Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Біртұтас тәрбие бағдарламасы
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
№2 педагогикалық кеңеске дайындалды
Алматы облысының білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
« А.Саттаров атындағы орта мектеп – мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі тәрбие жұмысының І тоқсандық қорытынды есебі туралы
2022-2023 оқу жылында мектепте тәрбие жұмысын жоспарлау формасы 8 бағыт бойынша жұмыс жүргізілуде .Тәрбие жоспарында көрсетілген миссиясы Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлға тәрбиелеу.
2022-2023 оқу жылының басында оқушылардың оқу-тәрбиесіне жауапты ретінде 58 сынып жетекшіге сынып жетекшілік жүктелген. Сынып жетекшілердің тәрбие жоспарын жоспарлау ,сынып жетекшілердің міндеттері тамыз айындағы №1 педагогикалық кеғесте таныстырылған болатын.Тәрбие саласы бойынша жоспарға сәйкес , жоспарда бектілген іс-шаралар жоспарлы тірде өтіліп келеді.
1-Қыркүйек білім күніне «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық» атты салтанатты жиын өткізіліп, 1 сынып оқушыларын салтанатты түрде мектепке қабылдап сынып сағаттар өтілді.Жиынға барлық сынып оқушылары мен ата-аналар, аудандық білім беру ұйымынан келген қонақ және ауыл тұрғындары қатысты.
Бұл шараның мақсаты 1-сынып оқушыларын салтанатты түрде мектеп табалдырығына қабылдау, оқушылардың бойына Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, рухани мәдениетін арттыру, өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу.
Қыркүйектің 2-сі күні Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында 1-8 сынып жетекшілері «Адалдық сағатын» тақырыбында өткізілді.
Қыркүйектің 2-5 күндері аралығында мектебімізде рухани жаңғыру аясында тілдер мерекесіне арналған «Менің тілім-ана тілім, бал тілім» тақырыбында іс-шара ұйымдастырылды. Онда әр сынып жетекшілері ашық тәрбие сағаттарын өткізді
Мақсаты: Мемлекеттік тілді құрметтенуге, мәртебесі биік рухани құндылық екенін үнемі назардла ұстап, тіл жанашыры болуға насихаттау.
Оқушылар «Мәңгілік еліміздің мәңгілік тілі» тақырыбында шығармалар жазып үздік шығарма иелері марапатталды. Мереке соңында «Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» мереклік кеш өткізді.
Қыркүйектің 2-6-сы аралығында Отбасы күнінін мерекелеу шеңберінде іс—шаралар ұйымдастырылды.
4. Қыркүйектің 13-і күні «Отбасы күні» мерекесіне байланысты және 1 сынып оқушыларынның ата-аналарына психологиялық көмек көрсету мақсатында ата-аналар жиналысы өткізілді. Жианлысқа 1-11 сынып ата-аналар комитеттері қатысты.
Жиналыста директордың ТЖ орынбасары М Мангатаева ата-аналарды отбасы мерекесімен құттықтап, отбасы тәрбиесіне байланысты видео роликтер көрсетіп, ситуациялық сұрақтар қойып пікір алмасты. Ата-аналар да белсенді қатысып өз ойларын айтып, толғандырған сұрақтарына жауап алды.
Мектеп Психолгы Юсупов Садыр мен Арай Егеубайқызы ата-аналарымен психологиялық тренингтар өткізіп, сауалнама жүргізді және ата-аналарға қандай көмек қажет болсада есік ашық , көмек көрсетуге дайын екенін айтып түсіндіріп өтті.
Іс-шараны өткізудің мақсаты – оқушыларға отбасы құндылықтарын насихаттау, отбасын құрметтеуге, ата-ананы, үлкендерді сыйлауға тәрбиелеу.
.Қыркүйектің 16-26 аралығында 1-8 сынып жетекшілері "Абайланыз балалар " ашық сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағатында оқушылардың жолда дұрыс жүріп, қоғамдық көліктердің күнделікті тұрмыста алатын орны туралы, жол белгілерін ажырата білуді үйретті.
. Қыркүйектің 26-сы күні Тәрбие орынбасарлырмен ата-аналар жиналысы ZOOM платформасы арқылы өткізілді. Жиналыста «Балалардың қауіпсіздігін ұйымдастыру, балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері» бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, ақпараттар таратылды. Балалардың құқытары заңды мүдделері бұзылған жағдайда және балаға қауіп төнген жағдайда, сонымен қатар интернет желілерінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша мемлекеттік және басқа да органдарға сенім телефондары арқылы өтініш білдіруге болатыны туралы айтылып, ақпараттық материалдар таратылды.
. Қыркүйектің 25-і мен Қазанның 1-і аралығында «Қарттарым- асыл қазынам» тақырыбы аясында іс-шара ұйымдастырылып Қазанны 1-і күні «Қарттарым аман жүрші» тақырыбында мерекелік іс-шара өткізілді. Мақсаты рухани адамгершілік тәрбие беру, оқушыларды үлкенді сыйлап тыңдай білуге, мейірімділікке, инабаттылыққа, ізгілікке тәрбиелеу.
.Қазанның 4-і күні ұстаздар күніне арналға н мерекелік іс-шара өткізілді. Онда жоғары сынып оқушылары бастауыш сынып пен ұстаздарға сабақ беріп, «Ұстазым менің, ұстазым» атты мерекелік ән шашуларын тарту етті.»Мектеп Парламенті» мүшелерінің қатысуымен «Дублер» күні өтті.
Мақсаты рухани адамгершілік тәрбие беру, ұстаздар мен оқушылар арасындағы қарым-қатынасты нығайту.
Ел Президенті Қасым -Жомарт Тоқаевтың жарлығымен «25 қазан Республика күні» деп жариялануына байланысты аудандық білім бөлімінен мектептерде Республика күнін мерекелеу,насихаттау мақсатында бірқатар тұжырымдамалар беріліп ,тұжырымдамаға сәйкес мектепішілік жоспар жасалынып,Біріңғай сынып сағаттар өтілді.
Тәрбие сағаты диктант , эссе жазу ,суреттер байқауы сынды іс-шаралар өткізіліп, аудандық білім бөліміне есебі берілді..
Қазанның 27-28 күндері аралығында Алтын күз мерекесіне байланысты 1-8 сынып аралығында «Берекелі, Алтын күз» тақырыбында мерекелік кеш өткізілді. Кеш сайыс түрінде өткізіліп, оқушылар күздің берекесі мен молшылығы туралы білімдерін көрсетіп, ән салып, би билеп, күй тартып күз кешіне арналған сән үлгісін көрсетті. Кештің мақсаты оқушылар бойына күздің күздің берекесі мен байлығын сезіндіру, шығармашылық өнерлерін дамыту мақсатында өткізілді.
Оқу тоқсаны аяқталуына байланысты, оқушылардың өмірі қауіпсіздігін сақтау мақсатында оқушыларға өмір қауіпсіздік ережелерін сынып жетекшілер таныстырып, қол хаттар алынды
Жылу маусымы кезіндегі газдан, пештен болатын өрт және түтіннен уланудың алдын алу Ережесі туралы ата-аналарға түсіндіріп, қауіпсіздікті сақтау әр ата-ананың міндеті екенін қатаң ескертіп өтті.
Оқушылардың күзгі демалыс кезіндегі уақыттарын дұрыс ұйымдастыру мақсатында тәрбие орынбасарлары З.Зульярова Ранагуль Масимовна оқушылармен бір күндік саяхатты ұйымдастырды. Алматы қаласына оқушылар саяхаттап,демалыстарын көңілді өткізе білді.
Ұсыныс :
1.І тоқсан бойынша тәрбие жұмысының жүргізілуі қанағаттанарлық деп танылсын
2.Сынып сағаттардың өтілу формасы өзгеріске еңгізіліп, көрнекіліктердің білім алушылардың жас ерекшелігіне сәйкес жасалынсын;
3.Оқушыларды мерекелік іс шараларға толық қатыстыру сынып жетекшілерге міндеттелсін,
4. Оқушылардың сабаққа қатысуы бойынша анықтамалар жинақталып,себебсіз сабақты қалдыратын оқушылармен құқықтық тәрбие менеджері ата-аналарға ескертпе жұмыстарын жүргізсін.
Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары : М. Мангатаева