400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бірыңғай мүшелердің тыныс белгісі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Жалғаулықтар арқылы байланысқан бірыңғай мүшелердің емлесі және тыныс белгілерімен таныстыру; жаттығу жұмыстары арқылы бірыңғай мүшелер жалғаулықтар арқылы байланысқанда қай кезде үтір қойылатыны, қай кезде қойылмайтыны туралы білімдерін тереңдету. 2. Тыныс белгілерін дұрыс қоя білу, сауатты жазу дағдыларын жетілдіру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін: 17.11.2016ж

Сабақтың тақырыбы: Бірыңғай мүшелердің тыныс белгісі.

Сабақтың мақсаты: 1. Жалғаулықтар арқылы байланысқан бірыңғай мүшелердің емлесі және тыныс белгілерімен таныстыру; жаттығу жұмыстары арқылы бірыңғай мүшелер жалғаулықтар арқылы байланысқанда қай кезде үтір қойылатыны, қай кезде қойылмайтыны туралы білімдерін тереңдету.

2. Тыныс белгілерін дұрыс қоя білу, сауатты жазу дағдыларын жетілдіру.

3. Ұқыптылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, жаттығу, қайталау.

Сабақтың түрі: жаңа білім

Сабақтың көрнекілігі: кесте, оқулық


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, қорытындылау.

Үй тапсырмасын тексеру кезінде бірыңғай мүшелер туралы алған білімдері толық қайталанады. Бірыңғай мүшелерді сөйлем мүшесіне талдайды. Жалғаулықтармен байланысқан бірыңғай мүшелеріне мысалдар келтіреді. Сөздердің тіркесуі арқылы жасалған бірыңғай мүшелері бар сөйлемдер құрастырады. Сөйлемдерді оқу немесе айту кезінде бірыңғай мүшелердің арасын дауыс ырғағының кідірісімен сақтап, дұрыс айтуларын қадағалап отырған жөн. Дұрыс оқи білген бала жазу кезінде үтірмен ажыратып жазуға дағдыланады.


ІІІ. Жаңа сабақты меңгертуге дайындық жұмысы.

Бірыңғай мүшелер өзара қалай болса, солай тіркесе салмай, олардың байланысында белгілі бір заңдылықтың бар екенінен мәлімет беріледі.

Бұл үшін тақтаға бірыңғай мүшелері бар сөйлем жазылады. Біздің аулада қарағаш, терек, емен өсіп тұр. Сөйлемнің ешбір жалғаулықсыз, дауыс ырғағы арқылы байланысып, аулада 3 түрлі ағаштың өсіп тұрғанын білдіретінін оқушылар айтуы керек. Одан кейін сөйлемнің бірыңғай мүшелері жалғаулықтар арқылы жазылады. Біздің аулада қарағаш та, терек те, емен де өсіп тұр. Оқушылардан сөйлемде қандай өзгеріс болғаны сұралады. Бұл сөйлемде бірыңғай мүшелердің құрамына та, те, де жалғаулықтары қосылып тұрғаны аңғартылады. Сондай – ақ бірыңғай мүшелер арқылы байланысатын сөйлемді оқығанда олардың арасындағы дауыс кідірісінің сақталатынын оқушылар байқауы керек, сондықтан да олардың арасына да үтір қойылатынын өздері анықтағандары дұрыс.


ІҮ. Оқулықпен жұмыс.


1 – жаттығу ауызша орындалады. Сөйлемді дауыс интонациясын сақтай отырып оқу арқылы бірыңғай мүшелерді тауып, олардың қандай жалғаулықтар арқылы байланысып тұрғанын анықтайды. Олардың арасына үтірдің қойылу себебін өздері түсіндіреді. Сөздерді жалғаулықсыз да айтуға болатынын аңғарулары тиіс.


2 – жаттығуды орындау кезінде да, де, та, те жалғаулықтарының тиістісін дұрыс таңдап қоя білулері қажет. Мысалы: Біздің ауылда жусан да, изен де, ажырық та өседі.

Жалғаулықтардың да, де, та, те болып өзгеру себебін үндестік заңдылықтарын естеріне түсіре отырып, өздерінің түсіндірулерін талап ету керек. Сонымен бірге тыныс белгілері туралы білімдері нақтыланады.


3 – жаттығу және, мен, пен, бен жалғаулықтары арқылы байланысатын бірыңғай мүшелердің жазылу емлесін меңгертуге дайындық ретінде берілген. Бұл жаттығу жұмысында оқушылардың назары бірыңғай мүшелер мен, бен, пен, және жалғаулықтары арқылы байланысқанда үтір қойылмайтынына және ол жалғаулықтардың бірнеше рет қайталанбайтынына аударылады.


4 – жаттығу. Өлеңді оқу. Бірыңғай мүшелерді тауып, тыныс белгілерін қойып көшіріп жазу.


5 – жаттығуды оқушылар өздері орындайды. Сурет бойынша бірыңғай мүшелерді қатыстырып әңгіме құрастыру. Оқушылар құрастырған әңгімелерін оқыған кезде мен, бен, пен, және жалғаулықтарын дұрыс қолдануларын бақылау керек.


Y. Сабақты қорытындылау: Сұрақ – жауап.


ҮІ. Үйге тапсырма: 6 – жаттығу.


ҮІІ. Оқушыларды бағалау.





































ТКапля 7245 опшамалар



















Блок-схема: подготовка 7244
































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
992
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі