400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 25 материал табылды

Біртұтас тәрбие лабораториясы

Материал туралы қысқаша түсінік
Зерттеу жұмысының мақсаты – сынып жетекшілердің тәрбие жұмысын жүйелеу және тиімділігін арттыру мақсатында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағыты бойынша электронды папка әзірлеу және оны тәжірибеде тарату мен қолдану. Осы мақсатқа жету үшін төмендегі міндеттер қойылды: • «Адал азамат» біртұтас тәрбие тұжырымдамасының мазмұнын зерделеу; • сынып жетекшілерге қойылатын тәрбие жұмысының талаптарын талдау; • электронды форматтағы әдістемелік материалдарды жүйелеу; • папканың құрылымын анықтау және мазмұнын толықтыру; • электронды папканы тәжірибеде қолданудың тиімді жолдарын қарастыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«№11 «Жеңіс» мектеп-гимназия» КММ











Автордың толық аты-жөні: Аманов Ғалымжан Бақжанұлы

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯНЫҢ атауы: «БІРТҰТАС ТӘРБИЕ ЛАБОРАТОРИЯСЫ»

Бағыты: «Білім беру жүйесіндегі менеджмент»

Қызметі: Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары

Білім беру ұйымының мекенжайы: Жетысай ауданы, Асықата кенті Алимбетов көшесі №8

Автордың мекенжайы:Жетысай ауданы, Асықата кенті Жароков 7/3

Телефон, email: galimzhan.bakzhan@mail.ru 87075290689























БІРТҰТАС ТӘРБИЕ ЛАБОРАТОРИЯСЫ

«Адал азамат» біртұтас тәрбие аясында сынып жетекшілерге арналған электронды папканы әзірлеу тәжірибесі

Кіріспе (тақырыптың өзектілігі)

Қазіргі білім беру жүйесінде тәрбиенің мазмұнын жаңғырту, оны жүйелі әрі қолжетімді форматта ұйымдастыру – өзекті мәселелердің бірі. Қазақстан Республикасында жүзеге асырылып жатқан «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы білім алушыларды ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеуді, тұлғаның жан-жақты дамуын қамтамасыз етуді көздейді. Осыған байланысты сынып жетекшілердің тәрбие жұмысын жоспарлау, үйлестіру және жүзеге асыру барысында әдістемелік қолдауға деген қажеттілік артып отыр. Осы қажеттілікті ескере отырып, сынып жетекшілерге арналған «Адал азамат» біртұтас тәрбие бойынша электронды папка әзірлеу жұмысын қолға алдым.

Мақсат пен міндеттері

Зерттеу жұмысының мақсаты – сынып жетекшілердің тәрбие жұмысын жүйелеу және тиімділігін арттыру мақсатында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағыты бойынша электронды папка әзірлеу және оны тәжірибеде тарату мен қолдану.

Осы мақсатқа жету үшін төмендегі міндеттер қойылды:

  • «Адал азамат» біртұтас тәрбие тұжырымдамасының мазмұнын зерделеу;

  • сынып жетекшілерге қойылатын тәрбие жұмысының талаптарын талдау;

  • электронды форматтағы әдістемелік материалдарды жүйелеу;

  • папканың құрылымын анықтау және мазмұнын толықтыру;

  • электронды папканы тәжірибеде қолданудың тиімді жолдарын қарастыру.

Әдебиеттерге шолу

Жұмыс барысында Қазақстан Республикасының тәрбие саласына қатысты нормативтік-құқықтық құжаттары, әдістемелік нұсқаулық хат «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы, педагогикалық және әдістемелік әдебиеттер қарастырылды. Сонымен қатар сынып жетекшілердің тәрбие жұмысына арналған нұсқаулықтар мен заманауи цифрлық білім беру ресурстары зерделенді. Бұл дереккөздер электронды папканың мазмұнын ғылыми-әдістемелік тұрғыдан негіздеуге мүмкіндік берді.

Мәселе бойынша өзіндік идеялар

Зерттеу барысында сынып жетекшілердің қағаз түріндегі материалдармен жұмыс істеу барысында уақыттың көп кететіндігі және ақпараттың шашыраңқы болуы байқалды.Осыған байланысты барлық тәрбиеге қатысты құжаттарды, жоспарларды, әдістемелік ұсыныстарды бір электронды папкаға біріктіру идеясы ұсынылды. Электронды папка сынып жетекшінің жұмысын жеңілдетіп, ақпаратқа жылдам қол жеткізуге жағдай жасайды.



Мәселелерді шешу жолдары

Аталған мәселені шешу үшін электронды папка төмендегі бөлімдерден құрылды:

  • «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының бағыттары;

  • сынып жетекшінің жылдық және айлық тәрбие жоспарлары;

  • сынып сағаттарының үлгі тақырыптары;

  • ата-аналармен жұмыс материалдары;

  • құқықтық, патриотттық , рухани-адамгершілі тәрбиеге қатысты құжаттар;

  • есеп беру және мониторинг үлгілері.

Барлық материалдар электронды форматта жүйеленіп, қолдануға ыңғайлы етіп орналастырылды.

Қол жеткізілген нәтижелердің сипаттамасы

Электронды папканы қолдану нәтижесінде сынып жетекшілердің тәрбие жұмысын жоспарлау және жүргізу процесі жеңілдеді. Уақыт үнемделіп, тәрбие шараларының мазмұны бірізділікке келтірілді. Сонымен қатар сынып жетекшілердің әдістемелік сауаттылығы артып, тәрбие жұмысының сапасы жақсарды.

Қорытындылар

Қорытындылай келе, «Адал азамат» біртұтас тәрбие бойынша сынып жетекшілерге арналған электронды папка – тәрбие жұмысын ұйымдастырудың тиімді құралы болып табылады. Ол сынып жетекшінің жұмысын жүйелеп қана қоймай, тәрбиенің мазмұнын жаңғыртуға, цифрландыру талабына сай жұмыс жүргізуге мүмкіндік береді. Алдағы уақытта электронды папканы толықтырып, тәжірибеде кеңінен қолдану тәрбие жұмысының сапасын одан әрі арттырады.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
26.01.2026
1
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі