400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 22 материал табылды

Бірыңғай "ЖАС ҰЛАН" балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау сценариі

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп тәлімгеріне қосымша материал
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өтетін уақыты: желтоқсан

Өтетін жері: АКТ залы

Өткізілу түрі: Жас ұлан ұйымының салтанатты жиыны.

Қатысушылар: Мектеп оқушылары

(Зал салтанатты безендірілген. ҚР рәміздерімен және «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының таңбасы баннерге бейнеленген.)


Марш әуені ойнап тұрады.


Фанфар ойналады.Ортаға жүргізуші шығады.


Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті қонақтар, қымбатты достар! «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер қатарына оқушыларды қабылдау салтанатына қош келдіңіздер.16 Желтоқсан –ҚР-ның Тәуелсіздік күнімен тұспа тұс келген жиынға жиналаған барша ұстаздар мен оқушыларды мерекемен шын жүректен құттықтаймыз.


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны ойналсын!


Жүргізуші: Тәуелсіздік — тәңірдің біздің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Біз бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. Жиырма жылдан астам уақыт ішінде елдің әл—ауқатын көтеріп, төл мәдениетіміз бен мемлекеттік тілді жаңғырту ісінде қыруар жұмыстар жасадық. Елімізде білім, ғылым, денсаулық, спорт салалары айрықша даму үстінде. Тәуелсіздік—біздің ең басты игілігіміз, баға жетпес құндылығымыз. Жас мемлекет тарихындағы жаңа дәуір дәл осы тәуелсіздіктен бастау алады. Олай болса мектебіміздің мәдени өміріне белсене ат салысып, спорт жүйріктері атанып, топ жарған, ұйым қатарына қабылданғалы тұрған оқушыларға тағы бір қошемет көрсетіп қойыңыздар!


«Жас ұлан» ұйымының негізгі мақсаты – оқушылардың қоғамдық, әлеуметтік, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Ал міндеттері - әлеуметтік тәжірибені байыту және дамыту, мектептегі тәрбиелік әлеуетін жүзеге асыру болып табылады. 


Жүргізуші: Салтанатты жиынымыздың құрметті қонағы, алғашқы  құттықтау сөз_________________________________________________________

беріледі.



  1. Ән.___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________







Жүргізуші:

Жас ұландар, жас қырандар,
Еркін елдің түлегіміз.
Көркейе бер, гүл еліміз,
Сен деп соққан жалындап тұр жүрегіміз,
Жалындап тұр жүрегіміз.

Түзеліңдер...Тік тұрыңдар! Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының туы енгізілсін!

(«Жас Ұлан» әнұраны ойналады, сап бастаушы оқушы Туды марш жүрісімен сахнаға көтереді).

Қазағым менің ұлы елім,
ғаламның ашқан түнегін.
Кең байтақ алтын өрісім,
Өзіңдей асқақ жүрегім!

Сен маған жұмақ бағысың,
Бар әлем сені танысын!
Ант берем мәңгі қорғауға,
Алаштың арын, намысын!- деп сіздердің қошеметтеріңізбен бірыңғай «Жас Ұлан» және «Жас қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау үшін сахна төріне озат оқушыларды шақырамыз! (фанфар ойналады).



(«Жас Ұлан» әнұраны ойналып тұрады сөзімен, баяу).



  1. А сынып озаттары:



1.Қойшығара Айдана

2.Қуаныш Ануар

3.Қанатбек Нияз









2 Б сынып озаттары

4. Жаппар Адина

5.Берікбай Іңкар

6.Жакен Еркежан



3 сынып озаттары

7.Асхатқызы Алтынай

8. Жақсыкелдиева Айса



4 А сынып озаттары:

9. Бақыт Досымжан

10. Мұқанов Мұқағали

11. Башар Болсын



4 Б сынып озаты:

12. Айнабек Бексұлтан



5 сынып озаттары:

13.Мұқан Айша

14.Әуезхан Ақбота

15. Есенғұл Ақжүніс

16. Жұмабек Ақниет



6А сынып озаттары:

17. Бахтай Диляра



7 сынып озаты:

18. Бейсек Аружан.



Жүргізуші:

Қырандай түлеп ұшқан арманымыз
Біз бүгін өркен елдің сарбазымыз.
Ант алып ар алдында сапқа тұрып,
Қорғаймыз туған жердің ар-намысын.

Алға бас, қарышта, жас ұлан,
Қанаты талмайтын, жас қыран.
Жастықтың жігері бойында,
Өзендей күші бар тасыған.



Тәуелсіз ел ұланы,

Ант беруге дайын бол!





АНТ (ту ұстаған оқушы бастайды).

Мен------------------------------------------------

(барлық оқушы кезекпен өЗ фамилиясы мен атын атап шығады),





(4 б сынып оқушысы Айнабек Бексұлтан ант береді).

Айнабек Бексұлтан:

БІЗ , АТАЛҒАН ОҚУШЫЛАР, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БІРЫҢҒАЙ «ЖАС ҰЛАН» БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ҰЙЫМЫНЫҢ ҚАТАРЫНА КІРЕ ОТЫРЫП,



ӨЗ ОТАНЫМЫЗДЫҢ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПАТРИОТЫ БОЛУҒА:

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРДІ ҚҰРМЕТТЕУГЕ, ДӘРІПТЕУГЕ:

ТУҒАН ЕЛІМ, ЖЕРІМ,ОТАНЫМДЫ МАҚТАНЫШ ЕТУГЕ:

АТА-АНАМДЫ ҚАДІРЛЕУГЕ:

ҮЛКЕНГЕ ҚҰРМЕТ, КІШІГЕ ІЗЕТ КӨРСЕТУГЕ:

БІЛІМГЕ ТАБАНДЫЛЫҚПЕН ҰМТЫЛУҒА:

САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫНТ ҰСТАУҒА:

ТАБИҒАТТЫ АЯЛАУҒА:

ЖАС ҰЛАН ЕРЕЖЕСІН БҰЛЖЫТПАЙ САҚТАУҒА ЖӘНЕ ОНЫ ӨЗ ДОСТАРЫМЫЗДАН ТАЛАП ЕТУГЕ

АНТ ЕТЕМІЗ, АНТ ЕТЕМІЗ, АНТ ЕТЕМІЗ.



Жүргізуші:Құрметті ұстаздар ендігі кезекте озат оқушыларымызға «Жас Ұлан» ұйымының галстугы мен төс белгісін тағу үшін сіздерді қошеметпен сахна төріне шақырамыз!

(«Жас Ұлан» ұйымының әнұраны ойналып тұрады, оқушыларға ұстаздар галстук пен төсбелгілерін тағады).



Жүргізуші:

Мен сенің бастау бұлағың,
Өзіңе шашу бұл әнім.
Сап түзеп шықты нық басып,
Қырандай берік ұланың.

Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының әнұраны орындалсын!

(«Жас Ұлан» ұйымының әнұраны минусы қойылады).



Жүргізуші:

Түзеліңдер...Тік тұрыңдар! Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының туы шығарылсын!

(«Жас Ұлан» Әнұранының әуенімен ту шығарылады).



Осымен салтанатты жиынымызды аяқтаймыз! Қош, сау болыңыздар!

6


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 қаңтар
382
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі