"Біртұтас тәрбие бағдарламасы: Бала тәрбиесі – бүкіл қоғамның міндеті»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Біртұтас тәрбие бағдарламасы: Бала тәрбиесі – бүкіл қоғамның міндеті»

Материал туралы қысқаша түсінік
Біртұтас тәрбие бағдарламасының негізгі идеясында мемлекетіміздің болашағына жауапкершілікпен қарайтын, ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген тұлға қалыптастыру көзделген. Осы орайда ұлттық құндылықтар мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында қарқынды жүргізілуі керек. Ұлттық құндылықтарды дамытудағы тәрбиешінің рөлі өте маңызды. Балабақша тәрбиешілері тек балаларға білім беру ғана емес, олардың ішкі дүниесін қалыптастырып, жан-жақты дамуына мүмкіндік туғызады. Ұлттық құндылықтарды ұғындыруда тәрбиешінің өз халқының мәдениеті мен дәстүрін білуі, оны балаларға дұрыс жеткізе білуі керек. Сонымен қатар, тәрбиеші балалармен ұлттық дәстүрлерді ұстану, халық әндері мен күйлерін тыңдату арқылы қазақ халқының бай мұрасын жаңғыртып, баланың ұлттық сана-сезімін қалыптастыруға ықпал етеді. Балабақшада біртұтас тәрбие бағдарламасы бойынша ұлттық құндылықтарды дамыту - болашақ ұрпақтың санасына ұлттық мәдениетіміздің құндылықтарын сіңіру үшін маңызды қадам. Осы арқылы балалардың ұлттық рухы мен ұлт
Материалдың қысқаша нұсқасы

"Біртұтас тәрбие бағдарламасы: Бала тәрбиесі – бүкіл қоғамның міндеті»

Picture 1

Батталова Акмарал Салимжановна

КГКП ясли сад «Ак бота»

Воспитатель


Жас ұрпақтың жаңаша ойлауын, олардың біртұтас дүниетанымының қалыптасуына, әлемдік сапа деңгейдегі білім, білік негіздерін меңгеруіне ықпал ететін жаңаша білім мазмұнын құру – жалпы білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелерінің бірі. Бүгінгі қоғам алдында тұрған ең жауапты міндет – тәуелсіз мемлекетіміздің уығы боп қадалатын қоғам мүшелерін, яғни жас ұрпақты адамгершілік қасиетке тәрбиелеу, тиянақты білім беру.


Білім беру ұйымдарында ҚР Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 30 маусымдағы № 194 бұйрығымен «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» енгізілген болатын.  

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» атты екінші отырысындағы тапсырмасына сәйкес 2023 жылы «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы әзірленіп, барлық білім беру ұйымдарына енгізілді. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев 2024 жылы Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысындағы тапсырмасына сәйкес Біртұтас тәрбие бағдарламасының мазмұны жаңартылды.

Еліміздің болашақтағы негізгі сұлбасын «Әділетті Қазақстан – Адал азамат – Озық ойлы ұлт» деген үштаған ұғым арқылы сипаттады. Үштаған – бір-бірінен бастау алатын және өзара тығыз байланысты ұғымдар, ел ішінде заң мен тәртіпті қатаң сақтауды қамтамасыз етуді саясатымыздың тұғырлы қағидатына айналдыратын мықты демократиялық институттары мен дамыған құқықтық жүйесі бар әділетті мемлекетті құрудың шарты және еліміздің жаңғыруы мен әрі қарай дамуының стратегиялық бағдарын айқындайды. Бұл «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының басты идеясына айналды.

Мазмұны ұлттың жаңа келбетін қалыптастыратын: «Тәуелсіздік және отаншылдық», «Бірлік және ынтымақ», «Әділдік және жауапкершілік», «Заң және тәртіп», «Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік», «Жасампаздық және жаңашылдық» құндылықтарына негізделген.

«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы елімізді жаңартатын «Қағидамыз – әділдік, тірегіміз – жауапкершілік, мақсатымыз – өрлеу»  ұстанымына негізделеді.

Бағдарламаның мақсаты:

Қазақстандық мәдениет құндылықтары негізінде азаматтық жауапкершілік пен патриотизм, парасаттылық пен адалдық, ар-ұждан, рухани-адамгершілік қасиеттерін бойына сіңірген, үйлесімді дамыған тұлға қалыптастыру. Бағдарламаны іске асыру құндылыққа бағдарланған және құзыреттілік тәсілдемелеріне негізделеді. Олар оқытудың, тәрбиелеудің және дамытудың өзара үйлесімді бірлігін қамтамасыз етеді.

Бұл білім алушылардың бойындағы құзыреттер жиынтығын құрайды және білім беру ұйымы түлектерінің моделін айқындайды:

  • ұлттық мүддені ілгерілету;

  • тиімді қарым-қатынас және басқалармен ынтымақтастық орнату;

  • қоғамға қызмет ету;

  • этикалық мінез-құлық нормаларын сақтау;

  • инновациялық ойлау;

  • идеялар мен проблемаларды шешуде стандартты емес тиімді әдістер қолдану.

Бүгінде балабақшамыздың тәрбиеленушілері «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында:

  • Отан, ел, туған өлке туралы білу;

  • Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін білу;

  • Мемлекеттік тілді білу;

  • Ұлттық мерекелер, ойындар, дәстүрлер туралы білу;

  • Туған өлкенің табиғатына қамқорлықпен қарау сынды құндылықтарын бойларына сіңіріп келеді.

«Қонақжайлық- қазақтың қазынасы», «Дастархан басындағы даналық: Отбасы берекесінің алтын қазығы», «Әке - ұлға үлгі, тәрбиеге негіз», «Ата-әже өнегесі – өмірлік жолдама» тақырыптарында ата- әжелерімен, ата-аналарымен бірге өнегеге толы 15 минутын өткізіп келеді.

Бала тәрбиесі – бүкіл қоғамның міндеті. Өскелең ұрпаққа ерекше көңіл бөліп, оларды игі істерге бағыттауымыз керек. Барлық оқу орындарында оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастыру, балалардың бойына адами құндылықтарды сіңіру, мектеп пен отбасының өзара байланысын нығайту маңызды. Мектептердегі біртұтас тәрбие бағдарламасы осы мақсаттарға жетудің тиімді құралдарының біріне айналады, – деді Ғани Бейсембаев.

Біртұтас тәрбие бағдарламасының негізгі идеясында мемлекетіміздің болашағына жауапкершілікпен қарайтын, ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген тұлға қалыптастыру көзделген. Осы орайда ұлттық құндылықтар мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында қарқынды жүргізілуі керек. Ұлттық құндылықтарды дамытудағы тәрбиешінің рөлі өте маңызды. Балабақша тәрбиешілері тек балаларға білім беру ғана емес, олардың ішкі дүниесін қалыптастырып, жан-жақты дамуына мүмкіндік туғызады. Ұлттық құндылықтарды ұғындыруда тәрбиешінің өз халқының мәдениеті мен дәстүрін білуі, оны балаларға дұрыс жеткізе білуі керек. Сонымен қатар, тәрбиеші балалармен ұлттық дәстүрлерді ұстану, халық әндері мен күйлерін тыңдату арқылы қазақ халқының бай мұрасын жаңғыртып, баланың ұлттық сана-сезімін қалыптастыруға ықпал етеді.


Балабақшада біртұтас тәрбие бағдарламасы бойынша ұлттық құндылықтарды дамыту - болашақ ұрпақтың санасына ұлттық мәдениетіміздің құндылықтарын сіңіру үшін маңызды қадам. Осы арқылы балалардың ұлттық рухы мен ұлттық сана-сезімі қалыптасып, өз халқының тарихы мен дәстүрлерін құрметтейтін азаматтар өсіп жетіледі. Бұл процессте тәрбиешілер мен ұстаздардың рөлі зор, өйткені олар балаларға ұлттық құндылықтарды тек білім беру арқылы емес, жүректеріне жеткізу арқылы танытады.

Қорытындылай келе, ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы деп қарап, бала тәрбиесіне келгенде бүкіл қоғам болып «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» қағидатымен әрбір баланың бойына ізгілік нұрын құйып, құндылықтармен қуаттандыруымыз керек. Өскелең ұрпаққа ерекше көңіл бөліп, оларды игі істерге бағыттауымыз керек.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Ж.Қ.Дүйсенова, Қ.Н.Нығметова. Балалар психологиясы. – Алматы, 2012.

  2. Меңжанова А. «Мектепке дейінгі педагогика»-Алматы.

  3. Біртұтас тәрбие бағдарламасы

  4. Ешенгазина А. С. ТҰЛҒАНЫҢ ҚҰНДЫЛЫҚТЫҚ БАҒЫТТЫЛЫҒЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ. – 2020

  5. Интернет желісі.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.02.2025
422
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі