылар арасында «Шаш өру» челенджі ұйымдасытырды. 14.10.-24.10.2024ж күндері аралығындағы ұйымдастырылған іс-шаралар мен ұлттық құндылыққа бай сайыстар, ашық сабақтар фейсбук парақшасына жариялананып тұрды. «Бала тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтар» тақырыбындағы он күндік декаданың соңғы күні, ерекше көңіл күймен, бірлестік мүшелері «Бесікке салу» салт- дәстүрімен қорытындылады. «Тәрбие- тал бесіктен» деген дана халқымыз. Баланы бесікке салып, бесікке салған әжелерге сый тартып, әжелеріміз бен қонақтарымыз «Бесік жырын» айтып, мәре-сәре болып, жиынымыз тамаша көңіл-күй сыйлады.

Декада барысында белсене қатысқан оқушылармен ұстаздар мадақтамалармен марапатталды.

Жас ұрпақ бойында жанашырлық, сенімділік,рухани-мәдени мұраларды қастерлеу, намысшылдық тәрізді ұлттық мінездерін қалыптастыру сияқты міндеттерді орындағанда ғана басты мақсатқа жетеміз.






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.10.2024
390
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12